Жеке ұлттық валютаның дүниежүзілік саудадағы қаржылық жағдайы


Жоспары:
І. Жеке ұлттық валютаның дүниежүзілік саудадағы қаржылық жағдайы.
А) Валюталық қатынастардың даму тарихы
Ә) Халықаралық қаржылық нарықтар
В) Халықаралық Валюта Қоры
ХХ ғ. ортасынан бастап халықаралық - экономикалық қаржы валюта қатынастары дами бастады. Валюталық қатынастар дегеніміз - дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастың жиынтығы. Валюталық қатынастар орта ғасырда Андверпенде, Батыс Европаның сауда орталығында вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге асты. Бұл жерде барлық есеп айырысулар аудармалы вексельдер бойынша жүргізілген. Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуында халық есеп айырысулар банктер арқылы жүзеге асырған. Халықаралық валюталық қаржының даму процесінде валюталық жүйе дегеніміз - валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеуші формасы. Ол ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекеттік келісімдермен бекітілген. Валюталық қатынастарда ең алдымен ұлттық- валюталық жүйе қалыптасты (ҰВЖ) . ҰВЖ дегеніміз - мемлекеттік заңдармен бекітілген елдің валюталық қатынастырын ұйымдастыру формасы. ҰВЖ- сі валюта курсымен паритетінен тұрады. Влюта курсы дегеніміз - жекелеген елдердің валюталық арақатынасы немесе басқа елдің валютасы арақатынасы көрсетілетін жеке бір елдің валюталық бағасы. Паритет - валютаның алтын мөлшеріне сәйкес арақатынасы. Халықтық валюта жүйесі дегеніміз - дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Бұл дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына қарай пайда болып немесе ғаламдық деңгейде валюталық қаржылық қатнастарды реттеуші механизм. Сонымен бірге ҰВЖ-мен тығыз байланысты.
Халықаралық валюталық жүйе даму эволюциясында 4 кезеңнен өтеді.
1 кезең
- Алтын стандарт жүйесі - бұл жүйе ХІХ ғасырда қалыптасып немесе заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Мұндағы шешім бойынша алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі. Алтын монополиялық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа деген салыстырмалы түрде тиімді болады. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескере бастады.
2 кезең
- валюталық жүйе заңды түрде 1922 жылы Генуядағы халықаралық экономикалық конференцияда бекітілді. Ол алтын девиздік стандандарт принципі былайша банкноттар алтынға емес, вексель, чек, яғни дивиздерге айырбасталды. Дивиздік валюта ретінде доллар мен фунт, стирлинг қабылданды.
3 кезең
- валюталық жүйе 1944 ж Бреттон - Вудстандағы халықаралық конференцияда бекітілді. Бреттон-Вудстан мынандай принциптерден тұрады:
1. Алтын елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп айналымының функциясын орындайды.
2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, яғни алтынмен қатар әртүрлі елдердің валюталық құнын анықталғаннан өлшем ретінде әртүрлі етті.
3. Басқа елдердің орталық банктермен үкімет мекемелері долларды АҚШ қазына мекемелерінде айырбасталған.
4. Валютаның өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңесуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер негізінде жүргізіледі.
5. Елдер кез келген басқа валютаға қатысты өз валютасының өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды.
6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар халықаралық валюталық қаржы арқылы реттелді. Бұл қор Бреттон-Вудс конферециясында құрылды.
4 кезең
- Валюталық жүйе 1976 жылы халықаралық валюталық қаржының Ямайкада өткен мәжілісінде қалыптасты.
Ә) Халықаралық қаржылық нарықтар.
Шартты нарық әдістермен жүргізілген қаржы нарықтың мол мүмкін пайдаларын талап етеді. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қаржысының жиынтығы. Бұл қаржылар экономикалық әр түрлі субъектінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп отырады және үнемі қозғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзілік АҚШ-ң Еуропа бірлестігімен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтпелі кезінде оның қаржы нарығының қоры мол өзінің өкендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Жалпы қаржы нарығы біріне бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын 3 нарықтан тұрады:
1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы және қолма-қол ақша қызметін атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары (вексель, чектер, т. б. ) жатады. ҚР-ң қаржы нарығы қазіргі кезде айналымдағы қағаз ақшаның құнсаздануына, яғни ифляцияға ұшырауда. Егер ЖҰӨ сатуда жылына 5%-ға, ал айналымдағы ақша 6-4% -ға өссе, онда ЖҰӨ сатуда оңайға түседі. Онда экономикада жағымды өзгерістерді аңғаруға болды. Егер де ЖҰӨ жылына 5%-ға, ал айналымдағы ақша 10-20%-ға және одан да көп өссе, онда қарқынды инфляция болып, экономика құлдырап төмен кетеді. Қазіргі кезде біздің мемлекеттің экономикасы дағдарыста.
2) Қарыз капиталының нарығы яғни қысқа және ұзық мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары %-дық өсіммен береді. Бұл несиенің өзінің айналым қаржысына жоқ кәсіпорындар алуына мәжбүр. Негізгі қорларды құруға және оларды жаңартуға %-дық өсім өзгеріп, қайта қаралып отыратын ұзақ мерзімді несие беріледі. Сондықтан, қаржы нарығының бұл бөлігіне де дағдарыс тән.
3) Бағалы қағаздар нарығы бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да Қазан революциясына дейін болғанымен соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал, 90 жыл басында ТМД елднрде оның ішінде Қазақстанда басталған нарық қатыстары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі нарық меншік қатынасын және мемлекет пен жергілікті басқару органдары қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер болып табылатын тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс ақша белгісін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді шығарумен айналысады. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Б) Халықаралық Валюта Қоры
Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) - Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.
Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вуде (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ қызметкерлері 110 елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді.
Қазақстанның қаржылық жағдайы, басты эскпортерлар капиталы
Негізгі капиталға инвестициялар-31, 7 млрд. USD (өсім 4, 6 %)
Тікелей шетелдік инвестициялар, 2008-19, 8 млрд. АҚШ долл. Ал 2010 ж. -108 млрд. 2011ж. -122 млрд. USD
2009 жылы Қазақстанның алтын-валюта резерві 50 млрд. долларға жетті. 2011 жылы -63 млрд USD
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен, 2007 жылы шет елдерге мемлекеттік және жеке бизнес бойынша жалпы берешегіміз 74 млрд доллар болса, 2012 жылы бұл сома 124 млрд доллардан асқан. Әрине мұның 5 млрд-ы ғана тікелей мемлекеттің қарызы, қалғаны сол жеке компаниялар, банктердің үлесінде.
Ең қызығы аралдарға да қарыз көп. Виргин аралдарына 3, 4 млн доллар, Бермуд аралдарына 471 млн доллар, Багам аралдарына 34, 2 млн доллар, мысалы Геренци деген аралды естідіңіз ба, соған Қазақстан 132, 2 млн доллар, Джерси деген аралды естідіңіз ба, соған Қазақстан 34, 2 млн доллар қарыз екен. Кайман аралдарына 447 млн доллар қарызы бар. Сейшелль аралдарына 335 млн доллар қарыз бар екен.
Қазақстанның сыртқы қарызы 123, 8 млрд долларға жетті
Ұлттық банктен шығып отырған мәліметке сүйенсек, 2011 жылдың аяғында Қазақстанның сыртқы қарызы 123, 848 миллиард доларға жетіпті. Ал, 2010 жылғы қарыз көлемі 118, 226 миллиард болған екен. Қысқасы, 2011 жылы мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыз жалпы сыртқы қарыздың өсімінде 4, 3% -дан 4, 4%-ға жеткен. Осыған орай мемлекет кепілдік бермеген қарыз 95, 7%-дан 95, 6%-ға дейін кеміген көрінеді. Бұл, әрине банктер мен компаниялардың қарызын әдеттегідей мемлекет өз мойнына алып жатыр дегенді білдірсе керек. Ұлттық банктің ақпаратында да ағымдағы есеп бойынша, банк саласының сыртқы қарызы 14, 600 миллиард долларға, яғни, 16, 8% -ға кемігені көрсетілген.
Ұлттық банктің ақпаратына зер сала түссек, 2012 жылдың 1 қаңтарындағы сыртқы қарыз мөлшерінің 48, 4%-ын фирмааралық, нақтысын айтқанда шетелдік компаниялардың еліміздегі еншілес компаниялары мен бізде жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың қарызы құрайтын болып шықты.
Қарызға батқан Қазақстанның қаржылық жағдайы міне, осындай болып тұр. Салыстыру үшін айта кетейік, 150 миллионнан астам халқы бар солтүстіктегі көршіміз Ресейдің сыртқа қарызы 2011 жылы 36, 0 миллиардтың шегінде тұрақтапты. Ал, Өзбекстанның қарызы 2011жылы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 17, 5 пайызын ғана құрады.
Жалпы бизнес қарызға алынған ақшамен басталады. Ол жерде акционерлер өз қалтасынан ақша шығармайды. Барлық жоба қарызға алынған қаржымен іске асады. Тікелей инвестиция дейтініміз осы.
Шетел капиталын тарту - ұлттық экономикадағы инвестициялық нарықты қалыптастырудың негізгі көзі .
Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына салу көлемі бойынша алдынғы топта Жапония (25, 4%), АҚШ (21, 5%), Ұлыбритания (17%) .
Сараптаушылар бағасы бойынша Қазақстан Республикасының шетел инвестициясына сұранысы жылына 4-5 млрл. долларды қажетсінеді.
Американың халықарлық даму агентігінің сарапшылары Қазақстан экономикасына инвестиция салу қауіпі орташа деп бағалайды.
Республика экономикасына шетел инвестициясын тартудың құқықтық және экономикалық негіздері “Шетел инвестициясы туралы” 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған заңға сәйкес жүргізіледі. Республика парламентінде 1997 жылы “Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы” заң қабылданыған. Әлемдік банктің 2005 жылдың деректерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасы несиелік рейтигі бойынша әлемдегі 20 елдің қатарына енгізілген.
Инвестицияларды реттеу үшін Қазақстан Республикасының Президентінің қауылысы бойынша 1999 жылы 17 қарашада инвесторлар жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік комитеті құрылған. Бұл комитет шетелдік және ұлттық инвестициялар бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру үшін құрылған.
Қазақстан Республикасы 2008 жыл бойынша шетелдік инвестицияларды тікелей тарту индексінің рейтингі бойынша 141 елдің арасынан 23-ші орын алды. «Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің рейтингі бойынша Қазақстан соңғы жыл бойынша жоғары оныншы позицияға көтерілді (80-нен 71-ге) .
«Қазақстан осы уақытқа дейін 300 млрд доллар инвестиция тартқан, соның ішінде ішкі инвестиция 124 млрд доллар. Осы 300 млрд доллардың арқасында экономикамыз бүгінгі деңгейге жетіп отыр. Мықтыэкономика отандық мықты кәсіпкерлік, отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігі. Бұны әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту «Қазақстан-2050» стратегиясының басты екінші бағыты екенін еске салды.
«Отандық кәсіпкерлікті дамытуды мен стратегияның басты екінші бағыты деп анықтап бергенмін. Бұл бағытта бірнеше жүйелі шараларды қолға алуымыз керек. Қазақстанның кәсіпкерлігін көлемін біз екі есе артымыз керек. Бұл эконокамызымыздың тұратылығының кепілі болмақ», - деп ескерді Президент.
Қазақстан Бүкіләлемдік банкке ең көп қарызы бар елдердің арасына кірді. Бұл туралы Бүкіләлемдік банктің баспасөз қызметі Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтеріне жіберген мәліметінен белгілі болды. Әлемдік банк Еуропа мен Орталық Азияға 10, 47 миллиард доллар көлемінде қаржылық көмек көрсеткен. Қазақстан экономистерінің айтынша, Қазақстанның Бүкіләлемдік банк алдындағы 1, 1 млрд доллар қарызын айналып келгенде еліміздегі әрбір азамат төлеуге мәжбүр болады.
Ал таяуда шыққан «Ғаламдық экономикалық мүмкіндіктер» шолуында 2012 жылы экономикалық даму деңгейі еуро өз аймағында тұрақталады деп есепке алғанның өзінде, Еуропа мен Орталық Азияда өсу 3, 3%-ға төмендейді деп болжанған. Бүкіләлемдік банктің басты борышкерлері болып Румыния (1, 9 млрд доллар), Түркия (1, 1 млрд доллар), Қазақстан (1, 1 млрд доллар) және Польша (1 млрд доллар) табылды. Ұйымның хабарлауынша, қарыз ақша үш негізгі бағытқа берілген: бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатындағы реформаларға, экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік саланы реформалауға, экономикалық өсуді «экологияға» бұру бағытына.
Биыл мамыр айында өткен V Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қарызының көлемін аз деп бағалағанды. «2015 жылы біз Бірыңғай экономикалық одақ құрамыз деп сенемін. Дағдарыстан тұжырым жасап, сонымен қатар еліміздің қаржы жүйесін нақты реттеуге мүмкіндік беретін заңнамаларды да өзгерттік. Қазақстанның қарызы онша көп емес, мүмкіндіктер мол, әрине, әлемдік сауда қалай еткенде де бізге де қатысты болады. Алайда біз дағдарыс жағдайында кез келген іс-шараларды жүзеге асыруға дайынбыз деп санаймын. Бірақ даму қарқынын төмендетпей, халқымыздың әл-ауқатын арттыра беретін боламыз», - деген еді. 2012 жылы белгілі болғандай Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 123, 8 млрд долларды құраған. Сонда, 123, 8 млрд доллар мемлекет басшысына «онша көп емес» болғаны ма? Сонда қарыз көлемі қанша болуы керек? Қазақстан, тіпті, мемлекеттік қарызы жөнінен әлем елдері арасында Ресейді озып кеткен. Халықаралық валюта қорының арнайы рейтингісі бойынша, қарыз жөнінен Қазақстан 88 орында болса, Ресей 99 орында тұр. Қыруар қаржы алып қарызға батқанымызбен, халық тұрмысын әлі күнге дейін оңаламағанын қалай түсінуге болады? Оның орнына жыл сайын сыртқы қарыз көлемі ұлғайып келеді. Ал, 2010 жылғы қарыз көлемі 118, 226 миллиард болса, 2011 жылдың аяғында Қазақстанның сыртқы қарызы 123, 848 миллиард долларға жетті. Сондай-ақ, 2011 жылы мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыз жалпы сыртқы қарыздың өсімінде 4, 3% -дан 4, 4%-ға жеткен. Ал, Ұлттық банктің мәліметінше, 2012 жылдың 1 қаңтарындағы сыртқы қарыз мөлшерінің 48, 4%-ын фирмааралық, яғни шетелдік компаниялардың еліміздегі еншілес компаниялары мен бізде жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың қарызы құрайтын болып шықты. Демек, Қазақстан шетелдік ірі корпарациялар мен кәсіпорындар арқасына қарызға белшесінен батып жатыр. Дегенмен, ресми органдар шетел компанияларының қандай мақсатпен қарыз алғанын жарияламай отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz