ҚР су ресурстарының қоры, сапасы, пайдаланылуы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: ҚР су ресурстарының қоры, сапасы, пайдаланылуы
... жалғасыЖер үстi сулары транзиттiк Есiл өзенiмен Аққанбұрлық, Иманбұрлық және басқа да бiрнеше ағындылармен өтедi (Тереңсай, Чудасай, Мальцевский және т. б. ), Силеты, Чаглинка, Қамысақты, Ащысу, Қарасу, өзендерiмен және басқа да уақытша ағысы бар бiрнеше су ағындыларымен. Содан басқа, облыс көлдермен бай, олардың арасында кiшi көлдер де бар. Батпақтар да кездеседi.
Солтүстiк Қазақстан облысы аз ылғалданған аймаққа жатады. Су объектiлерiнiң негiзгi ластану көздерi өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрмыстық ағындар және тасқындық сулар болып табылады. Есiл өзенi Обь өзенi жүйесiне жатады. Есiл қармен толықтырылатын өзендер түрiне жатады, ол 80% астам жылдық ағын бередi. Өзеннiң режiмi көктемгi ашық су тасуымен белгiленедi, оның басталуы 10-12 сәуiрге келедi, ал нағыз кезi - сәуiрдiң үшiншi декадасына, және ұзын тұрақты сабамен. Су тасуының төмендеуi шiлде айының ортасына дейiн созылады. Ерекше мол сулы жылдары су деңгейi Петропавл су қоймасы бөгетiнiң төменгi бъефi кестесiнiң нөлiнде 10-11 метрге көтерiледi. Кестенiң нөлiне БЖ (балтық жүйесi) 86, 4 метр деңгейi алынды. Судың жайылма алқапқа шығуы су 940 см және одан жоғары көтерiлгенде болады. ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары ең жоғары су тасуы 10-метрлiк белгiден асып кетуi өстi: егер 30 жылда, 1936 ж. бастап 1965 ж. дейiн осындай жағдайлар 4 болса, ал соңғы 30-жылдық iшiнде олардың 9 байқалды, сонымен қатар олардың барлығы 1985 ж. кезеңiне келедi. 1994 ж. көтерiлу деңгейi 11 м асты, бұл максималды белгi барлық байқау кезеңiне арналған. Көктемгi-күзгi саба шiлде айының ортасынан қазан айының ортасына дейiн созылады. Су тартудың көптеген тұйықталған азайтулардың тегiс сипаттамасы, өзен арнасының кiшi еңiстерi және жайылма алқаптардағы маңызды сыйымдылықтар жазғы-күзгi жауын арқылы өзенде су деңгейiнiң өсуiне мүмкiндiк бермейдi. Жазғы-күзгi сабамен қысқыға көшу деңгейдiң төмендеуiмен байқалмайды, керiсiнше, қайраңды өзендерде мұздану процесi ағысты тарылтады және жоғарыда орналасқан терең сулары үшiн тежеу құрайды, соның салдарынан олардағы деңгей аздап көтерiледi. Бұл өзендегi мұздану шебi ағысқа қарсы жүретiнiмен түсiндiрiледi, яғни солтүстiктен оңтүстiкке қарай. Жер асты суларының ағысы арқылы қоректену және облыс шекараларындағы учаскеде жайылма алқаптарға су беру шамалы, бiрақ жазғы-күзгi-қысқы саба кезiнде көлдегi судың тұрақты ағысын ұстап тұру үшiн жеткiлiктi. Байқау кезiнде 1937 жылы өзеннiң кеуiп қалуы байқалды және қатып қалуы 1936-39 жж. және 1986 ж. Өзеннiң орта жылдық ағысы 2, 5 км3 жуық құрайды. Мұз басу қараша айының екiншi жартысында болады, мұз басудың ұзақтығы - 5 ай. Есiл жоғары минералдандырылған сулы көлдерге жатады, бұл су тарту бассейнiнiң құрғақшылық климатымен белгiленедi және өзендi суаратын жер асты суларының жоғары тұздылығымен. Есiлдiң минералдануы маусымға байланысты ауысып отырады, су кермек болса. Оттегiлiк режiм қанаттандырады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ағыс Вячеславское, Сергеевка, Петропавл су қоймаларымен реттеледi. Есiл өзенi - облыстың ең iрi су тамыры және сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi.Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89. 5 текше шақырымды құрайды. Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді, біздің ойымызша, оны 25% дейін көтеруге болады.
Жер бетіндегі және жер асты суларының Қазақстанның геожүйелеріне экологиялық ықпалы көп жақты сипатқа йе. Ол өзен жүйесінің жйілігі және су қоймаларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимі арқылы көрінеді. Өзендердің бастаулары, су режимі, жылдық су қорының өзгермелілігі және т. б. гидроэкологиялық факторлар неғұрлым маңызды болып табылады. Осы факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз. Олардың ішінде: өзен жүйесінің Қазкстанның үлкен, жазық бөлігінде тым әркелкі орналасуы техногез өнімдерінің геохимиялық миграциясы процестеріне жағылуы ықпал жасамайды;
Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінің өзен жүйесінің жиілігі және су бөгендерінің суы молдығы осында орналасқан өндірістік региондардың шегіне табиғи сулар мен топырақты ластаушыларды шығарып тас-тауға ықпал жасайды;
Республика территориясындағы гидрологиялық режимнің Қазақстандық типтегі өзендердің су айналымы су қоймаларының өзін -өзі тазартудағы маңызды фактор болып табылады. Көктемдегі су тасқыны өзенді ластаушылардан тазартуға жағдай жасайды, ал судың төмен деңгейі ( тіпті тартылуы) техногенез өнімдерінің аккумуляциясына ықпал жасайды.
Тянь-Шань тауларында кездесетін Тянь-Шаньдық типтегі өзендер жоғары емес, жайылған көктемгі- жаздық қар суымен және деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді. Мұндай гидрологиялық режим су қоймаларының техногенез өнімдерінің өзін- өзі тазалауына әсер етеді.
Төменгі және жайылыңқы қөктемгі сулармен және жоғарғы жаздық-күздік сулармен ерекшеленетін алтайлық типтегі өзендер шаруашылыққа пайдалануға және су қоймаларының өзін-өзі тазалауына жағымды ықпал жасайды.
70- тен астам артезиандық бассейндердің болуы Қазақстанның альптік региондары қатарының экономикалық даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Алайда, жер асты суларын минерализациялаудың жиілігі және олардың жоғары дәрежеде болуы экологиялық қысымды тереңдететін экологиялық фактор болып табылады
Судың жиналу режимі мен су деңгейінің толқуы, өзендердегі сулардың максималды және минималды шығындарын және қоршаған ортаның экология жағдайына тікелей әсер ететін басқа да гидрологиялық факторлар тығыз байланысты.
Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану мәселесі адамзат үшін өмірлік маңызды мәселе болып табылады. табиғаттағы су айналымының арқасында жердегі су ресурстары таусылмайды. Алайда планетамыздың кейбір бөліктерінде табиғи жағдайлардың жағымсыз болуына байланысты тұщы су ресурстары жеткіліксіз. бұған қазақстан Республикасы территориясының басым бөлігі кіредіжәне сондықтан аридтік және семаридтік климат жағдайларына су ресурстарының өте тапшылығымен сипатталады.
Қазақстан біздің планетамыздағы су ресурстары жетіспейтін азғана региондардың қатарына жатады. Ол тұщы су қорлары бойынша ТМД елдері бойынша сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Бұл территорияда су ресурстары әркеркі орналасқан және бастаулары республика шекарасынан тыс жерде жатқан транзиттік өзендерден тұрады.
Оңтүстік -шығыс Қазақстанның таулары және таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған. Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария, Шу, нұра торғай өзендері. Қазақстандағы сегіз мың өзен ғана он шақырымнан ұзын. ірі өзендердің көпшілігі (Орал, Ертіс, Сырдырия, іле, Шу) трансшекаралық өзендер болып табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі.
Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673, 9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар. Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді. Қазақстандағы жер беті суларының көлемі жылына 89, 5 текше метр шақырымды құрайды. Соңғы жылдары оның көлемі көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19, 8-ден 9, 8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы жылына 17, 9-дан 7, 4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.
Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары 15, 8 текше шақырымды құрайды, оның 2, 6 текше шақырымы пайдаланылады. Бұл сулар өте минералды болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады. Жерасты сулары Қазақстанда пайдаланылатын су мөлшерінің 8 пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің 25 пайызын қамтамасыз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz