Мәдениет дегеніміз не?


(«Мәдениет дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» - кала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътерінативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні - мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» дегеп мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б. э. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманның сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықnамалар берілген:
а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және. т. б. ;
б) мәдениет - адамдық өркениеттің белгілі бір саласыныц жетілу деңгейі (сөйлеу мәдеииеті, еңбек мәдениеті, кұқық мәдениеті және т. б. ) ;
в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т. б. )
Ал осы ұғымдардың ішіндегі мәдениеттану пәніне алғашқы
екі ұғымды, тікелей қатысуы екендігін аңғаруға болады. Мәдниет ұғымы тарихи қалыптасудыңі ұзақ даму жолдан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни Ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық - адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асканға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір модельденген термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей Бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарасгырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәде-ниет» ұғьмының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақикат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табыладьі сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылык» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала адамдары меп қала азаматтарын бәло-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар Гелилік эллинист. Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді Полис дегеніміз - шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады қажстті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халык, жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына жәие т. б. қатысуы мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өндеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. (. Гректср бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым аркылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие
дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель) ; б) адамзат мәдениеті үздіксіз дамып өркендей отырып, революция мен прогресі жалпы заңдарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей (әңгіме Л. Г. Морган мен Тайлордан бас-қа Маркске дейінгі мәдениет жайындағы концепциялар туралы болып отыр), мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқык. және т. б. сияқты салаларын ғана енгізген.
Болған бұл жағдайда тарих 1 пен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны ашуға болады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілстті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлыкта сөзсіз гуманистік құндылык бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде
В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді». Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терсң генеалогиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасиеттермен қатар, «адамзаттық» қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол - білім жолы болды. Г. Е. Жураковский былай деп жазды: «Көпжылдық Афины мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты - оқушыларға афин құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады» Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралып жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бәрі көне «пайдейяның» гуманитарлық қызметімсн қатар, көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мұғалім беру жүйесі белгілі бір ғаламшар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленгеи ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер «даналық табыстар» - нома (зандар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айқын пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағ-дайда көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емсс, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды.
Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалуына байланысты грек «пайдейясының» идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-бсрекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке ұқсап келді. Білім бсрудің тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ коғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің табыстары сол қалпында сақтай білді. Оргағасырлық мәдениет, дүниені бақылау және логика арқылы табиғи стихияға және он шіркеудің белгілі кайраткерлері арқылы түсіндірілетін - кітабы білімді қарама-қарсы қоюды өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай мәдениетке көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы өзіне сену касиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол кұпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөліндегі ғана. Ортағасырларда мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісті адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын мәдениеттін көне түсінігі тұйықка тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден. тіршілік ортасына басқа да дүниелердің, атап айтқанда ерекше лоззаг алар рухани дүниенің бар екендігі анықталды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл ойының тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін апара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ойдан ең жоғарғы әділеттілік әрекет екендегін сезіне білді Мәдениет тағы да адамның бұл мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сезіммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға баска рационалдылық қана емес екендігі айқылдалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдр - махаббат, үміт, сезім және т. б. жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де тезіне бастады, бірак ол өзінің дәрменсіздігіне карамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мәдениетті сынай отырып ол адам ретіндс көне заманның «тағы» адамдарын ерекше бағалаған. Бұзылған және моральдык жағынан азғындалған «өркениетті» ұлттарға Руссо патриархалдық даму сатысында өмір сүрген адамзат қоғамдарының «тазалығы» меп адамгершілік қасиеттерін қарама-қарсы қойды.
Адамзатты қоғамдық-тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі - Джанбатист Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелеріне, өмір заңдары мен ережелеріне баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идеясын алғаш рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан ксшіреді - «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры» және «адамдар ғасыры».
Ұлы неміс философы Кант (1724-1804) «ақыл-ойға» табынған. Француз ағартушылары дүниенің негізі «ақиқат», «қайырымдылық», «сұлулық» деп есептейтін идеяны қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша қарастыруға әрекет жасады. Осы орайда Канттың «мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі» деген қағидасы кеңінен таралғандығын атап өткен жөн. Болмыстың адамгершілік (моральдык) жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды айуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді басты орынға койды. Кант бұл жағдайды «келісімді императив» деп атады. Кант этикасынан негізгі заңы бойынша - адамға тек «құрал» деп карау күнә болып саналады. Дол осыған ұқсас идеяларды Спиноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар да айтқан болатын. Демек, Канттың үғьмынша, «мәдениет - табиғаттан бостандық алуына» барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы - оиың мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.
XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі - ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым - реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процссс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынандай жалпылама анықтама береді. «Мәдениет пен өркениеттен, орфографиялық мағынада- білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамныд мүілесі ретілде адамның игерген дағды-лары мен түрлі қабілетерден құралады». Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ, мәдениет- жеке адам мен бүкіл коғамды, адамның бақыты мсн болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту аркылы адамзат баласын жан~жақты жетілдіру болып табылады. Демек, Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі ретінде, дәлірек айтканда, материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады. Тайлордың ілімінде барлық заттар мен идеялар «бір-6ірінен «Туындап» жатады. Мұндай көзқарасты эволюциялық деп атау дәстүрге айналған. Оның ойынша, барлық ұлы адамдар бұрыңғы әріптестерінің шығармашылық дәстүрін жетілдіріп, соған сүйеніп отырады. (Тайлордың басты жаңалықтарының бірі - мәдениет атауларының бастамасы, тіпті нсгізі болыл табылатын «діни шығуының анимистік теориясыи» өмірге келтіруі. Бұл теория бастапқы қандай дін болса да (Тайлор оны «кішкентай дін» деп атаған) «тағы (дикарь) философтың» жанның қабілетіне, рухтың адам денесінен бөлініп шығады деген сенімнен шықты деген тұжырымға негізделген. біздің көне замандағы ата-бабаларымыз үшін жұмбақ болған түс көру, галлюцклация, старгиялық ұйқы, өліп-тірілу және т. б. түсініксіз табиғат құбылыстары «кішкентай діннің » қалыптасуына әсерін тигізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz