Әлем халқының ұдайы өсуі. Халықтың өсу заңдылықтары



І. Кіріспе
Әлем халқының ұдайы өсуі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Демографиялық саясат.
2. Мемлекетіміздің демографиялық сипаты.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Халықтың өсу заңдылықтары.
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барплық саласындағы алатын орны аса маңызды.
Халық – қоғамның негізгі өндіргіш күші және сонымен қатар жасалған барлық материалдық игіліктердің басты тұтынушысы.
Халықтың өсуі – адам ұрпағының үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін биологиялық (туу, өлу, табиғи өсу) процестер жиынтығы. Адамзаттың үздіксіз 0 мен табиғи өсудің жоғарылығымен сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі типі тән аймақтарға: Африка мен Азияның артта қалған елдері жатады. Бұл елдерде өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігімен, жұқпалы аурулардың таралуымен, санитарлық тазалықтың сақталмауымен және халық санының табиғи апаттар мен аштық салдарынан кемуімен байланысты. Өтпелі типте туу мен табиғи өсу жоғары, ал өлім-жітім төмен. Өтпелі типті елдерге: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары елдері жатады. Бұл елдерде халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруына байланысты өлім-жітім көрсеткіштері азайған, ал туу көрсеткіштері жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қазіргі типте демографиялық көрсеткіштер: туу мен табиғи өсу өте төмен, өлім-жітім де төмен деңгейде. Ұдайы өсудің қазіргі типі тән аймақтар: Еуропа елдері, Канада, АҚШ және Аустралия. /1/.
/1/. Шотанова Э.М. География (оқуық). Алматы 2011.
/2/. Ахметов Қ.Ахметов Е. Увалиев Т. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы (оқулық). Алматы 2006.
/3/. www.stat.kz.
/4/. Нүсіпова Г.Н. Халықтар географиясы (оқулық). Алматы 2011.
/5/. Әміреұлы Ызғарбек. Статистиканың жалпы теориясы (оқу құралы). Алматы 1998.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Әлем халқының ұдайы өсуі.Халықтың өсу заңдылықтары

Жоспары:
І. Кіріспе
Әлем халқының ұдайы өсуі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Демографиялық саясат.
2. Мемлекетіміздің демографиялық сипаты.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Халықтың өсу заңдылықтары.

Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам
өмірінің барплық саласындағы алатын орны аса маңызды.
Халық – қоғамның негізгі өндіргіш күші және сонымен қатар жасалған барлық
материалдық игіліктердің басты тұтынушысы.
Халықтың өсуі – адам ұрпағының үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын
қамтамасыз ететін биологиялық (туу, өлу, табиғи өсу) процестер жиынтығы.
Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу
және табиғи өсу көрсеткіштерітң жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.
Халықтың ұдайы өсуінің типтері: дәстүрлі, өтпелі және қазіргі. Дәстүрлі
тип туу, өлім-жітім мен табиғи өсудің жоғарылығымен сипатталады. Халықтың
ұдайы өсуінің дәстүрлі типі тән аймақтарға: Африка мен Азияның артта
қалған елдері жатады. Бұл елдерде өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы
халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігімен, жұқпалы аурулардың
таралуымен, санитарлық тазалықтың сақталмауымен және халық санының табиғи
апаттар мен аштық салдарынан кемуімен байланысты. Өтпелі типте туу мен
табиғи өсу жоғары, ал өлім-жітім төмен. Өтпелі типті елдерге: Латын
Америкасы, Азия, Мұхит аралдары елдері жатады. Бұл елдерде халықтың
тұрмыстық жағдайының жақсаруына байланысты өлім-жітім көрсеткіштері
азайған, ал туу көрсеткіштері жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қазіргі типте
демографиялық көрсеткіштер: туу мен табиғи өсу өте төмен, өлім-жітім де
төмен деңгейде. Ұдайы өсудің қазіргі типі тән аймақтар: Еуропа елдері,
Канада, АҚШ және Аустралия. 1.
Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына
тәуелділігімен, жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең
таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба
дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі,
адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы
нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX
ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер
шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987
жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт
өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының
ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз
қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық
санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен
байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі
тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзі
аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін
абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады.
Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы)
мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма)
жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға,
мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың
көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал
себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын
арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш,
әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің
қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен
өзгерістерге ұшырап отырған.Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа
ұзақтығы 25—30 жыл өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзі бойынша
бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан
Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең:
әйелдерде — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір
жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар алдыңғы орында болса,
Африканың мешеу елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен. 2.

Адамзаттың демографиялық тарихында шартты  түрде үлкен екі кезеңді
саралауға болады.

Аграрлық өркениет ХVII ғасырдың  екінші жартысы мен қазіргі
уақытқа дейін.
ХVII ғасырдың екінші—  1900 жыл – 1,6 млрд адам
жартысына дейін- халықтың өсімі төмен болды. —  1930 жыл – 2 млрд адам
—  1960 жыл – 3 млрд адам
—  1976 жыл – 4 млрд адам
—  1987 жыл -  5 млрд адам
—  1999 жыл – 6 млрд адам
—  2010 жыл – 6 млрд 890
млн адам
Қазіргі уақытта – 7 млрд
адам 5.

Халықтың ұдайы өсіп-өнуіне тікелей әсер ететін факторлар:
Әлеуметтік-экономикалық фактор: халықтың әл-ауқатының деңгейі, денсаулық
сақтаудың дамуы, білім және мәдени деңгей, әйелдердің қоғамдық қал-
жағдайы, дін және тағы басқа.
Табиғи-биологиялық факторға жаңа туған қыз балалар мен ұл балалар санының
және бес жасқа дейінгі балалар арасында өлім-жітімнің әр түрлі болуына
әкеп соғатын әйелдер мен еркектер ағзаларының сыртқы ортаға бейімделу
дәрежесінің түрлілігі, климаты және суық аудандарда адамдардың жастық
ерекшеліктерінің әр түрлі болуына байланысты бұл әйелдердің фертильдік
жасының бірдей болмауы; өлім-жітімге әсер ететін аурулар (батпақты жердегі
безгек, тропиктегі ұйқы ауруы, эпидемиялар т.б.).
Демографиялық факторлар: жыныстық және жастық құрамы, құрылымдары, неке
құру, ажырасу. Мысалы, халықтың жалпы санында ересек адамдардың көбеюі
(халықтың қартаюы) бала туу көрсеткіштерінің азаюына әкеп соғады.
Бұл факторлардың бала туу мен өлім-жітімге әсерлері қарама-қарсы болып
келеді. Бұл факторлардың өзі тура қарама-қарсы бағыттарда әрекет жасайды.
Мысал келтіретін болсақ, халықтың материалдық жағдайының жақсаруы, бірінші
жағынан - өлім-жітімнің, әсіресе балалар өлім-жітімінің азаюына әкелсе,
екінші жағынан - өмір сүрудің орташа ұзақтығының артуына, халықтың
қартаюына әкеліп соғады да, нәтижесінде өлім-жітім қөрсеткішінің ұлғаюын
туғызады.

Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші
типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі немесе
кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған елдерге тән. Онда халықтың
тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу көрсеткіштері
төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде келесі ұрпақтың
санының алдыңғысына қарағанда көп болкы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи
өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары деңгейлі
көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс Азия, Латын
Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады.

Елдер ең алдымен халық саны бойынша айырмашылық жасайды.Жалпы халық
санының өсуі өзіндік қоғамдық-тарихи және аумақтық ерекшеліктер тән
күрделі құбылыстар мен процестердің әрекетіне байланысты болады. Ғалымдар
дүние жүзіндегі халық санының өсуіне тән маңызды факторлар ретінде табиғи
(биологиялық), әлеуметтік-экономикалық (қоғамның шаруашылық дамуы,
халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер), саяси (мемлекеттің демографиялық
саясаты), діни (діннің демографиялық жағдайға әсері), медициналық
(денсаулық сақтаудың даму деңгейі), экологиялық (адамды қоршаған ортаның
жай-күйі), гуманитарлық (халықтың өміп сүру деңгейі мен саласы)
факторларды айтады.
Қазіргі дүниеде халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп
қарайды,халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан,Монако,Сан-Марино т.б.
жатады.

ХХІ ғасырдың басында дүние жүзі халқы санының өсуі оның ұдайы өсц
ерекшеліктерімен (яғни табиғи қозғалыспен) анықталады. Ғалымдардың
есептеуві бойынша, шамамен адамзат тарихында Жер шарында 100 млрд адам
өмір сүрген,бұл орташа есеппен алғанда 20 мың ұрпақ алмасуы жүрді деген
сөз.
Population Reverence Bureau деректері бойынша,2010 жылы ортасында дүние
жүзі халқының саны 6млрд 892млн адам болды, халықтың орташа тығыздығы 1
шаршы километрге 51 адамнан келді.Дәл осы жылы туудың дүние жүзі бойынша
орташа көрсеткіші 20% болды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 11%, дамушы
елдерде 22% дейін төмендеп қалды. Қазақстан Республикасында бұл көрсеткіш
22,5% жетті.
Өлім көрсеткіштері халықтың тұрмыс деңгейі мен оның сапасына
(тамақтану,денсаулық сақтау) тікелей байланысты болады,жанама түрде
халықтың жас құрылымы (егде адамдар саны артқан сайын өлім-жітім деңгейі
жоғары болады) әсер етеді. Дүние жүзі бойынша өлім деңгейі 8% құрайды және
елдердің топтары бойынша туу көрсеткіші сияқты үлкен айырма жасамайды
(дамыған елдерде 8% ,дамушы елдерде - 10%).Жекелеген елдерде үлкен
алшақтықтар байқалады:3-5%-ден 20-30% дейін. Қазақстан Республикасында бұл
көрсеткіш 9% болды.
Өміршеңдік индексі, тұрақты халықтың үлгілері мен жалпы туу коэффициентіне
негізделетін орнын толтыру көрсеткіштері ең қарапайым Халықтың ұдайы өсіп-
өну коэффициенті болып табылады.[2]
➢ халықтың табиғи өсімі – туу санының өлім санынан басымдылығы,
яғни белгілі бір уақыт кезеңінде туылғандар саны мен қайтыс
болғандар санының айырымы. Халық саны өсуі қарқындылығының
жалпы сипаттамасы болып табылады, әдетте жылына 1000 адамға
халықтың табиғи өсімі коэффициентімен өлшенеді.
➢ халықтың табиғи кемуі – өлім санының туу санынан басымдылығы
салдарынан халық санының азаюы;
➢ халық санағы халықтың жыныс-жас құрамын және оның аумақтық
орналасуын анықтайды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік-
демографиялық сипаттамалары туралы мәліметтердің көзі болып
табылады. Санақтар арасындағы кезеңде халықтың жыныс-жас саны
соңғы санақтың және ағымдағы есептің деректері негізінде
есептеледі;

Өмір жасының ұзақтығының артуы дүние жүзі халқының құрылымында егде
жастағы адамдар үлесінің ұдайы артуына алып келеді. Дүние жүзі бойынша
қарт адамдар үлесі 2010 жылдың орта шенінде 8%-ды құрады.
Қазіргі кезде әр түрлі елдер халқының жастық құрылымында қарама-қайшы
құбылыстар байқалуда.Әр елдегі тұрғын халықтың жас құрылымы жалпы дамуға
ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады. Іріліндірілген жас құрылымы
топтары 14 жасқа дейінгілерді,15-21, 22-35, 35-60 және 60 жастан
асқандарды қамтиды.
Дамыған елдерде жасы 60 асқандар, яғни егде адамдар үлесі артуда
(16%):халық қартайып барады. Көптеген дамушы елдерде туу жоғары
болғандықтан,халықтың жасаруы байқалуда. Бұл екі қарама қайшы топтар
арасында елдердің аралық тобы тұр,оларда егде адамдар мен балалар үлесі
тепе-тең. Еуропаның әрбір бесінші тұрғыны 60 жастан асқан,болжам
бойынша,осы тенденция сақталса, 2030 жылы әрбір үшінші Еуропалық егде адам
болады.
Қазіргі дүниеде жас: Жер шары тұрғындарының жартысынан астамын 25 жасқа
дейінгілер құрайды. Балалар мен жастар үлесі әдетте дамушы елдерде жоғары,
дамыған елдерде төмен.
Елдердегі осы айырмашылықтарды талдау негізінде халықтың жастық
құрылымының үш негізгі типін ажыратуға болады. Бірінші типті ілгерілеуші
құрылым деуге болады.Оған балалар үлесінің жоғары болуы тән. Екінші тип
тұрақты,онда кәрі мен жастық үлестері теңдескен. Үшінші типке егде
жастағылардың үлесінің жоғары болуы тән,оны кері кетуші тип деп атайды.

Демографиялық саясат және халыктың өсуін реттеу. Жалпы демографиялық хал-
ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер тарапынан жүргізіліп
отырған демографиялық саясат әсер етіп отыр. Бұл жүйелі түрде - халықтың
ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында
жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ыкпал ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне
әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа да шаралар
жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халыктың ұдайы өсуінің бірінші типінде
тууды қолдауға бағытталған демографиялық саясат белсенді түрде жүргізілсе,
екінші типінде керісінше. оны шектеу саясаты колға алынуда. Әсіресе отбасы
мөлшерін жоспарлау жөнінен.көптеген дамушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты санау әдісі
Демография ғылымы туралы түсінік
Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары
Демографиялық күрт өсу
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Халық санының өсу тенденциясы
Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту ерекшеліктері
Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузианистер
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
Пәндер