Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары. Адамдарды, жануарларды және тамақ өнімдерін тасымалдау ережелері.
Орындаған:Амиргазинова Б. Б.
Топ: БЖ-315
Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.
Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар
1. Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар.
2. Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары.
3. Адамдарды, жануарларды және тамақ өнімдерін тасымалдау ережелері.
Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар.
Қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
422. Қауіпті жүктерді тиеу және түсіру алдында ыдыстарының жарамдылығы тексеріледі.
423. Қауіпті жүктермен жұмыс орындалатын кәсіпорындарда операцияларының орындалу тәртібін, қауіпсіздік шараларын және жұмысты ұйымдастырумен байланысты адамдардың жауапкершілігін айқындайтын нұсқаулық әзірленеді.
424. Қауіпті жүктерді қайта тиеу қашықтан басқару қағидаты бар тиеу-түсіру механизмдерін қолдана отырып жүргізіледі. Қауіпті жүктермен жұмыс істеуге арналған жүк механизмдеріне арналған кабиналар тұмшаланған болып көзделеді және кабинаға берілетін ауаны тазартатын желдеткішпен
жабдықталады.
425. Қауіпті жүктерді (жарылғыш материалдарды, сығымдалған, сұйытылған және қысыммен ерітілген газдарды, өздігінен жанатын заттарды, оңай тұтанатын сұйықтықтарды және қатты заттарды, тотығатын заттарды, қышқылдайтын, күйдіретін және тоттандыратын заттарды, уытты
заттарды, радиоактивті материалдарды) тиеу және түсіру осы мақсатқа арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда жүргізіледі.
426. Желдің жылдамдығы 3 м/сек болғанда үйілген химиялық заттарды ашық ауада тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
427. Әртүрлі санаттағы қауіпті жүктерді, қауіпсіз жүктермен бірге қауіпті жүктерді тиеуге, таңбасы жоқ қауіпті жүктерді тиеуге және түсіруге жол берілмейді.
Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде тасымалдайтын ыдыстарға мынадай талаптар қойылады:
1) ыдыстың конструкциясы тасымалдау кезінде пайда болатын барлық жүктемелерді ескере отырып, барлық климаттық аймақтарда тасымалдаған кезде жүктің кез келген жоғалуын (ағуын) болдырмауды қамтамасыз ететіндей болып дайындалады;
2) ыдысқа қауіптілік белгілері қойылады;
3) ыдысқа арналған материалдың аз сіңіретін қасиеті болады;
4) оңай тазаланады, қажетті жағдайларда оңай залалсыздандырылады.
429. Улы және ащы заттарды түсіргеннен кейін көлік құралы тасымалданатын жүктердің қалдықтарынан тазартылады, қажет болғанда жуылады және зарарсыздандырылады.
Түсіру кезінде ыдыстың жарамсыздығы, шашылған немесе төгілген жүк анықталса, қауіпті заттың иісі болса жүк қабылдаушының өкілі шақырылады және көлік құралын зарарсыздандыру мәселесі шешіледі, сондай-ақ халықтың көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары хабардар етіледі.
430. Қауіпті жүктерді арнайы контейнерлерде тасымалдау кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) контейнерлер ішіндегісінің төгілуін болдырмау үшін тасымалдау кезінде пайда болатын әртүрлі салмақтарды көтеруі тиіс;
2) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған контейнерлердің олардағы заттардың қауіптілік дәрежесін айқындайтын қосымша қорғанышы болуы тиіс.
431. Қауіпті жүктерді цистерналарда тасымалдау кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) цистерналар тасымалданатын қауіпті жүктің түріне сәйкес болуы тиіс;
2) құю алдында цистерна қаралады, құю арнайы бөлінген жерде жүргізіледі, жүкті құюға дайындау (сұйылту, араластыру, ылғалдау) арнайы бейімделген ыдыстарда жүргізіледі;
3) тесілуі анықталған жағдайда құю тоқтатылады, цистернаның ішіндегісі басқа сыйымдылыққа құйылады;
4) құю орнына сорып тартатын ықтиярсыз ауа алмастыру қондырғылары орнатылады;
5) құю аяқталған соң цистернаның сыртқы беті сүртіледі немесе құйылатын жүктің іздері жойылғанша жуылады, жүк құйылып алынған соң цистерналар жуу-булау объектілерінде өңделеді;
6) қауіпті жүктерді тасымалдайтын цистерналарға арнайы белгі қойылады.
432. Радиоактивті жүктерді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары оларды одан әрі пайдалануға қарамастан радиациялық бақылауға жатады.
433. Жергілікті көздер немесе беті радиоактивті ластанған көлік құралдары анықталған жағдайда дезактивациялау бойынша жұмыстарды мамандандырылған ұйым жүргізеді.
434. Өсімдіктердің (пестицидтердің) химиялық қорғаныш заттарын тасымалдау кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) өсімдіктердің химиялық қорғаныш заттарын тасымалдауға арналған көліктің шанағы сигналды бояумен боялады және "Абайлаңыз - улы химикаттар" деген жазуы болады. Қысқа мерзімдік тасымалдауға арналған көлік сигналды жалаушалармен жарақталады. Шанақтың ішкі беті жеңіл
тазартылатын және залалсыздандыратын, саңылауы және қуыстары жоқ болып көзделеді;
2) пестицидтермен бірге тамақ өнімдерін, азықты және басқа заттарды тасымалдауға жол
берілмейді. Пестицидтерді тасымалдауға арналған көлікпен азық-түліктерді, мал азығын, адамдарды тасымалдауға пайдалануға жол берілмейді;
3) тасымалдауға қоймадан жіберілгенде заттаңбасы бар зауыт қаптамасында немесе арнайы ыдысқа салынған пестицидтер жіберіледі. Пестицидтерді үйіп немесе жарамсыз ыдыста тасымалдауға қатаң түрде жол берілмейді;
4) пестицидтерді тасымалдау аяқталғаннан кейін көлік құралдары мұқият жуылады, тазартылады, арнайы жабдықталған орындарда залалсыздандырылады.
435. Құрамында тірі микроорганизмдердің штаммдары бар жүктерді (бактериялар, вирустар, рикетсиялар, паразиттер, саңырауқұлақтар, олардың рекомбинациялары, генетикалық өзгерген
микроорганизмдер), құрамында ауру тудыратын агенттері бар немесе бар болуы мүмкін, шығу тегі биологиялық материалдарды (бұдан әрі - инфекциялық заттар), құрамында тірі микроорганизмдердің штаммдары бар адамдардың және жануарлардың инфекциялық ауруларын иммундық профилактикасына және диагностикалауға арналған биологиялық препараттарды тасымалдау пломбаланған металл ыдыстарда (бактарда, бикстарда) жүзеге асырылады.
436. Инфекциялық заттарды тасымалдау кезінде жүк орны ішінде, ішкі сыйымдылық пен сыртқы ыдыстың арасында ішіндегілердің тізімі салынады. Сұйық инфекциялық заттары бар жүк тиеу орындарында қарама-қарсы екі жақ бетінде жүк тиеу орындарының жоғары жағын белгілейтін манипуляциялық белгілер жазылады.
437. Эпизоотиялық қолайсыз елдер мен аудандардан кеміргіштердің терілерін тасымалдауға жол берілмейді.
438. Жұмысқа кіру алдында қызметкерлер мен қауіпті жүктермен жұмыс істеуге уақытша тартылатын адамдар қауіпті жүктердің уытты қасиеттері, олармен жұмыс істеу қағидалары, сақтық шаралары және апаттық жағдайлар туындаған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары туралы нұсқамадан өтеді.
439. Қауіпті жүктерді сақтау, тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын адамдар жұмысқа орналасар алдында және белгіленген уақытта медициналық тексеруден жеке қорғаныш құралдарымен, арнайы тағамдармен жұмыс берушінің есебінен қамтамасыз етіледі.
440. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде апаттық жағдай туындаған жағдайда тасымалдаушылар халықтың көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың хабардар етеді.
441. Қауіпті жүктермен жұмыс істеу кезінде тамақ ішуге, су ішуге, темекі шегуге, жұмыс алаңында арнайы киімсіз жүруге жол берілмейді.
Қызметкерлердің жеке басын қорғау құрал жабдықтары.
Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған .
Жеке басын қорғану құралдары - жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімшек және т. б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдер бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, қолғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.
Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшылырға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету типтік тармақ нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі.
Оқшаулау костьюмдері:
- Пневмокостьюмдер; гидрооқшаулаушы костьюмдер; скафандрлар;
Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары:
- Противогаздар; респираторлар; пневмошлемдер; пневмомаскалар;
- Арнайы киімдер - комбинезондар, полукомбинезондар; курткалар; шалбарлар; костюмдер; халаттар; плащтар; полушубалар, тулуптар; фартуктар; жилеттер; қолғаптар.
- Арнайы аяқ киім - етіктер, ботфорттар, полусапожкалар, ботиноктар, полуботиноктар, туфлилар, галоштар, боты, бахилдар;
- Қолды қорғау құралдары - қолғаптар, -басты қорғау құралдары - каскалар; шлемдер, подшлемниктер; шапкалар, береттер, шляпалар;
- Бетті қорғау құралдары - қорғау маскалары, қорғау щитоктары;
- Есту мүшелерін мүшелерін қорғау құралдары - шуға қарсы шлемдер; наушниктар; вкладыштар;
- Көзді қорғау құралдары - қорғау көзілдіріктері;
- Сақтандырғыш құралдар - сақтандырғыш белдіктер; диэлектрикалық төсеніштер, қол қыспақтар, манипуляторлар, тізе қаптар, шынтаққаптар, иыққаптар;
- Қорғаушы, дерматологиялық құралдар - жуу құралдары, пасталар, кремдер, мазьдар.
ЖҚҚ пайдалану максималды түрде қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі, ал оларды пайдаланудан туатын ыңғайсыздық минимумға тең болу керек.
Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық. Емдеу-профилактикалық құрал - жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да залалсыздандыру құралдары.
Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлы - тұрмыстық құралдармен, емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады . Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім - шарттармен анықталады . Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып, немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі .
Ұйымда міндетті түрде санитарлы - тұрмыстық орындар болуы қажет, оларға : кім ілу, жуыну, тазалау, дәретханалар, ішетін су орнатылған орындар, арнайы киімдерді жуып, тазалау орындары кіреді . Жұмыс берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс . Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергікелтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс .
Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдерін жұмысшы тарапынан әсерсіз оны ауыстыру қажет .
Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі .
Жеке қорғаныс құралдары ( газдан қорғану құралы, қорғану белдіктері, каскалар және т . б ) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы, ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақтылы жаңарып отыруы тиіс .
Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады .
Жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлы - тұрмыстық құралдармен, емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныс жабдықтарын сақтаудыұйымдастырады . Профилактикалық өңдеуді және жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жөндеуді уақытында жасау керек .
Егер бұл еңбек жағдайында талап етілетін болса, ұйымдарда кептіргіштер, қоймалар мен жеке қорғаныс құралдарына басқа да профилактикалық өңдеулер жүргізіледі .
Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау кезінде олар залалсыздандырылып, шаң тозаңнан тазартылуы, кептірілуі тиіс .
Жеке қорғаныс құралдарын өңдеу мен жөндеу өзара ауысу үзілісі немесе жұмысшылар жұмыс істеп жатпаған кезде жасалуы тиіс .
Егер жұмысшыларға екі немесе үш арнайы киім берілу нормамен қарастырылған болса, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары басқа кездерде жасалады .
Қауіпті және зиянды жерлерде жұмыс істейтін ( сынап, қорғасын, этилді бензин, радиоактивті заттар ) жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары өз күшіндегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Адамдарды, жануарларды және тамақ өнімдерін тасымалдау ережелері.
Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауқағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау тәртібін реттейді, ол мыналарды:
1) жүктi жеткiзу мерзiмiн;
2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;
3) тауар-көлiк жүкқұжатының нысанын және оны қолдану тәртiбiн;
4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;
5) жүктердi автомобильмен тасымалдауға қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн;
6) тез бүлiнетiн жүктi өткiзу тәртiбiн;
7) құндылығы жарияланған жүктерді тасымалдау тәртiбiн;
8) жүктi таңбалау тәртiбiн;
9) жүктi пломбалау тәртiбiн;
10) актiлер жасау тәртiбiн;
11) жүктi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртiбiн;
12) жүктi ұстап қалу тәртiбiн;
13) жүктiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртібін;
14) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін;
15) тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптарды қамтиды.
2. Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автопоезд - жүк автомобилі мен тіркемеден (тіркемелі автопоезд), ершікті тартқыш пен жартылай тіркемеден (ершікті автопоезд) тұратын құрамалы автокөлік құралы;
2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарына иелік етуші, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін және соған белгіленген нысанда берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға;
3) автомобиль тіркемесі (бұдан әрі - тіркеме) - қозғалтқышпен жабдықталмаған және жүк автомобилінің немесе ершікті тартқыштың құрамында қозғалу үшін арналған автокөлік құралы. Термин жартылай тіркемелер мен ұзартылма тіркемелерге қолданылады;
4) ершікті тартқыш - жеке қозғалтқышпен жабдықталған және тек қана немесе көбіне тіркеме мен жартылай тіркемені тіркеп сүйреуге арналған автокөлік құралы;
5) жүк автомобилі - автомобиль жолдарымен жүктерді тасымалдауға арналған механикалық жетекті автокөлік құралы;
6) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
7) жүк автокөлік құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) қамтитын жүк автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының бірлігі;
8) жүк автомобиль тасымалдары - автомобиль жолдарымен жүк автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жүк тасымалдары;
9) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
10) тез бүлінетін жүк - шектеулі жарамдылық мерзімі бар және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын қажет ететін жүк.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz