Кәсіпкерліктің түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпкерліктің түрлері
Орындаған :Қайырбек Ж. С
Тобы : ТК-421
Қабылдаған: Есенбекова З. Ж
СЕМЕЙ 2015
Жоспар:
- Кәсіпкерлік түсінігі
- Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік түсінігі.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
- Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
- Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.
- Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
- Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей -тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді) . Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерліктің түрлері .
- Көлемі бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
- Меншік нысаны бойынша: мемлекеттік, жеке, шетелдік кәсіпкерлік.
- Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру кәсіпкерлігі
- Территориялық орналасуы бойынша: жергілікті, аймақтық, халықаралық кәсіпкерлік.
- Салалық бағытына қарай: аграрлық, құрылыс, сауда, басқалары.
- Ұйымдық - құқықтық нысандар бойынша: толық серіктестік, коммандитті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, өндірісті кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар.
- Ұйымдық - экономикалық нысандары бойынша: концерн, консорциум, холдинг, картель, синдикат, қаржылық -өнеркәсіптік топтар.
Шағын кəсіпкерлік субъектілері - бұл жеке кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, олардың 50 адамнан көп емес жұмысшылары бар жəне орташа актив құны (баланста көрсетілген жеке кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүліктері) жылына 60 000 минималдық есеп көрсеткішінен аспайтын, 2010 жылы 84 780 000 теңгені құрады (активтердің максималды құнын есептеу оңай - 60 000 əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткішке көбейту керек, мысалы 2010 жылы ол 1 413 теңгені құрайды) ;
Орташа кəсіпкерлік субъектілері - заңды тұлғалық білімі жоқ жеке кəсіпкерлер, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан кем емес жəне жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп емес немесе орташа жылдық активтерінің құны 459. 225. 000 теңгеден артық емес (325 000 х əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін тиісті қаржылық жылға көбейту) .
Ірі кəсіпкерлік субъектілері - жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан жоғары немесе орташа жылдық активтерінің құны 459. 225. 000 теңгеден артық (325 000 артық х əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін тиісті қаржылық жылға көбейту) .
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді. Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.
- Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.
- Бәсеке дамуының негізін құрайды.
- Техникамен қайта жабдықталу жылдам түрде жүзеге асады.
Кесте - 1.
Картелдер,
Синдикаттар
(консорциумдар),
Трестер,
Концерндер,
Концерн-конгломераттар,
Холдинг-компаниялар,
Акционерлік қоғамдар
(корпорациялар),
Кооперативтер,
Серіктестіктер.
Өндірістік,
Саудалық,
Делдалдық,
Банктік,
Сақтандырушылық
Инвестициялық,
Инновациялық,
Инжирингтік,
Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік,
Аудиторлық,
Трастолық.
Өнеркәсіп,
Ауыл шаруашылығы,
Сауда,
Байланыс,
Көлік
Қаржы,
Несиелік,
Мәдениет,
Өнер,
Білім,
Ғылым, Денсаулық сақтау,
Тұрғын үй шаруашылығы.
Мемлекеттік,
Қазыналық, Ұжымдық,
Жалгерлік,
Кооперативтік,
Акционерлік,
Жекелеген,
Аралас (біріккен), Мемлекеттік
кооператив-
тікпен бірге,
Ұжымдық жекемен бірге,
Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын)
Ұйымдық - құқықтық кәсіпкерліктер.
Серіктектер - адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.
Кәсіпкерліктің ұйымдық - экономикалық формалары.
- Концерн- келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі.
- Қаржылық өнеркәсіптік топтар- ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерімен біріккен заңды тұлғалар жиынтығы.
- Консорциум- бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
- Синдикат- бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
- Картель- тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
- Холдинг- акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданылады.
Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын қызмет түріне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:
Өндірістік - тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты.
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
- өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
- ақпараттарды өңдеу және жинау;
- рухани құндылықтарды игеру;
- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
- өндірістік кәсіпорын және мекемелер;
- коммерциялық сауда мекемелері;
- тауар-қор биржалары;
- банктер мен халықтар.
Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.
Коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады.
Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Мұндағы ең басты мәселер:
- "нені сатып алу керек";
- "нені сату керек";
- "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу. "
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Міне, осылардың қорытындысында:
- сатып алу;
- сату мәмілесін жүргізу;
- тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есепайырысулар;
- шығын мен ақырғы нәтижелер;
- жұмысшылардың саны;
- көлік жұмысының ауқымы;
- жарнама;
- коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.
Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
- тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
- ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға төлем жасау;
- тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;
- тауарларды өткізу нысандары;
- несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
- мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.
Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.
Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.
Қаржылық - бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша, валюта, бағалы қағаздар жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
- коммерциялық банктер;
- қор биржалары;
- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz