Айырылымды дислокациялар және олардың жер бетінде көрінісі беруі



Айырылымды (дизьюнкциялық) дислокация
Айырылымдық (дизьюнкциялық) дислокациялардың геологиялық және геоморфологиялық белгілері
Айырылымды дислокациялардың геоморфологиялық белгілері
П ликативті дислокациялар
Пайдаланған әдебиеттер
Айырылымды (дизьюнкциялық) дислокация –омырылмалы деформацияға жататын тау жыныстарының өз тұтастығынан айырылуы. Бөлінген геологиялық блоктардың тектоникалық жарылым бойымен орын ауыстырып жылжуы. Блоктардың бір-бірімен үйкеленуі арқылы жылжыған жазықтықты, әдетте, жыртылу жазықтығы немесе жыртылу жігі дейді, біл жазықтық еңкіш болса, оның үстіңгі жағында орналасқан тау жыныстарының жеке блоктарын- аспалы қаптал, ал астыңғы жағындағы блоктарын жатаған қаптал деп атайды. Жырылу жігі бойымерн алшақтап кету қашықтығы ажырау амплитудасы деп аталады.
Жыртылу жігі бойымен қозғалу бағытына байланысты айырылымды құрылымдар бірнеше түрге бөлінеді (лықсу, лықсыма, шапшыма, қаусырма, ығыспа, тектоникалық бүркеме т.с.с.). Егер жыртылу жігі бойымен аспалы қанат төмен қарай ығысып ауысса, ондай жарылуды лықсу немесе лықсыма деп атайды; ал кейде керісінше, аспалы қанат жатаған қанатпен салыстырғанда жоғары қарай ығыса көтерілсе, ондай дислокацияны шапшыма дейді. Осындай, бірақ жыртылу жазықтығының еңкіштігі 45⁰-дан кем болған жағдайда қаусырма құрылым қалыптасады. Тау жыныстарының жеке блоктары тек тік бағытта ғана емес, сонымен қатар жыртылу жігінің бойымен жазық бағытта да орын ауыстырады. Мұндай қозғалыстарды ығыспа деп атайды.
1.Н.Сейітов Геология негіздері, Алматы 2000
2.С.А.Құсайынов Жалпы геоморфология, Алматы «Қазақ университеті»
2006.
3. С.А.Құсайынов Неотектоника, Алматы «Қазақ университеті» 2011

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Айырылымды дислокациялар және олардың жер бетінде көрінісі беруі
Айырылымды (дизьюнкциялық) дислокация - омырылмалы деформацияға жататын тау жыныстарының өз тұтастығынан айырылуы. Бөлінген геологиялық блоктардың тектоникалық жарылым бойымен орын ауыстырып жылжуы. Блоктардың бір-бірімен үйкеленуі арқылы жылжыған жазықтықты, әдетте, жыртылу жазықтығы немесе жыртылу жігі дейді, біл жазықтық еңкіш болса, оның үстіңгі жағында орналасқан тау жыныстарының жеке блоктарын- аспалы қаптал, ал астыңғы жағындағы блоктарын жатаған қаптал деп атайды. Жырылу жігі бойымерн алшақтап кету қашықтығы ажырау амплитудасы деп аталады.
Жыртылу жігі бойымен қозғалу бағытына байланысты айырылымды құрылымдар бірнеше түрге бөлінеді (лықсу, лықсыма, шапшыма, қаусырма, ығыспа, тектоникалық бүркеме т.с.с.). Егер жыртылу жігі бойымен аспалы қанат төмен қарай ығысып ауысса, ондай жарылуды лықсу немесе лықсыма деп атайды; ал кейде керісінше, аспалы қанат жатаған қанатпен салыстырғанда жоғары қарай ығыса көтерілсе, ондай дислокацияны шапшыма дейді. Осындай, бірақ жыртылу жазықтығының еңкіштігі 45⁰-дан кем болған жағдайда қаусырма құрылым қалыптасады. Тау жыныстарының жеке блоктары тек тік бағытта ғана емес, сонымен қатар жыртылу жігінің бойымен жазық бағытта да орын ауыстырады. Мұндай қозғалыстарды ығыспа деп атайды.
Дизьюнкциялық құрылымдар қатарында терең қабаттық тектоникалық жарылымдардың алатын орны ерекше. Ұзақ уақыт бойы дамып жетілген жүздеген, тіпті мыңдаған километрге созылатын осы тектоникалық жарылымдар сол аймақтың геологиялық тұрғысын ерекшелейді. Олардың тереңдігі кей жерлерде жер қыртысын жара отырып, жоғары мантияға дейін жететінге ұқсайды. Ендеше мұндай тектоникалық жарылымдар-жер беті мен оның қойнауларын жалғайтын құбырлар. Бұл құбырлар магмалардың жоғары жылжуына, әр түрлі қазба байлық түрлерімен байыған ерітінділердің жер бетіне жақындай түсуіне мүмкіндік жасайды.
Бірнеше жылдар өткеннен кейін сейсмогендік кертпештер тау жыныстарының үгілу әсерінен жойылады. Ал, биіктігі бірнеше жүздеген метрлерге жеткен лықсымалы кертпештер біршама ұзақ уақытқа дейін сақталады. Кейін олар тілімделу процестеріне ұшырап алғашқы морфологиялық көрсеткіштерін жоғалтып, ғарыштың және аэрофото суреттерде ұзыннан-ұзаққа созылған аномальды жолақтар немесе линеаметтер түрінде байқалады.
Кертпештердің биіктігі белгілі дәрежеге тау жыныстары бөліктерінің тік бағыттағы жылжу мөлшерін сипаттайды. Егер бөліктер бір бағытта жылжып ауысқан болса, онда лықсу жүйесінде сатылы бедер пішіндері пайда болуы ықтимал, ал олар бір-біріне қарама-қарсы ауысқан жағдайда жақпарлы-тектоникалық немесе лықсу-тектоникалық таулы өлкелер құрылады.
Көп жағдайда тектоникалық жарылымдар жер қыртысында жалғыз-жарым болмай, топталып жаралады. Егер екі немесе бірнеше лықсудан тұратын жарылымдар жүйесі арасынан ортаңғы бөлігі төмен құлдыраса, оны опырық немесе грабен (нем.Graben) дейді. Грабендер көбінесе ұзынынан ұзақ созыла отырып, жүздеген километрге дейін созылады, алайда олардың ені ондаған километрден аспайды. Ірі-ірі грабендер әдетте суға толы ойпаңдар (мәселен Байкал және Телецк көлдері), немесе аңғарлар түрінде (Рейн аңғары) дараланады. Егер жарылымдар жүйесінің ортаңғы бөлігі өзін шектейтін қарсы жақтарға құлаған тектоникалық жарылымдар бойымен жоғары көтерілсе, онда оны орқаштау, немесе горст (нем. Horst - төбе) дейді. Осы тектоникалық құрылымдардың қатарына Рейн аңғарының айналасындағы Гарц, Шварцвальд, Вогезы горст таулары және Қытай жазығындағы Лушань тауы жатады. Әрине, барлық жағдайда үзілмелі дислокациямен байланысты тектоникалық құрылымдар жер бетінде тура, яғни қаз-қалпында қайталанбай, кейбір жағдайда олардың инверсиялық пішіндері де қалыптасуы ықтимал. Сонымен бірге, үзілмелі дислокацияларының бедер құрушы ролі жер қыртысының көп икемделген және майдаланған зонасы ретінде әр түрлі эрозиялық пішіндердің қалыптасқан және дамыған орындары болып табылады. Бұған тек қана бұзылу белдемі бойындағы тау жыныстарын жаншылып майдалануымен қатар, олардағы жербеті және жерасты суларының шоғырлануы себеп болады. Тектоникалық жарылымдар бойымен құрылған эрозиялық пішіндер сол жарылымдар бағытына сәйкес келеді және планда ортогональдық сипат алады. Тектоникалық жарылым жүйелері көл мен теңіз және құрлықтар жағалауының тура сызықты бағытын белгілеуі ықтимал, (мысалы Байкал көлінің жағасы, Сомали, Синай түбектерінің, Мадагаскар мен Тайвань аралдарының тура сызықты жағалары).
Кейбір зерттеушілер жер қыртысының көлденең бағыттағы қозғалыстарын мойындай турса да, оны асыра бағалауға болмайды деп тұжырымдайды. Демек, тіпті қаусырма және бастырма тектоникалық процестерде де көлденең бағыттағы қозғалыс элементтері бар дейді. Жоғарыда айтылып кеткендей, егер блоктардың көлденең ығысуы тектоникалық жарылым бойымен бір-біріне қарама-қарсы бағытта болса, онда мұндай дислокацияларды ығыспа (сдвиг) дейміз. Егер блоктардың горизонтал бағыттағы ығысуы тектоникалық жарылым бойынан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жылжып, алыстай берсе, онда мұндай қозғалыстарды ажырама (раздвиг) делінеді. Бірқатар зерттеушілер жер қыртысының қабаттары жайпақтау келген жыртылу жігі (жазықтығы) бетімен көлденең бағытта оңдаған, кейде тіпті жүздеген километрге жылжитын өте ірі көлденең бағыттағы пликативті дислокация болуы да мүмкін деп есептейді. Сонда мейлінше ірі жатаған қатпарлар қалыптасады. Бұл жағдайда жас тау жыныстары жазық бағытта ығысқан ежелгі дәуірдегі қатпарлы сериялы тау жыныстарын астында көміліп қалуы ықтимал. Осындай өте ірі қаусырма қатпарларды тектоникалық бүркеме немесе шарьяж дейді.
Шарьяждық дислокацияларда орнынан жылжымай қалған астынғы жатаған тау жыныстарын "автохтон" (грекше avto- өзім, chton - жер) дейді де, оны көмкерген аспалы жамылғы қанатын "аллохтон" (грекше allos - бөтен, chton - жер) дейді. Альпі тауларының құрылымын зерттеуші ғалымдар олардың құрылымында шарьяждың маңызы орасан зор деп тұжырымдайды. Жер қыртысының көлденең бағыттағы қозғалыстары лықсыма дислокациялармен шектелген грабендер түзілген кезеңінде де пайда болады. Мысалы, аса ірі грабен - рифт болып саналатын Қызыл теңіз ойпаңы қазіргі кезде кеңейе түсуде, оның екі жағы рифттің орталық ось сызығынан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жылына бірнеше миллиметрге дейін жылжып алыстайды. Жер қыртысының жазық бағыттағы ірі қозғалыстары, яғни орын ауыстырылып едәуір жерге дейін ығысуы мұхит түбінде, орта мұхиттық жоталардағы трансформдық жарылымдар деп аталатын терең тектоникалық жарылымдардың қиылысқан жерінде байқалады. Осы трансформдық жарылымдар бойындағы жазық бағыттағы ығысулар бірнеше жүздеген километрге дейін жетеді.
Айырылымдық (дизьюнкциялық) дислокациялардың геологиялық және геоморфологиялық белгілері
Айырылымдық дислокациялардың жер бетіндегі көріністері әр түрлі. Оларды геологиялық және геоморфологиялық белгілеріне қарай жіктеуге болады.
Дизьюнкциялық дислокациялардың геологиялық белгілері:
1) ұзынынан-ұзаққа созылған тау жыныстарының мейлінше майдаланған және икемделген белдемдері;
2) сырғанау айнасы (зеркало скольжения); жер қыртысы жарылып айырылған кезде блоктардың бір-біріне үйкеленуінің нәтижесінде жарық беттері айнадай жарқырап тұрады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Литосфералық тақталар тектоникасы
Жер қабығы (құрамы, қозғалыстары), бедер туралы жалпы мәліметтер
Кристалл торы
Қатпарлы деформациялардын
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
ҚАТТЫ ДЕНЕНІҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қатты денелер жайлы
Кристалл туралы түсінік
Қатты денелерде пайда болатын ақаулар
Пәндер