БАҚ тағам өнеркәсібінде қолдану


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: «БАҚ тағам өнеркәсібінде қолдану. »
Орындаған:Сенбаев М. А.
Тексерген:Кабденова А. Т.
Семей, 2015
Жоспар:
1. Фототрофты микроорганизмдер - тағамға арналған биологиялық активті қоспа (БАҚ) продуценттері.
2. БАҚ тағам өнеркәсібінде қолданылуы.
3. Қорытынды.
БАҚ (биологиялық активті қоспалар) - қазіргі заманғы медицинаға салыстырмалы түрде айтқанда жақын уақытта енген термин. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін Египетте, Қытайда, Тибетте, Индия мен Шығыстың басқа да елдерінде көбінесе табиғи түрінде қолданылатын өсімдік, жануарлар ұлпаларынан, минералды шикізаттан дайындалған арнайы өнімдерді адамның әр түрлі ауруларын алдын алу мен емдеу жүйелері қалыптасқан.
Адам ауруларын емдеу үшін арнайы фармокогиялық формалар өндірісінің тарихы шамамен біздің ғасырымыздан бұрын 130-200 жылдарға жатқызылады. К. Гален алғашқы рет табиғи шикізаттан емдік заттарды (ерітінді, экстракт, ұнтақтар) технологиялық әдістерін құрастырды. Алайда ХIХ соңы мен ХХ ғасырдағы химия ғылымының жетістіктеріне сәйкес, соған байланысты көптеген ғалым-дәрігерлер бұрынғы фитотерапевтикалық заттардан бас тартты.
Құрылымы мен қасиеттері белгілі таза химиялық қосылыстарды алуда органикалық химияның шексіз мүмкіндіктері, олардың тиімділігінің жоғарылығы мен дәл мөлшерлеу мүмкіншілігі, әрекет етуінің тездігі сияқты дәлелдемелер дәстүрлі медицина облысына жағымды болжамдарды қарастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен мұндай көзқарастар қателік болып саналды. БАҚ-ды тағам өнеркәсібінде қолдану. Соңғы жылдары тамақтану ғылымы мен фармакология обылысында жедел түрде дамыған жаңа ғылым -фармаконтуциология қалыптасты.
Танымал ғылым А. А Токровский өзінің «Фармакология мен тағам токсикологиясының метаболиттік аспектілері» кітабында «тамақ - біздің түсінігімізге қарағанда айтарлықтай кең ұғым. Бұл көптеген жүз мың (миллиондаған) заттардың бірігуі, олардың әрқайсысы белгілі бір биологиялық белсенді заттарға жатады және тағам өнімдерінде бірдей, кейде жоғарғы мөлшерде болады. Тағамды тек қана энергия мен заттар ретінде емес, сонымен бірге күрделі фармакологиялық бірлік ретінде қарастыру қажет» деп сипаттаған.
Барлық индустриялы елдердегі адамдардың тамақтану құрылымдарының өзгеруінің келесі тенденцияларын бөлуге болады:
- холистеринге бай жануар майын (май қышқылына бай) артығымен пайдалану;
- қант пен тұзды пайдаланудың өсуі;
- крахмал мен тағам талшықтарын (әсіресе клетчатка) пайдаланудың төмендеуі;
- тағамда витаминдер, микроэлементтер, биологиялық белсенді заттардың жетіспеуі;
Соңғы жылдарда ересектер мен балаларда көптеген витаминдер, сонымен қоса С, Е, А және биокаротин сияқты витамин антиоксиданттарынң жетіспеуі ерекше үрей туғызады. Балалар жүкті және емізетін әйелдер тамақтануының құрамында кальций, темір, йод, фтор жетіспеушіліктері де анықталып отыр.
Адам денсаулығы үшін тамақтану құрлысының бұзылуы себептері:
- Соңғы жылдарда ересектердің дене салмақтарының төмендеуі мен ерте жастағы балалардың антропометриялық көрсеткіштерінің төмендеуі (12-14%)
- Ересектер ішінде майланудың әр түрлі формаларының кең түрде таралуы (30 жастан асқандар арасында дене салмағының артуы мен майлану 55% адамдар кездеседі)
- Адамдар арасында иммунды жүйелерінің бұзылуының жиеленуі, әсіресе жұқпалы аурулар мен қоршаған ортаның басқа факторларына резистенттілігінің төмен әртүрлі дефицит формалары;
- Ересектер мен балаларда йод жетіспеуіне байланысты темір дефицитті анемия, мен ұйқы аурулары сияқты алименттар-тәуелді аурулар, ал кальций жетіспеуіне байланысты қарсы қозғалған аппаратты аурулары және жоғарлауы.
БАҚ - бұл тек дәрі емес, сонымен бірге өсімдіктен, жануар және минералды шикізаттан алынатын табиғи және табиғи ұқсас белсенді заттар.
Ауру мен сау адамдардың күнделікті тамақтануында БАҚ-ды пайдалану мүмкіндік береді.
- Алмастырылмайтын тағам заттарының жетіспеушілігін оңай және ту толтыру, ең бірінші микронутрименттерді;
- Жеке заттардың, көбінесе токсиканттардың метоболизмін өзгерту;
- Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына организмі мамандандырылмаған резстехитілігін жоғарлату;
- Денсаулығын жоғарылатумен, ауруға шалдығуын төмендетумен, адам өмірін ұзартумен адам ағзасы және жеке органдарының қызметтерін реттейтін медикаменттерін алу.
Соңғы жылдары Еуропалық Одақ, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде, Жапонияда және бірқатар елдерде функционалды тағам өнімдері қазіргі адамдарда кеңінен таралған аурулардың алдын алу (атеросклероз, семіздік, онкологиялық аурулар, остеопороз, қант диабеті - сусамыр т. б. ) және тұрғындар денсаулығын тағамтану жүйесін жақсартатын тағам өнеркәсібінің жаңа, әрі келешегі бар бағыты ретінде танымал болып келеді. Функционалды тағам өнімдерінің мысалы ретінде тағамдық талшықтар - пребиотиктермен, пребиотик-микроағзалармен (бифидо-лактобактериялар), антиоксидаттармен, А, Е, С, бета-каротин витаминдерімен, минералды заттектермен (кальций және т. б. ), микроэлементтермен (темір, мырыш, фтор, селен және т. б. ) және флавоноидтермен (фитоэстрагендер, кверциттер және т. б. ) байытылған өнім өнімдерін атауға болады. Функционалдық тағам өнімдері мен биологиялық белсенді қоспалар адамға жетіспейтін функционалды ингредиенттермен қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Егерқабылдауға арналған өнімдер (таблетка, капсула, ұнтақ және т. б. ) дәрілік заттар формасына ұқсас келсе, онда бұл тағамға биологиялық белсенді қоспа. Егер де функционалды ингредиенттер ағзаға дәстүрлі өнім түрінде жеткізілетін болса, онда бұл функционалдық тағам өнімдері. Одан басқа ерекшеліктің бірі - биологиялық белсенді қоспаның әсер ететін заттек концентрациясы функционалды қажеттіліктерден едәуір асырып берілуі мүмкін, сондықтан биологиялық белсенді қоспаны сатылап тағайындайды да, белгілі уақыт аралығында ғана қабылдайды. Функционалдық тағам өнімдері құрамындағы адам ағзасының реакциясы мен функцияларын реттейтін әсері бар функционалды ингредиенттердің концентрациясы оңтайлы немесе тиімді, физиологиялық деңгейге жақын болғандықтан, бұл өнімдер ұзақ мерзімде қолданыла алады.
Болашақтың өнімдерін тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды қолданбай жасау мүмкін емес. Олар технологиялық процестерде дайын өнімнің сапасын жақсартуда, сақталу мерзімін ұзартуда, немесе олардың тағамдық құндылығын арттыруда, сонымен қатар өнімге функционалды немесе емдік қасиет беру үшін кеңінен қолданылады. Адам денсаулығын сақтау мен сүйемелдеуде тағамдық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Ғылым мен техниканың дамуы нәтижесіндегі жаңа технологиялық мүмкіндіктер, экологиялық жағдайдың нашарлауы, тағам өнімдері нарығындағы талапты бәсекелестік тек дәстүрлі өнімдерді шығару технологиясын түбегейлі жетілдіруді қажет ете қоймай, бүгінгі күн талаптарына сәйкес жаңа буын өнімдерін шығаруға назар аудару қажеттігін көрсетеді (Нечаев, 1999) . Құрамы үйлестірілген, құнарлығы төмен, құрамындағы қант пен май көлемі аз және функционалды ингредиенттер саны жоғары, аурулардың алдын алу және емдік бағыты белгіленген, сақталу мерзімі ұзақ болатын жылдам дайындалатын өнімдердың қажеттігі өсіп келеді.
Тамақтануға арналған БАҚ төмендегіше болуға болады:
- Нутрицевтиктер;
- Парафармацевтиктер:
Нутрицевтиктер - алмастырылмайтын тағамдық заттар немесе олардың жақын алғышарттары (мысалға 3-мен басқа полиқанықпаған майқышқылдарының кейбір микроэлементтер-кальций мен магний, жеке алмастырылмайтын аминқышқылдары мен олардың жиынтықтары, кейбір моно және дисахаридтер, тамақ талшықтары және т. б) .
Нутрицевтиктерді қолдану мыналарға мүмкіндік береді:
- Ересектер мен балаларда көп жағдайда кездесетін эссенциальді (алмастырылмайтын) заттардың дефицитін оңай және тез толтыру;
- Жасы мен жынысы бойынша ажыратылатын қажеттіліктеріне, физикалық ауыртпалығының қарқындылығына, жеке адамның биохимиялық конституцисының генетикасы ерекшеліктерімен енгізделген, оның биоритмдері, физикалық жағдайына (жүктілік, лактация, эмоциялы стресс және т. с. с. ), сонымен бірге мекен-ету ортасының экологилық жағдайларына қарай нақты бір сау адам тамақтануын максимал түрде жекелендіру;
- Ауру адамның тамақ затының өзгерген физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру, соған қоса метоболиттік конвейердің зақымдалған бөлігі.
- Экологиясы нашар аумақтарда тұратын адамдарды қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне ағзаның мамандандырылмаған резистентілігін клетканың ферментті қорғаныс элементтерін күшейту есебінен жоғарылату;
- Ағзадан бөгде және токсинді заттарды тежеу мен бөліп шығаруды күшейту мен жылдамдату;
- Ксенобиотиктермен өсер ету жолымен метоболизмінің ферментті жүйелерін, жеке заттардың метоболизмдерін, әсіресе токсиканттарды өзгерту;
Басқаша сөзбен айтқанда, БАҚ-нутрицевтиктерді қолдану біріншілік және екіншілік профилактиканың тиімді формасы, сонымен қатар майлану, атеросклероз бен басқа да жүрек-тамыр аурулары, қатерлі ісік, иммунодефицитті жағдайлар секілді кең таралған саналуан ауру түрлерін қосымша емдеу үшін комплексті профилактика формасы болып табылады.
Парафармацевтикалар - бұл құрамында органикалық қышқылдар, биофлавоноидтар, дубильді, фенолды қосылыстар, гликозидтер, кофеин, биогенді аминдер, және табиғи өнім деп аталынатын заттары бар өнімдер. Олардың әрекеті физологиялық шектеулердегі жеке органдар жүйелердің қарқындығын белсендіруге бағытталған (мысалы үшін, тамқ талшықтары арқылы ішектің секреторлы, матор - эвакуаторлы қызметтерін қарқындату, адаптогендермен жұмыс жасаудың ой-өрістік және физикалық қабілеттілігін қарқындату, липца-олестеринді зат алмасу, ЦНЕ, жүрек-тамыр жүйелері мен т. б. реттеу) .
Парафармацевтиктер дәрі-дәрмекке жатпайды және оларды алмастыра алмайды.
Парафармацевтиктердің дәрі-дәрмектерден негізгі айырмашылықтары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz