Малайзия туралы



1.Малайзияның аумақтық.әкімшілік бөлінісі.
2.Халқы, тілі.
3.Шаруашылығы (өнеркәсіп саласы,ауыл шаруашылығы).
4.Дүние жүзіндегі геосаяси орны.
5.Пайдаланылған әдебиеттер.
Малайзия - Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет.Жер аумағы 329,8 мың км2. Малакка түбегінде Таиландпен,Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен,Сингапурдан Джохор бұғазы арқылы шектеседі. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км. Билік нысаны – конституциялық монархия. 1963 жылы Малайя, Сингапур, Саравак және Сабахтан тұратын Малайзия Федерациясы құрылды. 1965 жылы саяси және экономикалық келіспеушіліктердің салдарынан Сингапур Федерация құрамынан шықты.
Елдің негізгі заңы – 1957 жылғы Федералдық Конституция. Ел басшысы – 2006 жылдың желтоқсанынан бері Жоғарғы басшы – Янг ди-Пертуан Агонг. Жоғарғы басшы штаттарды басқарушы 9 сұлтанның қатарынан басшылар Кеңесімен кезектесіп 5 жылға сайланады. Малайзияның Парламенті екі палатадан тұрады – Сенат және Өкілдер палатасы. Сенат 70 адамнан тұрады. Оның ішінде 44 сенатор Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жоғарғы басшымен тағайындалады, ал қалған 26 сенатор штаттардың заң шығарушы ассамблеяларымен жіберіледі (әр штаттан 2 адам). Өкілдер палатасы кеңірек өкілеттіктерге иеленіп 219 депутаттан тұрады.
1. Максаковский Географическая картина мира книгаІІ

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Малайзия

Жоспары:

1.Малайзияның аумақтық-әкімшілік бөлінісі.
2.Халқы, тілі.
3.Шаруашылығы (өнеркәсіп саласы,ауыл шаруашылығы).
4.Дүние жүзіндегі геосаяси орны.
5.Пайдаланылған әдебиеттер.

І.Малайзияның аумақтық-әкімшілік бөлінісі.
Малайзия - Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет.Жер аумағы 329,8 мың км2. Малакка түбегінде Таиландпен,Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен,Сингапурдан Джохор бұғазы арқылы шектеседі. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км. Билік нысаны - конституциялық монархия. 1963 жылы Малайя, Сингапур, Саравак және Сабахтан тұратын Малайзия Федерациясы құрылды. 1965 жылы саяси және экономикалық келіспеушіліктердің салдарынан Сингапур Федерация құрамынан шықты.
Елдің негізгі заңы - 1957 жылғы Федералдық Конституция. Ел басшысы - 2006 жылдың желтоқсанынан бері Жоғарғы басшы - Янг ди-Пертуан Агонг. Жоғарғы басшы штаттарды басқарушы 9 сұлтанның қатарынан басшылар Кеңесімен кезектесіп 5 жылға сайланады. Малайзияның Парламенті екі палатадан тұрады - Сенат және Өкілдер палатасы. Сенат 70 адамнан тұрады. Оның ішінде 44 сенатор Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жоғарғы басшымен тағайындалады, ал қалған 26 сенатор штаттардың заң шығарушы ассамблеяларымен жіберіледі (әр штаттан 2 адам). Өкілдер палатасы кеңірек өкілеттіктерге иеленіп 219 депутаттан тұрады. Депутаттар жалпы сайлау құқықтың негізінде бірмандатты өңірлерде 5 жылға сайланады.Жалпы сайлау нәтижесінде Өкілдер палатасында басым орын алған партияның жетекшісі Премьер-министр лауазымына тағайындалып Министрлер кабинетін басқарады. 2008 жылдың наурыз айынан бері Малайзияның Премьер-министрі Біріккен малай ұлттық ұйымы (БМҰҰ) саяси партиясының төрағасы Наджиб Тун Разак. Малайзияның үкіметінде 33 федералды министрлік бар.
ІІ.Халқы, тілі.
2020-жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп отырған 29 миллионнан астам тұрғыны бар. Малайзия -көпұлтты мемлекет. Оның ішінде тұрғылықты мекендеушілер - малайлықтар мен оранг-асли 65,1%, қытайлықтар - 26%, үнділер - 7,7%. Халықтың 65% қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар - 71,8 жас, әйел азаматтар - 76,3 жас. Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонымен қатар елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады.

Малайзия халқының ұлттық құрамы
Этникалық топ
1968 ж.
2012 ж.

Адам
%
Адам
%
Малайлар
4 658 811
45 %
15 457 000
53,3 %
Қытайлар
3 682 051
35 %
6 873 000
23,7 %
Үндістер
982 387
9 %
2 030 000
7 %
Басқалары *
1 131 870
11 %
4 640 000
16 %
Барлығы
10 455 119
100 %
29 000 000
100 %
* - негізінен, еуразиялықтар, еуропалықтар, австралиялықтар, жаңазеландиялықтар, американдықтар, арабтар.
Қала және ауыл халықтарының ұлт бойынша жіктелуі, 1970 ж.
Этникалық топ
Қала халқы
Ауыл халқы

Адам
%
Адам
%
Малайлар
694 935
27,4
3 976 939
63,4
Қытайлар
1 491 871
58,7
1 639 449
26,1
Үндістер
324 223
12,8
612 118
9,8
Басқалары
28 858
1,1
41 164
0,7
Барлығы
2 539 887
100
6 269 670
100

Салалар бойынша Малай этностарының үлесі, 1970 ж.
Сала
Малайлар
Қытайлар
Үндістер
Басқалары
Ауыл шаруашылығы мен балық аулау кәсібі
67,6 %
21,4 %
10,1 %
0,9 %
Тау-кен өнеркәсібі
24,8%
66 %
8,4 %
0,8 %
Өңдеу өнеркәсібі
28,9 %
65,4 %
5,3 %
0,4 %
Құрылыс
21,7 %
72,1 %
6 %
0,3 %
Коммуналдық қызметтер
48,3 %
18 %
32,2 %
1,4 %
Көлік және байланыс
42,6 %
38,6 %
17,1 %
0,7 %
Сауда
23,5 %
65,3 %
10,7 %
0,5 %
Қызметкерлер
48,5 %
35,7 %
14 %
1,8 %

Малайзиядағы негізгі этникалық топтардың орташа айлық отбасылық табыстары
Этникалық топ
1970 ж.
1999 ж.

доллармен
пайызбен
доллармен
Пайызбен
Малайлар
71,7
20
421
24,1
Қытайлар
126,7
35
565,8
32,3
Үндістер
164,2
45
763
43,6
Барлығы
362,6
100
1 749,8
100
Мемлекеттік тілі - малай тілі, австронезия тіл семьясына жатады. 80-жылдардың басына қарай малайзиялық азаматтардың 75 %-ы малай тілін еркін меңгерді. Малайзияның түбектік бөлігіндегі малай тілін білетін қытайлықтар саны 1970 ж. 37 %-дан 1980 ж. 73 %-ға, яғни, екі есеге жуық өсті. Малай тілін игерген үндістердің саны 1970 ж. 50 %-дан 1980 ж. 86 %-ға дейін артты. Малай тілі ағылшын тілін біртіндеп ығыстыра отырып, мемлекеттік мекемелердің, министрліктер және заң шығару құрылымдарының жұмыс тіліне айналды. 80-жылдардың басынан бастап мектептердегі оқу пәндері тек қана малай тілінде өткізіле бастады. Ал, ағылшын тілі жеке пән ретінде оқытыла бастады. Техникалық және жоғары білікті еңбекпен қамтылған малайлықтардың санын көбейту мақсатында арнайы дайындық курстары, қосымша материалдық көмек, стипендиялар беру сияқты бірқатар жеңілдіктер қарастырылды.
Елдегі барлық ресми іс-шаралар малай тілінде өткізіледі. Малай тілі мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда, білім беруде, тұрмыстық өмірде белсенді түрде пайдаланылады. Бұл ретте мемлекеттік тілдің басымдығы қытайлар мен үндістер тарапынан ешқандай қарсылық тудырмайды және қазіргі малайзиялық қоғам үшін табиғи жағдай болып табылады.

ІІІ. Шаруашылығы.
Малайзия - қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2011 жылы Малайзияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 5, 2%-ға өсті, сөйтіп 247,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың адам басына бұл көрсеткіш 9 575 долл. құрайды (2011 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2011 жылы 133 млрд. АҚШ долл.құрады. Еңбекке жарамды халықтың саны - 12,7 млн.адам (2011 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ЖІӨ ең үлкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектеп сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. 2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады.
Экономиканың аса қарқынды секторы - өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио және телеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия - АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. (Протон, Перодуа, Наза, Хайком, Буфори сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. Селикон даласы), сондай-ақ Пинанг штатында.
Тұрмыстық электроника тауарларының өндірісі жылына 69 %-ға, ал, тоқыма тауарларының өндірісі 26 %-ға өсіп отырды.Әлемдегі тұрмыстық электроника тауарларының әрбір төртіншісі (компьютер, теледидар, т.б.) Малайзияда шығарылды. Қазір Малайзия компьютерлік чип жасаудан бірінші орында.
Жаңа кәсіпорындар үшін шикізат және құрамдаc бөліктер импортталып, ал дайын өнім шет елге жеткізілгендіктен, Малайзия фабрика еліне айнала бастады. Жартылай дайын өнімді және микрочипті өндіру кезінде, фабрика -- ел автокөліктерді шығаруды, мұнай-химиялық жабдықтарды, компьютерді, тұрмыстық техниканы тез меңгеріп алды.
1996 жылы Малайзия экономикалық бәсекелестікке қабілетті елдердің үздік үштігіне кірді. Сарапшылар Малайзиялық керемет жөнінде сөз қозғап, оны Азиаттық айдаһар деп атай бастады. Қазіргі Малайзияның ауылшаруашылық экспорты жоғары болса да, оны аграрлы ел деп айта алмаймыз. Бүгінде Малайзияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малайзия экономикасы
Малайзияның туристік орталықтары жайлы
Малайзия
Махатхир Мохамад бастаған үлкен жол
Малайзияның туристік орталықтары
Қазақстан мен Малайзия арасындағы диломатиялық қатынастар 1992 жылдың 12 наурызында орнатылды
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Венгрия
Интенсивті негізінде Экономикалық өсу Оңтүстік - шығыс
Малайзияның этносаяси құрылымының қалыптасуы және этносаралық жағдайы
Пәндер