Хирургиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Хирургиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану.
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Орындаған: Сайлаухан Қ.
Жоспары;
1. Тіндік имплантация және консервация әдісі.
2. Тіндік препараттарға сипаттама.
3. Қорытынды.
Тіндермен емдеу қазірде көптеген ауруарда емдеуде кеңінен медицина мен ветеринарияда қолданып келеді.
Тіндік имплантация және консервация әдістері. Көптеген тіндік имплантация және консервация әдістерінің ішінде жиі қолданылатыны В. П. Филатов әдісі:
В. П. Филатов әдісі бойынша. Жануардың өлімінен кейін 10 сағат ішінде, салқын температура жағдайында сақталған мәйіттен алынған тері имплантацияға жарамды; егер де температура 10°-тан асса, онда теріні емдік мақсатта 3-4 сағаттан кешіктірмей қолдану керек. Тері жолақтарын тері асты клетчаткасының кішкентай қабатымен бірге кесіп алады. Тері бөліктерін герметикалық тығынмен немесе стерильді пергамент қағазымен жабылған стерильді банкага салады. Банканы 3-4° температурадағы мұздатқышқа немесе рефрижераторға 6-7 тәулікке қояды. Операция күні теріні Петри табақшасына немесе жеке банкаларға салып 120° температураға 1 сағатқа автоклавқа қойып стерилизациялайды. Автоклавтанған теріні мұздатқышта бикске салып сақтап, бірнеше сағат ішінде қолдануға болады. Жануарға теріні имплантациялау жергілікті новокаин анестезиясы арқылы жүргізіледі. Теріні салатын жерге 1-2см тілік жасайды, сол жердегі қалтаға 5-6 см-лік тері жолақтарын имплантациялайды; теріге 2-3 тігіс және клеол таңғышын салады. Тігісті 8-ші күні алады. Қайталама имплантацияны 3 аптадан соң жасайды. Теріні сойылған жануардан да алуға болады. Бірақ оны сойған соң бірден алу керек. Тері кесінділерін ернінен немесе санның ішкі бетінен асептика ережелерін сақтай отырып алған дұрыс. Сойылған жануардан алынған теріні имплантациялау және консервациялау әдісі дәл алдыңғы жағдайдағы сияқты.
Тері сияқты плацентаны да стерильді банкада 6-7 күн сақтайды, қолданар алдында автоклавтайды, ал оған дейін кептіру шкафында 60-80° температурада 1 сағат кептіреді.
Басқа мүшелер мен тіндерді - аталық без, бұлшықет, тері асты клетчаткасы, көздік және басқа да тіндерді консервациялау мен имплантациялау алдыңғы тіндердікі сияқты.
АСД дәрісі. Антисептикалық және стимулдеуші әсерге ие заттар тобына жатады. АСД препаратын жануар, өсімдік және микроб текті тіндерден ерекше әдіспен дайындайды.
АСД препараты. Антисептикалық және стимуляторлық әрекетке ие заттарға жатады. АСД препараты ерекше әдіспен, жануарлардың тіндерінен, микробтың шығу және өсіндісінен дайындалады.
Пепарат АСД Ф2 және АСД Ф3 атты екі фракциясымен шығарылады. АСД Ф2 сардан қою қызыл түске дейінгіағымды сұйықтық, сітілі реакциялық, өзіндік иісі бар суда жақсы ериді.
АСД Ф3 қою қара сұйықтық, өзіндік иісі бар, суда еруіне қарағанда спиртте жақсы ериді.
АСД препараты бөлме температурасында, қараңғы жерде сақталад. АСД Ф2 ұзақ сақталған кезде тұнба қалпына түседі, одан препараттың белсенділігі төмендейді. Тұнба пайда болған кезде препаратты сүзгі қағаз немесе мақтамен сүзеді.
АСД Ф2 сыртқа, ішке, тері астына және венаның ішіне қолданады. Сыртқа қолданғанда препаратты қарапайым суда әзірленген 15-20% ерітінді түрінде. Ішке суда еріген түрімен, тері астына тазартылған сумен препарат концентрациясының 4% ерітіндісін вена ішіне, 10-20% тазартылған судағы ерітіндісі ретінде қолданады. Сыртқа қолданғанда таза түрінде және 50 спиртке араластырып қолданамыз.
Тіндік дәрі-дәрмектер, оларды дайындау мен қолдану әдістемесі. Жануар тектес және өсімдік тектес тіндік дәрі-дәрмектер арасынан стимулдеуші әрекетіне ие келесі түрлері ветеринарлық тәжірибеде қолданылады:
Плацентарлы сығындысы. В. П. Филатов әдісімен сақталған, бірақ әлі автоклавирленбеген сығындысын дистилденген суы бар ыдысқа бес рет батыру арқылы қаннан жуып шаяды. Әр батырғаннан кейін ыдыстағы суды ауыстырады. Жуылған сығындысын қайшымен ұсақтайды, одан кейін келіде ұнтақтап, 10 г сұйық ботқаға 100 г дистилденген су қосады. Массаны араластырып, бөлмелік температурада (10-15·) бір сағатқа қалдырады. Одан кейін массаны сулы моншада 25-30 минут 80-90· температурада қыздырып, мақта арқылы сүзеді. Фильтратты ампулаларға құйып, дәнекерлейді және автоклавада 120· температура мен 1, 5 атмосфералық қысымда зарарсыздандырады. Сығындысының белсенділігі 6 ай сақталады.
Басқа тіндерден - теріден, жүйкеден, мидан, көк еттен, ірі және ұсақ мүйізді малдың, жылқының, ор қоянның және басқа жануарлардың кішкене жұмыртқасынан - сығындыларды ұқсас әдіспен дайындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz