Жер бетіндегі су қоры және оның таралуы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Жоспары:
1. Жер бетіндегі су қоры және оның таралуы1 бет
2. Су қоры, оның маңызы1-2бет
3. Су қорының ластануы3 бет
4. Пайдаланылған әдебиеттер4 бет
Жер бетіндегі су қоры және оның таралуы.
Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км 3 -ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км 3 -тең, тұщы көлдердегі су- 91 мың км 3 . Жер асты тұщы суларының қоры 10, 5 млн км 3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры -3, 5 млн км 3 немесе гидросфера көлемінің 2, 53%-ін құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасы мұздықтарда жиналғанын есте ұстасақ, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі шұғыл кемиді және шамамен гидросфераның 0, 80% бөлігін құрайды.
Жер шарының әртүрлі аймақтарының сумен қамтамасыз етілу көрсеткіштері ондағы орналасқан халықтың санымен және табиғи қорларының орналасуымен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қажеттілігімен әркез санаса бермейді. Еуропа мен Азияда әлем халықтарының 77%-ы орналасқан, ал осы аумаққа жылма-жыл айналымға түсетін тұщы су қорларының тек 33%-ы ғана тиесілі. Егер біз тек жылма-жыл айналымға түсетін өзен, көл және бөгендердің ғана суларын есепке алатын болсақ, онда Жер бетіндегі әрбір адамға орташа есеппен жылына 11, 6 мың м 3 су тиесілі болған болар еді.
Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.
Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Гидросферадағы су қорлары төмендегі мөлшерде бөлінген. Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі - мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өндірістері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады.
Су қоры, оның маңызы
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77, 5 %-ін су алып жатыр. Су қорларына - мұхиттар, теңіздер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% -ін, ал оттегінің 50% -ін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры - халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз, өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына жетпейді екен. Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км 3 жетті. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, 20-ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.
-1-
Мұхиттағы су гидросфераның барлық массаның 97% құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді.
Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен жасушаларының құрамына кіреді және ағзадағы өте күрделі реакциялар тек қана сумен жүре алады. Жер шарындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады.
Мұхиттардың судың бес жүз метрлік қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе, бір жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон арқылы тазарып отырады. Теңіз суындағы еріген тұздардың концентрациясы 3, 5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99, 5% - натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобольт, т. б. иондардың үлесіне тиеді. Су-әлемінің ең үлкен байлығы, бірақ біздің платенамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше классификациялауға болады.
Тұщы су: 1 г/л дейін
Тұздылау: 1-25 г/л дейін
Тұзды: 26-50 г/л дейін
Ащы: 50 г/л -ден асады
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тұщы судың дефициті байқалып отыр. Жер шарында судың әртүрлі мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 км 3 , ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км 3 алынады.
Тұщы судың жетіспеушілігі гумидт деп аталатын ылғал климатты аймақтарда байқалуда. АҚШ бірқатар штаттарында Канадада, оңтүстік Американың, Азияның, Африканың тропиктік аймақтарында су ресурстары мол болғанымен, олардың ластану салдарынан «судың жетіспеушілігі» байқалуда.
Қазір әлемде 800 - ден аса су тазартатын станциялары жұмыс істейді, олар күн сайын, 1, 7 млн м 3 тұщы су алады, оның 90 % - ін ауыз суы ретінде қолданылады. Біздің елімізде Атырау қаласы осындай суды пайданылады.
Тұщы сулар 150-200 м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын түздана береді.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 м 3 шамасындайы
-2-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz