Ақтабан шұбырынды


Кіріспе
«Ақтабан шұбырындыдан» соң, 1731 - інші жылы Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлегі (осы күнгі Торғай, Орал, Бөкейлік елдері) орыстың имперализм хүкіметіне бағынды. Елді бағындырған Әбілхайыр хан мен елдің бір бөлек бас адамдары болды. Көп бұқара бөтенге бағынғанға наразы болды. Әбілхайырдан соңғы хандар амалсыздан патша хүкіметінің саясатын қазақ ішіне жүргізе бастады. Хандардың бөтеннің қолында құрал болғанын ел сезді, сондықтан хандар менен елдің арасында араздық кірді.
Он сегізінші һәм он тоғызыншы ғасырдағы патша үкіметінің саясаты қазақты әбден көндіріп алу болды, қазақтың еткен амалы орыстан құтылу болды. Өткен жүз жарым жылдардағы Кіші жүздің тарихы қанмен жазылғандай деп айтса болады.
Бір жағынан, басын қорғап патша хүкіметімен арпалысу, патша хүкіметінің құралы болған орыс - қазақтар мен жауласу, патшалардың саясатын жүргізген хандармен алысу; екінші жағынан, қонысқа таласып естек, қалмақ, түрікпен секілді көршілерімен жауласу; үшінші жағынан, өз ара ру таластары - Кіші жүздің өткен тарихында кезектесіп келеді де тұрады.
Орыстан құтылу үшін еткен Кіші жүздің қимылдары әлі тарих болып жазылған жоқ, бұндай сөздің бәрі патша заманында құпияда еді. Тарихшы енді шықса керек.
Патша хүкіметінің құрығынан құтылу үшін Кіші жүздің еткен істерінің біз бірқатарын ғана білеміз. Бұлардың ішінде зорлары мыналар: 1785 - 1800 - інші жылдардың шамасындағы байұлы байбақты руынан шыққан Сырым батыр Датұлының көтерлісі. Сырым Нұралы ханды тақтан түсіріп, қуып, Есім ханды өлтіріп, патша хүкіметімен жауласты. Ақырында жеңілді. Бұл - бір. Екінші, 1830 - 1845 - інші жылдардың шамасындағы байұлы беріш руынан шыққан Исатай батыр Тайманұлының һәм Махамбет батыр Өтемісұлының көтерлісі. Үшінші, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының шамасындағы әлімұлы шекті руынан шыққан Есет батыр Көтібарұлының көтерлісі. Есет сұлтан - правитель болған Арыстан «ханды» өлтірді. Есеттің інісі Бекет ұсталды. Көтерлісті хүкімет басты. Төртінші, 1869 - 1870 - інші жылдардағы қазақты әбден ноқталаған «Уақытша дала низамына» (Степное положениеге) көнбейміз деп Орал, Торғай қазақтарының жасаған көтерлісі. Бұл көтерлісті «Ауа» деп айтады. Бұ көтерлісте Кіші жүз қонысын тастап, Асан қайғы, Қазтыған жұртына - «Ауғанға» «Тесік таудан» өтіп бармақшы болды, төрелерді талады, өз ара хандар сайлады. Ақырында быт - шыт болып «хандарды» ұстап, ауған елдің көбі қонысына қайта қонып, патша хүкіметіне көнді.
Мұндай жалпы көтерлістен басқа, бөлек рулардың патша хүкіметіне еткен қайраттары көп. Әсіресе, қайрат еткен байұлының адай деген руы. Адайдың Атақозы, Құдабай, Құлбарақ, Дәуімшар, Сүйінқара секілді батырларының істері тарихшыны күтіп отыр. Қазақтың ішінде патша хүкіметіне ең соңғы көнген руы - адай. Шынында, адай Хиуа мен түрікпенді алған соңғана бағынды.
Он сегізінші ғасырдың аяғында Нұралы ханның Бөкей деген баласы бас қылып, Кіші жүздің бір бөлек елі Еділ, Жайықтың арасындағы қашқан қалмақтан босап қалған қонысқа ауды. 1801 - інші жылы Бөкей бөлек хандыққа патшадан жарлық алды. Кіші жүзден бөлінген Бөкей ордасы, яки Ішкі орда пайда болды.
Отыз жылдан артық бос тұрған нуға келіп ел байыды. Бөкей хан елмен тату тұрды. 1816 - ншы жылы Бөкей өлді. Орнына жас баласы Жәңгір хан болды. Жәңгірдің заманында қазақтың қонысын хүкімет тарылта бастады. Еділдің жағасынан қалалар салып, қазақты Еділден ысырды, оралдың орыс - қазақтары Жайықтан ысырды, орыстың балықшылары теңіздің жағасынан ысыра бастады. Терістік жақтағы жақсы жерлерді орыстың қара шекпенднрі алды. Қазаққа орталықтағы Нарын деген құмнан басқа жарытып қоныс қалмады. Қазақ пен жер тартып алушылардың арасында жанжал кірді. Жәңгірдің қазақты қорғауға қолынан келмеді.
Махаммбет Өтемісов пен Исатай Тайманұлының бой көтеруі
Патша үкіметінің әсерінен хан елден бөлектене бастады. Бұрынғы ата жолды тастап, елді Жәңгірдің «өзі» билеуге ойланды. Қасына күзетші қылып орыстан әскер алды. Хан патшаның «губернаторына» айналды. Бұған да ел наразы болды.
Жәңгір ноғай мүфтиінің қызын алды. Діннің әсері күшейді. Осы күнгі орда тұрған Жасқұс деген жерге Жәңгір мешіт салды. Елге шариғат жайыла бастады. Ханның айналасына ноғайдың молдалары, хожалар көп жиылды. Бұлар ел билеу ісіне араласты. Және де ханның айналасына анадан - мынадан келген келімсектер көп жиылды. Бұрынғы елді билеген белгілі билердің кәдірі кеміді. Молдалар, хожалар келімсектер елді билей бастады. Бір жағынан, орыстан көрген қысымшылық, қоныстың тарылуы, қоныстың тоуы; екінші жағынан, молдалардың, хожалардың, келімсектердің астамшылығы елді Жәңгір ханға наразы қылды. Елдің бір қатары Бөкейлікті тастап, Жайықтың күн шығыс бетіне өте бастады.
Осындай болып тұрғанда Жәңгірдің қасында Қарауылхожа Бабажанұлы деген бір қайратты хожа болды. Жәңгір Қарауылдың қызын алады. Хандықтағы биліктің бәрі Қарауылдың қолына көшеді. Бөкей заманынан келе жатқан ханның қасындағы он екі би ойыншық болып қалады. Бөкей заманынан әр руды өздері сайлаған (билер) билейді екен. Жәңгір сардарлары өзі тағайындай бастаған. Қарауылхожа заманында елді елемеушілік күшейген.
Жоғарыда айтқан таршылықтың бәрін жұрт Жәңгірден көрген. Ел тегісінен ханға қарсы болған.
Осы уақытта Жәңгірді түсіремін, бұрынғы кеңшілікті орнатамын деп Исатай батыр Тайманұлы шыққан. Елдің бәрі тегісімен Исатайға еріп кеткен. Көтерілген елдің қаһары сонша қатты болған, ел ішінде сардар я бөтен ретте тұрған ханның жақындары төрелер де Исатайға еріп кеткен. Елді тегісінен меңгеріп алған соң Исатай Жасқұстағы ханның ордасын қамаған. Ханның қасында орыстың әскері, төлеңгіттері, бір бөлек билері қалған. Ханның қолындағы әскері орданы қорған қылып қорғаған. Орданы қамаған көпті көріп, Жәңгір шошып кетіп, «қашам» десе, қасындағы билері қашырмайды. «Сырым батырдан қашамын деп атаң Нұралы ұсталып кеткен, сен де сондай боласың. Қазақтың әдетінде жаудан қашқан кісі хан бола алмайды» депті - мыс билер.
Сөйлесіп бітеміз деп, ханның билері Исатаймен рулас Бекмағамбет би Өтемісұлын һәм Балқы би дегенді Исатайға салады. Бұлардың жұмысыолай деп, бұлай деп алдап, хүкіметтен жәрдем әскер келгенше уақыт созу болады. Исатайдың қасындағы бір төре Аштархан һәм Орал губернаторларына жасырын хабар жіберіп, жәрдем сұраған екен. Бұны Жәңгір біледі екен.
Жәңгірдің нөкеріндегі Бекмағамбет бидің інісі Махамбет Өтемісұлы бірден Исатайға қосылады да, Орданы тездетіп шабу керек, ең алдымен Бекмағамбет, Балқы биді жою керек, бұлар алдап жүр деп зарлайды. Жиылған көп бітімді мақұлдайды. Осылай болып тұрғанда орыстың көп әскері келіп қалады, Орданы босатады. Бірнеше соғыс болады. Үлкен соғыс Бекетай құмы деген жерде болады. Әрине зеңбірік пен мылтық, найза мен садақты жеңеді. Қазақ көп қырылады. Осы соғыстарда қайрат көрсетіп, Махамбет батыр атаққа ілінеді, Исатайға қосшылық қа сайланады.
Исатайдың әскері қашып, алдынан шыққан Орал қазақ - орыстарын жеңіп, Жайықтың күншығыс бетіне шығады. Осы күнгі Орал облысында бірнеше уақыт жүреді. Орыс әскерін жіберуге қауіптеніп, патша хүкіметі сол күнгі сұлтан - правитель Баймағамбет Айшуақұлына қазақтан әскер жинап, Исатай, Махамбетті жоюға бұйырады.
Баймағамбет «ханның» әскері жиылып келсе де, Исатаймен соғыспай қайтып кетеді. Ақсақалдардың айтуынша, Исатайға қарсы әскерді қайтарған беріш Қуан жырау дейді. Бастықтардың жиылысында Исатайдың ісін дұрыстап Қуан жырау өлең айтыпты - мыс. Сонан соң Исатаймен соғыспаймыз деп қол қайтып кеткен.
Қуан жыраудың сөзі бұл күнде жойылған. Қолдың көбін таратып, іріктеп алған әскерімен Исатай, Махамбет әлім мен адайға келеді. О күнде адай мен әлім жау екен. Адай түрікпенменде жау екен. Әуелі адай мен әлімді бітіреді, сонан соң, адай мен түрікпенді бітіреді.
Адай, әлім, түрікпен болыпбірігіп, орыс хүкіметімен, оны сүйген хандармен жауласатын болады. Исатай Хиуа ханынан көмек сұрайды. Хиуа ханы жиырма мың әскер бермекші болады. Ісі оңға айналған соң, жайықтағы елді даярлау үшін исатай Оралға келеді. Елді аралап жүргенде Темір үйезіндегі Қиыл деген судың жағасында орыстың әскеріне тап болады. Соғыс болады. Осы соғыста Исатай өледі. Өзі өлген соң Исатайдың ісі бұзылады. Біріктірген елдері бытырай бастайды. Бұлардың бастарын қайта қосамын деп, Махамбет қанша әуре болса да, біріктіре алмайды. Хиуа да беремін деген жәрдемін бермейді. Ісін аяқтаймын деп, Махамбет бірнеше жыл әуре болып жүреді. Ақырында бай ұлының адамдары басы Байнақ деген кісі болып, Махамбетті зорлап Баймағамбет (Байеке) ханға зорлап алып барады. Баймағамбеттен орысқа ұстап бермейтін уәдесін алып, ел ішінде жайына жүре беруге рұқсат алып береді. Билердің сөзін қабылдаған соң Баймағамбет батырды үйіне шақырып танысады. Батыр үйге қару -жарақтарын тастамай кіреді. Баймағамбет батырдан бір - екі ауыз өлең айтыңыз деп өтініш қылады. Махамбет «менің сөзім сізге жайсыз тиер» деп айта қоймайды. Баймағамбет қайта - қайта өтініш қылады. Сонда Махамбет Исатайды жоқтап, белгілі өлеңін айтады. Махамбеттің бұл сөзіне ханның қасындағы жас төрелер қызайын деген екен, Байеке: «Бұлай айтпаса Махамбет батыр бола ма, батырдың сөзін көтермесем ман хан болам ба?» - деп тоқтатыпты - мыс.
Байекеден қайтқан соң Махамбет Орал облысындағы ағайындарының арасында жүреді. Хүкіметке, хандарға қарсы елді азғыруын қоймаса керек. Бір күні үйіне бір бөлек адамдар мен досы Ықылас деген кісі келеді. Ықылас тама руынан, жабал бөлімінің, тұқымы Орал үйезінде Бөрлі болысында болады. Қонақ болып отырып Ықылас Махамбеттің өз қылышымен басын кесіп алады. Ықыласты азғырып, Махамбетті өлтіруге жұмсаған Баймағамбет хан деп айтады - мыс: «Мен сені өлтір деп жіберген жоқ едім, батырды тірілей ұстап әкел деп едім, басын алып кет», - депті.
Исатай қырық тоғыз жасында 1838 жылы өлді. Сүйегі Темір үйезіндегі Қиыл деген өзеннің бойындағы Шолақмолда деген молада. Махамбет қырық екі жасында 1845 - інші жылы өлді. Сүйегі Ілбішін үйезіндегі Дендер деген жердің күншығыс жағындағы Қараой деген жерде. Бір жылдан соң Ықыластың көмегімен көмген жерінен Махамбеттің басын ағайындары ұрлап әкеліп, денесімен бірге көміпті.
Исатай да, Махамбет те беріш руынан, жайық бөлімінен болады. Исатайдың атасы Тайман, Тайманның атасы Бекәлі, Бекәлінің атасы Боқай, Боқайдың атасы Ағатай, Ағатайдың атасы тілеуке. Ағатай беріш деген рудың ұраны болады. Исатайдың тұқымдары осы күнгі Бөкейлікте.
Махамбеттің атасы Өтеміс, Өтемістің атасы Құлмәлі. Мәлі деген жауда қолға түскен тұтқын екен. Жайық беріш Тумаш деген адамның балалары еншілес қылып алған екен. Өзін өзі қызылбастың Нәдірше деген патшасының тұқымымын дейді екен. Құлмәлі деген бұл күнде Гурьев үйезінде Тайсойған болысындабір ауылнай ел. Құлмәлінің тұқымдарынан би де, батыр да, шешен де, әулие де шықты деп қазақта ұлықтайды. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған. махамбеттің айтқан сөзі көп болған. Бірақ көбі жойылған. Махамбеттің сөзінен жойылмай қалған сөз Байекеге айтқан сөзі. Бұл сөз де түрліше айтылады. Біздің қолымызда осы сөздің әркімнен жазып алған төрт - бес нұсқасы болды. Бастырып отырған өлеңіміздің негізіне Мұрат ақыннан естіп едім деп, беріш Ығылман ақын Шөрекұлының жазып бергені алынды. Қолымыздағы нұсқаларды салыстырып, құрастырғаннан басып отырған өлең шығып отыр. өлеңдерді бабтарға бөлгенде орны алмасып кеткендері болуы мүмкін.
Исатай - Махамбет туралы баспада әлі бір ауыз сөз жазылған жоқ. Кіші жүздің арасында, әсіресе Орал, Бөкейлік елінде Исатай - Махамбеттің әңгімесі үлкен орын алады. Өткенді сөйлеген ақындар, қарттар бұларды аттап кете алмайды.
Біздің Исатай, Махамбет туралы жазып отырғанымызды тарихи сөз деп түсіну керек емес, бұл әркімдерден естіген әңгімелердің қорытындысы. Дегенмен сөзіміздің ұлы бағыты дұрыс шығар.
Исатай - Махамбеттің тарихын жазу үшін Орданың, Орынбордың, Текенің, Аштарханның архивтерін аралау керек. Патша заманында Исатайдың әңгімесі құпия еді. Сондықтан қазақша түгіл орысша да бір ауыз сөз жазылмады. Кешегі өткен Бақтыгерей марқұм Құлманұлының айтуынша, Ордадағы уақытша сәбеттің архивінде Исатай - Махамбет туралы 27 том ісі бар.
ТАЙМАНҰЛЫ ИСАТАЙДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАСЫНДА ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ
Ақтабан шұбырындыдан соң Кіші жүздің бір бөлегі (осы күнгі Торғай, Орал, Бөкейлік, Маңғыстау елдері) ресім түрде орыстың патша өкіметіне бағынды. Бағындарған Әбілқайыр мен елдің бір бөлек бас адамдары еді.
1738 - інші жылы сүмбіленің ішінде Әбілқайыр ханмен1 бірге бағынуға ант беріп, қол қойған елу алты кісі мына рулардан: 17 кісі - арғын, 7 - адам найман, 4 - адам қыпшақ, 2 - адам тама, 10 - адам табын, 3 - адам жағалбайлы, 1 - адам кердері, 4 - адам алаша, 2 - адам жаппас, 2 - адам масқар, 1 - адам шөмекей, 1-адам кете. Барлық Кіші жүзден 28 адам қол қойғанда азғана орта жүзден 28 адамның қол қойғаны, Кіші жүздегі ең көп болған он екі ата байұлының тек төрт рудың он адамының қол қойғаны, қалған сегіз рудан бір адамның болмағаны, Кіші жүзде көптік жағынан екінші орын алған әлімұлынан тек екі адамның болғаны - қалың қара қазақтың патша өкіметіне бағынуға риза болмағандығын көрсетеді. Ант қағазға Әбілқайырмен бірге қол қойған бүтін кіші жүз бен бір бөлек Орта жүз деп айту керек. Ант беруші Қошқарұлы Жәнібек, Бөкенбай секілді батырлар, осылардың соңына өлген азғана елдің өкілдері. Он сегізінші, он тоғызыншы әсірдегі Кіші жүздің ішіндегі түрлі қимылдар жоғарғы сөздерге ыспат.
Патша үкіметінің саясаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz