М. Әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І.тарау
1.1. М.Әуезов халықтық әдеби мұраларды зерттеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

ІІ.тарау
1.1.Зар заман ақындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.Халықтың тарихына, рухани мұраларына зеректік М.Әуезовтің қаламгерлік міндетін арттырып,өмір бойы сан алуан ғылыми ізденістерге ұмтылдырды. Мұндай ізденістердің бірі және бірегейі жазушы ғалымның халықтық әдеби туындылары зерттеуі болып табылады. Ол өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап фольклор тарихынан мақаламен тың зерттеу еңбектер жазды. Бұл еңбектердегі негізгі мақсат, өзі атап көрсеткендей – «... ескі күннен бастап Абай мезгіліне шейін қазақ тіліндегі шыққан сырлы сөздің түрлерін айырып, жік-жікке бөліп, әрбір дәуірден қадау-қадау белгі қойып, сол белгілер бойынша тарих шаңы басып жатқан есіліктің желісін созып шығу болды ». Ойша қаламгер шығармашылықтың бағзы заманнан бері қарай қоңыраулатып келе жатқан көші қай» кезеңде қай асудан асты, қай деңгейге жетті, міне, соның ұлы сүрлеуін тауып алуды мақсат тұтқаны аян.
Ол фольклорлық туындылардан тілдің тұнған байлығын, ел санасында екшелеген, бағасын алған сарындарды, сөз меруертін іздеді. Соларды жаңа әдебиеттің ғимаратын орнатуға пайдаланды.
Демек, ғалым халықтық әдеби мұраның мәнін қазіргі дәуірдің сөз өнері мұқтажын қаншалықты өтей алатындығы тұрғысынан тексерді. Әдебиеттің қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерінің бәріне айналып отырған мифтердің, аңыздардың кеңінен орны алуының ал оның өзі Әуезов дәстүрінің өмішеңдігіне дәлел.
Фольклор менжазба әдебиеттегі көркемдік тәсілдердің бірін – бірі байыту заңдылығы бүгінгі таңдағы әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
Бұл зерттеуіміздің ең басты мақсатымыздың бірі – заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы М.Әуезовтің артына қалған ұлан – ғайыр мұраларын зерделеп, қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші ретінде әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін тану.
Осы негізгі мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды:
– М.Әуезовтің ғалымдық, қайраткерлік келбетін тану;
– Ғалымның қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі;

Зерттелу деңгейі.
Еңбекті жазуда М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” оқулығы негізге алынды. Сондай-ақ жұмыста 1997 жылы Алматы қаласында, Шәкір Ыбыраевпен Серікқазы Қорабаевтың құрастыруымен шыққан “Мұхтар мұрасы”, К.Сыздықовтың “Мұхтартанудың беймәлім беттері” атты кітабы пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдісі.
Диплом жұмысында салыстырмалы кешенді талдау, салыстырмалы тарихи талдау әдіс – тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, “М.Әуезов халықтық әдеби мұраларды зерттеуі”, “Зар заман” ақындары деген екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. М.Әуезов. Әдебиет тарихы. А., 1991.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. А., 1960
3. М.Әуезов. Шығармаларының жиырма томдық жинағы. 17-том. А., 1985, 158-бет.
4. М.Әуезов. Шығармаларының жиырма томдық жинағы. 19-том. А.,1985.
5. М.Әуезов. Шығармаларының он екі томдық жинағы. 11-том. А., 1969.
6. М.Әуезов. Шығармаларының жиырма томдық жинағы. 15-том. А., 1984.
7. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары.А., 1963.
8. Бес ғасыр жырлайды. 2-том. А., 1989.
9. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том., 2-кітап. А., 1964.
10. М.Әуезов. Шығармаларының жиырма томдық жинағы. 18-том. А., 1985.
11. М.Әуезов.Шығармаларының жиырма томдық жинағы. 20-том. А., 1985.
12. К.Сыздықов. Мұхтартанудың беймәлім беттері. А., 1997.
13. К.Сыздықов. Мұхтар Әуезов - әдебиет сыншысы. А., 1973.
14. К.Сыздықов. Ұстаздық ұлағат. А., 2001.
15. Мұхтар мұрасы. А., 1997.
16. А.Мамыт,Ф.Қайсова. М.Әуезовтің халықтық әдеби мұраларды зерттеуі./ Әуезов оқулары – 3. 1-том, Шымкент 2001.
17. М.Көлбаев. Манас жырының тарихын айқындаудағы М.Әуезовтің зерттеулері./ Әуезов оқулары – 3. 1-том, Шымкент 2001.
18. Ә.Қоңыратбаев. Шеберлік сырлары. А., 1979.
19. Р.Нұрғали. Әуезов және алаш. А., 1997.
20. Ш.Әлеукенов. Замандас парасаты. А., 1997.
21. Қазақ жұмбақтары. А., 1993.
22. Р.Бердібай. Жауһар мұра зерттеушісі / Мұхтар мұрасы.А., 1997.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау
1.1. М.Әуезов халықтық әдеби мұраларды
зерттеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ-тарау
1.1.Зар заман
ақындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...52
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.Халықтың тарихына, рухани мұраларына зеректік
М.Әуезовтің қаламгерлік міндетін арттырып,өмір бойы сан алуан ғылыми
ізденістерге ұмтылдырды. Мұндай ізденістердің бірі және бірегейі жазушы
ғалымның халықтық әдеби туындылары зерттеуі болып табылады. Ол өткен
ғасырдың 20-жылдарынан бастап фольклор тарихынан мақаламен тың зерттеу
еңбектер жазды. Бұл еңбектердегі негізгі мақсат, өзі атап көрсеткендей –
... ескі күннен бастап Абай мезгіліне шейін қазақ тіліндегі шыққан сырлы
сөздің түрлерін айырып, жік-жікке бөліп, әрбір дәуірден қадау-қадау белгі
қойып, сол белгілер бойынша тарих шаңы басып жатқан есіліктің желісін созып
шығу болды . Ойша қаламгер шығармашылықтың бағзы заманнан бері қарай
қоңыраулатып келе жатқан көші қай кезеңде қай асудан асты, қай деңгейге
жетті, міне, соның ұлы сүрлеуін тауып алуды мақсат тұтқаны аян.
Ол фольклорлық туындылардан тілдің тұнған байлығын, ел санасында
екшелеген, бағасын алған сарындарды, сөз меруертін іздеді. Соларды жаңа
әдебиеттің ғимаратын орнатуға пайдаланды.
Демек, ғалым халықтық әдеби мұраның мәнін қазіргі дәуірдің сөз өнері
мұқтажын қаншалықты өтей алатындығы тұрғысынан тексерді. Әдебиеттің қазіргі
кезеңдегі ерекшеліктерінің бәріне айналып отырған мифтердің, аңыздардың
кеңінен орны алуының ал оның өзі Әуезов дәстүрінің өмішеңдігіне дәлел.
Фольклор менжазба әдебиеттегі көркемдік тәсілдердің бірін – бірі
байыту заңдылығы бүгінгі таңдағы әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің
бірі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
Бұл зерттеуіміздің ең басты мақсатымыздың бірі – заманымыздың заңғар
жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы
М.Әуезовтің артына қалған ұлан – ғайыр мұраларын зерделеп, қазақ әдебиеті
тарихын зерттеуші ретінде әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін тану.
Осы негізгі мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды:
– М.Әуезовтің ғалымдық, қайраткерлік келбетін тану;
– Ғалымның қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі;

Зерттелу деңгейі.
Еңбекті жазуда М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” оқулығы негізге алынды.
Сондай-ақ жұмыста 1997 жылы Алматы қаласында, Шәкір Ыбыраевпен Серікқазы
Қорабаевтың құрастыруымен шыққан “Мұхтар мұрасы”, К.Сыздықовтың
“Мұхтартанудың беймәлім беттері” атты кітабы пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдісі.
Диплом жұмысында салыстырмалы кешенді талдау, салыстырмалы тарихи
талдау әдіс – тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, “М.Әуезов халықтық әдеби мұраларды
зерттеуі”, “Зар заман” ақындары деген екі тараудан және қорытындыдан
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І-тарау
М.Әуезов халықтық әдеби мұраларды зерттеуі
М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып әдебиет
тарихына байланысты зерттеу еңбектер жазып, мол мұра қалдырғаны белгілі.
Өйткені жазушы өз мақала, еңбектерінде айтып өткендей, әдебиетті тану оның
тарихын, осы күнге дейін жүріп өткен жолын, өсу кезеңдерін, түрлі
заңдылықтарын білуден басталады деп түсінеді. Ол жасынан-ақ жазушылық
қызметпен бірге әдебиет туралы ой-пікірлерін жариялап, ескі жыр - өлеңдерді
жинап, оларды зерттеу саласында да өнімді еңбек етті. Оның қаламынан қазақ
халқының ауыз әдебиетіне арналған көптеген зерттеулер шықты.
Мұхтардың әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы ойлары тым
қызғылықты. Бірақ қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніліп
айтылған бұл ойлар кейін өріс ала алмай, Мұхтардың ұлтшыл ретінде айтылған
(1929 - 1932) байланысты тоқталып қалды. Оның алғашқы күрделі еңбегі
Әдебиет тарихы(1927, Қызылорда) пайдаланудан алынып, идеялық жағынан
зиянды кітаптардың қатарына қосылды. Тек Қазақстан дербес тәуелсіздігін
алғаннан кейін ғана Ұлтшылдық ағын аяқталып, соған қатысты тиім салынған
әдебиеттер ішінде М.Әуезовтің Әдебиет тарихы (Алматы, 1991) да толық
күйінде қайта басылып шығады.
М.Әуезов бұл кітапты жазуға үлкен дайындықпен келген деуге болады.
1923 жылы Ленинград университетіне оқуға түскенімен, сол жылдың аяғынан
1925 жылдың қыркүйегіне дейін Семей қазпедтехникумында мұғалімдерді қайта
даярлайтын курстарда қазақ әдебиетінен сабақ бергені белгілі.Сол жылдары
жазушы Таң журналында өзінің көркем шығармалары, мақала – зерттеулермен
қатар ел арасынан жинаған көптеген ауыз әдебиетінің, әдебиет тарихының
үлгілерін жариялайды.
Журналдың №1 санында: Сыбан Сарыбай ақының Сұлтанбай төреге айтқан
сөзі, Абайдың басылмаған сөзі, Абайдың кейбір өсиет сөздері, Жанақ
ақын айтуындағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырынан үзінді, Бұхар жырау
сөздері.
№2 санында: Айтансықтың қошқасқаны.Қозы Көрпеш-Баяннан, Сыбан
Ақтайлық би Көкебай ақсақал айтуынша Жаман сарт сарыны.
№3 санында: Бөрібай сарыны, Алтыбай ақының Тіленшеге айтқан
сөзі.
№4 санында: Абылай орыспен соғысамын дегенде, Бұхар жыраудың айтқан
бір толғауы, Күдері қожаның Қарқаралы тауымен қоштасқаны т.б.
1925 жылы Қазақ тілі газетінің 23-сәуірдегі санында Әдебиет
ескілігін жинаушыларға атты мақала жарияланды. Оған Семей техникумы деп
қол қойған екен. Мақаланың авторы М.Әуезов екендігін жазушы творчествосының
білгірі Қайым Мұхаметжанов Қазақ әдебиеті газетінің 1971 жылғы 15-
қаңтардағы санында архив деректерінен дәлел келтіре отырып жариялады. Ол
дәлелдердің нанымдылығы да, мақаланың тілі, ой оралымдары да оның М.Әуезов
туындысы екендігі күмән тудырмастай.Оның үстіне мақаладағы негізгі ой
жазушының Әдебиет тарихы, зерттеуіндегі ой-пікірімен сабақтасып, тіпті
кей жерлері сол күйінде қайталанып та отырады. Айталық, мақаладағы әдебиет
тарихын жинап , зерттеудің маңызы туралы айтылған тұстар кітаптың Жазудан
деп аталатын арнауындағы ойлармен тікелей үйлесіп жатса, мақаладағы Қодар
образына берілген мінездеме мен жырдан келтірілген мысал кітаптың Қозы
Көрпеш-Баянның мәнісі атты тарауында еш өзгеріссіз қайталанып келеді.
Міне, бұл айтылғандар Әдебиет тарихы зерттеуінің сол 1924-1925
жылдары жазушының педтехникумда, курстарда жүргізген дәрістер негізінде
дайындалғанынан мағұлмат берсе керек.
Бұл кітап – қазақ халқының ұлттық әдебиетін тұтас күйінде жүйелеп
зерттеуге жасалған алғашқы талап. Автор алғы сөзінде оның қазақ әдебиетінің
бүкіл тарихын толық қамту мақсатын қоймағанын айтқан. Онда ескі күннен
бастап, Абай мезгіліне шейін қазақ тілінде шыққан сырлы сөздің түрлерін
айырып, жік-жікке бөліп,әрбір дәуірден қадау-қадау белгі қойып, сол
белгілер бойынша тарих шаңы басып жатқан ескіліктің желісін созып шығу,
Әдебиет көшінің ұлы сүрлеулерінің тауып алуміндеті қойылады. Мұхтар
кезінде абыроймен орындап шыққан осы шағын мақсаттың, сүрлеудің бұл күнде
ұлы даңғыл жолға айналғаны қазақ әдебиет тарихы туралы зерттеулерден
белгілі.
Қазақ АССР - нің тұңғыш Халық ағарту комиссары болған ғұлама ғалым
А.Байтұрсынов Оқу құралы, Тіл – құрал , Әліппе астары еңбектерінен
кенйін 1926 жылы Әдебиет танытқыш оқулығын жазған еді. Бұл әдебиет
танудан алғашқы байсалды теориялық зерттеу болса,соған іле-шала өкшелес
шыққан М.Әуезовтің кітабы қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш жүйелі
еңбек болып саналады.
Сонымен, М.Әуезовтің Әдебиет тарихы атты бұл кітабы қазақ ауыз
әдебиеті, әдебиеттің тарихы туралы тұңғыш күрделі зерттеу еңбек болумен
қатар, сол дәуір талабына сай мектеп, оқу орындарына арналған алғашқы
оқулық та болып табылады. Сол алғашқы басылымдағы арнау сөзінде жазушы:
Қазақ шөліндегі білім бұлағының күрекшісі – қазақ оқушыларына арнадым, -
деп жазыпты.
Автор кітаптың Сөз басы деп аталатын кіріспе бөлімінде Жалпы
тарих жолындағы адамбаласының ілгерілген басқыштарына қысқаша шолу жасап,
қазақ ескілігінен аз мағлұмат беруден бастайды. Жазушының адамзат
тарихының 1.Тағылық тұсындағы ортақшылдық дәуір, 2.Ана қожалығы жүрген
дәуір, 3. Атамен ру қожалығы жүрген дәуір, 4.Мемлекет негізі құрылған
дәуірі, (6) – деп бөліп оларға берген анықтама – мағлұматтары өте айқын,
әрі көңілге қонымды.
Қазақ елінің жалпы тарихына байланысты берген аз мағлұматта автор
бүгінгі таңда қазақ ескілігінің жазу күйінде сақталып қалған белгісі жоқ
болғандықтан, елдің ұзын – ырға тарихын кең көлемді қылып, ішкі, сыртқы
өмір жолындағы өзгерістерінің барлығымен қатар алып отырып, толық пішінді
құрастыру ауыру болып отырғандығын айтады. Соңғы заманда қазақ елінің
жалпы тарихына мағлұмат жиып жүрген Европа жазушыларымен қазақтың өз
тарихшылары негізінен ел әдебиеті берген дәлелдермен белгілерге
сүйенетіндігін, яғни арғы дәуірдің біздің заманымызға жеткен белгілері
болса,елдің әдет салтында да, өлең жырында, ескілікті ұғымында қалған
белгілер болады, - дейді. Бұдан әрі қарай жазушы қазақ елінің тарихын
бірінші – ислам діні кіргенге дейін және екінші – ислам діні кіргеннен
бергі дәуір деп үлкен екі дәуірге бөліп, әрқайсысына қысқаша сипаттама
береді.
Осы тұста М.Әуезовтің: Әуелден алыс жерден бастауға болмайды. Әуелі
өзімізге таныс бергі заманнан бастау керек, іздеушілер көбейіп, табылған
ескіліктің жұрнақтары көбейгеннен соң, сол бұйымдардан құрап, қолға таяқ
алып, ескілікті ерте заманға қарай тереңдеп жылжи беру керек , (1.20) –
деген пікірінің де методологиялық маңыздылығын атап өткен ләзім.
Сонымен, М.Әуезов мұнда әдебиеттің өміршеңдік тәрбиелілік қасиетімен
қоса оның өмір танытарлық халықтың рухани өмірінен, жалпы тарихынан да мол
мағлұмат берерлік қасиетін жете түсініп, әдебиет тарихын саралап, салалап
жіктеудің негізгі жолын да дұрыс таба білген сияқты. Ол кітаптың осы
кіріспе бөлімінде әдебиет тарихының қолданатын жолы деген мәселелерге де
арнайы тоқталып, өзінің теориялық таным – түсінігін қысқаша тұжырымдап
өткен.
Автор: Әрбір тарих белгілі жолдағы істің өткенін, гүлденгенін сөз
қылады, - деп, алдымен, ертедегі әдебиеттарихының ішінен әдебиет көшін
ілгерілетіп, дамытуға негіз болған үлгілерін айырып, бөліп алудың қажет
екендігін айтады. Сонан соң ол әдебиеттің осы үлгілерінің тууына негіз
болған өмір құбылыстарынң, дәуір ерекшелігін, қоғамдық ортаны қоса зерттеп
тану қажет деп біледі. Әдебиет тарихы әр мезгілдегі себептерді, шарттарды
тереді. Мәселен, белгілі ақынның өлеңіндегі мағына мен түрдің сыртқы
өмірмен қандай байланысы барын айтады,ақынның өз өмірі, өз тірлігімен
байланысқан сыртқы халдер, себептер болса, солар теріледі ... , (1.16) –
дегенде, жазушы, бір жағынан, ертедегі әдебиет шығармаларын тарихи
кезеңдерге сүйене отырып зерттеу қажеттілігін, сонымен бірге әр кезеңдегі
әдебиет үлгілері қандай, ол немен байланысты туды, өмір шыңдығымен
қаншалықты байланыс, сабақтастығы бар екендігін айқындау міндеті
тұрғандығын көрсеткен.
М.Әуезов әдебиет тарихының қолданылатын жолын сөз еткенде осы пікірін
ары қарай таратып, нақтылай түсіп, әрбір әдеби шығарманың, әрбір дәуір
туындыларының әдебиет тарихынан алатын орнын айқындау үшін, жалпы әдебиет
үлгілерін жете танып игеру үшін: 1) шығарманы оны туғызған ақынның өмірімен
байланысты қоса қарастыру; 2) ақынды оны туғызған елінің өмірімен, яғни
қоғамдық ортамен байланыста; 3) ақынды, оның елін ұлтымен ұлттық
ерекшелігімен байланысты; 4) ұлттық ерекшелігін табиғатпен ара қатынасын,
яғни тұрмыстық, мәдени, салт дәстүр өзгешеліктерін айқындай отырып
қарастыру және; 5) көрші халықтардан алған әсер үлестерін де айырып тану
қажет деген негізгі ойларын ортаға салады.
Міне, бұлар – жазушының қазақ әдебиетінің тарихын зертеудегі
басшылыққа алған, ұсынып отырған басты принциптері. М.Әуезов ауыз
әдебиетімен жазбаша әдебиеттің айырмашылығы ретінде келтірген өзіндік
айырым белгілеріде көңіл аударарлық. Онда бұрын соңды айтылып қалыптасып
қалған анықтамалардан тыс автор ауыз әдебиетінде елдің өнері де, білімі де,
тәрбиесі де, жалпы өмірге көзқарасы жинақталатынын айта келіп, ауызша
әдебиеті бір жаққа қарай беттеген арнаулы бағыт болмайды.Оны елдің дін
нанымы, елдің белгілі салты, әдеті туғызады, - дейді. Сондай-ақ, Ауызша
әдебиеттің барлық жұрнақтары кейде өлшеніп, арнаулы әнмен айтылады.Сол
себепті оның сыртқы түрінде жазбадан айырмасы бар. Ол желпініп айтылады,
(1.21) – деген белгілерді ұсынылады.
Ал ауызша әдебиетің түрлерін жазушы: 1)сыршылдық салт өлеңдері, 2)
әңгімелі өлеңдері (батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи өлеңдер), 3)
айтыс- тақпақ, 4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ, (1.) деп топтастырады.Бұл
кейінгі зерттеу еңбектердің барлығында дерлік ауыз әдебиеті шығармаларын
жанрға бөліп жіктеудің алғашқы үлгісі ретінде аталып, кейінгі топтастыруға
негіз болып келеді. Өмірдегі барлық болмыс, құбылыс, ақыл – ой үздіксіз
жылжып, өсіп дамып отырады. Бұл - өмірдің өз заңы. Әдебиетті, ауыз
әдебиетін тану, зерттеу де бір орында тұрып қалған жоқ. Алдымен М.Әуезовтың
өзі бұл мәселеге әлденеше рет оралып, өз зерттеулерін дамыта, жетілдіре
түскені белгілі. Солай бола тұрса да, ғалымның осы алғашқы топтастыруы
түпкі қазық, іргетас болып қаланғаны сөзсіз. Олардың кейбіреуінің атын
өзгертіп, орын ауыстырған сияқты болғанымен, негізі бұлжымай сақталып қалып
отырады.
М.Әуезов Л.Соболевпен бірге Қазақ халқының эпосы мен фольклоры атты
зерттеуін жазып, Мәскеудің Литературный критик журналының 1939 жылғы
№10-11, 1940 жылғы №1 сандарында жариялайды, кейін ол Песни степей
(М;1940ж) атты жинақтың алғы сөзі ретінде басылған. Бұл зерттеуде қазақ
ауыз әдебиеті 1.Халық поэзиясының шағын түрлері: үйлену – салт жырлары
(жар-жар, беташар, сынсу),мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту).
2.Ертегі, аңыздар, мақал, мәтелдер, жұмбақтар.Ертегілер(қиял-ғажайып
ертегілер, хайуанаттар жайындағы ертегілер, балаларға арналған ертегілер,
күй аңызы). 3.Батырлар жыры (Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын).
4.Ғашықтық жырлар(Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз Жібек, Айман-Шолпан).
5.Тарихи жырлар. 6.Айтыс өлеңдері, (3.158)- болып жіктеледі.
Осы еңбегінде М.Әуезов өзінің небір көкейкесті асыл ойларын төккен.
Соның бірі – ертегінің поэзиялық, көркемдік сипаты туралы. Көркем поэзияға
ауызша поэзия қаншалықты көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да
халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, табысып
жатыр. Бұл жай қазақтың салт ертегілерін тексеру мен көркем прозасын талдап
ұғынуда ғылымдық үлкен түйінді, проблемалы мәселе. Бұл тұжырымдарда
фольклор мен жазба әдебиеттің бірін-бірі үздіксіз басытып отыратын тұрақты
заңдылығы мейлінше анық көрсетілген.
Кейінгі 1948 жылы және 1960 жылы М.Әуезовтің өзінің тікелей
жетекшілігімен шыққан Қазақ әдебиетінің тарихы(1том,1 кітап) атты
академиялық басылымда ауыз әдебиетінің жоғарыда келтірілген түрлеріне
Шешендік сөздер мен 1960 жылғы басылымда Жұмысшы жырларытараулары
қосылған. Ал 1927 жылғы Әдебиет тарихында осы Шешендік сөздер Билер
айтысы деген атпен қысқаша шолу түрінде берілген.
Міне, бұл айтылғандардан байқалып отырғандай, қазақ ауыз әдебиетін
топтап жіктеу мәселесі М.Әуезовтің сол алғашқы еңбегінен бастау алып,
негізгі тірек болғандығын айқындап отырса керек.
Әдебиет тарихының 1-бөлімінде Сыршылдық салт өлеңдерін туған
ретіне қарай жазушы үш түрге бөліп қарастырады: 1.Жалпақ елдің салтымен
байланысқан шер өлеңдері. 2.Дін салты мен ұғымынан туатын өлеңдер. 3.Қыз
ұзату үстіндегі салт өлеңдер.
Ал ел салтындағы шер өлеңдерді: жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту
деген сияқты топқа бөліп қарастырылды. Олардың арқайсысының туып, таралуын
халықтық күнделікті тұрмыстық, әдет-ғұрып салтымен тікелей байланыстырып
айқындайды: Жүрек қайғысын өлеңмен, әнмен, кейде күймен шығару ескіліктің
түрі болған ... Шер өлеңі өлгенше ұзақ болмайды, шер мен қайғы үстінде кісі
ұзақ сөйлесіп тұруы әлсіз болады. Сондықтан шын қайғы қысқа сөзбен көп
мағынаны тізіп, тиімді қып айтады, (1.22) – деп жазады.
Бұл сияқты өлеңдердің басқа халықтың әдебиетінде де молынан
ұшырасатынын айта отырып, автор солардан қазақ ауыз әдебиетінен өзіндік
өзгешелік, ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Айталық, жоқтау өлеңдердің орыс
ішінде көбнесе жаттама болып келетінін, осы қайғылы үйдің өз ішінен шыққан
адамдар емес, арнайы жалдамалы жоқтағыш – плакальщицалардың жылап
жоқтайтындығын, ал қазақ ішінде қаралы үйдің өз ішіндегі барлық жаны жылап
жоқтайтынын айтады: Басқа біреудің айтқан жоқтауын айту – қазақ ұғымына
мін. Ондай жоқтау көңілдің шын қайғы – зарынан шыққан емес, жалған жоқтау
болады, (1.26) –дейді.
Естірту, көңіл айту өлеңдерінің де тікелей тұрмыс тауқыметінен
туғандығын, қайғы үстіндегі сүйеу сөз, көңіл айтып жұбатқан сөз болатынын,
яғни естіртуде көбінесе тұспау, жұмбақпен ауыр хабарға алдын – ала дайындап
алатынын айтса, көңіл айтуға:ауыр хабар алғашқы рет естілетін жерде, құр
ғана қайғының бірін айтып, жараның аузын ашып қоймай, қазақтағы
бауырмалдық, туысқандық, жан күйерлік жолымен, соның емі сияқты жұбатуда
айтылады , (1.35) – дейді.
Дінмен байланысты өлеңдерді автор: 1) Ескі дінің сарқыты болған өлең.
2) Ислам дініне байланысқан өлеңдер – деп екіге бөледі. Алғашқысына наурыз
жайындағы сөздер мен бақсы сарынын жатқызады. М.Әуезов наурыз өлеңдеріне
айрықша мән беріп, жоғары бағалайды: Наурыз күн шығыс халқының көбінің
мейрамы болған. Солардың ішінде, әсіресе көшпелі түріктер арасында ең
қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Наурыз – бақташылық кәсібіне
салынған елдің кәсіп мейрамы, (1.36) – деп атап көрсетеді. Яғни ол наурыз
өлеңдерінің діни нанымдардан көрі тұрмыстық кәсіпке көбірек байланысты
туғандығын айтып отыр. Өйткені мал баққан қазақ басқалардан гөрі табиғатқа
тікелей тәуелді болып келеді. Наурыз туып, жазғытұрым келуін қыс бойы елді
қысып келген ауыртпалық өтіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік есігі ашылып,
ел де, жер де, жан-жануар да жаңарып жадырайды. Сондықтан қазақ елі ұлы
істің ұлы күнін көтерілген қуанышпен қарсы алатын, - дейді.
Ескі діннің сарқыты болып саналатын бақсы сарыны жайлы да жазушы
пікірі көңіл аударатындай: Бақсының сарынында сөз қуаты ерекше күй
алғандай болады. Сөздерінің бірі мен бірінде байланыс аз болса да әрбіреуі
кесек-кесек болып түйдектеліп түсіп отырады. Сипат сөзінің барлығындағы
салыстырған суретті қайдағы қиыннан, жат жерден, ойда жоқ белгісізден
алады... Сондықтан біріне-бірі үйлесіп, байланыспаса да өз бетінде кесек
болып келетін асау сөздер, бір бөлек жайын қуаттап болып, ортқып түсіп
отырады, (1.41) – деген сияқты айқындама сипаттауларда әрі ғылыми дәлдік,
әрі әдеби әрлілік те жатқандай.
Ал ислам дініне байланысты туған жарапазан өлеңінің өзі өзге
жұрттардағы сияқты жалаң діни үгіт, сәжде, дұға сияқты тәуба,
жалбарынулардан гөрі қазақтың сүйегіне үйреншікті мақтау, мадақтау
өлеңдеріне көп жақын келетіндігін, яғни дін таратушылардың қазақ ішіне не
жайылса да әдебиет жұрнағы болып, әдебиет өлшеуінің біріне түскен соң ғана
жайылатынын дұрыс түсінгендігін автор арнайы атап айтқан.
Жазушы қыз ұзатып, келін түсіру үстінде айтылатын жар-жар, қоштасу,
танысу, беташар сияқты салт өлеңдері көбінесе қалыптасқан жаттама болып
келеді дейді. Соның өзінде де өлеңдердің жас жұбайларды алдағы жұмбағы
көп жұптық өмірге алдын-ала іштей дайындайтындай терең мағынаға ие
екендігін айтады. Мәселен: беташарда қазақ елінің жаңа түскен келінді
келешекте ана болуға, қадірлі келін, үлгілі жеңге болуға үйретеді, (1.53)
– дейді.
Жоғарыа аталып өткен 1939 -1940 жылдары Л.Соболевпен бірге жазған
Қазақ халқаның эпосы мен фольклоры атты еңбегінде басқа бөлімдердегі
сияқты бұл бөлімде де біраз өзгерістер бар. Ол, әрине, түсініктіде.
Өйткені,алдымен, араға 10-15 жыл уақыт салғаннан кейін автордың таным
түсінігі, көз қарасы бір қалыпта қалмай, өсіп, заман ағымына сай өзгеріске
ұшырап отыру табиғи заңды құбылыс болса, екіншіден, алғашқы еңбекті
М.Әуезовтың өзі ғана жазса, бұл еңбекті қосалқы авторы мен жазған. Ал
жалпы, кейінгі еңбекті өзгерістердің ең негізгі себебі жазушының 1930-1932
жылдары қамауда болып, одан шартты жазамен босатылып, қатаң бақылауда
жүргендігі мен 1937 жылғы ел басынан өткерген нәубет екендігі өзінен өзі
түсінікті де еді. Керек болса, Ленинградтың большивик жазушысы Л.Соболевті
ықтап, бірлесіп жазуындада осы сырдың мәнісі жатқан болуы мүмкін. Әрине,
біз көрнекті орыс жазушысы Л.Соболевтің кезінде қазақ әдебиеті мен
мәдениетіне сіңірген үлкен еңбегіне күмән келтіріп. Нұқсан келтіруден
аулақпыз бірақ оның қазақ ауыз әдебиеті ғана емес, орыс фольклорының да
айтулы маманы болғандығы кімге болсада белгілі. Қайдан болғанда да, бір
жағы осы Л.Соболевтің арқасында сол ілме-ғайып заманнан қазақтың асыл
рухани қазынасы ел игілігіне айналып, одақ оқырмандарына жолдама ала алғаны
сөзсіз.
Сонымен,алғашқы кітаптағы Сыршылдық салт өлеңдері бұл еңбекте
Халық поэзиясының шағын түрлері деп аталып, түгелдей дерлік қайта
жазылды. Алғашқыдағы Дінмен байланысты өлеңдер тараудан алынып
тасталынып, наурыз, арбау, жалбарыну өлеңдері мен жарапаздан саясат ағымына
сәйкес үш-төрт сөзбен аталып қана өтеді. Салт өлеңдерінің берілу орын
тәртібі ауысып, кейбірі басқаша аталды. Айталық, қыз ұзату үстіндегі салт
өлеңдері - үйлену – салт жырлары, қоштасу - танысу - сыңсу болып
өзгерді. Жоқтау өлеңдерін орыс фольклоры мен салыстыратын жерлері мүлде
алынып тастады.
М.Әуезов 1957 жылы шыққан қазақ ССР тарихының 1-томына арнап
Қазақтың ауыз әдебиеті атты тарауын жазған. Онда тарих кітабының
ерекшелігіне сай өзінің ілгергі зерттеулерін жинақы жүйелеп жазған автор
кей жерлерде жаңа ой- пікір толғамдарда айтып отырған. Айталық, осы
трмыстық кәсіпке байланысты салт өлеңдері туралы қазақтың төрт түлік мал
жайлы көптеген өлең жырларында малдың қадір-қасиетін, бағып қағудың, жұт –
апаттан сақтаудың қыр-сырын жыр етеді. Ауыз әдебиетінің көпшілігі көшпелі
малшылардың көхз қарастарын, ұғымдарын, көп ғасырлық еңбек тәжірбиесін әр
жақты көрсетеді, (4.385) – деген тұжырым айтады.
Алғашқы кітаптағы 2-бөлім Батырлар әңгімесін М.Әуезов орыс, европа,
фольклористикасында сол кезеңде қалыптасқан таным үлгісімен ұлы батырлар
және кіші батырлар деп екі жікке бөліп қарастырады. Бірақ оны жалаң алып
жапсыра салмай, қазақ жырының өз табиғатына сәйкес саралай алған. Бұлардың
негізгі айырмасы, алдамен жырдың тууының тарихы мерзіміне байланысты. Ұлы
батырлар туралы жырдың тууы ерте дәуірдегі түрік заманымен сабақтаса болып
келеді. Ол кездегі тыныштық, амандық,түгелдік ылғи найзаның ұшы, біліктің
күшімен алынатын, қара күштің ғана дәуірі жүрген заман. Сондықтан бұл
кезеңнің батырлары туысы бөлек, орны басқа, ел қиялындағы баға – жоғары
болған, ел-рудың басшысы, әрі ел іргесін бермейтін елдің ұлы қамқоры ханы
қатарлы болғандар. Олардың жаратылысын табиғат, әулие, пері сияқтылар
араласып, кейбірі көп тілеумен әулие айтып, қорасанға қой атқан күнде
туған, айрықша жаратылған ерекше жандар.
Ал кіші батырлар бертінірек заманда, қазақтың тіршілігі тыныштық
дәуіріне қарай ауысып, асау ханның жуасыған кезінде шыққан батырлар. Әуелгі
батырлар пірдің тілеуімен туып, пірдің қорғауымен тіршілік ететін болса,
соғы батырлар әншейін қоңыр қазақша туады ... Уақыт өткен сайын кіші
батырлардың пішіні алыстағы ерекше жан сияқтанбай, өмірге жақындап келе
жатқан сияқтанды, (1.97) – дейді автор. Яғни бұл кезеңдерде ілгергі ірі
бірліктер ыдырап, әрбір ру отырған жер ыңғайына қарап, бөлек-бөлек елдік
жасап кеткен кезде шыққан батырлар. Сондықтан бұлардың ісімен күшінің
бәрі де қазақтың өз ортасындағы араздық пен жаулыққа жұмсалады. Болмаса үй
іші, туыстың ғана жоғын жоқтайды , - деп сипаттайды.
Ұлы батырларға автор: Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын,
Нәрікұлы Шора батыр жырларын, кіші батырларға: Қамбар батыр, Алпамыс
батыр жырларын жатқызады.
Кітапта жазушы осы жырлардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталып, оларды
алдымен қысқаша мазмұндап алып, одан соң олардың мәнісіне тоқталып, ғылыми,
әдеби талдаулар жасайды. Сол арқылы автор әдебиет тарихы, ауыз әдебиеті
туралы алғаш рет қазақ әдебиеттану ғылымында шын мәніндегі зерттеу еңбектің
де, оқу құралдарының да үздік үлгісін жасап бере алған. М.Әуезовтің бұл
еңбегін Қазақ ауыз әдебиеті жайлы лекциялар деп атауға да әбден лайық.
Өкінішке орай жоғары оқу орындары үшін өте қажетті оқулықтарының осындай
үлгісі бізде әлі күнге етек алып қалыптаса қойған жоқ. Ал өзге өркениетті
елдерде, орыс әдебиеті мен ғылымында соңғы кездерде әр түрлі ғылым,
пәндерге байланысты сондай лекциялар жазылып қалыптасып келеді.
М.Әуезовтің Батырлар әңгімесін талдауының негізгі бір ерекшелігі
әрбір жырдың тарихи негізін ел тарихымен жанасатын тұстарын айқындап
өзіндік болжамын айтып отырады. Айталық, Едіге жырында Тоқтамыс, Ақсақ
Темір заманының ізі бар десе, Қобыланды батырды Жәнібек, Әбілхайыр
хандардың тұстасы, Ер Тарғын, Ер Сайын, Шора батырларды Ноғайлы, Қыпшақ
бірліктері заманымен байланыстырады.
Әрине, автор ауыз әдебиетінде жырланатын оқиғалар мен ескі тарих
көлемінде болған ірі мезгілдердің байланысы негізінен нобаймен, тұспалмен,
көрінетіндігін де арнайы атап көрсеткен.
Этикалық жанырлардың үш тобы бойынша да ғалым қызық ойлар түйген.
Батырлар жырынан Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс батыр, ғашықтық
жырларынан Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қыз Жібек , Айман- Шолпан, тарихи
жырдан XVIII ғасырға, қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық
күресін бейнелейтін Бөгенбай, Жәнібек, Қабанбайларға қатысты өлең
дастандар, Сырым, Исатай, Махамбет, Бекет, Жанқожа жайындағы шығармалар
мысалға алынған.Осы еңбегінде автор эпостың шығу тегі мен табиғаты туралы
өте нәрлі пікір айтқан Эпостық дастандардың шығу тегі сөз болғанда, олар
тұрмыс - салт жырларының негізінде туды деп айтуға кәміл болады. Батыр
жорыққа аттанғанда айтылатын қоштасу жыры, ол қалыңдық әкелгенде айтылатын
үйлену салт жыры, ол өлгенде жанкүйерлер жылап-сықтап айтатын жоқтау жыры
сол батыр жайындағы эпостық жырдың негізін құрамауы мүмкін емес. Бұл
тұжырымына түрлі эпостан дәйектеме мысал табады. Осы еңбегінде автор
батырлық, ғашықтық, тарихи жырлардың ерекшеліктерін жіктейді. Оларға
тақырыптық, идеялық талдау жасайды. Эпостық қаһармандарға берілген
мінездемелер әрі дәл, әрі дәйекті болып келеді.
М.Әуезов ғашықтық жырларын бұл кітабында Ел поэмалары деген атпен
беріп, Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырымен Қыз Жібек жырына тоқталады.
Бұларда автордың көп жылдық ғалымдық тәжірибесі, мол білімі, пәннің
ерекшелігі мен тарихын жете білетіндігі айқын көрініс береді. Аталған
еңбектер қазақ фольклортану ғылымын байытқан, көп мәселеге ғылыми анықтық
енгізген елеулі ізденістер. Зерттеуші Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Қыз
Жібек жырларының нұсқаларын салыстыра отырып, олардың халықтың өрнектерін
ажыратады. Атап өтерлік бір мәнді түс автордың қазақ жырлары мен Орта Азия
халықтарының қайсы бір дастандары арасында ұқсастық, үндестік барын тауып
отыратындығы. Мұндай тарихи – типологиялық тәсілмен тексеру – фольклортану
ғылымындағы ең жемісті әдістердің бірі. М.Әуезов Қозы Көрпеш – Баян сұлу
жырын Таһир - Зуһрамен: Алпамыспен салыстырып көреді.Қазақ эпосының
тарихи шындыққа жанасымы, жырдағы жер, су, адам аттарына куәлігі жайында
қызғылықты байқаулар аз емес.
Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының өзге көп тжүрік жұрттарының ішінде
әлденеше түрдегі әңгімелері барлығын, қазақ тілінің өзінде талай
варианттары бар екендігін айтып, оның қолда бар үш әңгімесін бір-бірімен
салыстырып қарастырады. Олар: Радлов бастаған, Жетісу қазағының арасынан
Колпаковский жандаралдың жиғызған варианттары .
Жазушы осы сияқты ауыз әдебиеті шығармаларының көп
вариантты болып, өзгерістерге ұшырап отыру себептері туралы өз
тұжырымын ұсынады, Қозы Көрпеш жайындағы әңгімелердің өзгерістері
екі себептен болған : біреуі – көп айтушының аузынан өткен ескі әңгіме
болғандықтан ұмытып, жаңылып, байқамай, ойсыз кіргізген өзгерістер бар,
бұл – ықтиярсыз кірген жаңалық, жаттық . Екінші түрі –тыңдаушының
тілегін, ақынның ұнатқан ыңғайына қарай бейімделіп кеткен өзгеріс, бұл –
ықтиярлы өзгеріс, әдейі кіргізген жаңалық,(1.113) – дейді. Автордың бұл
тұжырымы көңілге қонымды келеді.
Әрине, тыңнан жол салып, өзіндік ой – пікір айту қиынның
қиыны екені сөзсіз. Екінші жағынан, мұндайда бұрын – соңды айтылған түрлі
пікірлерді саралап, төте жол табуға да мүмкіндік тудыратыны бар. Сондықтан
М.Әуезовтің ғашықтық жырылар туралы әсіресе Қозы Көрпеш – Баян сұлу жайл
талдаулары өте дәлелді, кейінгі зерттеулерге жол-жоба, үлгі боларлықтай.
Автор бұл жырды өте ескі заманда, ислам діні тарамай тұрған кезеңде
туған деп санайды. Оның дәлелі ретінде жырдың түркі тілдес халықтардың
ішінде көп заман бұрын алыс сол түстікке ауып кеткен якуттерде саха тілінде
де кездесетінін айтады. Яғни жыр кейінірек олардың артынан қуа барғаннан
гөрі, сол ерте дәуірде осы жақтан өздерімен бірге ала кетуі қисындырақ деп
біледі.
Содан соң бұл жырдың тууына негіз болған көшпелі елдің ескі еже қабыл
салты екендігі. Бұл білімді, өнерлі, өзінше сезімдімін деген елдің көзімен
қарағанда, қаншлық қара таңбадай кемшілікті мінез болса, сол ортада соны
дұрыс деп өскен елдің өмірінің де қаншалық бағалы, қаншалық мағыналы
екендігі білдіреді (1.120)- дейді.
Қозы Көрпеш – Баян сұлу жыры мен Қыз Жібек махаббат жыры болумен
қатар көшпелі қазақ халқының өзгеден бөлек тұрмыс – тіршілігінен, салт,
кәсібенен көп мәлімет беретін қалың қазақ жайлаған жібектей шалғыны,
көлеңкелі ағашы, қоңыр жүйелі, малға шүйгін ақ көгесі бар. Сарыарқаның жыры
барлық қазақ елінің ішкі, сыртқы өмірінің күйі, даласымен кәсібі, салтының
жыры ... Кең алданды әңгіме осы сияқты белгілеріне қарағанда, Қозы Көрпеш
қазақтың сымбатты өнерінің ішінде ұзаққа созылған тұтас бір дәуірдің мол
қорытындысы болады, (1) – деп жазады автор.
Қозы Көрпеш – Баян сұлудың мәнісі атты бұл талдауында жазушы жыр
кейіпкерлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың әрқайсысының бір-біріне де,
басқаларға да мүлде ұқсамайтыны өте шебер жасалған типтік бейнелер сияқты.
Ежелден мінезге қарап, адамға баға беріп, бар өмірінде мінезбен туысқа
қарай сын жасап, барлық тіршілік жіптері көп тараулы мінездермен жалғасатын
қазақ елі бұл әңгіменің тұсында өзінің мінез сынына жүйріктігін айқын
көрсеткен, (1.121) – дейді. Жырдағы, бір жағынан, өте нәзік, сұлу сезімді
махаббат иелерімен, екінші жағынан, қара күш пен дүниеқор пасықтардың
тартысы қасын түйген қара бұлтпен жүйрік, өткір найзағайды салыстырғанай
болады деп сипаттайды.
Автор осы сияқты жырдың аса жоғары көркемдік ерекшеліктері қатарына
оның мағыналы мазмұнынан басқа тіл кестесімен өлең түріне қосады. Мұның
тілі батырлар өлеңіндегі құлан жұрт сияқты құба жондатқан аспандағы тіл
емес ... шешен қазақтың ортасында кестелеп айтылып жүрген қара тіл
(1.131) .Оның ішінде кәрі жас бірдей сүйетін салт өлеңдер: естірту, жоқтау,
қоштасу, жар-жардың бәрі бар екендігі және олардың ұрлықпен әкеліп
жамалғандай емес әңгіменің ағымына өте жарастық болып, сұлу түр болып
үйлесіп кететінің айрықша атап көрсетеді.
М.Әуезов Қыз Жібек жырын да осылайша өзіндік ерекшеліктерін
айқындап, құйқылжыта талдай келіп, оны ел әдебиетінің ішінде жазбаның
романы сияқты көрінеді деп өте жоғары бағалайды.
Бұл 3-бөлім 1939 жылы шыққан еңбекте Ғашықтық жырлары деп аталып,
біраз өзгертілген. Авторлар Ғашықтық жырларының батырлық эпостан басты-
басты үш өзгешелік, ерекшелігін атап көрсетеді: 1) мұндағы өзекті тақырып
екі жастың ынтық махаббаты мен бақытқа жету жолындағы тастысы қайғы-зары;
2) Бұл жырлардың драмалық негізінде халықтың әдет-ғұрып салты жатады; 3)
бұларда образдар реалистік түрде сипатталады, оқиғалар мен кейіпкерлердің
іс-әрекеттері психологиялық жағынан нанымды етіп беріеді деп санайды.
Мұндағы және бір өзгеріс алғашқы кітапта берілген екі жырдан басқа
Айман-Шолпан жыры еніп, ол да өте қысқаш сөз болған.
Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырын М.Әуезов ерте кезден айрықша мән
беріп, зерттей қарастырғаны мәлім. Оның Айтаңсықтық қоштасуыатты
үзіндісін 1925 жылы Таң журналының №2 (70-72б) санында жариялағанын
жоғарыа айтғқан едік. Бұл жырды кезінде Абай Бейсенбай деген ақынға хатқа
түсірткен екен. Ол негізінен Жанақ ақынның вариантына келеді. Осы вариантты
М.Әуезов 1936 жылы жеке кітап етіп бастырып, алғы сөз жазған екен.
1948 жылы және 1960 жылы шыққан Қазақ әдебиетінің тарихында бұл жыр
туралы М.Әуезовтің өзі жазды. Екі басылымның арасында айтарлықтай үлкен
айырма жоқ десек те болады. Бірақ автор бірінен-біріне көшіре салмаған.
Жеке-жарым редакциялаудан тыс бұл жырға байланысты қазақ әдебиетінде, басқа
да түркі тілес елдердің әдебиетші-зерттеушілерінің кейінгі еңбектері жайлы
өз пікір байлауын беріп отырады. Жалпы Қозы Көрпеш жыры жайлы ғалымның
бұл еңбегі ауыз әдебиеті мұраларын академиялық тұғырдағы зерттеудің үздік
үлгісі деп бағалауға әбден лайық деп білеміз.
Қыз Жібек жыры жайлы 1948 және 1960 жылғы кітапта М.Әуезов жазған
зерттеудің бір бірімен мүлде айырмасы жоқ деуге болады. бірақ бұлар
Л.Соболевпен бірге жазған еңбектегіден гөрі өтекең, мол әрі терең де көркем
жазылған.
Жырдың бас жағында Төлеген мен Жібектің азат сезім, жастық, дұрыс
мүдде жолында табысуын Бұрын жұрт аталық ықтияры жастар тағдырын жастар
тағдырын емін-еркін билеуі керек десе, белқұда, ежеқабылдар айнымас жол
десе, енді мына жырдың басында өз еркімен қосылған өр талапты жастарды
мақұлдағандай болып басталады (5.397)- деп жоғары баға береді.
Одан әрі қарай жырдың ескі әдет-ғұрып, ертедегі сенім-нанымнан аса
алмай, жесірлік, әменгерлік салтына амалсыз ойысқанына өкініш білдіргендей
болды. Соның өзінде бұл Қыз Жібек жырының көркемдік ерекшелігіне айрықша
сүйсініспен тамсана, таңдана талдап сипаттайды.
Төлегенді көп көштен,көп сұлу қыздың қасынан өткізгенде жыршы аса
шебер, психологиялық әдіс қолданылады. Бір қыздан бір қыз асып түседі.
Бірінің нұр сәулесі бетінде, бұралып кетіп барады, екіншісі таң мезгілі
болғанда,шолпанның туған жұлдызы, пейіштен шығып келмесе, бұл жалғанның хор
қызы деп көшті бастап бара жатқан он үш қыздан өтіп Жібекке жетпей жатып-
ақ Төлегеннің ынтықтығы, құмарлығы аса түседі. Мұны автор: үдетпелі,
өндімелі әдіс, психологиялық жағынан анық динамикалық мотив болады
Алғашқы Әдебиет тарихы кітабының 4-бөлімінде тарихи өлеңдерге де
біршама мол орын берілген.Автор бұған дейінгі қарастырып өткен өлең
жырларда көңіл-күй мен ақындық қиял тудырған даланың желіндей, кезіне қарай
шалқып өсіп, кейде ілгері, кейде кейін кететін еркіндік болса, тарих
өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан
туады, (1.14), деп айғақтама береді. Бұлар белгілі бір тарихи дәуірде
өткен арнаулы оқиғалардың қақ ортасында болған атақты адамдардың басынан
кешкен өмір, қолмен істелінген істің жыры болады және олар көбіне сол
оқиғалардың ішінде болған, көзі көргендердің аузынан тараған жанды әңгіме
болып жайылып, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне жетеді.
Сондықтан ол өлеңдердің сөзі мен суреттерінің шындығы көбінесе даусыз
болады.
М.Әуезов нағыз тарихи өлеңдердің басталған кезі Абылай заманынан бері
қарай деп санайды. Артқы өмірі асусыз тау, өткелсіз су сияқты белгісіздік,
кезеңнің астында жатса, мына заманда тарихтың асу кезеңінде шығып,бергі
бетке қарай құлаған сияқты болады ,- деп, сол заманнан бергі дәуірге
тарихи шолу жасайды. Өйткенгі тарих өлеңдерін толық ұғу үшін алдымен
солардың мезгілін, сол заманның шартын білу керек деп түсінеді.
Бұл дәуірдің басы 1723 жылғы ақтабан шұбырынды. Екінші сатысы:орыс
сияқты шет жұртқа бағынуға айналып, елдің алдында темір ноқтамен қайыс
ноқтаның таңдауы шыққан заман,-деп, қазақ елінің Ресейге қосылуы жайлы өз
тұжырым, түсінігін айтады.
Үстем саясатқа әлі де әбден мойынсына қоймаған кезінде жазылған азат
ойлы жас ғалымның бұл туралы көзқарасы әрі қызықты, көңілге қонымды, әрі өз
маңыз-мағынасын әлі күнге жоймай, қайта құндылығы арта түскен. Сондықтан
автордың тарихымыздың ең бір толғақты көкей кесті мәселесі жайлы пікірін
өзімше мазмұндап, әрімен нәрін кетіріп алғаннан көрі сәл ұзақтау болса да,
автордың өз аузынан айтқызғанды жөн көріп отырмыз: Қазақ елін орысқа
бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір жағынан қалмақ сияқты елдің тізесі
батқан жаулығы болса, екінші-Орта Азия хандықтарының қысымшылығы, үшінші-
орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осы мен бірге тағы
бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өз ара жаулықпен араздық,
өштік күшейіп, бірін-бірі жауламақ үшін әрқайсы кез-келген жұрттан көмек
іздеп, қазақ елін әр айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп
себептер тұтасып, ел тіршілігі бір шым-шытырақ мезгілге жеткенде, орыс
үкіметінің шеңгелі қомағайлықпен созылып, қазақ даласын уысына кіргізіп
әкетіп бара жатты. Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай
болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды. Ел өмірімен әдебиеті тарихында осы
дәуірден қалған белгілер көп , -деп жазады.
Міне, осылайша келіп, ел азып-тозып, бір законінен соң екінші
законі шығып, ел тіршілігінің шеңбері тарыла бастады. Бұрын қайыс ноқта
болып созылудың орнына көндей кеуіп, темір құрсаудай болып қысып, қинай
бастады. Ілгері тәуелсіз хандардың орнына енді орыс үкіметінің көз, құлағы
сияқты тыңшысы, жорға құлы болған ұсақ төрешіктер келді. Осындай
қиыншылық құрсауға шыдай алмай, елдің наразылығы, қозғалыс шыға бастады.
М.Әуезов сол халық наразылығынан туған қозғалыс, көтерілістер
туралы жырлардың ішінен әзірге қолда бары деп Кеңесары-Наурызбай, Исатай-
Махамбет, Бекет батыр жайлы жырларды қарастырып талдау жасайды. Олардың
әрқайсысының жеке-жеке өзіндік ерекшелік қасиеттерін ашып, анықтай отырып,
автор осы тарихи жырларға тән, ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен, батырлар
жырынан өзгешелік, ерекшеліктерін саралап айқындайды. Сол ерекшеліктердің
біреуі:тарихи жырлар басқа өлең жырлардағыдай, тұспалмен асыра, сорғалаған
қан, сойқақтаған із болып ашық жатыр. Айталық, Кеңесарыларды баяғының
батыры қылып қалай жырлайын деседе, олар көпнесе бүгінгінің адамы болып
тұрып алып, кейін қарай шегінбей қойған. Екінші ерекшелік тарихи өлеңдердің
көпшілігін сол оқиғаның ішінде болып, сол заманды көзімен көргендер
жырлаған.
Келесі, Л.Соволевпен бірлесіп жазған, еңбекте бұл бөлімге тек қысқаша
шолу түрінде өте аз орын берілген. Сол 1939-40 жылдары одан басқаша болуы
мүмкін де емес еді. Сол кездің өзінде ақ Кеңесары-Наурызбайдың есімі ауызға
алынбапты. Оның есесіне, мұнда Есім туралы жырда оның Азия тайпаларының
хандарына қарсы күресі жайлы және Орақ-Мамай туралы көлемі он мың жолдай
тарихи жыр бар екендігі айтылады.
Ауыз әдебиетінің ертегі түрі - М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы үзбей,
бірнеше рет қайта оралып, терең зерттеген тақырыбы. Бірақ бұл 5-бөлім
алғашқы кітабында өте қысқаша шолу түрінде берілген екен. Онда автор
ертегілердің қазақ арасында өте көп екендігін, осы күнге шейін қыстың ұзақ
түндері қыр елінің барлығында ертегі тыңдап ертегі айтумен өтетінін атап
көрсетеді.
Жазушы ертегілердің ескі замандағы ұғымның белгісін сақтап қалғандарын-
әуезе деп, елдің ескі салт әдетін білдіретін түрін-салт ертегісі, яки
үлгілі ертегі деп екіге бөледі. Сонымен қатар және бір алуан ертегілер
тобына Алдар көсе, Жиренше шешен және мұсылман күн шығысындағы осыларға
ұқсайтын Қожанасыр жайлы әңгімелерді жатқызады.
Ал мақал-мәтел, жұмбақтар жайлы кітаптың кіріспе бөлімінде атап
өткені болмаса, басқадай сөз етілмеген.
М.Әуезов 1937 жылы орта, орталау мектептің 6-класына арналған
Әдебиет хрестоматиясын жазған. Ол 1938 жылы толықтырылып, қайта басылды.
Онда ХIX ғасырдағы қазақ, орыс әдебиеті өкілдерінің шығармалары, өьірі мен
творчествосы туралы қысқаша мәліметтер берілген. Сонымен қатар қазақ ауыз
әдебиеті туындыларынан:Алдар көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр әңгімелері
туралы, Қырық өтіріктің мағынасы, Қамбар жырының қысқаша мазмұны,
Қамбар жырының мағынасымен түр ерекшеліктері, Қобыландының Тайбурылы
туралы деген тақырыптық енген екен. Хрестоматия мектеп оқушыларына арналып
жазылды десек те, ғұлама ғалым мұнда да біз қарастырып отырған тақырыптарға
қатысты тұжырымды тың ойлар айтады. Фольклор атаулының барлығы әрбір елдің
көркем әдебиетіне үлкен ірге, мол қазына есепті болады. Көп ірі шығармалар
фольклордың тілінен, көрікті кестесінен, мазмұн, түр ерекшелігінен
пайдаланып отырады-деп ауыз әдебиетін жоғары бағалап оның бүгінгі көркем
әдебиетімізге тигізер әсер-ықпалын нақтылай түскен.
Аңыз ертегілердің ішінде Алдар көсе, Жиренше, Қожанасыр әңгімелерінің
мазмұнды, мағыналы және өте шебер құралғандықтан, көп замандар бойына
ескірмей, ұмытылмай, уақыт озған сайын жаңара, жаңғыра түсіп, халықтың ой
сезіміне рухани нәр беріп отыратын қасиетін қастерлеп көрсетеді. Соның
ішінде туыстас көрші елдердің шаһарлы әңгімелерінен қыдырып ауысып келген
Қожанасыр бауырымыздың да қазақ ішіне өз жаны, өз тәніндей үйлесіп,
сіңісіп, халық аузында күнделікті айцтылып отыратын Алдар, Жиренше сияқты
жаппай атауға ілініп кеткенін айтады.
Бұл кітаптың ішінде М.Әуезов еңбектерінде бұрын соңды сөз
болмаған Қырық өтіріктің мағынасы еніпті. Мұнда автор қырық санының
қазақ ұғымындағы нақтылықтан гөрі мөлшерлікті білдіретін, ал өтіріктің өзін
өмірде болса екен деген шын тілекпен, болмасты болды деп, қисынсызды
қиюластырып айта алатын халықтың ақыл-ой, қиялының (фонтазиясының)
ізденгіш жүйріктігінен, еркін, өткір, ұшқыр серпінінен туған терең
тапқырлық әңгіме, өлеңдер деп бағалайды.
Келесі, 1939 жылы Л.Соволевпен бірлесіп жазған бұл еңбекте бұл бөлім
Ертегі, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар деген атпен салт өлеңдерінен
кейін орналастырып, едәуір мол талданған. Авторлар ертегілерді: қиял-
ғажайып, хайуанаттар жайындағы, салт ертегілері, балаларға арналған
ертегілер және аңыз ертегілер, күй аңызы деп бөліп әрқайсысна жеке-жеке
тоқталады.
Ертегілердің ежелгі адамдардың космогониялық ұғым-нанымдарын,
бақташылық кәсіп түрлерін, ескі әдет-ғұрып, салтарын білдіріп қана қоймай,
адамның тылсым табиғат сырларын ашуға, өзін қоршаған жадау ортадан
алыстағанын болжап білуге тыным таппай ұмтылуын, адамның табиғатпен туысып,
сіңісіп кеуін айқындап, елдің, әсіресе, жас баланың ой-санасы оянып қиялы
шарықтап өсуіне әсер етеді деп санайды.
Аңыз әңгімелердің ішінен Қорқыт, Асан қайғы, Алдар көсе, Жиренше шешен
жайлы айтылатындарына жеке-жеке талдау жасап, әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Ал күй аңыздарының бұрынғы ескі түрдегі бар
өнердің бірігіп топталып жүретін-синкретизм белгісін білдіретін соның
қалдығын сездіретін ескі өрнек ретінде терең сырлы анық шебер новеллаға
келетіндігін айтып дәлелдейді.
Мұнда мақал-мәтел, жұмбақтар жайлы өте қысқа тұжырымды,мәнді сипаттама
берілген. Ауыз әдебиетінің өте мол ұшырайтын бұл түрінің қазақта өлең
формасында келетінін және сондағы сөздердің өзара үндесіп, үйлесіп,
ассонанс, аллитерациялардың мол мағына-мәні де мейлінше терең болатындығы.
Екінші бір ерекшелігі ретінде оларда халықтың мал баққан тұрмысына
байланысты образдар мен сарындардың мол ұшырасатындығын атап, нақты
мысалдар келтіреді.
Осы тұста М.Әуезовтің Жұмбақ туралы деген алғы сөзімен Қазақ
жұмбақтары өз алдына кітап болып жарияланған. Алғы сөз бен мына мақала
арасында аздап болсада өзгерістер кездеседі. Алғы сөзде: Бұл кітапта Ғылым
академиясының қазақстандық филиалы әзір өзінің қолына түскен қазақ
жұмбақтарын жинастырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі туралы ақпарат
Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман - эпопеясы
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Фольклордағы даналық мұраларды айқындауда М.Әуезовтің әдебиеттануға қосқан үлесі
М. Әуезов әңгімелеріндегі тақырып пен идея
Пәндер