ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар. Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі



ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар.
Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар.
Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі.
Пайдаланған әдебиеттер
«Тірі ағзаны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортаға қатынасы» жөніндегі білімнің қажеттілігі. Аристотельдің еңбектерінде көрініс алған. Содан бері экологиялық білімнің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар:
Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі кезең. Экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасуы. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтердің жиналуы мен сипатталады.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда экологиялық мәліметтер биологиялық сипаттамалардың недәуір бөлімін қамтиды. Осы кезде Ламарк және Мальтус адамзатты адамның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері туралы ескерткен.
Екініші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Экологияның жеке ғылым ретінде бөлініп дамуы. Бұл кезеңнің басында орыстың Н.А.Северцев, В.В.Докучаев сияқты атақты ғалымдарының еңбектері жарық көрумен сипатталады. ХХ ғасырдың бас кезінде В.И.Вернадскийдің биосфера туралы фундаментальды ілімінің негізі қаланады.
Үшінші кезең: ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан қазіргі кезге дейін. Экологияның кешенді ғылымға айналу кезеңі. Бұл кешенге география, химия, физика, геология, мәдениеттану теориясы және қоршаған ортаны қорғау сияқты ғылымдар кіреді. Адам басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда, сыртқы ортамен өзі жасаған мәдениет арқылы қарым-қатынасқа түседі, яғни адамзат тұтасымен даму барысында мәдени орта қалыптастырады, және ұрпағына еңбек пен рухани тәжірибесін мұра ретінде қалтырып отырады.
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5. Алишева К. Экология. Учебник. А., 2006
6. ҚаженбаевС., С. Махмұтов. Алматы, Табиғатты қорғау. А. 1984

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

1. ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар. 2. Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар. 3. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі.


Орындаған: Кеңесова Маржан эл-417
Тексерген: Нуржуманова Жанат Мекешовна

ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар.

Тірі ағзаны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортаға қатынасы жөніндегі білімнің қажеттілігі. Аристотельдің еңбектерінде көрініс алған. Содан бері экологиялық білімнің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар:
Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі кезең. Экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасуы. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтердің жиналуы мен сипатталады.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда экологиялық мәліметтер биологиялық сипаттамалардың недәуір бөлімін қамтиды. Осы кезде Ламарк және Мальтус адамзатты адамның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері туралы ескерткен.
Екініші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Экологияның жеке ғылым ретінде бөлініп дамуы. Бұл кезеңнің басында орыстың Н.А.Северцев, В.В.Докучаев сияқты атақты ғалымдарының еңбектері жарық көрумен сипатталады. ХХ ғасырдың бас кезінде В.И.Вернадскийдің биосфера туралы фундаментальды ілімінің негізі қаланады.
Үшінші кезең: ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан қазіргі кезге дейін. Экологияның кешенді ғылымға айналу кезеңі. Бұл кешенге география, химия, физика, геология, мәдениеттану теориясы және қоршаған ортаны қорғау сияқты ғылымдар кіреді. Адам басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда, сыртқы ортамен өзі жасаған мәдениет арқылы қарым-қатынасқа түседі, яғни адамзат тұтасымен даму барысында мәдени орта қалыптастырады, және ұрпағына еңбек пен рухани тәжірибесін мұра ретінде қалтырып отырады.

Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар.
Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
климаттың өзгеруі; тұщы судың тапшылығы және оның ластануы; озон қабатының тозуы;
жылулық эффект; қышқыл жауын-шашындар; биологиялық алуантүрліліктің азаюы.
Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі: Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау; Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;
Ауаның ластануы; Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану; Жер ресурстарының мәселері; Семей ядролық сынақ полигоны мен Байқоңыр космодромының әрекеттерінің салдары; Флора мен фаунаның тозуы.
Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес.
Экология - ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі.
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос - үй, тұрақ, мекен; логос - білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).
Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның басты зерттейтіні - экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе - қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.
Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады.

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі.

Өсiмдiктерi. Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы -- саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы -- қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы -- жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн -- эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын -- Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 -- 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 -- 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 -- 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.
Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ -- республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қ-ларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi -- сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi -- қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.
Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i -- эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХIX ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар
ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экологияның даму тарихы
Адамдардың табиғатпен арақатынастары
Әлеуметтік экологияның мәні
Биогеография пәнінің зерттеу обьектісі
Қазақстан Республикасында экологиялық мәселесінің орны
Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары
Экология ғылымының қоғамдағы ролі
Пәндер