Әлем «қырғи-қабақ» соғыстан кейін: бір полюстік және көп полюстік



1. Қырғи қабақ соғысы
2. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ» ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ
3. ЧЕРЧИЛЛЬДІҢ ФУЛТОНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ . «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ» БАСТАМАСЫ
4. МАРШАЛЛ ЖОСПАРЫ
«Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Кеңестер Одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылық болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды. Зерттеуші Берге И. В. «Қырғи қабақ соғыстың» туындау себептерін үш басты себеп арқылы көрсеткен: 1) 1917 жылғы Ресейдегі Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм мен капитализм) бөлді. Сөйтіп «Қырғи қабақ соғыстың» басталу механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі державалардың ықпал ету аймақтары үшін күресі. Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен капитализм арасындағы қайшылықтың белең алуы. 3) Ядролық жаппай қырып жою қаруының пайда болуы - әлемдік саясатқа мүлде өзгеше сипат берді.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Әлем қырғи-қабақ соғыстан кейін: бір полюстік және көп полюстік.
Қырғи қабақ соғысы екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Кеңестер Одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылық болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды. Зерттеуші Берге И. В. Қырғи қабақ соғыстың туындау себептерін үш басты себеп арқылы көрсеткен: 1) 1917 жылғы Ресейдегі Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм мен капитализм) бөлді. Сөйтіп Қырғи қабақ соғыстың басталу механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі державалардың ықпал ету аймақтары үшін күресі. Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен капитализм арасындағы қайшылықтың белең алуы. 3) Ядролық жаппай қырып жою қаруының пайда болуы - әлемдік саясатқа мүлде өзгеше сипат берді.
Келесі зерттеушілер М. Бэшлосс және С. Тэлботт Қырғи қабақ соғыс кезеңіндегі халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалармен тенденцияларды зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлді. Бұл зерттеушілер әсіресе бұл соғыстың соңғы кезеңдеріндегі орын алған оқиғаларға назар аударып, Кеңес Одағындағы жаңа басшы М.С. Горбачевтың бейбіт сүйгіштік иницативаларына жоғары баға берді. Тарихнамалық шолу. Зерттеуші Нарочницкая Е.А. 60-шы жылдардан кейінгі Францияның батыс блоктағы саясатын бастапқы кезде, яғни генерал де Голль кезінде прогрессивті сипатқа ие болғанмен, ол кейіннен агрессивті, антисоциалистік сипат алды деп пайымдады. А.М. Филатов соғыстан кейінгі кезеңнен бастап Қырғи қабақ соғысы аяқталғанға дейінгі аралықтағы Герман мәселесін және ондағы АҚШ, Франция, Англия мен Кеңес Одағының саясатына назар аударады. Зерттеуші Германияның қосылуы Қырғи қабақ соғыстың іс жүзінде аяқталғанын білдірді деген пікірде болды.
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. Үлкен үштіктің жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды. Осы қатынастардың символы ретінде Үлкен үштіктің үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 1945 жылы 17 шілде - 2 тамыз аралығында өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбританиядан - Уинстон Черчилль, КСРО-дан Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда Үлкен үштік құрамы жаңарды, Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келісті. Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 14 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығысқысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш қана айыпталушы ақталды.
ЧЕРЧИЛЛЬДІҢ ФУЛТОНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ - ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ БАСТАМАСЫ
КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, англо-саксон дүниесінің бар қуатымен КСРО-ға тойтарыс беру керек деді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында тежеу саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. Тежеу саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді. Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвельттің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ тежеу саясатына көшу АҚШ саясатының түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді. 1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери жоне экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбірімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңес бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.
МАРШАЛЛ ЖОСПАРЫ
Маршалл жоспары (ағылшынша: Марсһалл План, ресми атауы ағылшынша: Еұропеан Рецоверy Програм) Еуропаны қайта құру бағдарламасы) - Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықпалын жүргізу көзделген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы Еұропеан Рецоверy Програм (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы). Алғаш рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. Кейін Парижде өткен Еуропа мемлекеттерінің конференциясында талқыланған. Бағдарлама 1948 жылдың сәуір айында бастап 1951 жылдың желтоқсанына дейін созылған. Жоспарды жүзеге асыру барысында төрт жыл ішінде АҚШ Еуропа елдеріне 12,4 млрд долларды бөліп жұмсауға арналған. Ақшаның негізі Ұлыбританияға бөлінген. Жәрдем бөлуінің шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықпалынан және коммунистік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
20 – ғасырдың екінші жарысы – 21 ғасырдың бас кезіндегі халықаралық қатынастар
2-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. Герман мәселесі
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Еуропа
Еуропа туралы
ЕУРОПА АЙМАҒЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
АСПАН КООРДИНАТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ Аспан сферасы
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай «қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері
Пәндер