Зейнетақы қорының портфелін диверсификациялау бойынша шектеулер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
ОӨЖ
Тақырыбы : Зейнетақы қорының портфелін диверсификациялау бойынша шектеулер
ОРЫНДАҒАН : Теміртасова И. Т.
ТОП : ФН-207
ТЕКСЕРГЕН : Курманбекова Г. А
Семей қаласы
2015 жыл
Кіріспе
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушы шетелдік ұйымдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдарды жасауды тапсырған кезде оларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, оларды таңдау қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушы шетелдік ұйымдарға Қордың зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдарды жасауды тапсырған кезде оларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, оларды таңдаудың тәртібін реттейді.
Әлемдік тәжірибе бойынша кез келген мемлекет азаматтарды қартайған шағында бағып-қағу жөніндегі өзінің жауапкершілігін зейнетақымен қамсыздандырудың қосымша қаржы көздерін тарта отырып, жұмыс берушілермен және қызметкерлермен тікелей бірге көтереді. Солардың бірі - жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады.
Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реформалау жұмысын бастады. Реформа нәтижесінде халықтан тартылған зейнетақы жарналарының есебінен өз активтерін қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды.
Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі пайда болған сәттен бастап зейнетақы қорлары тұрақты бәсекелестік жағдайында дамыды. Бастапқыда бұл оң нәтижелер әкелді: әлсіз қорлар нарықтан кетті. Қалғандары өзара бірігіп, өздерінің жұмыс бағытын күшейтіп, зейнетақы нарығында экспансияны жалғастыра берді.
2013 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің зейнетақы туралы заңнамасына өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді. Жүйені реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және оған жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін беру болды. Еліміздің басшылығы ГНПФ негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы шешім қабылдады.
2013 жылдың 21 маусымында жаңа редакциядағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асырады. Сонымен қатар, БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік
Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
зейнеткерлiк активтердi инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу;
олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгілеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөніндегі талаптарды белгілеу;
жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу;
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы;
салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беріп отыру;
алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру;
зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі.
Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын
салыстырмалы талдауға арналған бағалау бойынша шектеулер
Критерийлер
Критерийдің маңыздылығы
(пайызбен)
1.
Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (аймақтық мандаттарға маманданған және ауқымды мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде көрсеткіштердің тиісті мандаттың қамтылуына қарай нормасы белгіленеді)
35
үстеме кірістіліктің соңғы 3-5 жылдағы орташа көрсеткіші (егер үстеме кірістілік көрсеткіші
5 жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіштің
5 жылдық кезеңге қатысты нормасы белгіленеді)
40
ақпараттық коэффициенттің соңғы 3-5 жылдағы орташа көрсеткіші (егер ақпараттық коэффициенттің көрсеткіші 5 жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіштің 5 жылдық кезеңге қатысты нормасы белгіленеді)
60
2.
Активтер
10
осы мандат түрі бойынша активтер көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты пайызы (аймақтық мандаттарға маманданған және ауқымды мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде аймақтық мандаттар бойынша активтердің көлемі пайдаланылады. Бұл мәннің тиісті мандаттың қамтылуына байланысты нормасы белгіленеді)
65
институционалдық инвесторлардың активтері көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты пайызы
35
3.
Команда
15
тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфельдік менеджерлердің және талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі
50
компания бойынша жалпы алғанда портфельдік менеджерлер мен талдаушылардың арасында мамандардың тұрақтамауының төмен болуы
50
4.
Кредиттік мәртебе
5
егер бас ұйымның кепілдігі болса не инвестициялық басқару шартына бас ұйым қол қойса, онда бас ұйымның кредиттік рейтингісі (S&P немесе Moody's), олай болмаған жағдайда шетелдік ұйымның кредиттік рейтингісі (S&P немесе Moody's)
5.
Басқару үшін төленетін комиссияның деңгейі
20
Базалық комиссияның деңгейі
90
Net new high basis since inception қағидатын қабылдау
10
6.
Сервис
8
Ұлттық Банктің/Қордың мамандарын оқыту
70
күн сайынғы есептілік
30
7.
Тәуекелдерді бақылау және басқару бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы
2
8.
Инвестициялық басқару шартының талаптары бұзылған жағдайда Ұлттық Банк алдында жауапкершілік қабылдау
5
Қорытынды
Сонымен, Қазақстан Республикасында соңғы реформаның нәтижесінде барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірілуі қажет. Осы ретте бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрудың оң тұстары:
- Зейнетақы қорларын біріктіре отырып, зейнетақы активтерін сақтау және есептеумен байланысты операциялық, әкімшілік және филиалдық желілерді қамтуға жұмсалатын шығын түрлерін азайтуға қол жеткіземіз, соған сәйкес комиссиялық сыйақы мөлшері бірыңғай деңгейде қазіргі сыйақы мөлшерінен төмен болады;
- Мұнда қазіргі жинақтау зейнетақы жүйесі жұмыс істеп тұрған кезеңдегі зейнетақы активтерінің инвестициялаудан түскен табысы нақты уақытта аса тиімді, яғни инфляцияның жинақталған деңгейінен әлдеқайда асып түседі. Мысалға, өлшенген инвестициялық портфель бойынша 1998-2012 жыл аралығындағы жинақталған табыс деңгейі - 366, 15% (консервативтік портфель бойынша - 356, 07%), ал инфляцияның жинақталған мәні 236, 31%-ды құрады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz