Жеңіл өнеркəсіп. Жеңіл өнеркəсіпке қажетті шикізат өндіру



1. Тоқыма өнеркәсібі.
2. Мақта.мата маталарын өндіру.
3. Жүнді өңдеу.
4. Зығыр өңдеу.
5. Жібек матасын өндіру.
6. Тоқылмайтын материалдар өңдіру.
Тоқыма өнеркәсібі. Жеңіл өнеркәсіптің ең маңызды саласы-тоқыма өнеркәсібі. Тоқыма өнеркәсібіне мақта-мата, жүн, зығыр, жібек, кендір, кенеп өнімдерін өндіру жатады.
Тоқыма өнеркәсібінің шикізат қорлары алуан түрлі. Сондықтан да талшықтар табиғи және химиялық болып бөлінеді.
Табиғи талшықтар негізінен өсімдік пен малдардан алынады. Өсімдік талшықтары өсімдік целлюлозасынан жасалады, оларды өсімдіктің жемістері мен тұқымдарынан немесе сабақтары мен жапырақтарынан алады.
Өсімдік талшығының негізгі түрі мақта,оған дүние жүзіндегі мақта-мата шикізат үлесінің жартысынан астамы жатады.Себебі, алынуы арзан және сапасы жоғары. Мақтадан өте нәзік маталардан бастап, аса мықты техникалық маталарға дейін алуға болады.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жеңіл өнеркəсіп. Жеңіл өнеркəсіпке қажетті шикізат өндіру.
1. Тоқыма өнеркәсібі.
2. Мақта-мата маталарын өндіру.
3. Жүнді өңдеу.
4. Зығыр өңдеу.
5. Жібек матасын өндіру.
6. Тоқылмайтын материалдар өңдіру.

Тоқыма өнеркәсібі. Жеңіл өнеркәсіптің ең маңызды саласы-тоқыма өнеркәсібі. Тоқыма өнеркәсібіне мақта-мата, жүн, зығыр, жібек, кендір, кенеп өнімдерін өндіру жатады.
Тоқыма өнеркәсібінің шикізат қорлары алуан түрлі. Сондықтан да талшықтар табиғи және химиялық болып бөлінеді.
Табиғи талшықтар негізінен өсімдік пен малдардан алынады. Өсімдік талшықтары өсімдік целлюлозасынан жасалады, оларды өсімдіктің жемістері мен тұқымдарынан немесе сабақтары мен жапырақтарынан алады.
Өсімдік талшығының негізгі түрі мақта,оған дүние жүзіндегі мақта-мата шикізат үлесінің жартысынан астамы жатады.Себебі, алынуы арзан және сапасы жоғары. Мақтадан өте нәзік маталардан бастап, аса мықты техникалық маталарға дейін алуға болады.
Мата талшығының ұзын ,қысқалығына қарай төмендегі топтарға бөлінеді
1.Қысқа талшықты20 мм ден аз.
2. Орташа талшықты20-30 мм
3.Ұзын талшықты30 мм ден астам
Сабақты және жапырақты талшықтардың алынуын техникалық дақылдар құрайды. Олардың ішіндегі маңыздысы зығыр, конопля, джут кенаф, канатник, рами және басқалар.
Осы талшықтардың өзі нәзік және қатты сабақты талшықтар болып болінеді. Нәзік талшықтарға зығыр, рами, ал қалғандары қатты талшықты өсімдіктер. Олардан брезент, қапшық, мықты жіп-шпагат т.б. заттар жасалады.
Үй малдарынан алынатын органикалық талшықтар түрі онша көп емес. Оларға жататын мал жүндерінен алынатын мата мен жәндік бездерінен бөлінетін жібек. Тоқыма өнеркәсібінде қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың жүндері пайдаланылады. Оның ішінде ең көбі 95%-ға дейін қой жүні, 2-3% ешкі жүні, 1-2% түйе жүні.
Жүн талшығының қалыңдығына қарай биязы, жартылай биязы, жартылай қылшық және қылшық жүнді болып бөлінеді.
Мақта-мата маталарын өндіру. Мақтадан дайын маталар алу өте күрделі және бірнеше технологиялық процестерден тұрады. Оған мақтаны тазалау, иіру, тоқу және дайын маталарды өңдеу процестері жатады.
Мақта тазалау. Мақта тазалау заводтарда жүргізіледі. Мақтаны тазалау процесі мақта-мата өндірісінің алғашқы сатысы болғанымен, олар мақта-мата өндірісінен қашық емес, негізгі мақталы аудандарда орналасады. Мақта плантацияларынан жиналған мақта-қозасында-қауашағында талшықпен бірге мақта дәні, мақта қабыршықтары, жапырақтары, сабақтары және басқа да қоқыстар болады.
Мақта қозасын тазартқанда салмағы жағынан 35-40% мақта талшығы, 50-60% мақта дәні, одан басқа 3-5% мамық және 2% жуық әр түрлі қоспалар алады. 25-30 мың гектар жерден жиналған мақтаны бір завод тазалай алады. Колхоздар мен совхоздардың егіс далаларынан мақта қабылдау орындарына жиналған соң, ол мақта тазалау заводтарына жіберіледі. Онда мақта ашық қозысы бірнеше машиналардан өткізіледі, онда ол алдымен қоқыстардан тазартылады, дәнінен бөлінеді.т.с.с. Тазартылған талшықты нығыздайды да, салмағын 150-250 кг-дық бума етіп байлайды. Теңдей буылған мақта бумалары жіп иіру немесе мақта-мата комбинаттарына жіберіледі. Мақта дәнінен көбінесе май алу зауыттарында мақта майын алады. Мақта дәнінен алатын мамықтарды тоқыма және химия өнеркәсібінің шикізаты ретінде пайдаланады.
Мақта-мата өнеркәсібінің жаңа өндіріс орындары қазіргі кезде негізінен комбинаттар түрінде салынады, онда бір өндіріс орнына шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнімдер алуға дейінгі өндірістік циклдар біріктірілген.
Иіру. Бұл өндірістің мақсаты талшықты иіріп, жіпке айналдыру. Қазіргі заманның иіру фабрикалары жоғарғы өнімді машиналармен жабдықталған.
Олар аса жоғарғы үлкен жылдамдықпен иіру жұмыстарын атқарады. Мысалы, иіру машиналарының ұршықтары минутына 12-13 мың айналыс жасайды. Қазіргі иіру өндірісінде еңбек өнімділігі өте жоғары. Иіру фабрикалары мен цехтарда бумалардағы нығыздалып буылған мақталар босатылып, қопсытылады. Осыдан кейін мақта талшықтары бір-бірімен нашар жабысқан және ретсіз жатқан қабатқа-холстқа немесе жартылай фабрикаттың алғашқы формасына айналады. Оны рулон ретінде металдан жасалған өзектерге орайды.
Холсты әр түрлі тарақтары бар тарау машинасынан өткізеді.Тарақ қызметін жиі орналасқан жіңішке болаттан жасалған инелері бар- полотно атқарады. Холст инелі полотнодан өтіп таралады, мақта талшықтары жеке-жеке талшықтарға бөлінеді де бір бағытта жатады. Инелерде мамық және кейбір қоқыстар қалады.Тарақ машинасынан шыққан мақта келесі машинаға түсіп созылады, иіргіш машина - ровница арқылы иіріледі. Содан соң цилиндрге оратылып, тоқылатын дайын жіп болып шығады.
Тоқу. Қазіргі кезеңнің тоқу өндірісі тез істейтін автоматтық тоқу станоктарымен жабдықталған. Иіру фабрикасына келген жіп тоқу станоктарына жіберудің алдында тағы да қоқыстардан тазартылады, бетінің мықты,тегіс болуы үшін крахмалды клеистермен желімделеді. Әрқайсысының ұзындығы 2000 метрлік, 2000 шақты дайындалған жіп білікке-навойға оратылады, тоқу үрдісінде бұл жіп ұзын қалпында жатады, ал көлденең бағытта қолданылатын жіпті-утка жібі деп атайды. Утка жібі қайыққа оратылады. Осы негізгі навойдағы станоктың ұзына бойымен созылып жатқан жіп, мата болып тоқылуы үшін белгілі ретпен көтеріліп,түсіріліп отыруы қажет. Бұл процесс жіптің орта бөлігіне орнатылған болат пернелері бар тік ремиз деп аталатын құрал арқылы жүргізіледі. Осы ремиздің көздеріне негізгі жіптер жоғарғы, төмен болып, екі қатар өткізіледі. Ремиз қозғалғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы
Өндірістің экономикалық тиімділігіне əсер ететін факторлар
Америка Құрама Штаттары туралы мәлімет
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі туралы
Қазақстан екінші дүниежүзілік жəне ұлы отан соғысы жылдарында
Алматы облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламасы
Жылуизоляциялық материалдар, жіктелуі және қолданысы
Жаһандану жағдайында агроөнеркəсіптік кешенін дамытудың экономикалық рөлі
Қазақстанның өнеркәсіптің дамуы
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері
Пәндер