Кверцетин – табиғи биофлавоноид


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кверцетин - табиғи биофлавоноид

  1. Биофлавоноидтар
  2. Кверцетин және оның табиғатта таралуы

Биофлавоноидтар (флавоноидтар) - суда (гидрофильді) және майда еритін (липофильді) табиғи фенолды қосылыстар. Құрамы оттекті гетероциклді және түсі сары, қызғылт сары, қызыл болатын қосылыстар. Молекуласында екі бензол сақинасы бар және олар С 6 3 6 үшкөміртекті фрагментпен байланысқан қосылыстар қатарына жатады. Биофлавоноидтар хроман немесе флавонның туындылары болып табылады.

Флавонның құрылымы:

Алғаш рет биофлавоноидтарға 1930 жж американдық биохимик Альберт Сент-Дьёрди зерттеулер жасап, 1937 жылы ол биологиялық тотығуды түсіндірген жұмыстары бойынша Нобель сыйлығын алды.

Флавоноидтар өсімдіктердегі метаболизмге қатысып, өсімдіктер ұлпасына түрлі түс беретін пигменттер күйінде көп таралған, мәселен антоциандар гүлдерге қызыл, көк, күлгін түс, ал флавондар, флавонолдар, аурондар, халкондар - сары және қызғылт сары түс береді.

Флавоноидтар тамақ өнеркәсібінде, атап айтқанда шай, кофе, какао және шарап жасауда флавоноидтардың тотыққан туындылары аталған өнімдерге түс, дәм беру үшін қолданылады.

  • Биофлавоноидтардың ультракүлгін сәулелерін (330-350 нм) және көрінетін жарықты (520-560 нм) сіңіру қабілеті өсімдік ұлпаларын радиациядан сақтайды;
  • Гүлдердің күлтешелеріне түс беруі жәндіктердің қажетті өсімдікті тауып, тозаңдандыруына көмектеседі;
  • Флавоноидтар өсімдіктердің патогенді саңырауқұлақтарға қарсы тұру қабілетін арттырады;
  • Жануарлар мен адам организмі флавоноидтарды синтездемейді, олар организмге тамақпен түсіп, көптеген ферменттердің активтілігін арттырады.

Кейбір өсімдіктердегі биофлавоноидтардың Р-витаминді белсенділігі болады, олар қан тамырларының морт сынғыштығын азайтады, С витаминінің қызметін күшейтеді. Қабынуға қарсы әсері бойынша түрлі жараларға, күюге қарсы және ішке қолдану арқылы асқазан және он екі елі шек жараларын жазуға, өт айдаушы және қатерлі ісікке қарсы әсер препараттар ретінде де қолданылады. Солардың ішінде көп қолданылатын, пайдасы да ұшан-теңіз - кверцетин болып табылады.

Кверцитин аллергияға, геморрагиялық диатезге, нефритке, ревматизмге қарсы, сонымен қатар қан тамырлары және көз ауруларын, инфекциялық ауруларды емдеуге де қолданылады. Осы деректерге толығырақ тоқталып, қандай қасиеті арқылы ауруларды емдейтініне көз жеткізіп көрейік.

Европада жылына 0, 5 млн т пияздың сыртқы қабығы тасталынады. Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, кейбір қалдықтарда (пияздың кепкен қоңыр қабығы, сарымсақтың сыртқы қабығы) биологиялық белсенді заттар бола алады. Біз ойланбастан қоқысқа тастай салатын пияздың сыртқы қоңыр қабатының қаншама пайдалы қасиетінің бар екеніне назар аударайық. Биоорганикалық химия институтының мәліметі бойынша, бұл өнімде организмнің антиоксиданттық қасиетін қалыптастыратын биофлавоноидтар мен басқа да қосылыстар бар екені анықталған.

Пияздың сыртқы қабығынан қайнатылған қайнатпаның құрамында жүрек жұмысын жақсартатын, иммунды реакциялардың әсерін күшейтетін заттар бар. Оған қоса, антиоксиданттық қасиеті бойынша пияз қабығының қайнатпасы көк шай мен қызыл шараптың қасиетінен бірнеше есе асып түседі. Пияз қабығы қайнатпасының тағы бір қасиеті: оның қайнатпасы организмнен натрий мен хлордың артық мөлшерін шығаруға қатысады, бұл денесінде сұйықтық тұрып қалатын науқастар үшін өте маіызды(мысалы, артериялды гипертензияда) . Профилактикалық мақстатта күніне 1 стакан қолданған жеткілікті.

Пияз бен сарымсақтың сыртқы қабығының пайдасы неде? Оның құрамында организмге қажетті, құнды қандай заттар бар? Зерттеулердің нәтижесі бойынша, пияз және сарымсақтың сыртқы қабығында, бүгінгі таңда белсенді түрде зерттеліп жатқан, антиоксиднт биофлавоноид - кверцетин бар екені анықталған. Оның мөлшері пияз қабығында 4%-ға жетуі мүмкін. Бұл рекордтық көрсеткіш десек болады. Кверцетин (3, 5, 7, 3’4’-пентаоксифлавон) рутин агликоны болып табылады. Оның химиялық формуласы -С 15 Н 10 О 7 , молярлық массасы - 302, 236 г/моль, тығыздығы -1, 799 г/см 3 , кверцетиннің сары кристалды түрі бар. Бұл флавоноидтың өте күшті антиоксиданттық әсері бар. Ол сульфигидрильді қосылыстар мен С витаминінің, глутатион мен токоферолдың реакцияға түсуіне қатысады, адреналиннің токсинді адренохромға айналмауын қадағалайды. Кверцетин бос радикалдардың бүлдіргіш қасиетіне қарсы тұрады, клетка мембранасы липидтерінің және қан сарысуының липопротеиндерінің асқын тотығуы процесін тежейді, ұлпаішілік тыныс алуды жақсартады. Бұған қоса, бұл флавоноид капиллярқорғағыштық қасиет көрсетеді, микроциркуляцияны жақсартады. Флавоноидтың тромбоцит рецепторлы аппаратына әсері арқылы тромбоксандардың белсенділігі төмендейді.

Көптеген клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер кверцетиннің биологиялық қасиетін келесі мәліметтер арқылы мойындап отыр:

  • Капиллярлардың өткізгішігінің азаюы және тамырлардың резистентілігінің артуы; спазмолитикалық эффект; ДНҚ репарациясы жүйесінің және антиоксиданттық қорғағыштықтың іске қосылуының арқасында ұлпалардың ертерек қартаюының алдын алуы.
  • Аллергиялық қабынулардың негізгі себептері - гистамин мен серотин өнімдерінің істен шығуы;
  • Миокард жұмысының жақсаруы;
  • Артериалды қысымның қалыпқа келуі;
  • Генетикалық аппаратты бүлдіретін бос оттегі радикалдарының әсерін төмендететін қасиеті.

Кверцетинді медицинада төменде көрсетілген патологиялық жағдайлар кезінде ұсынады:

  • Жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруы кезінде
  • Тыныс алу мүшелерінің ауруы кезінде;
  • Бронхолық аурулар, оның ішінде шұғыл пневмония, өкпенің ұзаққа созылған ауруы, бронхиалды астманың (инфекциялық формасы) асқынған кезеңінде;
  • Асқазан - ішек жолдары ауруларында;
  • Эндокринді аурулар кезінде;
  • Зат алмасуы бұзылған кезде;
  • Көру мүшелерінің ауруы кезінде(мысалы, катаракта) ;
  • Гипертониялық аурулар, атеросклероз, ревматизм, гематологиялық, инфекциондық және т. б. аурулар кезіндегі капиллярлардың сынғыштығы және жоғарғы өкізгіштігі; атеросклероздың асқынған түрінде( миокард инфаркты, инсульт, ретинопатия) көмекші және профилактикалық зат ретінде антикоагулянттарды қолданғанда капиллярлардың зақымдануы;

Белгілі американдық ғалым Роберт Аткинс кверцетинді табиғи антигистоминді қосылысқа санап, оны аллергияның әртүрлі түрімен ауыратын науқастарына міндетті дәрі ретінде қарастырды. Бірақ көбіне бұл қосылысты профилактикалық мақсатта жүрек - қан тамырлары аурулары кезінде қолданады. Кверцитинді жеткілікті мөлшерде қолданатын адамдардың инфаркт, инсультке шалдығуы немесе тромб түзілу ықтималдығы төмен.

Қазіргі таңда қарқынды түрде зерттеліп жатқан бұл табиғи қосылыс, алманың да құрамында кездесетін болып шықты. Пияз, сарымсақ және көк шаймен қатар алма да кверцитиннің негізгі көзі болып табылады. Күнделікті тағам рационын кверцетинді өнімдермен толықтыру - емдік тамақтану рационының бір міндетіне жатады.

Егер микроскоп арқылы пияз және сарымсақтың сырт қабығын қарайтын болсақ, кверцетиннің куб тәрізді кристалдарын көруге болады.

Медицинада құрамында кверцетині бар көптеген препараттар қолданылады, олар биологиялық белсенді қоспалар болып табылады. Ал кейбіреуін синтетикалық жолмен өндіріп, заңды түрде дәрі-дәрмек қатарына тіркеп, көбіне миокард инфарктының әсерінен жүрек жұмысы бұзылғанда қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи флаваноидтар биологиялық белсенді қосылыстар ретінде
Флаваноидтар: лютеолин, кверцетин, рутин.
Флавоноидтардың димерлік құрылымы
Витаминдердің химиялық табиғаты
Populus типті өсімдіктердің флавоноидтері
Жеміс шырындарын өңдеу қалдықтарынан алынған биоактивті қосылыстар
Мыңгүлді кермек (l. myrianthum) тамырының сапалық талдауы
Майлы қышқыл құрамын анықтау әдісі
Ксантофилдер
Жабайы Сельдерей (Apium graveolens) өсімдігінен биологиялық белсенді кешен алу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz