Түсіндірме сөздіктер


Жоспар:
1. Лексикаграфия туралы түсінік және сөздердің түрлері.
2. Түсіндірме сөздіктер.
3. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздіктің құрылысы.
4. Сөздіктің рөлі.
Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразиологиялық оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады.
Лексикография теориясы әр түрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады. Сөздіктің сапасы лексикография теориясының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым мазмұнды, соғұрлым сапалы болмақ. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде назар аударатын мәселелер мыналар: сөздің лексикалық мағыналарының типтері, мағына мен қолданылып, сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі, полисемия құбылысы мен омонимия құбылысының айырмашылығы, фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері және т. б
Сөздіктерде сөздерге әр түрлі жақтан сипаттама беріледі. Осыған орай, лексикографиялық жұмысқа тіл білімінің әр түрлі салаларының, мысалы, лексикологияның, грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатысы келіп туады.
Қазақ лексикографиясы қазақ тілі білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы 50-60 жыл ішінде туып қалыптасты. Революсияға дейін бізде не бары екі тілді шағын сөздіктер ғана болса, онан бергі кезеңде 10-15 түрлі сөздік түрлері пайда болды. Солардың ішінде ең көп шыққан түрі- екі тілді аударма сөздіктер.
Сөздіктердің тіл- тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
- Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтитын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілдің сөздіктері деп аталады.
- Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипсттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің енді бір дәуірдегі сөздерін немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік толық емес сөздік деп аталады.
- Сөздердің ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарац сөздіктер екі түрге бөлінеді: бір тілдік түсіндірме сөздіктер және екі немесе көп тілдік түсіндірме сөздіктер.
- Берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен берілетін ұғымдардың топтпрының рет- ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идиологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі.
Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
- Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Тарихи сөздіктер.
- Қазіргі тілдегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға кіретіндер: Түсіндірме сөздік. Аударма сөздік. Терминалогиялық сөздік. Диалектологиялық сөздік. Фразеологиялық сөздік. Стнонимдер сөздігі.
- Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлар: Фонетикалық сөздік. Орфографиялық сөздік.
- Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Олар: Энциклопедиялық сөздік. Иллюстративтік сөздік.
Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіруі әдеби тілдің лексикалық, семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді.
Орыс тілінде түсіндірме сөздік жасаудың мол тәжірибесі бар. «Словарь Академии Россиской» деп аталатын сөздік алғаш рет 1783- 1794 жылдары жасалды. Аталған сөздіктің алғашқы тәжірибесі ретінде үлкен мәні болды. Мұнан кейін де бірнеше сөздік жасалды. Осы сөздіктердің ішінен В. И. Даль құрастырған «Толковый словарь живого велико- русскогк языка» деген сөздік айрықша орын алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы он жылының өзінде жаңа социололистік мәдениеттің жасалып дамуына жағдайлар жасалды.
В. И. Лениннің идеясымен орыс тілінің кеңес дәуіріндегі түсіндірмесөздігі жасалып, бірнеше жылдан кейін профессор Д. Н. Ушаковтың редакциясымен басылып шықты.
Түркі тілдердің әрқайсысының алғашқылары кейінгі жылдары жарық көре бастады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» бір томы 1959 жылы, ал екінші томы 1961 жылы жарыққа шықты. Бұл «Сөздік»- қазақ тілінде түсіндірме сөздік жасаудың ең алғашқы тәжірибесі.
Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және стилистикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Мұнымен бірге, онда әдеби тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуы да көрсетіледі.
Сөздікте енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Әрбір реестр сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылады. Мысалы: зат (зат есім), сын (сын есім), ес (есімдік), үс (үстеу), т. б Архаизмдер мен историзмдерден кейін осы сөздердің бірінші буынынан құралған белгілер қойылады.
Егер сөз белгілі бір стильге тән болса, оған стилистикалық мінездеме беріліп, тиісті белгі қойылады. Мысалы профессор Д. Н. Ушаковтың редакциясымен шыққан «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» көптеген сөздердің тұсына олардың қай стильге тән сөздер екендігі егер шет тілдерінен енген сөз болса, қай тілден енгендігі туралы белгілер қойылған.
Сөздікке енген әрбір сөздің лексикалық мағынасы түсіндіріліп, оған анықтама беріледі. Сөзге бнрілген анықтаманың түсінікті және тұжырымды болуы көзделеді. Кейде сөзге анықтама оның синонимі арқылы беріледі. Мысалы, алыс деген сөз оның синонимдері қашық, шалғай деген сөздермен түсіндірілсе, ажарлы деген сөз көркем, әдемі, сұлу деген сөздер арқылы түсіндіріледі. Сөздің стнонимі болған жағдайда оның мағынасы түсіндірме сөздердің тізбегі арқылы анықталады. Мысалы, етікші деген сөзге аяқ киім тігетін адам деген түрде түсіндірме анықтама беріледі.
Сөздің анықтамасынан кейін әдебиеттен мысалдар, цитаталар беріледі. Мысалдар берілгенде, олардың сөздің белгілі бір мағынасын ашып айқындайын болу жағы көзделеді.
Сөздікте көп мағыналы сөздің ең алдымен негізгі наминативті мағынасы, онан кейін туынды намитавті мағынасы және келтірінді мағыналары беріледі.
Түсіндірме сөздікте жеке сөздер ғана емес, сонымен бірге фразеологиялық оралымдарда беріліп, олардың мағыналары талданады. Фразеологиялық оралымдар реестр сөздің негізгі және туынды мағыналары түсіндіріліп болғаннан кейін ромбикпен беріледі. Фразеологиялық сөз тіркесі өзіне негізгі ұйтқы болған сөздіңсөздік мақаласында беріледі. «Мысалы, басына көтеру, бас бұзар, бас сауғалау, бас қосу, басын айналдыру тәрізді тұрақты тіркестері бас деген сөздің сөздік мақаласында беріледі.
Сөздік мақалаларда сөздерге олардың шығу төркіні мен қай стильдік тармаққа жататыны жағынан сипаттама беру сол тілдің лексикасының зерттеу дәрежесімен байланысты. Екінші сөзбен айтқанда белгілі бір тілдегі сөздердің лексикалық және стилистикалық тұрғыдан зерттелу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сол тілдің түсіндірме сөздігіндегі сөздерге берілген лингвистикалық сипаттама соғұрлым жан- жақты болады.
Қазіргі қазақ тілінің толық түсіндірме сөздігін жасау мәселесін бағдарлап қарасақ, оның негізгі мақсаты қазақ тілінің сөздерін мүмкіндігінше түгел қамту, олардың мағыналарын толық ашу, сол сөздердің қолдану өрістерін бірсыдырғы дәл анықтау және әдеби нормасын дұрыс айқындау болғандықтан оған керекті материалдың да саны мен сапасы сол мақсатты орындауға төтеп беретіндей әрі мол, әрі сапалы болуға лайықты.
Сөздікті баспаға әзірлеу алдында филология ғылымдарының докторы, профессор К. Аханов, М. Томанов, философия ғылымдарының кандидаты, доцент А. Әбілқаев өз пікірлері мен ескертпелерін айтты. Сөздікте кездесетін араб, парсы сөздерінің мкғыналарын ашуға техника ғылымдарының кандидаты, инженер Е. Бекмұхамбетов белсене қатысты. Қолжазбаны баспаға дайындау кезінде де және оның терілуі мен басылуы үстінде де бөлімнің аға лаборанты М. Жүрсінова көмектесті. Ал жалпы редакциясын басқарған қазақ ССР Ғылыми академиясының корреспондент- мүшесі А. Ы. Ысқақов.
Сөздікке енетін сөздер алфавит ретімен тізіледі. Сыртқы тұлға- тұрпаты бірдей, бірақ мағыналары басқа атау сөздің тұсына арабцифрымен белгілер қойылып, мағыналары сараланады.
Зат есім жіне олардың туынды түбірлері түбір күйінде, біріккен сөздер біріккен қалыпында алынады. Сын есімнің негізгі және туынды түбірлері, шырай формалары түгел қамтылады. Етістіктің негізгі және туынды түрлері, оның ішінде етіс формалары атау сөзге бұйыр райдың екінші жақ қалпында енгізіледі.
Толық түсіндіндірме сөздік шағын сөздіктің қызметіндей емес, жалпы ұлт тілінің сөз байлығы мүмкіндігінше түгел жинақтап, толық көрсету мақсаиын көздейді, сондықтан қазақ тіліндегі вариант және дублет сөздердің көпшілігі қамтылып, бас- басына тиісті мысалдар беріліп отырады.
Сөздіктегі сөздердің стильдік белгілері негізінен мынадай топқа бөлінеді.
- Әдеби тіл шеберінен тыс қолданылу шегін көрсететін белгілер.
- Сөздің әр түрлі стильдік бояуын көрсететін белгілер.
- Әдеби тілдің белгілі бір саласына ғана жұмсалатын көрсететін стильдік белгілер
Сөздердің қазіргі кездегі қолдану нормасын түсіну үшін, олардың әрқайсысының мағыналаларына қысқаша анықтама беріледі. Ал, оның қосымша және ауыспалы мағыналары соңынан келкді. Сөзге берілетін анықтама әрі қысқа, әрі тұжырымды болуы көзделеді. Сонымен қатар, берілетін анықтама сөздердің грамматикалық құрылымына, олардың табиғатына сай болуы қадағаланады. Демек, есім сөздерге берілетін анықтама есімдердің өз ерекшеліктеріне орай болуы, етістіктерге берілетін анықтама етістік формаларының гамматикалық құрылымына асй келуі қарастырылады.
Сөз мағыналарына берілетін анықтама я түсінік негізінен үш түрлі тәсіл арқылы жүзеге асырылады: а) сипаттап ашу, ә) синонимдерін табу арқылы, б) сілтеме жасау арқылы.
Сөздікте фразеологиялық тіркестердің барлық түрі алынады. Мысалы: үріп ауызға салғандай, ит өлген жер, ат үсті, күлін көкке ұшырады т. б
Фразалық варианттар яғни оның белгілі бір синониммен ауыстыруға болатын жағдайда олар көбінесе үтір арқылы бөлініп, бірінен соң бірі тізбектеліп беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz