Өсімдік шаруашылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1. Жерді өңдеу шаралары

Өсімдік өсіп, өну үшін су, қорек, ауа, жарық, жылу қажет.

Құрғақ аймақта қар тоқтату, суару, топырақ ылғалдылығын уақытында

дұрыс пайдаланудың құрғақ жерде өсетін өсімдіктер үшін маңызды шара.

Күн өсімдіктің химиялық құрамына әсер етіп, өсуіне үлкен көмек жасайды.

Жылу өсімдіктің өсуіне, органикалық құрамының жақсаруына мүмкіндік тудырады.

Ауа өсімдікті оттегі, азот, көмірқышқылымен қамтамасыз етеді, нәтижесінде ондағы органикалық заттар синтезделеді.

Арам шөптер, онымен күресу Басқа шөптердің өсуіне зиян келтіре отырып, өсетін жабайы шөптерді-арам шөптер деп атайды. Олардың тамыры терең, және көпжылдық болып келеді. Кейбір арам шөптердің ұрықтары аллергия ауруын тудырады, мысалы жусан, тимофеевка т. б.

Қоректенуіне қарай арам шөптер паразитті, паразитті емес болып бөлінеді. Паразитті шөптің жасыл жапырағы болмайды, оған сары болып жердегі шөптерге оралып жататын шөпті (повеликаны) жатқызуға болады. Паразит емес арам шөптерге кәдімгі тары, тауық тарысы, көк василек, шырмауық т. б. шөптер жатады.

Арам шөпті құрту үшін төмендегідей кешенді жұмыстар жүргізіледі:

1) . Себілетін тұқымды мұқият тазалау.

2) . Тұқымға берілетін тыңайтқышта арам шөп тұқымын болдырмау.

3) . Егістік жердің жан -жағындағы арам шөпті құрту.

4) . Тұқымды себетін, жинайтын машиналардың тазалығын сақтау.

5) . Арам шөп шыққан жағдайда химикат қолдану.

6) . Топырақты жырту, қопсыту, тырмалау сияқты түрлі жолдармен өңдеу.

7) . Егілетін егістікті ауыстырып отыру.

8) . Арам шөпті биологиялық жолдармен құрту. Арам шөп жейтін насеком, балық, моллюска сияқты жәндіктерді жіберу арқылы.

Топырақты өңдеу жүйесі

Топырақ өңдеудегі мақсат- топырақтағы ылғалдылықты және топырақ құрамын сақтау. Ол үшін түрлі технологиялық процестер жүргізіледі. Оған топырақты қопсыту, үгу, аудару, араластыру, тегістеу, тығыздау жатады. Бұлардың барлығы төмендегі көрсетілетін машиналармен жүргізіледі.

Соқа арқылы жер жыртылады-20-32 см. тереңдікте.

Дискілі машинвмен (лущельник) - топырақты аударуқопсыту жұмыстары жүргізіледі. Дискілі машинамен (лущильник) 12-14 см. тереңдікте аудару, қопсыту жұмыстары жүргізіледі,

Культиватормен -культивация жұмыстары жүргізіліп, арам шөптер қырқылады.

Тырмаменн -егістік егілгеннен кейін топырақ беті тырмаланады.

Тегістегіш құралмен(катки) тегістеледі.

Топырақты өңдеу жер бедеріне, топыраққа, климатқа, техникалық құралдардың бар, жоғына байланысты болып келеді. Топырақты күздік және жаздық дақылдарды егу алдында өңдеп, жөндейді.

Дақылдарды егетін жерді өңдеу жолдары

Жаздық (бидайды) дақылды егу дайындығы күзде және көктемде жүргізіледі. Күзде жыртып, топырақты қопсыту арқылы араларына жауын-шашынның жақсы кіріп, сіңуіне мүмкіндік тудырылады. Бұл жерді соқамен жырту арқылы жүргізіледі.

Көктемде алдымен топырақ беті тырмамен тырмаланады, кейін культиватормен қопсыту жұмысы жүргізіледі. Кешірек егілетін жүгері, қонақ жүгері сияқты т. б. дақылдар үшін культивация екі рет жүргізіледі, біреуі күзде, екіншісі дақылды егу алдында.

Күздік дақылды егу көбінесе оңтүстік аймақта жүргізіледі. Күздік дақылды егуге дайындық жүйесі жартылай пар жүргізу деп аталады. Пар дегеніміз күздік егістікті егу үшін даланы ұзақ уақыт дайындау. Жартылай пар-жаздық егістікті жинап алған шілде айының басы мен күздік егіс егілетін қыркүйек айының екінші жартысының аралығындағы 2, 5-3 айға созылады. Пар кезінде топырақты жаңбырдан соң соқамен терең етіп қазады. Арам шөпті құрту мақсатында бірнеше рет культивация жүргізіледі, тыңайтқыш беріледі.

Құрғақ күз болса, егістікті екпес бұрын жерді терең етіп жыртпай, 8-12 см. -лік тереңдікті қамтитын корпусты лущильник-дискілі машина қолданылады. Ал ылғалды күзде жерді өңдеу үшін аралас типті агрегаттар қолданылады.

Тыңайтқыштарды қолдану

Жерді химияландыру-ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алудың маңызды жолы болып табылады. Жалпы өсімдік топырақтан алпыс шақты түрлі элементерді қабылдайды екен. Оның ішінде көбірек кездесетіндері азот, фосфор, күкірт, калий, магний, темір. Бұл аталғандар макроэлементтер деп аталады. Өсімдік дұрыс өсу үшін тағы оның құрамына марганец, бор, мыс, мырыш, молибден, кобальт қажет деп саналады. Бұл элементтер микроэлементтерге жатады. Сонымен қатар өте аз көлемде кездесетін цезий, рубидий сияқты басқа да элементтер ультрамикроэлементтер деп аталады. Бұл элементердің барлығы әрқашан өсімдікте бола бермейді, ал өсімдік дұрыс өсу үшін бұлардың барлығы қажет.

Осы элементтердің енді бар, жоғын анықтап, олармен өсімдікті қамтамасыз ету жұмысымен агрохимиялық лабораториялар айналысады.

Егістікті екпес бұрын олар топырақтың құрамын анықтап, картасын жасап, қай жерге азот, фосфор, калий т. б. тыңайтқыштар қажет екендігін белгілейді.

Барлық тыңайтқыш әсер етуіне қарай тура және жанамалы болып бөлінеді.

Тура әсер ететін тыңайтқыш өсімдікке бірден беріледі, ал жанама тыңайтқыш топыраққа әсер ету арқылы жүргізіледі. Демек, ол топырақтағы элементтермен әрекеттесіп барып, өсімдіктің өсуіне жанама түрде әсер ету мақсатымен себіледі. Бұған әктасты тыңайтқыш, гипсті тыңайтқыш, бактериялы тыңайтқыштар жатады.

Химиялық құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық және минералды болып бөлінеді. Органикалық тыңайтқыштың құрамына енетін негізгі қоректік элементтер азот, фосфор, калийден тұрады. Бұлар өсімдіктің сіңіру, өсу қабілетін жақсартады. Органикалық тыңайтқыштарға -қи, шымтезек, т. б. жатады.

Минералды тыңайтқыштар екі топқа бөлінеді. Қарапайым және кешенді болып. Қарапайым тыңайтқыштың құрамы бір ғана элементтен тұрады. Кешенді тыңайтқыш екі немесе үш элементтен тұрады. Сондықтан оларды күрделі кешенді немесе аралас тыңайтқыштар деп атайды. Олардың құрамында-аммофос, диаммофос, фосфор, азот т. б. элементтер болады.

Зауыттарда жасалған осындай тыңайтқыштың әрбір түйірінде бірнеше элемент болады.

Топырақты әктеу(известеу) .

Жалпы қышқыл топырақ көп жерде кездеседі. Топырақтың жоғары қышқылдығы өсімдіктің дұрыс қоректенуін қиындатады. Сондықтан да топырақты әктейді. Ол үшін әкті немесе доломитті ұнды, сөнген әкті туфты, мергельді, борды қолданады. 1-га жерге шамамен бұлардың бір тоннаға дейінгі мөлшері топырақ қышқылдығының аз, көптігіне байланысты беріледі. Және бұл 8-10 жылда бір рет қана жүргізіледі.

Қышқылды топырақтар негізінен шөл, шөлейт табиғат зоналарында, сортаң топырақтарда болады.

Дақылдарды ауыстырып егу егістіктен жақсы өнім алудың бірден бір жолы.

Ауыстырып егу арам шөптің шықпауына, өсімдіктің түрлі аурулармен күресе алуларына көп себін тигізеді.

Дақылдарды ауыстырып егу үшін, алдымен жердің көлемі, топырақтың құндылығы, дақылдардың түрі анықталып, жоспарланады.

Жерді мелиорациялау, суару жұмыстары.

Ауыл шаруашылығы жұмысын жақсартуда жерді- мелиорациялау маңызды рөл атқарады. Мелиорация дегеніміз-жерді толығымен жақсарту мақсатында жүргізілетін шаралар. Мәселен, ТМД аймағы өте үлкен жерді алып жатыр. Осындай үлкен аймақтағы өте ылғалды топырақты жерлер құрғатуды қажет етсе, өте құрғақ жерлер суаруды қажет етеді.

Сол сияқты аңызақ жел көп соғатын аймақтарға ағаштар отырғызып, ық жасау, су жырып кетіп жатқан аймақтарға бөгеттер жасау сияқты, көптеген жақсарту жұмыстары жүргізілуі қажет. Осындай шаралар дер кезінде жүргізілсе ғана, жерден қажет өні

Өсімдіктің жақсы өнім беруінде судың алатың орны ерекше. Кейбір жердегі өсімдіктер барлық вегетациялық даму кезеңінде суды қажет етеді. Сондай жағдайда, ол қолдан суарылады. Суару жүйесі басты канал, бөлгіш канал, уақытша суаруды реттейтін арықтар, жыралар болып келеді.

Суарудың тағы бір жолы-өзі жиналған еріген суды белгілібір жүйемен, кейде насосты станциялар арқылы жіберу.

Жалпы су алдымен негізгі-магистральды каналдан бөлгіш каналға түседі, одан жаңбыр тәрізді етіп суаратын машинамен суарылады, не егістікке бірден ағызып жіберіледі. Жаңбырлы машинаға су жоғарғы қысым берілген су құбыры арқылы келеді. Жаңбырлы машина бірнеше жерге қойылады. Ол бидай, жүгері, жеміс ағаштарын суаруға қолайлы.

Үнемі суаруды қажет ететін өсімдікті суарудың үш түрлі жолы бар:

а) түрлі арық, каналдар арқылы;

ә) жаңбырлы машина арқылы;

б) топырақ астына құбырлар қою арқылы.

Ал бір ретті қана суаруды қажет ететін өсімдіктер өзеннің суымен, еріген қар суымен суарылады. 1- га жерге бір рет суарғанда берілетін кумометр көлеміндегі су мөлшері- суару нормасы деп аталады. Суару нормасы әр өсімдік үшін әр түрлі. Кейде бір өсімдіктің өзі әр жерде, түрлі табиғи ландшафтыда өсуіне байланысты суды әр түрлі қажет етуі мүмкін.

Мысалы: бидайдың суару нормасы 1-га жерге 600-3000 м. куб., жүгері 2000-5000м. куб., мақта 3000-6000м. куб., болуы мүмкін.

Жерді құрғату .

ТМД аймағында батпақ және батпақты жерлер көлемі 66 млн. га. жуық. Бұндай жерлерді егістікке пайдалану үшін құрғату қажет. Батпақты құрғатудың бірнеше жолы бар:

-топырақтың бетінде болса су, оған ағып кететін канал жасайды да, жер астынан түрлі құрғататын құрал орнатады.

-егер батпақтанған жерге жақын грунт сулары болса, оның деңгейін төмендететін құрғатқыш ретінде жер асты дренажы қолданылады.

XII . 2. Егістік дақылдары.

Егістік дақылдарына жататындар:

1. Дәнді дақылдар.

2. Бұршақ тұқымдастары.

3. Техникалық дақылдар.

4. Майлы дақылдар.

5. Талшықты дақылдар.

6. Тамыр жемістілер

Дәнді дақылдар ішінде бидайдан нан алынса, жүгері, арпа, сұлы сияқты тағы дақылдардан сыра, крахмал, жейтін тағам және құнды мал азықтары сияқты көптеген заттар алынады.

Барлық дәнді дақылды морфологиялық белгісі мен биологиялық қасиеттеріне қарай 4 топқа бөлуге болады :

1. Нандық -бидай, арпа, сұлы, қара бидай.

2. Тары тәрізді дақыл-тары, қонақ жүгері, жүгері, күріш.

3. Бұршақ дақылдары -бұршақ, үрме бұршақ, соя, жасымық, сиыр жоңышқа.

4. Басқа дәнді дақылдар-қарақұмық пен амарант.

Дәнді дақылдар егілу мерзіміне қарай жаздық және күздік болып бөлінеді.

Күздік дақылдардың ерекшелігі-күзде егіліп, көктемге дейін қар астында бұйығу кезеңін өткізуінде. Ол ерте көктемде өсіп шығып, , жазда, жаздың соңында жыйналады. Күздік дақылдардың бірі бидай . Бидай орташа суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа әлдеқайда төзімді дақыл.

Бидайдың 22-түрі бар, ең көп тарағаны қатты және жұмсақ бидай.

Құрамында 11-24%-дейін жоғары сапалы белок, 14% дейін протеины, 28% дейін клейковинасы бар бидай жақсы бидай болып есептелінеді, бағасы да жоғары болады.

Дәнді дақылдар .

Қатты бидай таралуына, яғни егілетін көлеміне қарай 2-ші орында. Қатты бидайдың құрамындағы белок 26%-ке жетеді. Бұндай бидайдың жаздық,

күздік сорттары бар. Қатты бидай кеспе, кондитерлік тағамдар жасауға сапалы болып табылады. Қатты бидайдың бағасы да жұмсақ бидайдан қымбат.

Күздік бидай Украина, Солтүстік Кавказ, Ресей, Қазақстан, Молдавия, Орта Азия жерлерінде өсіріледі. Күздік бидайдың ең жақсысына сабағы қысқа, құламайтын, мықты және өнімді түрлері жатады: олар-Безостая 1, Аврора, Кавказ, т. б.

Күздік қара бидай. жейтін тамақ және малға азық ретінде қолданылады.

Оның Вятка 2, Харьковская 194, Саратовская 4, т. б. түрлері бар.

Күздік арпа -тамақ, малға беретін азық және техникалық дақыл ретінде көп қолданылады. Күздік арпадан-перловка, арпа жармасы алынады, сыра жасалады. Арпаның көпқатарлы, екі қатарлы, аралық деп бөлінетін 3 түрі бар.

Арпаның түрлері-Черниговская 5, Гиагинский 395, Киргизский 247, т. б.

Жаздық дақылдардың ерекшелігі- көктемде егіліп, күзде жыйналады.

Жаздық дақылдарға жататын бидай, арпа, сұлы, тары т. б. Қазақстандағы дәнді дақылдар егістігінің көп бөлігін жаздық бидай құрайды.

Жаздық жұмсақ бидай түрлері: Саратовская 29, Казахстанская 126 т. б.

Жаздық қатты бидайдың кең тарағаны-Мелянопус 26, Краснодарская 362, Харьковская 46 т. б.

Жаздық арпа бидай мен сұлыға қарағанда әлдеқайда тез піседі және ол суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді. Арпаның сыра алатын түрлері-Альза, Нутанс 58, Донецкий 4, т. б.

Сұлы- жылқы, т. б. малдарға жем ретінде беріледі. Сонымен қатар сұлыдан ұн, жарма, жапырақша (хлопья) т. б. алады. Сұлының сабағы да жем ретінде қолданылады. Сұлы өте ылғал сүйетін өсімдік. Сұлының Артемовский 107, Краснодарский 73, т. б. түрлері бар.

Жүгері адамға және малға тағам ретінде, және техникалық өңдеулер арқылы шаруашылықтың басқа да салаларына пайдаланылады. Жүгері негізінен Молдавия, Украина, Орта Азия елдерінде, Солтүстік Кавказда өсіріледі.

Жүгері 1 жылдық сабағы ұзын, жылу сүйгіш өсімдік. Дәнінің құрылысына қарай 7 түрге бөлінеді:тісті, кремнилі, сынғыш, қантты, крахмалды, жарғақты, балауыз тәрізді болып. Ең маңыздысы-тісті және кремнилісі.

Жүгеріні гибридтеу арқылы жаңа түрлерін алады. Гибридтеу аналық собықтың өсіп келе жатқан сыпырғышын алып тастап, изолятор кигізіп қоюдан басталады. Кейін аталық ұрық піскен кезде, оны басқа жүгері түрінен алып келіп, сыпырғышы алынып тасталған собықтың аналығымен қосып, қайта изолятор кигізеді. Сөйтіп, нәтижесінде жүгерінің жаңа- 3 ші бір түрін алады.

Қонақ жүргері тамаққа, малға жем ретінде және техникалық мақсатта қолданылады. Көп тараған 2 түрі -кәдімгі қонақ жүгері және судан шөбі бар. Шаруашылықтағы маңызына қарай қонақ жүгері 3 топқа бөлінеді: дәнді, сыпырғышты, қантты болып.

Дәнді қонақ жүгері қысқа сабақты, тағамдық дән беретін өсімдік. Дәні ірі, жалаңаш, Ефремовское 2, Степной 5, Восход сияқты т. б. түрлері бар. Қантты қонақ жүгерінің сабағы ұзын (2-3м. ), дәні ұсақ, сабағы тәтті, шырынды болып келеді. Қантты, қызыл янтарь, т. б. сорттары бар. Сыпырғышты қонақ жүгері көп сабақты, ұзын, дәні ұсақ. Будан сыпырғыш жасалады. Сыпырғыштың т. б. сорттары бар. Қонақ жүгері Солтүстік Кавказ, Молдавия, Орта Азияда өсіріледі.

Күріш . Дүние жүзі халқының 1 млрд-тан астам халқының негізгі тамағы күріш болып саналады. Олар негізінен Үндістан, Қытай, Вьетнам, Индонезия т. б елдердің халықтары.

Күріш дәнінен ұн, күріш крахмалын, спирт алуға болады. Ал күріштің сабағы қағаз, картон өнеркәсібінің бағалы шикізаты. Күріш 1 жылдық, гүл шоғыры сыпырғыш, ұзындығы 10-30 см-лік, ылғал мен жылуды өте сүйгіш дақыл, 25-30°С-та жақсы өседі.

Вегетациялық кезеңі 105-130 күн, кең тараған сорттары-Кубань 3, Краснодар 424, Дубовский 129. Жоғары өнім беретін сорттары Алакөл мен Донской 63.

Агротехникалық шаралар. Күрішті әдетте суы көп болып тұратын жерге егеді. Ол жер суарғыш жүйемен үнемі суарылып отырады. Топырақты өндеу күрішті жыйнағаннан кейінгі жерді 25-30 см. тереңдікте жыртудан басталады. Көктемде күрішті екпес бұрын жер тағы жақсылап жыртылып, культиватормен аударылып, т опырақ үгітіледі, ұсақталады. Күріш егілген соң, топырақ беті тегістеледі. Күрішке минералды тыңайтқыштар екі рет беріледі, 3/2 бөлігі екпес бұрын, 3/1 бөлігі егілген соң. Берілетін негізінен азот, фосфор, калий, тыңайтқыштары.

Күріш топырақтың 10см-лік тереңдігі 10, 14°С- қа жылығанда, сәуір айының соңы, мамырдың басында, 1-га. жерге 210-230 кг. шамасында егіледі. 1, 5-2 см. тереңдікке, сепкіш арқылы күріш егілгеннен кейін, беті 10-12 см. қалыңдықта сумен толтырылады. 4-5 тәуліктен соң, күрішке су сіңген кезде, оған дем алатын оттегі беру үшін су беру тоқтатылады.

Кейін күріштің басы қылтиып шыққан кезде, оны қайтадан сумен толтырады. Күріш өскен сайын су деңгейі 12-25 см-ге дейін өсіріліп отырады. Бірнеше сабақ өскен кезде дәні өсіп шығу үшін су деңгейі 5-6 см. -ге төмен түсіріледі. Бір аптадан соң, қайта су деңгейі 15-17см. -ге көтеріліп, күріштің балауыз қалпы піскенге дейін сақталады. Соңында су жіберу тоқтатылады, сөйтіп су сіңіп біткенше күріш те піседі.

Бұршақты дақылдарға - бұршақ, соя, фасоль, бобы т. б. жатады. Бұлар тамаққа және кейбірі малға жем ретінде пайдаланылады.

Соя техникалық маңызы зор дақыл, себебі құрамында 20-40%-ке дейін белок және май көп болады. Сондықтан да ол белок пен май алу үшін өсіріледі.

Тағы бір маңызды дақыл -бұршақ. Бұршақ Украина, Поволжье, Орал, Сібір, Орта Азия, Закавказье жерлерінде өсіріледі. 1-га жерден орташа есеппен 16, 0 ц. алынады. Романовский 77, Московский 559 т. б. сорттары бар.

Бұршақты 6-8 см тереңдікке, қатар арасы 15-30 см. етіп егеді. Егілген соң екі рет тырмамен тырмаланады. Екінші рет тырмалау өскіндері қылтиып, 3-4 жапырағы шыққан соң жүргізіледі.

Арам шөпке қарсы гербицидті тұқым себілсімен қолданады. Жинау шалғысы бар машина арқылы жүргізіледі.

Техникалық дақылдар .

Техникалық дақылдарға -қант қызылшасы, күнбағыс, тоқылатын мақта, кендір, зығыр, т. б. жатады.

Қант қызылшасында 17-24% қант, органикалық қышқылдар, витаминдер-С1, В1, В2 болады. Қызылша қалдығынан спирт, глицерин, пектинді желім, ашытқы, т. б. алады. Қызылша негізінен Украина, Ресей, Молдавия, Қазақстан жерлерінде өсіріледі. Сорттары Рамонская 23, Кубанский 9, Киргизский 18 т.

Агротехникалық шаралар. Қант қызылшасын әдетте күздік егістіктен кейін, немесе жаздық бидай, жүгеріден кейін еккен дұрыс. Екпес бұрын жердің терендігі 30-32 см болып жыртылып, топырақ дискілі машина- лущильникпен аударып, араластырылады.

Қызылша төрт бұрышты-ұялы (квадратно-гнездовой) тәсілмен терендігі 3-5 см., ара қашықтығы 45-60см. Етіліп, сепкіш машинамен егіледі. Кейін беті тегістеліп, тырмаланады. Бірінші жапырақтары шыққан сол торлы тырмамен сирету (прореживание) жүргізіледі. Екі рет сирету жасалған соң, қолмен арам шөптері оталады. Кейін арам шөпті құрту мақсатында 2-3 рет культивация жүргізеді. Содан соң түптеліп, гербицид себіледі. Қызылша СКЕМ-3, СКЕМ-3Г. маркалы комбайындармен жиналады.

Майлы дақылдар .

Майлы дақылдардың тұқымында май көп болады. Өсімдік майларын тамаққа, консервылауға, кондитерлік, нан өнімдеріне, маргаринге, сабынға, олиф, линолеум т. б. заттарға шикізат ретінде қолдануға болады.

ТМД елдерінде өсетін басты майлы дақылдар-күнбағыс, үпілмәлік (клещевина), сафлор, қыша (горчица), рапс, соя, күнжіт, зығыр, т. б.

Бұлардың ішіндегі ең негізгісі- күнбағыс . Ол негізінен Ресей мен Украинада өсіріледі. Күнбағыстың сығылғаннан кейінгі қалдықтары малға жақсы жем. Ал сабағынан қағаз және вискоза алынады, отын ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге күнбағыстың өсетін корзинкасы да малға азық. Сабағы тұздалып, нығыздалған жемшөп(силос) ретінде сақталады.

Күнбағыстың отаны Солтүстік Америка. Күнбағыс бір жылдық, тамыры 2-3 м. тереңдікке кететін өсімдік жемісі- дән.

Бұқыл одақтық ғылыми зерттеу институты шығарған сорттары көп-ВНИИМК-1646, ВНИИМК-8883, Луч, Салют, Вымпел, т. б.

Агротехникалық шаралар . Күнбағыс қатаң түрде ауыстырылып еккенді қажет етеді, және көбінесе күздік дақылдардан соң, бұршақ тұқымдастары, жүгері, картоп егілген жерлерге егеді. Бұл жерлерге берілетін тыңайтқыштың- 80% беріле отырып, күзде жер жыртылып тасталады. Көктемде 15°С жылылықта егіле береді.

Ол үшін алдымен топырақты культивациялап алып, кейін квадратты-ұялы сепкіш арқылы егеді. Қатарлар арасы 70-90 см., тереңдігі 6-8 см. етіліп, әрбір ұяға 2-3 дәннен себіледі. 1- га жерге 8-10 кг. тұқым жұмсалады. Күнбағысқа қарау өскін шықпас бұрын топырақ бетін тырмалаудан басталады. Өскін шыққан соң арам шөпті құрту мақсатында тағы тырмаланады. Дән көп түсіп кеткен жағдайда, сирету жүргізіледі.

Арам шөп қаулаған жерлерге прометрин, трефлан гербицидтерін өскін шықпай сеуіп тастайды. Күнбағысты барлық корзиналары кепкенде жинайды.

Эфир майын алу үшін кориандр, мята, тмин, анис өсімдіктерін өсіреді.

Медицина мен парфюмерияда арамат заттар алу үшін герань, лаванда өсіріледі.

Иірілетін дақылдар.

Бұған әр түрлі тұқымдасқа жататын, талшық алынатын өсімдіктер жатады.

Барлық иірілетін дақылдар үш топқа бөлінеді.

1) . Дәнінен талшық алынатын(мақта) .

2) . Сабағынан талшық алынатын(зығыр) .

3) . Жапырағынан талшық алынатын(Жаңа Зеландия зығыры, рафия, тоқыма бананы, т. б. )

Мақта . Мақта дүние жүзі бойынша жердің 35млн. гектарға жуық көлемін алып жатыр. Негізінен ол АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Египет, Қытай т. б. көптеген Африка елдерінде өсіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Өсімдік шаруашылығы-ғылыми пән
Нарық талабына сай өсімдік шаруашылығының мамандануы
Сақтандыру шарты жайлы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz