Гистология туралы



Кіріспе
2.1 Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір
2.2 Микробиология туралы жалпы түсінік
2.3 Микробиология өнеркәсібінің негізгі мақсаты
2.4 Микроскоппен зерттеу әдістері мен оның техникасының жетілуі
2.5 Микроскоп туралы жалпы түсінік
2.6 Микроскоптың құрылысымен танысу
2.7 Микроскоппен жұмыс істеу ережелері
2.8 Микроскоптың түрлері
2.9 Электронды микроскоп
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Гистология — (грек. hіstos – тін және logos – ілім) – адамның және көп клеткалы жануарлардың тіндерін зерттейтін ғылым. Гистологияның міндеті – тін эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), химиялық қасиеттерін (гистохимия), клеткаларының құрылысын, атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғасырдың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы Гистология – тіннің дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология – адам және көп клеткалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді. Кейде бұны «микроскопиялық анатомия» деп те атайды. «Гистология» терминін ғылымға неміс ғалымы К.Майер енгізген (1819ж.). Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) мен Қазақ медициналық институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталды. 1930–1960 ж. омыртқалы жануарлардың тіндері, олардың құрылымындағы ерекшеліктер тін филогенезі мен тін айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970 жылдан бері кейбір жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың жүйке жүйесі, ас қорыту органдары, сондай-ақ, малдың еті мен өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары, терісі гистология тұрғыдан айқындалды. Тамақтану, ғарышқа ұшу жағдайларының адам мен жануарлар тініне тигізетін әсері анықталды. Жүйке талшықтарының адам органдарында тарамдану тәртібі зерттелді. Адам мен жануар тіндерінде ауырған кезде болатын гистологиялық өзгерістер сипатталды. Қазақстанда Гистология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, А.Зорина, Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын баскарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ.
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет.
4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік.Жалпы редакциясын басқарған Ә.Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.
5. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Гистология -- (грек. hіstos - тін және logos - ілім) - адамның және көп клеткалы жануарлардың тіндерін зерттейтін ғылым. Гистологияның міндеті - тін эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), химиялық қасиеттерін (гистохимия), клеткаларының құрылысын, атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғасырдың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы Гистология - тіннің дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология - адам және көп клеткалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді. Кейде бұны микроскопиялық анатомия деп те атайды. Гистология терминін ғылымға неміс ғалымы К.Майер енгізген (1819ж.). Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) мен Қазақ медициналық институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталды. 1930 - 1960 ж. омыртқалы жануарлардың тіндері, олардың құрылымындағы ерекшеліктер тін филогенезі мен тін айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970 жылдан бері кейбір жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың жүйке жүйесі, ас қорыту органдары, сондай-ақ, малдың еті мен өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары, терісі гистология тұрғыдан айқындалды. Тамақтану, ғарышқа ұшу жағдайларының адам мен жануарлар тініне тигізетін әсері анықталды. Жүйке талшықтарының адам органдарында тарамдану тәртібі зерттелді. Адам мен жануар тіндерінде ауырған кезде болатын гистологиялық өзгерістер сипатталды. Қазақстанда Гистология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, А.Зорина, Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин.

0.1 Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген мәлімет бар.
Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка" деп атады (гректің "китос" -- қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен Р. Гук "клетка" деген терминді алғаш қолданған ғалым. Бұл қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы клетканың ашылуы емес.
Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскопты өсімдіктердің құрылысын зерттеуге қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер анатомиясы" деген кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер анатомиясының бастамасы" деген еңбегін де Лондонның Королевалык қоғамына тапсырады. Мальпиги, әсіресе, Грю өсімдіктердің микроскопиялық күрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінің күрамында көпіршіктердің болатынын анықтайды. Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын зерттеген XVII ғасырда зерттеуші А.Левенгук болды, бірақ та ол өзі ашқан жаңалықтарынын маңызын үғына алмады. А.Левенгук жануарлар клеткаларында эритроциттерді, сперматозоидтарды, бір клеткалы жануарларды алғаш зерттеп көрді. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің "клеткалық құрылысы" ашылды. Бірақта шын мағынасындағы клетка осы ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға белгісіз болды.
XVII ғасырдағы микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым болатын. Ал XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар еңгізілді -- штативі азды-көпті жетілдірілді. Бұның себебі XVIII ғасырда ғұмыр кешкен ғалымдар микроскопқа аз көңіл бөлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана бермеді.
XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың басында ғалымдар өз назарын клетканың ішіне аудара бастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан тауып, ұрык көпіршігі деп атады. Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьн 1831 жылы. Р. Броун ашты. Осыдан соң клетканың қалған құрылымьн атау үшін Я. Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830 жылдары өсімдіктер анатомиясьш зерттеу ісінде елулі жаңалықтар ашылды.
XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы клеткалық қүрылыстын өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән екенін көрсетті. Бұл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркинье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жануарлардың әр түрлі ұлпаларын зерттейді. Пуркинье микроскопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушылардың бірі болды.
Иоганнес Мюллер мектебі ғылым тарихында ерекше орын алады. Оның шәкірттері: Т.Шванның, Я.Генленің, Р.Ремактың, гистологияның негізін қалаушылардын бірі А.Келликердін, Э.Дюбуа-Реймонның, Р.Вирховтын, Э.Геккельдің, И.М.Сеченовтың енбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары немістін екі ғалымы, ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн көптеген деректік материалға сүйеніп клеткалық теорияны жасады. Т.Шванн клетканы өсімдіктер мен жануарлардың универсалдық құрылымдық компоненті деп қарастырды.
Ф.Энгельс клеткалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы жаңалықтың (энергиянын түрақтылық заны, клеткалық теория және Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Клеткалық теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов (1859) клетка клеткадан ғана пайда болады деген корытынды жасап клеткалық теорияны одан әрі дамытты.
Қазіргі кездегі клеткалық теорияның негізгі қағидалары мыналар:
1. Клетка -- тіршіліктің ең нәзік әрі кішкене бірлігі (единицасы);
2. Түрлі организмнін клеткалары қүрылысы жағынан ұқсас;
3. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді;
4. Көп клеткалы организмдер клеткалар мен олардың туындыларының жиынтығы.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистология жедел дамыды. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалар қүрамы және олардың гистогенезі түбегейлі зерттелді. Осымен бірге Еуропада Гассельдің, Келликердің, Лейдигтің және басқалардың алғашқы гистология жөніндегі оқулықтары щықты.
2.2 Микробиология туралы жалпы түсінік
Микробиология -- жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресуде, шырынды азық -- сүрлем даярлауда кеңінен қолданылады.
Топырақта жүріп жататын негізгі биологиялык процестер, топырақтың құнарлылығы, оның сапасы мен құралуы микроорганизмдер тіршілігіне байланысты.
Микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі жақсарады, сөйтіп егіннің өнімділігі артады. Сондықтан микрооранизмдердің тіршілігінің нәтижесінде топырақта азот, көміртегі және фосфор элементтерінің көбеюіне мүмкіндік туады.
Микроорганизмдерді барлық судан да кездестіре аламыз. Ал өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіптер жиі орналасқан жерлерде көп тараған.
Жалпы микрооргонизмдер дүниесінің табиғаттағы маңызы орасан зор. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары микробтардың қатысуымен шіріп, ыдырайды.Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде тіршілікке қажетті заттар қайтадан пайда болады.
Жанар қазба байлықтар -- шымтезек, тас көмір, мұнай сияқты заттардың түзілуі де микроорганизмдердің әрекеті нәтижесінде болатыны анықталды.
Сонымен табиғатта микроорганизмдердің көмегімен заттардың күрделі айналымы жүріп жатады.

Микробиология -- микоорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі рөлін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері -- ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар. тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады.

2.3 Микробиология өнеркәсібінің негізгі мақсаты
Микробиология өнеркәсібінің негізгі мақсаты -- халық шаруашылығын мал азықтық белоктар, ферменттер, антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, бактериялы тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғауға қажетті препараттар және басқа да микробтық өнімдермен қамтамасыз ету.
Айта кететін жай кейбір заттарды (ферменттер, кейбір алмастырылмайтын амин қышқылдарын) тек қана микробиологиялық жолмен алады, олар химиялық тәсілмен әзір өндірілмейді. Ал, бұл заттарды рационға қосса малдан, құстан қосымша көптеген өнім алуға болады.
Өсімдіктерді микробиологиялық жолмен қорғау әдісін шаруашылыққа кеңінен енгізу, егісті түрлі зиянкестер мен аурулардан сақтауға, сөйтіп, елімізде көкөністерден, жемістердең, мақтадан және басқа да дақылдардан мыңдаған тонна қосымша өнім алуға жол ашылды. Осыған байланысты қазіргі кезде қолданылып жүрген көптеген улы химикаттарды келешекте пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік туады.
Қазір микробиологиялық жолмен алынатын ферменттер ет, сүт, тамақ пен жеңіл өнеркәсіптерде, медицина, химия өнеркәсіптерінде және ауыл шаруашылығында қолданылады. Сондай-ақ біздің елімізбен қатар микробтық ферменттерді қолдану шетелдерде: Жапонияда, Америка Қүрама Штаттарында, Англияда, Чехословакияда, Голландияда және Федеративтік Германия республикасында кеңінен етек алып отыр.
Осы жағдайды еске ала отырып, біз микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттеріне ерекше көңіл бөлдік, көптеген биологиялық процестердің негізін толығырақ баяндауға тырыстық.
Микроорганизмдер адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне зиянды әсерлерін тигізетіні де мәлім. Қазіргі кезде олардың әсерінен болатын аса қауіпті аурулар белгілі болып, олармен дәйекті күресу шаралары белгіленіп отыр. Бұларға қарсы күресуде басқа микробтардан алынатын антибиотиктерді, емдік вакцина, сывороткаларды қолдану жақсы нәтиже беріп отыр. Көптеген дәрі-дәрмек өнеркәсібінің фабрикалары осы антибиотиктерді және басқа да емдік препараттарды өндіреді.
XX ғасырдың езінде микробиологиядан ғылымның жаңа саласы -- вирусология бөлініп шықты. Ол орыс оқымыстысы Д. И. Ивановскийдің 1892 жылы ашқан вирустар әлемін зерттейді. Құтыру, қызылша, шешек, полиомиелит сияқты аса қауіпті ауруларды қоздырушылар өте майда вирустар екені белгілі болды. Оларды егжей-тегжейіне жете зерттеу біздің ғасырымыздың 40-шы жылдарында құрастырылған электронды микроскоптар көмегімен жүзеге асырылды.
Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасушаның алуан түрлілігі
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Гистология-ежелгі дәуір ғылымы
Гистологияның міндеттері
Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
Гистология
Гистология пәнінің даму тарихы
Гистологияның даму тарихы
Клетканың органикалық заттары
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Пәндер