М. Әуезовтың әдебиет тарихы туралы зерттеулері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

М. Әуезовтың әдебиет тарихы туралы зерттеулері.

М. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бiрi болып әдебиет тарихына байланысты зерттеу еңбектер жазып, мол мұра қалдырған. Жазушы өз мақала, еңбектерiнде айтып өткенiндей, әдебиеттi тану, оның тарихын, осы күнге дейiн жүрiп өткен жолын, өсу кезеңдерiн, түрлi заңдылықтарын бiлуден басталады деп түсiнедi. 20-жылдары: “Қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi дәуiрi” (“Шолпан” журналы, 1922-23 ж. № 2-3, 4-5) . “Ыбырай Алтынсарыұлы” (“Шолпан” журналы, 1923 ж. №6-7-8, 173-196 б. ) . “Халық әдебиетi туралы” (“Жас қайрат” журналы, 1924 ж. №3-4, 15-19 б. ) . “Қобыланды батыр” (“Таң” журналы. 1925 ж. №1, 119-126 б. : №2, 115-118 б. ) . “Әдебиет ескiлiгiн жинаушыларға” (“Қазақ тiлi” газетi, 1925 ж. 23-апрель) атты мақалалары мен “Әдебиет тарихы” (Қызыл-Орда, 1927 ж. ) атты көлемдi зерттеу кiтабын жариялайды.

“Қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi дәуiрi” атты алғашқы мақалада автор қазақ ауыз әдебиетiне, оның ерекшелiгi мен маңыз-мәнiне қысқаша шолу жасап өтедi. Ійткенi жазушы: “Ескi әдебиеттiң түрiн бiлу, бетiн ұғу, ағымына түсiну бiздiң өзiмiз үшiн керек” [1] - дейдi. Яғни, бұл бiздiң бүгiнгi әдебиетiмiздiң жай-жапсарын терең танып, келешек бағыт-бетiн дұрыс белгiлеу үшiн өте қажет деп бiледi. М. Әуезов: “Орыс жазушыларының қысқаша сындарына қарағанда, бiздiң ескi ауызша әдебиетiмiз бай өрнектi, түрлi, тарауы көп кестелi, қысқасын айтқанда, қазақтың даласы секiлдi кең, келешегi көрiктi үлкен, жалпы түрiк әдебиетiнiң iшiнде үлкен орын алатын әдебиет секiлдi көрiнедi . . . Себебi, әдебиетiмiзде өзге көп жұрттың ауызша әдебиетiнде жоқ нәрселер табылып отыр. Ауызша әдебиет бiр заманда тәртiптi жазба әдебиеттiң қызметiн атқарғандығы бiлiнiп отыр. Сол мiндетiн ұққандықтан ауызша әдебиет өз өрiсiн кеңейтiп әкеткенiн көрiп отырмыз. Сол ескi сөздiң iшiнде ескi қазақ өмiрiнiң әрбiр дәуiрi, әрбiр мезгiлi және жеке-жеке суреттерi де айтылған”[1, 115-б. ] - деп жазады.

“Халық әдебиетi” атты келесi мақаласында автор осы ой-пiкiрiн ары қарай өрбiтiп, қазақ халық әдебиетiнiң, яғни ауыз әдебиетiнiң осылайша өте жоғары сапалы болуы - әдебиетiмiздiң келешегi үшiн де жалпы халқымыздың “болашағы гүлдi, түбiнде iргелi ел болуына” негiзгi тұлға, себепшi деп түсiнедi. Сондықтан мақалада қазiр сол халық әдебиетiнiң үлгiлерiн ертерек қамдастырып, төгiлiп-шашылып, жоғалмай тұрғанда жинақтап, жүйелеп хатқа түсiрiп алу қажеттiгiн баса айтады. Бұл iсте, әсiресе, оқып жүрген шәкiрттердiң көп қолқабыс тигiзе алатынын жазушы өте дұрыс ескертедi.

“Қобыланды батыр” атты мақалада М. Әуезов ауыз әдебиетiнiң халықтың азаматтық тарихымен байланысы жайлы өте қызықты, әрi ғылыми тұрғыдан құнды ой-пiкiрлер айтқан. Автор жалпы ауыз әдебиетi шығармаларының, соның iшiнде батырлар жырының да негiзiнен ел хиялынан, арманынан туатындығын, бiрақ солай бола тұра олардың өмiрлiк, тарихи белгiлi бiр негiзi болатындығын “бiзге тiптi анық қылып тарих бетiн ашып бередi десек те, сол ескi тарих көлемiнде болған iрi мезгiлдердiң барлығының да ұлы суретiн нобаймен, тұспалмен көрсететiндiгiн” [2] атап айтады. Бұл шағын мақалаларда ауыз әдебиетi, әдебиет тарихының кейбiр мәселелерi, жеке өкiлдерi мен шығармалары жайлы қысқаша барлау, шолу түрiнде көрiнген алғашқы қадам жасалса, “Әдебиет тарихы” кiтабы жазушының сол ой-пiкiрлерiнiң жинақталып, жүйеленген тұңғыш тұлғалы зерттеу еңбектiң үлгiсi бола алған едi.

М. Әуезов бұл кiтапты жазуға үлкен дайындықпен келген деуге болады. 1923 жылы Ленинград университетiне оқуға түскенiмен сол жылдың аяғынан 1925 жылдың қыркүйегiне дейiн жазушы Семей қазпедтехникумында, мұғалiмдердi қайта дайындайтын курстарда қазақ әдебиетiнен сабақ бергенi белгiлi. Сол жылдары жазушы “Таң” журналында өзiнiң көркем шығармалары, мақала-зерттеулерiмен қатар ел арасынан жинаған көптеген ауыз әдебиетiнiң, әдебиет тарихының үлгiлерiн жариялайды.

Істiмiздегi ғасырдың бастапқы жылдарында, әсiресе кеңес үкiметiнiң орнаған кезеңiнен бастап жер-жерде бiрiншi басқыш мектептермен қоса бiртiндеп орта буын мектеп, техникум, институт, әр алуан мамандық жолындағы курстар ашыла бастады. Сондықтан М. Әуезовтiң “Әдебиет тарихы” атты бұл кiтабы қазақ ауыз әдебиетi туралы тұңғыш күрделi зерттеу еңбек болумен қатар сол дәуiр талабына сай мектеп, оқу орындарына арналған алғашқы оқулық та болып табылады. Сол алғашқы басылымдағы арнау сөзiнде жазушы: “Қазақ шөлiндегi бiлiм бұлағының күрекшiсi - қазақ оқушыларына арнадым” - деп жазыпты. Автор кiтаптың “Сөз басы” деп аталатын кiрiспе бөлiмiнде “Жалпы тарих жолындағы адам баласының iлгерiлеген басқыштарына” қысқаша шолу жасап, “қазақ ескiлiгiнен аз мағлұмат” беруден бастайды. Жазушының адамзат тарихын “1) . тағылық тұсындағы ортақшылдық дәуiр, 2) . ана қожалығы жүрген дәуiр, 3) жүрген дәуiр, 3) лығы жүрген дәуiр, 4) . мемлекет негiзi құрылған дәуiр” [3] - деп бөлiп, оларға берген анықтама-мағлұматтары өте айқын, әрi көңiлге қонымды.

Қазақ елiнiң жалпы тарихына байланысты берген аз мағлұматта автор бүгiнгi таңда “қазақ ескiлiгiнiң жазу күйiнде сақталып қалған белгiсi жоқ” болғандықтан “елдiң ұзын-ырға тарихын кең көлемдi қылып, iшкi, сыртқы өмiр жолындағы өзгерiстерiнiң барлығымен қатар алып отырып, толық пiшiнде құрастыру ауыр болып” отырғандығын айтады. Осы тұста М. Әуезовтің: «әуелден алыс жерден бастауға болмайды. Әуелi өзiмiзге таныс бергi заманнан бастау керек. Iздеушiлер көбейiп, табылған ескiлiктiң жұрнақтары көбейген соң, сол бұйымдардан құрап, қолға таяқ алып, ескiлiктi ерте заманға қарай тереңдеп жылжи беру керек” [3, 20-б. ] - деген пiкiрiнiң де методологиялық маңыздылығын атап өткен ләзiм.

Сонымен М. Әуезов мұнда әдебиеттiң өмiршеңдiк, тәрбиелiк қасиетiмен қоса оның өмiр танытарлық, халықтың рухани өмiрiнен, жалпы тарихынан да мол мағлұмат берерлiк қасиетiн жете түсiнiп, әдебиет тарихын саралап, салалап жiктеудiң негiзгi жолын да дұрыс таба бiлген сияқты. Ол кiтаптың осы кiрiспе бөлiмiнде “әдебиет тарихының қолданатын жолы” деген мәселелерге де арнайы тоқталып, өзiнiң теориялық таным-түсiнiгiн қысқаша тұжырымдап өткен.

М. Әуезов “Әдебиет тарихының қолданатын жолын” сөз еткенде әрбiр әдеби шығарманың, әрбiр дәуiр туындыларының әдебиет тарихынан алатын орнын айқындау үшiн: 1) . шығарманы оны туғызған ақынның өмiрiмен байланысты қоса қарастыру; 2) . ақынды оны туғызған елiнiң өмiрiмен, яғни қоғамдық ортамен байланыста; 3) . ақынды, оның елiн ұлтымен, ұлттық ерекшелiгiмен бiргелiкте; 4) . ұлттың ерекшелiгiн табиғатпен ара қатынасын, яғни тұрмыстық, мәдени, салт-дәстүр өзгешелiктерiн айқындай отырып қарастыру және 5) . көршi халықтардан алған әсер үлестерiн де айырып тану қажет деген негiзгi ойларын ортаға салады. Мiне, бұлар - жазушының қазақ әдебиетiнiң тарихын зерттеудегi басшылыққа алған, ұсынып отырған басты принциптерi. Олардың ауыз әдебиетi мен жазбаша әдебиеттiң айырмашылығы ретiнде келтiрген өзiндiк айырым белгiлерi де көңiл аударарлық. Онда бұрын-соңды айтылып қалыптасып қалған анықтамалардан тыс автор ауыз әдебиетiнде елдiң өнерi де, бiлiмi де, тәрбиесi де, жалпы өмiрге көзқарасы жинақталатынын айта келiп, “ауызша әдебиетте бiр жаққа қарай беттеген арнаулы бағыт болмайды. Оны елдiң дiн нанымы, елдiң белгiлi салты, әдетi туғызады” - дейдi. Сондай-ақ, “Ауызша әдебиеттiң барлық жұрнақтары күйге өлшенiп, арнаулы әнмен айтылады. Сол себептi оның сыртқы түрiнде жазбадан айырмасы бар. Ол желпiнiп айтылады” [3, 21-б. ] - деген белгiлердi ұсынады.

М. Әуезов қазақ фольклористикасында алғаш рет ауызша әдебиеттiң түрлерiн жазушы: “1. Сыртшылдық салт өлеңдерi. 2. Әңгiмелi өлеңдер (батырлар әңгiмесi, ел поэмалары, тарихи өлеңдер) . 3. Айтыс-тақпақ. 4. Ертегi, мақал, мәтел, жұмбақ” [3] деп топтастырады. Бұл кейiнгi зерттеу еңбектердiң барлығында дерлiк ауыз әдебиетi шығармаларын жанрға бөлiп жiктеудiң алғашқы үлгiсi ретiнде аталып, кейiнгi топтастыруларға негiз болып келедi. Өмiрдегi барлық болмыс, құбылыс, ақыл-ой үздiксiз жылжып, өсiп дамып отырады. Бұл - өмiрдiң өз заңы. Әдебиеттi, ауыз әдебиетiн тану, зерттеу де бiр орында тұрып қалған жоқ. Алдымен М. Әуезовтiң өзi бұл мәселеге әлденеше рет оралып, өз зерттеулерiн дамыта жетiлдiре түскенi белгiлi. Солай бола тұрса да ғалымның осы алғашқы топтастыруы түпкi қазық, iргетас болып қаланғаны сөзсiз. Олардың кейбiрiнiң атын өзгертiп, орнын ауыстырған сияқты болғанымен, негiзi бұлжымай сақталып қалып отырды.

Кейiнгi 1948 жылы және 1960 жылы М. Әуезовтiң өзiнiң тiкелей жетекшiлiгiмен шыққан “Қазақ әдебиетiнiң тарихы” (I-том, I-кiтап) атты академиялық басылымда ауыз әдебиетiнiң түрлері мейлінше жетілдіріліп, толықтырылып берілген.

“Әдебиет тарихының” 1-бөлiмi “Сыршылдық салт өлеңдерiн” жазушы үш түрге бөлiп қарастырады: 1) . Жалпақ елдiң салтымен байланысқан шер өлеңдерi. 2) . Дiн салты мен ұғымнан туатын өлеңдер. 3) . Қыз ұзату үстiндегi салт өлеңдерi. Ал, ел салтындағы шер өлеңдерi: жоқтау, естiрту, қоштасу, көңiл айту деген сияқты топқа бөлiп қарастырады. Олардың әрқайсысының туып таралуын халықтың күнделiктi тұрмыстық, әдет-ғұрып салтымен тiкелей байланыстырып айқындайды: “Жүрек қағысын өлеңмен, әнмен, кейде күймен шығару ескiлiктiң сүйген түрi болған . . . Шер өлеңi өлгенше ұзақ болмайды, шер мен қайғы үстiнде кiсi ұзақ сөйлесiп тұруға әлсiз болады. Сондықтан шын қайғы қысқа сөзбен көп мағынаны тiзiп, тиiмдi қып айтады” [3, 22-б. ] - деп жазады.

Бұл сияқты өлеңдердiң басқа халықтар әдебиетiнде де молынан ұшырасатынын айта отырып, автор солардан қазақ ауыз әдебиетiнiң өзiндiк өзгешелiк, ерекшелiктерiн ашып көрсетедi. Айталық, жоқтау өлеңдердiң орыс iшiнде көбiне жаттама болып келетiнiн, оны қайғылы үйдiң өз iшiнен шыққан адамдар емес, арнайы жалдамалы жоқтағыш-плакальщицалардың жылап жоқтайтындығын, ал қазақ iшiнде қаралы үйдiң өз iшiндегi барлық жаны жылап жоқтайтынын айтады: “Басқа бiреудiң айтқан жоқтауын айту, жаттама өлеңдi айту - қазақ ұғынысына мiн. Ондай жоқтау көңiлдiң шын қайғы-зарынан шыққан емес, жалған жоқтау болады” [3, 26-б. ] - дейдi. Естiрту, көңiл айту өлеңдерiнiң де тiкелей тұрмыс тауқыметiнен туғандығын, “қайғы үстiндегi сүйеу сөз, көңiл айтып жұбатқан сөз болатынын, яғни естiртуде көбiнесе тұспал, жұмбақпен ауыр хабарға алдын ала дайындап алатынын айтса, көңiл айтуға: “Ауыр хабар алғашқы рет естiлетiн жерде, құр ғана қайғының бiрiн айтып, жараның аузын ашып қоймай, қазақтағы бауырмалдық, туысқандық, жанкүйерлiк жолымен, соның емi сияқты жұбату да айтылады” [3, 35-б. ] - деген тиянақты пікірін бiлдiредi.

Дiнмен байланысты өлеңдердi автор: “1) . Ескi дiннiң сарқыты болған өлең. 2) . Iслам дiнiне байланысқан өлеңдер” - деп екiге бөледi. Алғашқысына наурыз жайындағы сөздер мен бақсы сарынын жатқызады. М. Әуезов наурыз өлеңдерiне айрықша мән берiп, жоғары бағалайды: “Наурыз күн шығыс халқының көбiнiң мейрамы болған. Солардың iшiнде, әсiресе көшпелi түрiктер арасында ең қадiрлi, ең ұлы мейрам болып саналған. Наурыз - бақташылық кәсiбiне салынған елдiң кәсiп мейрамы” [3, 36-б. ] - деп атап көрсетедi. Яғни ол наурыз өлеңдерiнiң дiни нанымдардан гөрi тұрмыстық кәсiпке көбiрек байланысты туғандығын айтып отыр. Ійткенi мал баққан қазақ басқалардан гөрi табиғатқа тiкелей тәуелдi болып келедi. Наурыз туып жазғытұрым келуiн қыс бойы елдi қысып келген ауыртпалық өтiп, ендi жаңа үмiт, жаңа тiршiлiк есiгi ашылып, ел де, жер де, жан-жануар да жаңарып жадырайды. Сондықтан қазақ елi ұлы iстiң ұлы күнiн көтерiлген қуанышпен қарсы алатын айтады.

Ескi дiннiң сарқыты болып саналатын бақсы сарыны жайлы да жазушы пiкiрi көңiл аударарлық: “Бақсының сарынында сөз қуаты ерекше күй алғандай болады. Сөздерiнiң бiрi мен бiрiнде байланыс аз болса да әрбiреуi кесек-кесек болып түйдектелiп түсiп отырады. Сипат сөзiнiң барлығындағы салыстырған суреттi қайдағы қиыннан, жат жерден, ойда жоқ белгiсiзден алады . . . Сондықтан бiрiне бiрi үйлесiп, байланыспаса да өз бетiнше кесек болып келетін асау сөздер, бiр бөлек жайын қуаттап болып, ортқып түсiп отырады” [3, 41-б. ] - деген сияқты айқындама сыпаттауларда әрi ғылыми дәлдiк, әрi әдеби көркемдiк-эстетикалық талдау келiстi үйлесiм тапқандай. Ал, ислам дiнiне байланысты туған жарамазан өлеңiнiң өзi өзге жұрттардағы сияқты жалаң дiни үгiт, сәжде, дұға сияқты тәубе, жалбарынулардан гөрi қазақтың сүйегiне үйреншiктi мақтау, мадақтау өлеңдерiне көп жақын келетiндiгiн, яғни дiн таратушылардың қазақ iшiне “не жайылса да әдебиет жұрнағы болып, әдебиет өлшеуiнiң бiрiне түскен соң ғана жайылатынын” дұрыс түсiнгендiгiн автор арнайы атап айтқан.

Жазушы қыз ұзатып, келiн түсiру үстiнде айтылатын жар-жар, қоштасу, танысу, бет ашар сияқты салт өлеңдерi көбiне қалыптасқан жаттама болып келедi дейдi. Соның өзiнде ол өлеңдердiң жас жұбайларды алдағы жұмбағы көп жұптық өмiрге алдын-ала iштей дайындайтындай терең мағынаға ие екендiгiн айтады. Мәселен: “бет ашарда қазақ елiнiң жаңа түскен келiндi келешекте ана болуға, қадiрлi келiн, үлгiлi жеңге болуға үйретедi” [3, 53-б. ] дейдi.

Кiтаптың 2-3 бөлiмiнде «Батырлар әңгiмесi'' мен ''Ел поýмаларын'' сөз етедi. Кейiнгi зерттеу еңбектерiнде автор ауыз әдебиетiнiң бұл түрлерiн ''Батырлар жыры'' және ''Fашықтар жырлары'' деп атаған. Мұнда М. Әуезов: ''Едiге”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Сайын”, “Нәрiкұлы Шора батыр”, “Қамбар батыр”, “Алпамыс батыр” және '' Қозы көрпеш-Баян'' мен ''Қыз Жiбек'' жырларының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, оларды алдымен қысқаша мазмұндап алып, одан соң олардың мәнiсiне ғылыми, әдеби талдаулар жасайды. Сол арқылы автор әдебиет тарихы, ауыз әдебиетi туралы алғаш рет қазақ әдебиеттану ғылымында шын мәнiндегi зерттеу еңбектiң де, оқулық кiтаптарының да үздiк үлгiсiн жасап бере алған. М. Әуезовтiң бұл еңбегiн ''Қазақ ауыз әдебиетi жайлы лекöиялар'' деп атауғада әбден лайық.

М. Әуезовтiң ''Батырлар әңгiмесiн'' талдауының негiзгi бiр ерекшелiгi әрбiр жырдың тарихи негiзiн, ел тарихымен жанасатын тұстарын айқындап, өзiндiк болжамын айтып отырады. Айталық, Едiге жырында Тоқтамыс, Ақсақ Темiр заманының iзi бар десе, Қобыланды батырды Жәнiбек, Әбiлхайыр хандардың тұстасы, Ер Тарғын, Ер Сайын, Шора батырларды Ноғайлы, Қыпшақ бiрлiктерi заманымен байланыстырады. Әрине, автор ауыз әдебиетiрады. Әрине, автор ауыз әдебиетiкi тарих көлемiнде болған iрi мезгiлдердiң'' байланысы негiзiнен нобаймен, тұспалмен көрiнетiндiгiн де арнайы атап көрсеткен. М. Әуезов ғашықтық жырларынан ''Қозы Көрпеш-Баян Сұлу'' жыры мен ''Қыз Жiбек'' жырына тоқталады. Бұлар махаббат жыры болумен қатар көшпелi қазақ халқының өзгеден бөлек тұрмыс-тiршiлiгiнен, салт кәсiбiнен көп мәлiмет беретiн, ''қалың қазақ жайлаған жiбектей шалғыны, көлеңкелi ағашы, қоңыр желi, малға шүйгiн ақ көдесi бар. Сарыарқаның жыры барлық қазақ елiнiң iшкi, сытрқы өмiрiнiң күйi, даласы мен кәсiбi, салтының жыры'' [3, 120-б. ] -деп жазады автор. ''Қозы Көрпеш-Баянның мәнiсi'' атты бұл талдауында жазушы жыр кейiпкерлерiне жеке-жеке тоқталып, олардың әрқайсысының бiр-бiрiне де, басқаларға да мүлде ұқсамайтын өте шебер жасалған типтiк бейнелер тiзбегi сияқты. Жырдағы, бiр жағынан, өте нәзiк, сұлу сезiмдi махаббат иелерi мен, екiншi жағынан, қара күш пен өте дүниеқор пасықтардың тартысы ''қасын түйген қара бұлт пен жүйрiк, өтрiк найзағайды алыстырғандай болады'' деп сыпаттайды. Автор осы сияқты жырдың аса жоғары көркемдiк ерекшелiктерi қатарына оның мағыналы мазмұнынан басқа тiл кестесi мен өлең түрiн де қосады. ''Мұның тiлi батырлар өлеңiндегi құлан жортыс сияқты құба жондатқан аспандағы тiл емес…, шешен қазақтың ортасында кестелеп айтылып жүрген қара тiлi'' [3, 131-б. ] . Оның iшiнде кәрi-жас бiрдей сүйетiн салт өлеңдерi: естiрту, жоқтау, қоштасу, жар-жардың бәрi бар екендiгi және олардың ұрлықпен әкелiп жамалғандай емес, әңгiменiң ағымына өте жарастық болып, сұлу түр болып үйлесiп кететiнiн айрықша атап көрсетедi.

М. Әуезов ''Қыз Жiбек'' жырын да осылайша өзiндiк ерекшелiктерiн айқындап, құйқылжыта талдай келiп, оны ел әдебиетiнiң iшiнде жазбаның романы сияқты көрiнедi деп өте жоғары бағалайды: '' Төлегендi көп көштен, көп сұлу қыздың қасынан өткiзгенде жыршы аса шебер, психологиялық әдiс қолданады''. Бiр қыздан бiр қыз асып түседi. Бiрiнiң нұр сәулесi бетiнде, бұрылып кетiп барады, екiншiсi '' таң мезгiлi болғанда, шолпанның туған жұлдызы, пейiштен шығып келмесе, бұл жалғанда хор қызы'' деп көштi бастап бара жатқан он үш қыздан өтiп Жiбекке жетпей жатып-ақ Төлегеннiң ынтығы, құмарлығы аса түседi. Мұны автор:''үдетпелi, өндiмелi әдiс, психологиялық жағынан анық динамикалы мотив болады'' [4] -- деп тұжырымдайды. Жырдың ең құнды жағы, оның тiлiнiң өте бай, таза, көркем болып келуiнде деп, онда оқиғаны айтып берудiң: ''хикаялау сипаттау, сөйлету'' сияқты үш түрлi әдiсi аралас жүретiндiгiне тоқталады. Әрқайсысына мол, дәл мысалдар келтiре отырып дәлелдейдi. Бұл екi жыр туралы авто 1939, 1948, 1960 жылдары жаңадан өңдеп толықтырып жазған болатын.

Алғашқы “Әдебиет тарихы” кiтабының 4-бөлiмiнда “тарихи өлеңдерге” де бiршама мол орын берiлген. Автор бұған дейiнгi қарастырып өткен өлең-жырларда көңiл-күй мен ақындық хиял тудырған “даланың желiндей, кезiне қарай шалқып есiп, кейде iлгерi, кейде кейiн кететiн” еркiндiк болса, “тарих өлеңдерi ең алдымен ел тiршiлiгiнде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады” [3, 140-б. ] - деп айғақтама бередi. Бұлар белгiлi бiр тарихи өткен арнаулы оқиғалардың “қақ ортасында болған атақты адамдардың басынан кешкен өмiр, қолымен iстелген iстiң жыры болады” және олар көбiне сол оқиғалардың iшiнде болған, көзi көргендердiң аузынан тараған “жанды әңгiме” болып жайылып, “кейде ақындардың қолына жетiп, өлең өлшеуiне түседi”. Сондықтан ол өлеңдердiң “сөзi мен суреттерiнiң шындығы көбiнесе даусыз” болады. М. Әуезов нағыз тарихи өлеңдерiнiң басталған кезi Абылай заманынан берi қарай деп санайды. “Артқы өмiрi асусыз тау, өткелсiз су сияқты белгiсiздiк кезеңнiң астында жатса, мына заманда тарихтың асу кезеңiнде шығып, бергi бетке қарай құлаған сияқты болады”- деп, сол заманнан бергi дәуiрге тарихи шолу жасайды. Ійткенi, “тарих өлеңдерiн толық ұғу үшiн алдымен солардың мезгiлiн, сол заманның шартын бiлу керек” деп түсiнедi.

“Бұл дәуiрдiң басы 1723 жылғы ақтабан шұбырындыда. Екiншi сатысы: орыс сияқты шет жұртқа бағынуға айналып, елдiң алдында “темiр ноқта мен қайыс ноқтаның таңдауы шыққан заман”- деп, қазақ елiнiң Ресейге қосылуы жайлы өз тұжырым, түсiнiгiн айтады. Істем саясатқа әлi де әбден мойынсұна қоймаған кезiнде жазылған азат ойлы жас ғалымның бұл туралы көзқарасы әрi қызықты, көңiлге қонымды, әрi өз маңыз-мағынасын әлi күнге жоймай, қайта құндылығы арта түскен : “Қазақ елiн орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бiр жағынан қалмақ сияқты елдiң тiзесi батқан жаулығы болса, екiншi: Орта Азия хандықтарының қысымшылығы, үшiншi: орыс үкiметiнiң қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осымен бiрге тағы бiр зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара жаулық пен араздық, өштiк күшейiп, бiрiн-бiрi жауламақ үшiн әрқайсы кез-келген жұрттан көмек iздеп, қазақ елiн әр айғырдың үйiрiне сiңiруге айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел тiршiлiгi бiр шымшытырақ мезгiлге жеткенде, орыс үкiметiнiң шеңгелi қомағайлықпен созылып, қазақ даласын уысына кiргiзiп әкетiп бара жатты [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Абай әлемі: Абайдың қара сөздері. Аудармашылық мектебі. Ақындық мектебі жөнінде көтерілген айтыс, тартыстар (М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов еңбектері). Абай мұрасының зерттелу тарихы
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Абайтану ғылымы туралы
Мұхтар омарханұлы әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым
Қазақ философиясының қалыптасу барысы мен тереңде жатқан тамырларын зерттеу
М.Әуезовтің Абайтануға қосқан үлесі
Фольклор және топонимика
М.әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz