Кептіруге, қыздыруға және термосттаттауға арналған аппараттар


- Кіріспе
Зертханалық техника - зертханада әр түрлі зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін аспап - құралдардың, апараттар мен приборлардың, техникалық құрылғылардың жиынтығы.
Зертханалық техника қолдану аясына қарай төмендегідей жіктеледі:
- Жалпы зертханалық техника
- Арнайы зертханалық техника
Қолдану аясына байланысты жалпы зертханалық техникалар барлық және көптеген ветеринариялық - биологиялық зерттеулерге қажет және тек осы бағыттағы зерттеуге қолданылатын арнайы зертханалық техникалар.
Жалпы зерханалық техника келесі топтарға бөлінеді:
- Суды дистилляциялауға немесе деминерализациялауға арналған аппараттар
- Қыздыруға, кептіруге және термостаттауға арналған аппараттар
- Өлшеуге арналған аппараттар
- Центрифугалауға арналған аппараттар
- Анықтау және ажыратуға арналған аппараттар
- Шайқауға және араластыруға арналған аппараттар
- Зертханалық ыдысты өңдеуге арналған көмекші техникалық құрал - жабдықтар
Осы бөлімнің ішінен менің қарастыратын тақырыбым қыздыруға, кептіруге және термосттаттауға арналған аппараттар болып табылады. Бұл зертханалық аппараттар зерттеу жұмыстарында өте кең қолданылады.
2. 1. Жалпы кептіргіш аппараты және оның түрлері
Кептіргіш - материалдан ылғалды буландырып кептіретін құрылғы. Кептіргіш қатты материалдарды кептіруде кеңінен қолданылады. Оның түрлері: конвективті кептіргіш (материал қызған ауамен жанасады), түйіспелі кептіргіш (материал ыстық нәрсенің бетіне тиеді), сәулелі кептіргіш (жылу ыстық нәрсенің бетінен сәуле тарату арқылы беріледі), индукциялы кептіргіш (жылу жоғары жиілікті токтан таралады) . Кептіргіш атмосфералық қысымда не сиретілген газды ортада, вакуумда не жоғары қысымда (кептіру баяу жүруі үшін) жұмыс істей алады. Құрылымы мен техникалық сипатына орай кептіргіш әр түрлі мақсаттарға пайдаланылады. Кесек материалдарды (көмір, кентас, саз, құм, минералды тыңайтқыштар, т. б. ) кептіру үшін барабанды кептіргіш, талшықты материалдарды (жүн, мақта, т. б. ), көкөніс, жеміс - жидек, зығыр, т. б. заттар үшін таспалы кептіргіш, созылмалы (сағыз тәріздес) және сұйық заттарды (сүт) кептіруде цилиндрлі кептіргіш қолданылады.
2. 2. Зертханалық ыдыстарды кептіру әдістері
Лабораториялық жұмыстардың сапасына пайдаланылатын ыдыстардың тазалық дәрежесі үлкен әсер етеді. Жуылған ыдыстарды кептірудің екі әдісі бар: қыздыру жолымен және салқын жағдайда кептіру әдісі.
Жуылған химиялық ыдыстарды 100 - 150 -ға дейін қыздырылатын, арнайы шкафтарда кептіреді. Құрамы органикалық заттардан (мыс., пластмасса) тұратын ыдыстарды мұндай жолмен кептіруне болмайды. Оларды, көбінесе, бөлме температурасында, яғни салқын жағдайда кептіреді.
Салқын жағдайда кептіру. Жуылған ыдыстарды бөлме температурасында кептірудің бірнеше жолдары бар. Ыдыстарды жұмыс столының үстінде қалдырып кептіруге болады. Немесе, тақтай бетіне пробиркалар, колбалар және т. б. ауыздары сиятындай қазықшалар қиғаш бекітіледі. Тақтайшаны бөлме қабырғасына қағып, немесе стол үстіне қисайтып қояды да, қазықшаларға жуылған ыдыстар кигізіледі. Осылай химиялық ыдыстарды бөлме температурасында кептіруге болады. Алайда бұл әдіс тиімді емес. Себебі қазықшалардан ыдыстар былғануы мүмкін. Сондықтан оларды жауапты жұмыстар үшін пайдалануға болмайды.
Ыдыстарды кептіру үшін темір торларды да пайдалануға болады. Ол үшін темір торды су жиналатын ыдыстың үстіне төсеп, оның тесіктеріне колбаларды төңкеріп қоюға болады.
Сонымен қатар зертқаналық ыдысты арнайы тақтайшаларға бекітілген таяқтарға, торларға, температурасы 80-100 кептіргіш шкафтарда кептіреді. Зертханалық ыдысты жылдам кептіру үшін спиртпен және эфирмен немесе олардың қоспаларымен кезекпен жуу қолданылады. Өлшегіш зерханалық ыдыстарды, әсіресе пипеткалар, бюреткалар, микродозаторларды, кептіргіш шкафтарда кептіруге болмайды.
Таяқшаларда кептіру. Бұл кептіргіштің ең кең таралған әдісі. Зертханаларда арнайы тақтайшаларда бекітілген таяқшалар болуы керек, әдетте оларды ыдыс жуатын қол жуғыштың үстіне қояды. Жуылған ыдысты тақтайшаға бекітілген таяқшаға кигізеді және оларды кепкенше қыздырады. Таяқшалардың тазалығын бақылап, оларды сүртіп отыру керек, себебі дымқыл тяқшаларға шаң - тозаң және кір жылдам жұғуы мүмкін. Ыдыстың таяқшадан ластануынан сақтану үшін, оларды таза сүзгіш қағазбен орау керек, содан кейін ыдысты төңкері керек. Таяқшаларда варонканы кептірген кезде, оның соңын сүзгіш қағаздың бір бөлігімен ораған пайдалы. Ыдыстарды арнайы торларда кептірген өте ыңғайлы.
Ыдысты кептіруге арналған стол. Таяқшаларда кептірудің жетіспеушілігі ыдыстың ластануына әкеп соқтырады. Аналитикалық зертханаларда ыдыстың тазалығы маңызды орын алады. Сондықтан ыдыстарды кептіруге арналған столдарды қолданған дұрыс. Бұл - қарапайым стол, қақпағында әр түрлі диаметрмен кесілген дөңгелек қуыстары бар. Жуылған ыдысты төңкеріп диаметрі тиісті ұяшыққа немесе ұяшықтың үстіне орналастырады. Осындай жағдайда, ішкі бөлігі былғанбайды.
Ыдыстан аққан сұйықтық еденге ақпас үшін, столдың астынан біршама қашықтықта жалпақ қаңылтырдан жасалған варонка орналастырылады, оның ортасында су ағатын тесік орналасқан.
Ауамен кептіру. Жуылған ыдыстарды ауамен кептіруге болады. Егер қысылған ауаның өткізгіштері болмаса, онда электрлік ауа үрлегіштер немесе резинкалық груша қолданылады. Ауа резинкалық түтік арқылы грушаның көмегімен ұшы доғалданған шыны түтікшенің ұзындығы кептірілетін ыдыстың түбіне жететіндей және оның ұшы 10см шығып тұратындай ұзын түтікке кигізу арқылы үрлейді.
Спиртпен және эфирмен кептіру. Арнайы ыдыстардың сыртын таза сүлгімен сүртіп, алдымен таза этил спиртімен, кейін диэтил эфирімен шайқайды. Суық ауамен желдетіп эфир буын кетіреді.
Эксикаторда кептіру. Мына жағдайларда, ауадағы ластанған заттардан жуылған ыдыстарды қорғау үшін ерекше шара қолдану, ұсақ шыны ыдыстарды эксикаторда кептіру керек. Силикагелмен толтырылған, су буын жақсы сорғыш вакуумды эксикаторды қолданған жөн. Эксикаторларға күкірт қышқылын емес, суды қатты сіңіретін заттарды орналастырады.
Ыстық ауамен кептіру. Жылдам кептіру үшін ыдысты ыстық ауамен үрлеуге болады. Кейде ыдысты электрлі плитканың үстінде кептіреді. Қыздыруды абайлап жүргізген дұрыс, себебі, бірқалыпты қыздырылмаса жергілікті суықтан жарылуы мүмкін.
Кертіргіш шкафтарда кептіру. Ыдысты кептіргіш шкафта жылдам құрғатуға болады. Әдетте, кептіргіш шкафқа ыдыстарды суы кепкеннен кейін барып қояды. Кептіру 80-100 -қа дейін жүреді. Шкафтың сөресіне таза сүзгіш қағаздың бір бөлігін қойған дұрыс. Кептіргіш шкафта ыдысты құрғатқан кезде оны оңынан қоюға болмайды, себебі, ол су буының ұшқыштығын баяулатады. Кептіргіш шкафта құрғатқаннан кейін ыдысты бірден қолдануға болмайды, оған алдын - ала сууға мүмкіндік береді.
Сыртқы өлшемі,
мм
мм
С, Тмах
кВт
кг
Эксикатор - заттарды жайлап кептіруге және ауадан ылғал сіңіргіш заттарды сақтауға арналған ыдыс. Эксикатор үш бөліктен тұрады: астыңғы, конус тәрізді бөлік (оған ауадан ылғал сорғыш химиялық реактивтер салынады), оның үстіңгі бөлігі (оған зерттелетін немесе сақталатын зат салынады) және эксикатордың қақпағы. Қақағы жақсы жабылуы үшін және жеңіл жылжуы үшін эксикатордың қақпағы мен онымен жанасатын бетін вазелинмен немесе басқа да майлармен майлайды.
Эксикатордың екі түрі бар: қарапайым және вакуум - эксикатор. Соңғысының, алдыңғысынан айырмашылығы., вакуум насосына резеңке шланг арқылы жалғасатын краны болады.
Эксикаторға ыстық заттар мен ыдыстарды (мысалы, ыстық пештен шығарылған бөкстер) салған кезде оның қақпағын үстнен жабуға болмайды. Ыстық затты салған уақытта эксикатордағы ауаның көлемі ұлғайып, қақпақты итеріп, жерге түсіріп жіберуі әбден мүмкін. Сондықтан қақпақты эксикатордың ернеуінен бастап горизонталь бағытта жайлап итере отырып жабады. Қақпақты осылай горизонталь бағытта екі - үш рет жылжыта отырып жапқан дұрыс. Сонда қақпақ ыдыстың ішіндегі жылы ауаны кесе отырып эксикатордың толық жабылуын қамтамасыз етеді.
Эксикатордың қақпағын бірден жоғары көтеріп ашуға болмайды, оны ыдыстың шетіне қарай сырғыта отырып ашады. Эксикатордың ішіндегі ауа ылғалдылығын кеміту үшін әр түрлі химиялық заттар пайдаланылады.
Ылғал сіңіргіш заттардың кейбіреулеріне қысқаша сипаттама бере кетейік.
Хлорлы кальций - міндетті түрде кесек -кесек түрінде, барынша кептірілген болуы керек. Осы реактивті эксикатордың астыңғы бөлігіне оның 1/3 бөлігін алып жататындай мөлшерін салу керек.
Күкірт қышқылы (концентрлі) - эксикатордың төменгі бөлігіне құюға болатын, ауадан ылғал сорғыш заттардың бірі. Ішіне күкірт қышқылы құйылған эксикаторды бір жерден екінші жерге тасымалдау өте қауіпті. Қауіпсіздікті сақтау үшін эксикатордың ішіне құм салып, үстіне күкірт қышқылын құяды.
Ұзақ пайдаланылған күкірт қышқылының түсі қарайған кезде оны ауыстырады. Күкірт қышқылы буланатындықтан эксикатордың ішіне онымен әрекеттеспейтін заттарды ғана сақтауға болады.
Эксикаторға салуға арналған ылғал сіңіргіш реактивтер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz