Антропогендік ландшафт туралы түсінік



Антропогендік ландшафттану
Антропогендік ландшафттардың пайда болу ерекшеліктері
Геожүйе
Пайдаланылған әдебиеттер
«Ландшафт» деген түсінік оны жалпы немесе қатал таксономиялық мағынада түсінік де комплекстік идеяны болжайды. Ол өзінің құрамында міндетті түрде климаттың ,қатты фундаменттің кездейсоқ жиынтығы емес, бір-бірімен байланысты компоненттерді топтастырады. Ландшафтты бір ғана компонент бойынша атауға болмайды.
Антропогендік ландшафттар дегеніміз-ландшафттардағы адам әсерінің көріну нәтижесі де, олар екі топқа бөлінеді:
1.Жерді қолдану ерекшеліктерді (жыртылған жерлер мен плантациялар, жайылымдар, бау-бақшалар)
2.Инженерлік құрылыстар мен олардың комлекстері (аз және көп қабатты үйлер, қалалар,жолдар). Олардың әрқайсысына «ландшафт» деген сөзді қосу, яғни елді мекендерді селитебті ландшафттар деп атаудан не ғылым, не практика ештене ұтпайды.
Антропогендік ландшафттану көбінесе геосистемалардағы адам әрекетінің сыртқы әсерлерін фактілі анықтаудан асып кетпейді.
Антропогендік ландшафт ұғымын 30 жылдарда А.Д.Гожев, Б.Н.Городков ұсынды. Ғалымдардың сол кездегі және кейінгі еңбектерінде антропогендік ландшафт деп аданың іс-әрекеті салдарынан пайда болған комплекстерді түсінді. Антропогендік ландшафт түсінігін кең және тар мағынада түсіну кеңінен өріс алған. Дегенмен, қазіргі география ғылымында Воронеж университетінің география мамандары ұсынған ғылыми тұжырым жиі қолданылады.Олардың тұжырымы бойынша, антропогендік ландшафтар деп ландшафттың бүкіл аумағында болмаса да басым компоненттерінің түбегейлі өзгеріске ұшырайды.
1.А.Исаченко Ландшафттану негіздері, Алматы «Мектеп» 1996
2.Ж.Н.Мұқашева, Ә.Ғ.Көшімова Антропогендік ландшафттану Алматы «Қазақ университеті» 2004.

Антропогендік ландшафт туралы түсінік.

Антропогендік ландшафт туралы түсінік.
Ландшафт деген түсінік оны жалпы немесе қатал таксономиялық мағынада түсінік де комплекстік идеяны болжайды. Ол өзінің құрамында міндетті түрде климаттың ,қатты фундаменттің кездейсоқ жиынтығы емес, бір-бірімен байланысты компоненттерді топтастырады. Ландшафтты бір ғана компонент бойынша атауға болмайды.
Антропогендік ландшафттар дегеніміз-ландшафттардағы адам әсерінің көріну нәтижесі де, олар екі топқа бөлінеді:
1.Жерді қолдану ерекшеліктерді (жыртылған жерлер мен плантациялар, жайылымдар, бау-бақшалар)
2.Инженерлік құрылыстар мен олардың комлекстері (аз және көп қабатты үйлер, қалалар,жолдар). Олардың әрқайсысына ландшафт деген сөзді қосу, яғни елді мекендерді селитебті ландшафттар деп атаудан не ғылым, не практика ештене ұтпайды.
Антропогендік ландшафттану көбінесе геосистемалардағы адам әрекетінің сыртқы әсерлерін фактілі анықтаудан асып кетпейді.
Антропогендік ландшафт ұғымын 30 жылдарда А.Д.Гожев, Б.Н.Городков ұсынды. Ғалымдардың сол кездегі және кейінгі еңбектерінде антропогендік ландшафт деп аданың іс-әрекеті салдарынан пайда болған комплекстерді түсінді. Антропогендік ландшафт түсінігін кең және тар мағынада түсіну кеңінен өріс алған. Дегенмен, қазіргі география ғылымында Воронеж университетінің география мамандары ұсынған ғылыми тұжырым жиі қолданылады.Олардың тұжырымы бойынша, антропогендік ландшафтар деп ландшафттың бүкіл аумағында болмаса да басым компоненттерінің түбегейлі өзгеріске ұшырайды.
Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланып болғандықтан, табиғи ортаға, тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан ландшафттардың халық шаруашылығының жекелеген салаларының пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай. Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу ,тереңдете жырту, суару мен батпақтану құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егіcтік, әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану ,тау беткейлерін террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.
Табиға ортаға антропогендік факторлардың тигізер әсері үнемі даму үстінде және саяси-қоғамдық формация типіне байланысты өзгермелі болды. Сондықтан, табиғи ландшафттардың антропогендік фактордың әсерінен өзгеруі: қоғамның алғашқы даму сатысында компоненттердің аздаған өзгерісінен қазіргі кездегі ғаламшарлық масштабтағы техногендік ауытқуға дейін артып отырады. Жекеленген компоненттердің өздігінен қайтып орнына келу қасиетіне байланысты бір өзгерістер қайтымды болса, кейбірі қайтымсыз, яғни табиғи ландшафт құрылымнан мүлдем жоғалып кетуіне әкеліп соқты.
Қазақстан территориясындағы ландшафттардың пайда болуы мен даму тарихына арналған ғылыми еңбектерден табиғи ландшафттардың даму эволюциясы ұзақ уақыт бойы эндогендік және экзогендік факторлардың әсерінде болғанын байқаймыз. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының антропогендік тигізер әсері плейстоцен, ал ең негізгісі голоцен кезеңінде байқала бастады. Палеолит дәуірінде аңшылық пен балық аулаумен айналысу салдарынан жергілікті жердің фаунасы ғана өзгеріске ұшырады. Айтарлықтай өзгерістер неолит пен тас дәуірінде байқалды. Кейіннен Қазақстан территориясында көне феодалдық мемлекеттердің пайда болуынан қалалар мен ирригациялық каналдар салынып, тұрғылықты халық егін шаруашылығымен айналысты. Бұл жұмыстар жергілікті жердің литогендік және биогендік компоненттерінің өзгеруінен көрініс тапты.
Академик А.Е.Ферсман 30-жылдары техногенез терминін адамның техникалық іс-әрекеті, инженерлік, химиялық, ауылшаруашылықтық, тау-кен техникалық процестер нәтижесінде қалыптасқан геохимиялық және минерологиялық процестердің жиынтығы деп қарастырған. Кейінен Р.К.Баландин техногенез терминінің толық анықтамасын беріп, оны адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның, жер қыртысының қайта құрылу процесі деп атаған. Ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болғаннан кейін қарқынды бағыт алды. Дегенмен, жақын араға дейін табиғи ортаның ластануын зерттеу салалық бағытта болды: бір немесе бірнеше компонентке әсер етуші факторларды, мысалы, жер беті ағын суларына, ауа қабатына, өсімдіктің физиологиялық және биохимиялық өзгеруіне т.б. әсер ететін факторларды анықтау. Қазіргі уақытта біртіндеп комплексті бағыт алуда.
Т.В.Звонкованың басқаруымен Курск магнитті аномалиясы аймағында темір рудамын өңдейтін өнеркәсіптің табиғи ортаға әсер ету ерекшелігі зерттелген. Қиыр Шығыста тау-кен өнеркәсібінің ортаға тигізер әсері мен табиғи комплекстердің даму тенденциясын болжау Ю.Г.Симонованың жетекшілігімен өткізілді. Ф.Н.Мильков басқарған Воронеж университеті ғалымдарының еңбектері антропогендік ландшафтар модификациясын картаға түсіру мен оны жіктеуге бағытталған. Жартылай стационарлық ізденістер нәтижесінде топырақ қабатының биологиялық, физикалық және химиялық процесстерінің ортаның геохимиялық жағдайының мұнай мен көмір өндіргенде өзгеруіне Н.П.Солнцеваның, К.Н.Дьяконовтың т.б. еңбектері арналған. Ландшафтардың жекелеген компоненттерінің жылу электростанцияларының әсерінен өзгеру механизмі мен өсімдік жамылғысының динамикалық трансформация деңгейі, осыған байланысты ландшафтық - геохимиялық көрсеткіштердің эволюциясы В.Г.Волкова мен Н.Д.Давыдованың еңбектерінде қарастырылды.
Антропогендік ландшафттардың пайда болу ерекшеліктері
Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресуртсарын пайдаланатын болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан ландшафттарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістерде әр қалай. Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, тереңдете жырту, суару мен батпақтан құрғату үшін жүргізетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егістік, әртүрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.
Адамның табиғи ортаға әсер ету формасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
Ландшафт, геожүйе және оны құрушы компоненттер
Антропогендік әсердің атмосферада біліну
Геоэкология және ландшафттық экология
Ландшафтардың геологиялық, геоморфологиялық факторлары
Әулиетас тауы туралы
Ландшафттану курсы туралы
Кеген өзені алабы
Геоэкология пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Пәндер