Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Бөж-1
Тақырыбы: Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Орындаған: Талапқанқызы М
Тексерген: Сүйелменов Ш. Қ.
Топ:ВС-203
Семей 2015
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция және тасымалдау кезіндегі жүргізілетін шаралар
- Халықаралық жарыстарға қатынасатын жылқыларды мемлекеттік ветеринариялық қадағалау мен тасымалдау ережелері
- Асыл тұқымды және қолданыстағы ірі қара малы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар «ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы нұсқаулыққа» оқшаулау мен ветеринарлық өңдемелеу өткізіледі, бұдан соң одан әрі жүру құқы бойынша ветеринарлық куәлік беріледі. Инфекциялық жұқпалы аурулармен ауру, не күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады. Жөнелтілетін жануарларға ветеринарлық куәлікті шаруашылықта жұмыс атқаратын ветеринарлық дәрігер жүк жөнелтушіге тапсырады. Жануарларды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар белгiленген стансаларда өткізіледі. Жануарларды тиеуге арналған жалпы қолданылатын алаңдардан немесе жануарлар тиеуге арналған баспалдағы бар алаңнан артуға рұқсат етiледi . Онда тиегіштер, бүйірлік қабырғалары бар басқыштармен жабдықталып дайындалуы керек. Бірден автокөліктен артуға болмайды. Жануарлар арнаулы вагондармен, олар жетiспесе, жай жабық вагондарда тасымалданады . Артарға дейін жануарларды топтап, сұрыптайды; көлемі, салмағы, жынысы ескеріледі. Арту кезінде айқай-шу, ұрып-соғу болмауы тиіс, оны күндіз өткізген жөн, түнде толық жарық түсуі қамтылғанда артады.
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция және тасымалдау кезіндегі жүргізілетін шаралар
ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар «ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы нұсқаулыққа» оқшаулау мен ветеринарлық өңдемелеу өткізіледі, бұдан соң одан әрі жүру құқы бойынша ветеринарлық куәлік беріледі. Инфекциялық жұқпалы аурулармен ауру, не күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады. Жөнелтілетін жануарларға ветеринарлық куәлікті шаруашылықта жұмыс атқаратын ветеринарлық дәрігер жүк жөнелтушіге тапсырады.
ЕврАзЭҚ елдерінің орталық ветеринаиялық органдарының өкілі мойынына жауапкершілікті алмай-ақ, тасымалданатын барлық жануарлардан бас тартуына құқы бар. Ол бұл жөнінде ЕврАзЭҚ елдерінің орталық ветеринаиялық органдарын хабардар етеді. Көліктер экспорттаушы елдердің қабылданған ержесіне сәйкес залалсыздандырылады және дайындалады.
Экспорттаушы елдердің мемлекеттік ветеринариялық инспекторының қолын қойып және экспорттаушы елдердің тілінде (немесе ағылшын тілінде) және орыс тілінде дайындалған, зертханалық диагностикалық зерттеулердің, егу жұмыстарының күні көрсетілген бекітілген ветеринариялық сертификат осы талаптардың орындалғанын растайды. Импорттаушы ЕврАзЭҚ елдерінің орталық ветеринаиялық органдарынының рұқсатын алғаннан кейіни ғана, ЕврАзЭҚ елдеріне жануарларды тасымалдауға болады. Сонымен қатар ЕврАзЭҚ елдерінің территориясына әкелінген, мемлекеттік ветеринариялық қадағалдаудың бақылауынан өткен жануарлар, 30 күн каринтиндік мерзімге арнайы дайындалған орындарға орналастырылады, осы уақыт ішінде, аумақтық мемлекеттік ветеринариялық қызметтің бақылауында тиісті диагностикалық тексерулер жүргізіледі.
Індетке қарсы күрес іс- шаралардың жоспарына сәйкес аймақта алдын-ала егу жұмыстарын атқарылады. Табандық жануарларды тасымалдау алдында капрологиялық зерттеулер өткізеді, яғни ірі қара және ұсақ малдарды- фасциелез, дикроцелиоз, диктиокаулез, монезиоз, ал шошқаларды аскаридоз және метастронглез, жылқыларды- параскаридозға, құстарды- аскаридоз және гетероакидозға тексереді. Жөнелтуші жануарларды клиникалық тексерістен өткізу керек. Жануарлардың дене қызуы төмен не жоғары болса, әлсіз және арық, соған қоса жануарларда әртүрлі жарақаттар болса, тасымалдауға рұқсат берілмейді. Тасымалдау кезінде жануарларды күтіп-бағып, жұмыс істей білетін жол серіктерін дайындау керек. Тасымалдау алдында жануарлар санына, тасымалдау уақытына, қашықтығына байланысты азықтар мен суды, төсеніштерді, суаратын ыдыстарды, шелектерді, күректерді т. б есептеп дайындап қою керек.
Жануарларды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар белгiленген стансаларда өткізіледі. Жануарларды тиеуге арналған жалпы қолданылатын алаңдардан немесе жануарлар тиеуге арналған баспалдағы бар алаңнан артуға рұқсат етiледi . Онда тиегіштер, бүйірлік қабырғалары бар басқыштармен жабдықталып дайындалуы керек. Бірден автокөліктен артуға болмайды. Жануарлар және құстар арнаулы вагондармен, олар жетiспесе, жай жабық вагондарда тасымалданады . Артарға дейін жануарларды топтап, сұрыптайды; көлемі, салмағы, жынысы ескеріледі. Арту кезінде айқай-шу, ұрып-соғу болмауы тиіс, оны күндіз өткізген жөн, түнде толық жарық түсуі қамтылғанда артады.
Халықаралық жарыстарға қатынасатын жылқыларды мемлекеттік ветеринариялық қадағалау мен тасымалдау ережелері
ЕврАзЭҚ мүше мемлекеттердің аумағында жылқылардың тұрақтау мерзімі 90 күннен аспауы керек. Әкелуге жұқпалы аурулардан таза әкімшілік және шаруашылық аумағынан шыққан, жылқының африкалық обасына, індетті энцефаломиелиттің барлық түріне қарсы вакцинамен егілмеген, дені сау жылқыларға рұқсат беріледі. Оның ішінде;
- Індетті энцефаломиелиттің барлық түріне, вирустық артеритке, шошқаның африкалық обасына, жылқының африкалық обасына- елдің аумағында соңғы 3 жыл бойы
- Маңқа- елдің аумағында соңғы 2 жыл бойы
- Аусыл, визикулярлық стоматит, жылқының тұмауы- елдің аумағында соңғы 12 ай бойы
- Жылқының індетті метритіне-шаруашылықтың аумағында соңғы 12 ай бойы
- Ринопневмония, індетті анемиясына, қотыр және жылқының күліне- шаруашылықтың аумағында соңғы 3 ай бойы
Тасымалданар алдында жылқылар экспорттаушы елдерінің мемлекеттік ветеринариялық қызметтің 21 күн бақылауында болады. Осы уақыт ішінде, экспорттаушы елдерде қабылданған ауруларға қарсы тиісті зертханалық диагностикалық тексерулер жүргізіледі; маңқаға, киеңкіге және жұқпалы анемия ауруларына. Жарысқа қатынасатын жылқыларға тасымалдауға 30-45 күн қалғанда инактивтелген вакцинамен тұмауға қарсы егіледі және FEI халықаралық төлқұжаты беріледі.
Көліктер экспорттаушы елдердің қабылданған ережесіне сәйкес залаласыздандырылады және дайындалады. Экспорттаушы елдердің мемлекеттік ветеринариялық инспекторының қолын қойып және экспорттаушы елдердің тілінде (немесе ағылшын тілінде) және орыс тілінде дайындалған, зертханалық диагностикалық зерттеулердің, егу жұмыстарының күні көрсетілген бекітілген ветеринариялық сертификат осы талаптардың орындалғанын растайды.
ЕврАзЭҚ елдерінің орталық ветеринариялық органдарының рұқсатын алғаннан кейін ғана жылқыларды тасымалдауға рұқсат беріледі. ЕврАзЭҚ елдері жылқыларды ветеринария саласы бойынша үкіметаралық келісімге сәйкес, орыс тілінде жазылған ветеринариялық куәлік арқылы тасымалдайды. ЕврАзЭҚ елдерінің аумағына әкелінген жануарлар мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауынан болады, осы уақыт ішінде әр түрлі елдерден келген жылқылар бөлек оңаша қылып күтіледі, тек жарысқа қатынасқан кездері бірге болады.
Асыл тұқымды және қолданыстағы ірі қара малы
Асыл тұқымды ірі қара малы ЕВрАзЭк елдеріне тасымалдауға арналған дені сау жануарлардың, экспорттаушы елдерде туылған және өсірілетін жануарлар, буаздығы 5 айдан аспаған, аусыл және бруцеллез, лептоспироз ауруларына қарсы вакцинамен егілмеген, жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан және әкімшілік аумағынан шығарлыған жануарларға рұқсат беріледі, оның ішінде :
- Елдің аумағында мйізді ірі қараның кемік тәріздес энцефалофатиясы және қой скрепиі- ХЭБ “ Халықаралық ветеринариялық кодексі “ талаптарына сәйкес;
- Шошқаның африкалық обасы - елдің аумағында соңғы 3 жыл бойы;
- Мүйізді ірі қара малының обасы, контагиозды плевропневмониясы, аусыл, везикулиярлық стоматиті, майда күйіс малының обасы - елдің аумағында соңғы 12 ай бойы:
- Мүйізді ірі қара малының бруцеллезі, туберкулез, лейкоз және паратуберкулезі-шарауашылық аумағында соңғы 3 жыл бойы;
- Індетті кератоконюьктивит, вирустық дияреясы, бесноитиозы - шарауашылық аумағында соңғы 12 жыл бойы;
- Лептоспироз- шарауашылық аумағында соңғы 3 жыл бойы;
- Сібір жарасы - шарауашылық аумағында соңғы 20күн бойы;
Экспортқа шығаруға араналғанжануарлар мүйізді ірі қараныңкемік тәріздес энцефалопатиясы ауруынан қолайсыз елдердің жануарлармен генетикалық байланыс болмау керек.
Гендік инженерлік әдістер пайдалану арқылы алынған немесе басқа генетикалық өзгеріске айналған көздер арқылы алынған, құрамында шикзат өнімдері бар азықпен азықтандырылмаған және мал өнімдерінен жасалған азықпен, жануарлардың ағзаларымен және ткандарымеен азықтандырылмаған, жануарлалр болуы керек.
Асыл тұқымды жануарлар, тиреостатикалық, гормондық, экстрогендік, синтетикалық және натуральды препараттармен егілмеген болуы қажет.
ЕврАзЭҚ елдеріне экспортқа шығаруға арналған жануарлар, ЕврАзЭҚ елдері мемлекеттік ветеринариялық қызметтің бақылауындағы арнаулы карантиндік базарларда міндетті түрде 21 күн бойы бақылауда болады.
Карантин кезінде барлық малға клиникалық байқау жүргізіледі және термометрия жасалады. Осы кезде экспорттаушы елдерде қабылданған әдістер бойынша мемлекеттік ветеринариялық зертханаларда жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізіледі; бруцеллезі, туберкулезі, паратуберкулезі, лейкоз, трихомоноз, кампилобактериозға тексеру жұмыстары жүргізіледі және импорттаушы елдердің талабы бойынша, басқа да жұқпалы ауруларға тексеру жүргізіледі. Егер жануарлар күні бұрын вакцинамен егілмеген болса, онда індетті ринотрахеитке тексеру жүргізіледі.
Тасымалдауға 20 күн қалғанда жануарларды індетті ринотрахеитке, вирусытық дияреяға және респираторлы вирустық -синтециалды ауруына вакцинамен егіледі. Жануарларға 2-14 күн ішінде лептоспирозға қарсы экспортер елде қолданылыатын препараттармен домдау жұмыстары жүргізіледі. Алдын -алу дегельминтизациясы жасалады.
Карантин кезінде диагностикалық зерттеу жұмыстарына оң нәтиже жекелеген жануарлар көрсетсе ЕврАзЭҚ елдерінде орталық ветеринариялық органдардың өкілі бойынша жауапкершілікті алмай -ақ тасымалданатын барлық жануарлардан бас тартуына құқығы бар.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде індетке қарсы күрес іс- шаралардың жоспарына сәйкес аймақта алдын-ала егу жұмыстарын атқарылады. Карантин кезінде диагностикалық зерттеу жұмыстарына оң нәтиже жекелеген жануарлар көрсетсе ЕврАзЭҚ елдерінде орталық ветеринариялық органдардың өкілі бойынша жауапкершілікті алмай -ақ тасымалданатын барлық жануарлардан бас тартуына құқығы бар. ЕврАзЭҚ елдеріне экспортқа шығаруға арналған жануарлар, ЕврАзЭҚ елдері мемлекеттік ветеринариялық қызметтің бақылауындағы арнаулы карантиндік базарларда міндетті түрде 21 күн бойы бақылауда болады.
Бөж-2
Тақырыбы: Жануарларды айдап тасымалдау
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Ауылшаруашылық малдарын айдап тасымалдау тәртібі
2. 2 Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық -санитариялық бақылау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар бағының жануарларын, теңіз аңдардың, аралады, балықтарды қоса, бұдан әрі құстар) тасымалдауға ұсыну «Жөнелтушінің қоса берілген құжаттар» деген бағанында көрсете отырып, жүк құжатқа қосымшасымен және ветеринариялық қадағалау саласындағы тиісті уәкелетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады. Вагондап жөнелтілімдермен жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда жүргізіледі. Жануарларды тасымалдау алдында ветеринариялық беккеттің вет. инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөңелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізіледі. ҚР шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүргізуде шекарадағы ветеринарлық қадағалау пункттерінің ветеринарлық дәрігерлері барлық халықаралық әуежай желілерінде, шет елдік және басқа да жоспарланған теңіз және өзен қайықтарын, шекарадан өтетін темір жол және барлық көлік түрлерінің қосымша тексерісінен өтеді. Қазақстан порттарына келген соң теңіз көліктерімен барлық жануар түрлерін, жануар текті өнім және шикізатты шығаруға (енгізуге), сонымен қатар жолаушылардың шет елдерден әкелінген (ҚР Ветеринария Департаменті көрсеткен кейбір ерекше жағдайларды ескермегенде) ет өнімдерін қолдануға тыйым салынады.
Ауылшаруашылық малдарын айдап тасымалдау тәртібі
Малдарды жайіп айдап тасымалдайды. Көбіне ірі қара және ұсақ малды жақын араға шығарады. Яғни жақын ет комбинатына, теміржол стансасына, су пристанына. Айдайтын малды да жоғарыда айтылғандай, жасына және қоңына қарай топтайды. Табындық құжат толтырылып, малдәрігерлік куәлік беріледі. Айдайтын жолды облыстық қызметкерлер анықтайды, мұнда шаруашылықтардың жұқпалы аурудан сау екені еске алынады. Жол бойы бірінен-біріне дейін, 6-7 км қашықтықта жайылым және суат болуы керек. Егерде жайылым болмаса, малды қысқы азықпен қамтамасыз етеді. Табынның шамасы-ірі қара мал 250 бас, қой және ешкі 100 басқа дейін. Жолдық қоңын жақсы ұстау және тірі салмағын төмендетпеу үшін -сиыр тобына бұқа, ал қой тобына -қошқар қосып айдайды. Бірінші күні ірі қараны айдау жылдамдығы тәулігіне 10 км, қой және ешкі 6-8 км дейін. Сосын мал үйренгеннен соң 5-6 км, қосып отырады. Егерде жайылым және суат болмаса ірі қараның айдау жылдамдығы 25-30, қой және ешкі 20 шақырымға дейін. Күн тәртібі; айдауды таңертеңгі жарықтан бастайды, 3-4 шақырым жүріп, 2-3 сағат демалыс, тағы 5-6 км. Сағат 12-15 арасында дем алу, тағы айдайды. Жолда мал сою деген болмайды, әсіресе жұқпалы ауру болғанда.
Дегенмен, мал өлейін деп тұрса және оны жеткізуге шама келмейтін болса, сояды. Еске алатын жағдай, сою жолдан 100 м қашықтықта жүргізіледі. Ұшаны және ішек-қарындарын жауып, малдәрігерлік пунктіге қарауға жеткізеді. Жануарлар тасымалдау кезіндегі үйлесімділігі Жануарлар. Әрбір бөлек вагонда, автокөлікте, ұшақтың жүк тұратын бөлігінде және кемелерде сиырлар мен бұқаларды, қой мен саулықты, аналық және аталық шошқаларды т. б. түрлерін және құстардыбіріктіріп тасымалдауға болмайды. Әртүрлі жынысты жануарлар тек қана арасы бөгеттермен бөлінген кезде ғана тасымалдауға болады. Жануартекті өнімдер. Тез бүлінетін арнайы иісі бар және ылғалды, иісті тез сіңіретін азықтарды бірге тасымалдауға болмайды.
Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық -санитариялық бақылау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz