Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Дұрыс тамақтану . денсаулықтың басты кепілі
а) Диетология ұғымы
ә) Диетаның (емдәм) түрлері, қолданылуы
б) Салерндік денсаулық кодексі
в) Тиімді тамақтану . диетаның негізі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

“Тәні саудың - жаны сау” – деп атамыз қазақ дөп басып айтқан сияқты. Ал, деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтану қажет. Ас - адамның арқауы, өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі. Дұрыс тамақтанудың маңызы, оның денсаулыққа әсері бізге көптен белгілі. Тамақтану – біздің биологиялық қажеттілігіміз. Тамақтану арқылы біз ең алдымен тіршілігімізді жалғастыру үшін қажетті энергия аламыз, ағзамызға қажетті құрылыс материалдар аламыз.
Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50℅ тамақтануға, 20℅ қоршаған ортаның әсерлеріне, 20℅ тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10℅ ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ, соның 35℅ тамақтанудың үлесіне тиеді.
Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу - тіршіліктің негізі болып саналатын организмдегі зат алмасудың дұрыс жүруіне, организмнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі, күші. Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады.

• Шарманов Т., Ахмет-Төре М., Емдәмтану терминдерінің орысша-қазақша сөздігі, А., 1998;
• Лечебное питание (учебно-методическое пособие под ред. Шарманова Т.), А., 1999.
• www.massaget.kz сайты
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
3. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.
4. Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье — М.: ФиС, 1990.
5. Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник для вузов. — 3-е изд.. — М.: Флинта: Наука, 2005.
6. Дорошкевич М. П., Нашкевич М. А., Муравьева Д. М. и др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учебное пособие для вузов. 2003, 238 с.

ЖОСПАР
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Дұрыс тамақтану - денсаулықтың басты кепілі
а) Диетология ұғымы
ә) Диетаның (емдәм) түрлері, қолданылуы
б) Салерндік денсаулық кодексі
в) Тиімді тамақтану - диетаның негізі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Терминология
Диетология (грек diata - өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) - дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім.
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα -- тұрмыс салты). Емдәм -- тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы.
Нольдік диета -- адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы.
Аткинс диетасы -- XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары белокты, төмен көмірсулы диета.
Вегетариандық диета -- ет, балық, құс еттерін жемейтін диета.
"Зона" диетасы -- адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета -- барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөліп қарастыратын диета.
Қырыққабат сорпасы диетасы -- әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета.
Орниш диетасы -- жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы.
Кіріспе
Мақсаты: Әртүрлі емдік диеталардың адам организмі үшін маңыздылығымен танысу;
Міндеті: Диетаның кез келген адамға пайдасын анықтау.
"Тәні саудың - жаны сау" - деп атамыз қазақ дөп басып айтқан сияқты. Ал, деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтану қажет. Ас - адамның арқауы, өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі. Дұрыс тамақтанудың маңызы, оның денсаулыққа әсері бізге көптен белгілі. Тамақтану - біздің биологиялық қажеттілігіміз. Тамақтану арқылы біз ең алдымен тіршілігімізді жалғастыру үшін қажетті энергия аламыз, ағзамызға қажетті құрылыс материалдар аламыз.
Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50co тамақтануға, 20co қоршаған ортаның әсерлеріне, 20co тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10co ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ, соның 35co тамақтанудың үлесіне тиеді.
Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу - тіршіліктің негізі болып саналатын организмдегі зат алмасудың дұрыс жүруіне, организмнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Денсаулық дегеніміздің өзі - организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі, күші. Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады.
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті.
Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық-түлікті зиянды контаминанттардан қорғаудың маңызы ерекше.
Әр түрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар көне заманнан бері бізге аян. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу - диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда болды. Диетология (грек diata - өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) - дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гиппократ есімімен байланыстырады.
Диетология тағам гигиенасымен тығыз байланысты. Қазақстанда диетология емдеу-профилактикалық мекемелерде, демалыс орындары мен санаторийлерде диетологиялық қызмет көрсету ісін ұйымдастыруға байланысты 1930 жылдан дами бастады. Диетология саласындағы зерттеулерді 1973 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Тағамтану институты (қазіргі Тағамтану институты жабық акционерлік қоғамы үйлестіріп отырады. Диетолог мамандар даярлау мәселесімен Алматы қаласындағы Дәрігерлердің білімін жетілдіру институты (1982 жылдан) және Қазақ ұлттық медицина университетінің тағамтану кафедрасы (1994 жылдан) шұғылданады. Ас қорыту органдарының ауруларын, адамның шектен тыс семіріп кетуін, т.б. тағаммен емдеудің биохимиялық, клиникалық негіздері зерттелді (В.Б.Максименко, Е.Изатуллаев, Б.Салханов). Қымыз бен шұбаттың, жылқы етінің шипалық қасиеттері анықталып, олармен емдеу тәсілдері табылды (Т.Шарманов, А.Жанғабылов). Емшектегі балаға арналған Балдырған, Балбөбек, Биолакт-1, Биолакт-2, Жігер, Ша-Фе, т.б. емдік-профилактикалық қасиеті бар сүт өнімдері мен сусындар шығарылып, баланы тамақтандыру ісіне пайдаланылды (Шарманов, П.В. Федотов).

Нольдік диета -- адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадаға лауымен жүргізілетін диета.

Вегетариандьіқ диета -- ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар:
1. Вегетариандық -- балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер;
2. Веганизм -- мал өнімдерінің ешқайсысын да жемейді;
3. Шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды
жылытпай жейді;
4. Жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;
5. Фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер.

Микробиотикалық диета -- барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылган қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет.

Орниш диетасы -- жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады.
Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Ежелгі заман емгерлері емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, эмпириялық жолмен құрастырған. Ал ғылым дами келе емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, т.б. жетістіктеріне сүйеніп жасалады. Қазіргі кезеңде емдәм үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам организміне қажетті қоректік заттектердің мөлшерін есептеп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, ауруға шалдыққан организмдегі заттек алмасуын реттеуге бейімделіп құрастырылады. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған Емдәм құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты: белокты Емдәм, майлы немесе көмірсулы Емдәм, тұзсыз Емдәм, т.б., ал химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген Емдәм, ықшамдалған Емдәм, элиминациялық Емдәм, гипоаллергенді Емдәм, т.б., кейде авторының атымен: Карел Емдәмі, Лейбе Емдәмі, т.б. деп аталады. Мұндай емдәмнің мақсаты -- қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш емдәм беріледі, кейде арнайы емдәмді орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір емдәмнің әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды.
Емдәмді құрастыру жолдары
Нақты зерттеу деректері бойынша, ежелгі заманда емгерлер науқасқа емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйеніп, эмпириялық жолмен құрастырып, қолданған. Ғылым дамыған кезде емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, тағы да басқа ғылым жетістіктеріне сүйеніп жасалынса, қазір емдәм былайша құрастырылады: үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам ағзасына қажетті қоректік заттектердің мөлшері есептеліп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, дертке ұшыраған ағзадағы заттектің алмасуын реттеуге бейімделіп.
Емдәмнің түрлері
Құрамындағы қоректік заттектердің басымдылығына байланысты: белокты емдәм, майлы немесе көмірсулы емдәм, тұзсыз емдәм және тағы да басқа түрлері.
Химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген емдәм, ықшамдалған емдәм, элимина-циялық емдәм, гипоаллергенді емдәм және тағы да басқа түрлері.
Авторының атымен: Карел емдәмі, Лейбе емдәмі және тағы да басқа түрлері.
Емдәмнің мақсаты
Жоғарыда аталған емдәм түрлерінің мақсаты қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, ағзадағы зат алмасуын реттеу. Ауру асқынғанда қызметі әлсіреген ағзаға жеңілдік жасау үшін белгілі мерзімге арнап аялауыш емдәм тағайындалады. Сондай-ақ, ағза қызметін арттыру үшін де емдәмнің берілетін кездері болады. Сырқаттың жеңіл, асқынған кезеңдеріне сәйкес әр түрлі емдәм қолданылады. Яғни, аурудың ағымына, ауырлығына тағы да басқа белгілеріне сәйкес емдәм белгіленіп, құрастырылып, беріледі.
Ай диетасы
Шығыстың, Батыстың кейбір ілімі бойынша айдың, күннің басқа да қуат көздерінің әсеріне байланысты диеталар бар. Қытайлық, тибеттік данагөйлер де негізін салған емдәмдер аз емес. Біз бүгін ай диетасы жөнінде қысқаша әңгіме қозғамақшымыз.
Айдың жаңа туған және толысқан күндері атмосфералық қысым мен судың қозғалысы өзгеріске ұшырап, ол адам ағзасына да әсер етеді. Жаңа ай туғаннан толысқан күнге дейінгі кезең - айдың жетілу мерзімі болғандықтан, бұл күндері адамдар күш-қуатын нығайтатын дәрумендік және дәрі-дәрмектік түрлі ем-домды қабылдаса, шипасы мол. Ай толысқаннан жаңа ай туғанға дейінгі уақытта адам ағзасы тазару процесіне тез бейімделеді. Бұл кезде жасару, сауықтыру шараларын жүзеге асырған дұрыс. Ай жаңа туғанда ашығудың пайдасы зор.
Ай диетасы екі жүйе бойынша жүргізіледі: ай толған күндері 24 сағат, ай жаңа туған күндері 36 сағат және әр кезеңде алты күн қатарынан диета ұстау қажет.
Ай толысқан күндердегі диетаның қысқа мерзімдік курсы (24 сағат).
Диета мерзімі ай толысардың алдында бір күн бұрын кешкі астан кейін басталып 24 сағатқа созылады. Осы тәулік ішіндегі ас мәзіріңіз тек сұйық тағамдардан құралуы керек. Атап айтқанда, жай және минералды су, жаңа сығып алынған несеп айдайтын шырындармен ғана қоректену қажет. Егер ішетін шырыныңыз көкөніс және жеміс-жидектерден әзірленсе тіпті жақсы.
Диетаны талапқа сай сақтай алсаңыз осы мерзім ішінде бір келі артық салмақтан арыласыз. Ағзаңыздың өне бойы тазарып, түрлі ісіктер жойылады.
Ай толысқан күндердегі диетаның толық курсы (6 күн).
Диетаның бұл түрі ай толысарда үш күн бұрын басталып, толысқаннан кейін екі күнге созылады (барлығы 6 күннен аспауы керек). Бірінші күні тек пісірілген және шикі көкөністермен тамақтанасыз. Келесі екі күнде және ай толысқаннан кейінгі екі күн бойы ананас пен пісірілген саңырауқұлақ қана жеп, күніге төрт рет тамақтану қажет. Пісірілген саңырауқұлаққа түрлі дәмдеуіштер немесе рафинадталған зәйтүн майын қосуға болады. Ал ай толысқан күні тек сұйықтармен тамақтану керек. Ананас пен саңырауқұлақтарды үйреншікті жұмыртқа және апельсинмен ауыстыруға болады. Айтылған ақыл-кеңесті бұлжытпай орындасаңыз, бірден 3 кг артық салмақтан арыласыз.
Жаңа ай туғандағы диетаның қысқа мерзімдік курсы (36 сағат).
Ай толысардан бір күн бұрын сағат 18-де басталып, келесі күні таңғы 6-7-ге дейін жалғасады. Көкөністер сәбіз, картоп, тәтті бұрыш, үрме бұршақтан әзірленген сорпаны күніне 4-5 рет ішу керек. Көкөніс сорпасы түрлі минералдарға бай және ағзадағы сұйықтықтарды тез бөліп шығарады. Сорпаның пайдасы сол, аштықты сездірмейді. Егер сіз дәл осы кезеңде тек көкөніс сорпасымен тамақтанатын болсаңыз, ағзаңыз шайылып, 1 кг артық салмақтан арыласыз.
Сырқаттарды сауықтыру емдәмі
1. Асқазанның және ұлтабар безінің жарасы кезінде, асқазан сөлінің жоғары және қалыпты қышқылды гастритімен ауырғанда:
Тамақ суда немесе буда пісірілуге, көбінесе үгітіліп берілуге тиісті. Температурасы - 600С. Тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет. Күнделікті рацион: белок - 100 г. май - 100 г. углевод - 400-450 г. ас тұзы - 10-12 г.
Жеуге болмайды: қара бидай нанын және жаңа піскен нанның барлық түрін, ет, балық сорпасын, саңы-рауқұлақ пен күшті көкөніс қайнатпасын, щи, борщ, окрошканы. Осы диетаны ұстағанда: шырын бөлгіш күшті әсері бар, асқазанның шырыш қабығын тітіркендіретін тағамдардан, соның ішінде сорпадан, қуырған еттен тартыну қажет. Және де ақ қауданды қырыққабат, шалқан, саумалдық, пияз, шомыр, тарна жеуден сақтанған дұрыс. Қатты пісірген, қуырған жұмыртқаны да жемейді.
2. Қышқылы мен секрециясы жеткіліксіз созылмалы гастрит, созылмалы колит болса:
Тамақ суға немесе буға пісіріледі. Тамақты күніне төрт реттен аз ішпеу керек. Күндізгі рацион құрамы: белок - 100 г, май - 100 г, углевод - 400-450 г, ас тұзы - 12-15 г.
Жеуге болмайды: жаңа піскен нан, дәмденген және қабаттаған қамырдан пісірген ұн тағамдары. Сүт, саңы-рауқұлақ, бұршақ сорпасын, окрошка ішуге рұхсат етілмейді. Семіз етті, үйрек, қазды, сүрдің барлық түрлерін, басытқылық қалбырларды да татып алмайды. Балықтың семіз түрлерін, тұздалған, сүрле-нгендерін жемейді. Шикі, маринадталған, тұздалған кө-
көністерге, пияз, шомырға, шалғам, тәтті бұрыш, қияр, сарымсақ, саңырауқұлаққа да ас мәзірінде орын жоқ. Жүзім шырыны мен қауыннан да тартынған жөн. Есте болатын рационның көлемі: әдеттегідей - сұйықты қосқанда 3 келі. Еркін сұйықтың мөлшері - 1,2-1,5 литр. Күніне 5 рет тамақтанады. Ұйқыға жатарда бір стақан айран ішеді.
3. Бауыр және өт жолдарының қызметі бұзылғанында:
Тамақ көбінесе суға немесе буға пісіріліп, ұнтақталған күйінде беріледі. Тамақты күніне 4-5 рет ішеді. Күндік рацион құрамы: белок - 100 г, май - 100 г. (оның үштен бір бөлігі өсімдік майы), углевод - 400-450 г, ас тұзы - 10-12 г.
Рұқсат етілмейтін тағамдар: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сондай-ақ сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар; ми, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелке, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық қалбырларынан жасалған дәмдер, өт жолына тас байланғанда: бұларға қоса қант қайнатпа, бал және кондитер бұйымдары.
4. Қант диабеті кезінде:
Тағам құрамында углевод пен май мөлшері шектеледі. Күндік тағамның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы кесте бойынша мөлшерленеді. Тамақтану 4 реттен аз болмауға тиісті. Картоп, сәбіз, қызылша, шалқан, құрамында көміртегі көп тағы да басқа көкөністерді тамаққа тек арнайы аспаздық өңдеудеп кейін ғана қосады.
5. Семіздікпен ауырғанда:
Тамақ құрамынан углевод, май, тәбет ашатын заттарды шектейді. Тамақты кез келген кулинариялық тәсілмен тұзсыз әзірлейді. Оны аз мөлшерде күніне 4-5 рет, кейде көбірек ішеді. Күндік рацион құрамы: белок - 90-130 г, май - 60-90 г, углевод - 100-200 г, ас тұзы - 3-5 г (дайын асты тұздау үшін).
Рұқсат етілмейді: жарма, макарон тағамдары, пісі-
рілген және қуырылған бәліш-тер, қант, бал қайнатпа, жүзім, қарбыз, банан, інжір, тұздалған, сүрленген, марина-дталған, өткір және қышқыл тағамдар.
Косметикалық диета
Ертеңгі ас: 100 грамм жеміс шырыны немесе жас жидек, бір жұмыртқа (немесе сыр), бір жапырақ арық сүр мен бір жапырақ (50 грамм) қыздырған нан. Бір шыны шай немесе кофе, кофеге сүт қатып ішкен жөн.
Сәскелік тағам: Салат. Сыр немесе жұмыртқа. Бір жапырақ нан. Шамалы ғана жас немесе қалбырланған жеміс. Бір стақан шай немесе көже.
Түстік ас: Өсімдік майы құйылған салат, толыққанды бір ет тағамы. Жеміс немесе содан жасалған тағам.
Ұйықтар алдында: Бір стақан жылы сүт. Қазіргі диеталардың көбісі артық салмақтан құтылу үшін жасалынған, және де бұл диеталарға сұраныс өте жоғары. Толып кетуден аулақ болу үшін тамақтанудың 3 алтын ережесін есте сақтаған жөн:
Тамақтанудың 3 алтын ережесі:
1. Тамақты тартынып ішіңіз.
2. Тамақтың толық құндылығына назар аударыңыз.
3. Тамақтану тәртібін қатаң сақтаңыз.
Артық тамақтанбау, энергия шығынын көбейту
Артық тамақтану адам сымбатының сынын кетіреді, көріксіз қатпарлардың, қос бұғақтың пайда болуына, жастық пен сүйкімділіктің мезгілсіз жоғалуына әкеліп соқтырады.
Қант пен тәттіні шамадан тыс тұтынудан сақтану қажет. Қанттың тәуліктік мөлшері - 70-80 грамнан аспасын. Қанттың орнына бал мен қайнатпа пайдаланған (қарақат қайнатпасын) дұрыс.
Ақылға қонымды мөлшерде энергия шығынын көбейткен жөн. Сөйтіп, дене белсенділігін күшейтіңіз: Әр күнді дене шынықтырудан бастаңыз, көбірек жаяу жүріңіз. Онымен дұрыс диетаны ұштастырыңыз.
Дене салмағын күрт азайтпаңыз. Дене салмағын азайту айына 1-2 келіден аспасын.
Тамақтан белок мөлшерін азайтпаңыз. Жақсы тамақтың арқасында салмақты тез азайтуға қол жеткізуге болады. Жақсы тамақ - бұл дәмді болатын, сонымен бірге организмге барлық қажетті қоректік компоненттерді беретін тамақ.
Арықтау үшін аз тамақ ішу жеткілікті деп ойламаңыз. Егер сіз арықтауға кесімді шешім қабылдасаңыз, салауатты тамақтану стилінің принциптерімен танысуыңыз керек.
1. Күн сайын жемістер мен көкөністер жеңіз. Олар жаңа піскен, пісірілген немесе шырын түрінде болуы мүмкін. Олар дәрумендердің, минералдардың және балластық заттың тамаша көзі болып табылады.
2. Сұйықтықты, негізінде минералдық суды, шамалы қант қосылған шайды, көп су қосылған көкөніс және жеміс шырындарын көп ішіңіз.
3. Тамақты көңіл аударып ішіңіз. Асықпаңыз. Тамақты көңіл аударып ішу дұрыс тамақтануға мүмкіндік туғызады.
4. Алуан түрлі тамақ ішіңіз. "Пайдалы" немесе "зиянды тамақ" болмайды. Қалағаныңыздың барлығын, бірақ шамамен жеңіз.
5. Құрамында майы аз тамақты таңдаңыз. Майсыз етті және шұжық өнімдерін сатып алыңыз. Ас үйде зәйтүн немесе рапс майы сияқты, жоғары сапалы өсімдік майларын пайдаланыңыз.
6. Күнделікті ет қосылған түскі астардан бас тартыңыз. Егер оларды әзірлесеңіз, тек сиыр еті, бұзау еті немесе құс еті сияқты майсыз етті таңдаңыз.
7. Күн сайын дәнді өнімдерді жеңіз. Таңертеңгі асқа арналған дәмді қауыз, бүтін бидайдан пісірілген нан, макарон өнімдері. Пісіру үшін ірі тартылған бидай ұнын пайдаланыңыз.
2011 жылдың үздік диеталары
Бұл сарапшылар кеңесіне медицина саласының 22 маманы кірген. Олар - үздік емдәмшілер, кардиологтар мен эндокринологтар. Жыл сайын мамандар диеталар тізімін жасап, оларды жеті белгісіне қарай бағалайды: қысқа мерзімді салмақ тастау, ұзақ мерзімді салмақ тастау, емдәм оңайлығы, азық-түлік құрамы, диета қауіпсіздігі, диабет және жүрек-тамыр ауруларынан сақтау мүмкіндігі. Бұл рейтинг бір ғана мақсатпен: арықтаушыларға денсаулығын емес, салмағын жоғалтуға көмектесу үшін жасалады.
2011 жылы сарапшалыр кеңесі 20 диетаны таңдап алып, оларды 1-ден 5-ке дейінгі шкалада бағалаған.
Алғашқы орындар мемлекеттік институттар құрастырған жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын емдеуге арналған диеталарға берілді. Ал ең нашарлар қатарына азық-түлік пирамидасының қатты ауытқуына негізделген ақылға қонымсыз оғаш диеталар енгізілді.
1. Гипертонияны емдеудегі диеталық тәсіл (DASH)
АҚШ денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер министрлігі DASH диетасын гипертониямен ауыратын науқастардың қан қысымын төмендету мақсатында құрастырған. Бұл - құрамында көп мөлшерде жеміс, көкөніс, тұтас дәнді дақылдар мен майсыз сүт өнімдері бар кешенді диета. DASH диетасын ұстанушылар мәзіріндегі қаныққан майларды, тәттілерді, қызыл етті шектеп, тамаққа тұзды қолдануды айтарлықтай азайту қажет (күніне 2400 мг асырмай немесе 1 ас қасық). Тамақ ішу саны мен порция мөлшері сіздің энергетикалық қажеттілігіңізге байланысты.
2. Өмір салтының терапевтік өзгеруі (TLC)
Диетаны АҚШ денсаулық сақтау ұлттық институты құрастырған. Ол қандағы холестерин мөлшерін азайтып, жүрек-тамыр ауруларының даму қаупін төмендетеді. Барлығына ортақ негізгі талап - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz