Дүние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы



Кіріспе
І Отын.энергетика кешені
1.1. Мұнай өнеркәсібі
1.2. Газ өнеркәсібі
1.3. Көмір өнеркәсібі
1.4. Дұние жүзілік энергетика дамуының географиялық аспектілері
ІІ Электр энергетикасы

2.1.Дұние жүзінің атом энергетикасы
2.2.Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Отын-энергетика кешені қазіргі таңдағы ең маңызды сала болып табылады. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түседі. Бұрын адам баласына көмір, шымтезек деген сияқты табиғи энергия көздері жеткілікті болса кейіндеп мұнай, табиғи газ деген сияқты маңызды ресурстар қосылды. Әрине бұл ресуртардың қоры шектеулі сарқылатын ресурстарға жатады сол себептен кейбір дамыған елдер алтернативті энергия көздерін іздеуде. Кәзіргі қоғамда электр энергиясынсыз өмірді елестетү қийын.Сол себепті отын-энергетика кешені ең маңызды сала болып табылады.Ал кейінгі кездегі атом энергетикасына көз салсақ ол ХХ ғасырда пайда болған қазіргі таңдағы маңыздылығы өте жоғары электроэнергия саласының бір саласы.Бұл өзінің табиғи байлығы аз елдерде жаксы қолға алынған. Өзінің электр өндірү жағынан қазіргі АЭС басқада электростанциялардан кем емес..АЭС тің басқа электростанцияларға қарағанда артықшылығы ол атмосфераға әр тұрлі парниктік газдар мен аэрозолдерді шығармайды. Соңғы онжылдықта атом энергетикасы өте үлкен қарақынмен дамып дүние жүзі шаруашылығының маңызды бір саласвна айналды.
1.Максаковский
2. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.
3.Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 20

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дұние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы
Жоспар
Кіріспе
І Отын-энергетика кешені
1.1. Мұнай өнеркәсібі
1.2. Газ өнеркәсібі
1.3. Көмір өнеркәсібі
1.4. Дұние жүзілік энергетика дамуының географиялық аспектілері
ІІ Электр энергетикасы

2.1.Дұние жүзінің атом энергетикасы
2.2.Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Отын-энергетика кешені қазіргі таңдағы ең маңызды сала болып табылады. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түседі. Бұрын адам баласына көмір, шымтезек деген сияқты табиғи энергия көздері жеткілікті болса кейіндеп мұнай, табиғи газ деген сияқты маңызды ресурстар қосылды. Әрине бұл ресуртардың қоры шектеулі сарқылатын ресурстарға жатады сол себептен кейбір дамыған елдер алтернативті энергия көздерін іздеуде. Кәзіргі қоғамда электр энергиясынсыз өмірді елестетү қийын.Сол себепті отын-энергетика кешені ең маңызды сала болып табылады.Ал кейінгі кездегі атом энергетикасына көз салсақ ол ХХ ғасырда пайда болған қазіргі таңдағы маңыздылығы өте жоғары электроэнергия саласының бір саласы.Бұл өзінің табиғи байлығы аз елдерде жаксы қолға алынған. Өзінің электр өндірү жағынан қазіргі АЭС басқада электростанциялардан кем емес..АЭС тің басқа электростанцияларға қарағанда артықшылығы ол атмосфераға әр тұрлі парниктік газдар мен аэрозолдерді шығармайды. Соңғы онжылдықта атом энергетикасы өте үлкен қарақынмен дамып дүние жүзі шаруашылығының маңызды бір саласвна айналды.

І Отын-энергетика кешені
Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті
Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты.
1.1. Мұнай өнеркәсібі
Мұнай өнеркәсібі -- дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.Мұнай өнеркәсібі -- күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты -- осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар).
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008 жылы -- 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.
Мұнай -- аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар 500 м-ден төмен тереңдікте орналастырылған.
Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың т болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып қалған "Вальдес" танкерінен суға 40 мың т мұнай ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді.
Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.
1.2. Газ өнеркәсібі

Дүниежүзі бойынша газ өндірісі XX ғасырдың ортасынан бастап өркендей бастады, содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты. Табиғи газбен қатар, мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық мақсатта ғана емес, химиялық шикізат ретінде азот тыңайткыштары мен полимер өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды кен орындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері мен Орта Азияда шоғырланған. Қазіргі кезде кептеген елдер (Бруней, Малайзия, Норвегия және Ұлыбритания) табиғи газды теңіздегі газ кәсіпшіліктерінен өндіреді, су астындағы газ жинау қондырғылары 500 м-ден астам тереңдікте жұмыс істейді. Қазіргі кезде дамыған елдердің отын-энергетика құрылымында газ үлесі көмірмен бірдей мөлшерде. 2006 жылы дүниежүзінде 3646 млрд м3 табиғи газ өндірілді, оның 36%-ға жуығы Ресей мен АҚШ-тың үлесіне тиесілі (40-сызбанұскаға қараңдар). Қазақстанда 2008 жылы 32,9 млрд м3 табиғи газ өндірілді, яғни жан басына шаққанда 1474 м3-ден келеді
1.3. Көмір өнеркәсібі

Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. XX ғасырдың 50 -- 60-жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып қалған болатын. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір өндіретін жетекші 10 елдің қатарыыа енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір өндірілді. Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса, импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.
1.4. Дұние жүзілік энергетика дамуының географиялық аспектілері

Дұниежүзілік энергия және отынэнергетика тұтыну және өндірүдің көлемі жөнінен дүние жүзі елдері әр түрлі териториялық жәнеде басқа өзгешіліктерге ие. Бірінші мұндай өзгешіліктер дамыған және дамушы елдер арасында, екінші ірі аудандар арасында, үшінші айырмашылық әр түрлі елдер арасында жатыр.
Дүниежұзілік энергия тұтыну және өндірү бойынша Солтүстік пен Оңтүстіктің ара қатынасы өзгере бастады.
1990 жылдары Оңтүстік елдері энергоресурстарды өндірү бойынша Солтүстік елдерінен алға озып кетті және бұл айырмашылық өсе берді және өсіп келеді.Бұл Оңтүстік елдерінің энергия тұтыну көлемі артуымен және Солтүстік елдерінің мұқажын қанағаттандыруымен сийпатталады.
Көбінесе дамыған елдерге дамушы елдерден энергоресурстар тасымалданады бұған бірінші кезекте мұнай жатады.
Оңтүстік пен Солтүстіктің бірінші реттік энергоресуртарды пайдалану айырмашылығы 1990 жылдар 64-36 болса 2020 жылы 50-50 болады деп болжалынуда.Оңтүстік елдерінің мұндай қарқынмен өсүі олардың экономикалық және энергоресурстарды көп қажет ететін салалардың дамуымен сийпатталады.
Дүние жүзінің ірі аймақтарының отын және энергия тқтыну көлемі соңғы онжылдықта өзгерді. 1980 жылдары отын және энергия тқтыну көлемі бойынша Солтүстік Америка екінші орында Шетелдік Еуропа үшінші Шетелдік Азия төртінші КСРО тұрса 1990жылдардың аяғына таман бірінші орынға Шетелдік Азия екінші орында Солтүстік Америка үшінші Шетелдік Еуропа болды. Бұл жерде олардың қандай энергоресурстарды тұтынуына мән бере кеткен жөн Солтүстік Америка Шетелдік Еуропа және Африка (40 - 45 %) Латын Американың( 60 % астамын) бірінші орында мұнай ал Австралияда бірінші орында көмір ал ТМД елдерінде бірінші орынды табиғи газ алады. Енді бірінші реттік энергоресурстарды өндірү бойынша дұние жүзінің елдеріне тоқталып өтсек.
Өндірү көлемі бойынша алдыңғы қатарлы елдерге үлкен сегіздік және Батыс елдері, 9 ірі мұнай өндірүші елдер және Ресей Қытай Үндістан Австралия ОАР және Норвегия елдері кірсе Осы 20 елден соң Ирак, Кувейт, Жапония, Қазақстан, Украина, Аргентина, Польша, Малайзия, Ливия және Колумбия кіреді.
Жан басына шаққандағы отын және энергетика түтыну көлемі бойынша Жоғары елдер АҚШ, Канада, Австралия, шетелдік Еуропаның жарты бөлігі және ТМД елдерінің біразы кіреді.Ал орташаға Еуропа мемлекеттері Латын Америкасы елдері және Азиямен Африканың кей бір елдері.Төменгі көрсеткіштерді Азия мен Африка елдері көрсетеді.
.
Ал ең төменгі жан басына шаққандағы төменгі көрсеткіш Тропикалық Африка елдерінде АҚШ пен мұнай өндірүші елдерде жан басына шаққандағы корсеткіш өте жоғары мысалы Қатарда-35000кг, Кувейт пен Брунейде 11-17 мың кг.
Жалпы отын және энергия тасымалдау бойынша 10 көшбасшы елде ең негізгі тасымалдау мұнай болса ал отынның басқа түрін тек Австралия тасымалдайды. Ал көпшілік Батыс елдері басқа елдерден тасымалданатын мұнай мен басқа да энергияға тәуелді. Ресейге КСРО дан өте ұлкен көлемде отын-энергетикалық комплекс мұра болып қалды, бірақ ол қор ХХғасырдың 90шы жылдары (14) ке дейін кеміді. Сонымен қатар Ресейде мұнай мен көмір өндірү азайып табиғи газ өндірі 50 % ға дейін артты.Осындай төмендеулерге қарамастан Ресейдің отын-энергетика саласы ең бір тұрақты сала болып қалуда.
Жалпы 1991ж өнеркәсіптік өндірісте отын-энергетика саласы 11-12 ға өсті.Кәзіргі таңда Ресей дұние жүзілік отын-энергетика бойынша өз салмағын ұстап қалуда. Ресейдің отын-энергетика министірлігінің мәлімдеуі бойынша 2020ж Ресейде мұнай өндірү 350млн тоннаға, көмір 400млн тоннаға ал табиғи газ 750 млрд м3 қа дейін көтеріледі деп болжалауда.

ІІ Электр энергетикасы

Энергияның экономикалық жағынан ең тиімді, экологиялық жағынан қауіпсіз әмбебап түрі болып саналатын электр энергиясын өндіру үшін алуан түрлі минералды шикізат, су және атом энергиясы пайдаланылады. Минералды отынмен жұмыс істейтін жылу электрстансылары (ЖЭС) шикізат көздерінде және ірі тұтыну орталықтарында орналасады; олардың жалпы электр энергиясының өндірісіндегі үлесі -- 63%. Су электрстансылары (СЭС) дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 15-ін береді. Су энергиясы ресурстары, негізінен, дамушы елдерде шоғырланған, сондықтан әзірше толық игерілмей келеді. Мысалы, Латын Америкасында су энергиясы қорынын 10%-ы, Африкада 5%-ы ғана игерілген. Энергияның бұл түрін пайдалануда AҚШ пен Ресей алдыңғы орында, бірақ жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша Норвегия басымдылық көрсетеді.
Жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру, 2006 жыл (кВтсағ)
Көп өндіретін елдер
Мөлшері
Аз өндіретін елдер
Мөлшері
Норвегия
29 522
Конго Демокр. Республ.
109
Канада
18 472
Ангола
85
Швеция
17 022
Судан
67
АҚШ
13 450
Танзания
62
Аустралия
11 546
Эфиопия
20

2.1.Дұние жүзінің атом энергетикасы
Атом энергетикасын ХХ ғасырда пайда болған қазіргі таңдағы маңыздылығы өте жоғары электроэнергия саласының бір саласы.Бұл өзінің табиғи байлығы аз елдерде жаксы қолға алынған. Өзінің электр өндірү жағынан қазіргі АЭС басқада электростанциялардан кем емес..АЭС тің басқа электростанцияларға қарағанда артықшылығы ол атмосфераға әр тұрлі парниктік газдар мен аэрозолдерді шығармайды. Соңғы онжылдықта атом энергетикасы өте үлкен

қарақынмен дамып дүние жүзі шаруашылығының маңызды бір саласвна айналды.
1970 жылы атом электроствнциялары 85 млрд кВт-сағ электроэнергия өндірген болса, ал 1980 г. - шамамен 700 млрд, в 1990 г. - 1800 млрд, ал 2005 г. - шамамен 2750 млрд кВт-сағ электоэнергия бөлді. Соған қарамастан ХХғасырдың 2 ші жартысында атом энергетикасында дағдарысты кезеңдер болды.
Атом энергетикасының қарқынды дамыту жөніндегі жобалар ХХ ғ.дың 50 -- 60 жылдары АҚШ Ұлыбритания КСРО кейіндеп ФРГ Японя елдері жобалаған болатын. Бірақ ол жобалардың көп бөлігі орындалмаған болатын. Ол кезде АЭС ларын басекеге қаблиетсіз деп саналған.
Ал кейіндеп мұнайдың және де басқа минералды ресурстардың қымбаттауына және дұниежүзілік электроэнергия дағдарысына байланысты атом энергетикасы ұлкен қарқынмен дами бастады. Бұл әрине бірінші кезекте Франция, ФРГ, Бельгия, Швеция, Финляндия, Япония,Корея деген сияқты минералды ресурстары аз немесе мұлдем жоқ елдерде дами бастады.Әрине жері минералды ресурстарға бай АҚШ және КСРО елдеріндеде атом энергетикасы жақсы дами бастады. 1970-х ж батыс ғалымдары атом энергетикасының қуаты XXI ғ да 1300 - 1600 млн кВт қа жетеді деп болжады.Ал АЭС дұние жүзінің 50елінде болады деп айтады. МИРЭК тің X сессиясында 2020 ж атом энергетикасы дүние жүзі электроэнергияның 30 %.Ын береді деп айтады.Бірақ1980-х гг. ортасында атом энергетикасының өсү қарқыны азая бастайды . Ол әртүрлі себептермен түсіндіріледі олардың арасыда мұнай бағасының біртіндеп төмендеуі ұтымды саяси келісіадер және де АЭС тің зардаптары экологиялық зардаптары мысал болды
Экологиялық зардаптары дегеніміз АЭС тің жарылуы яғни 1986жылы болған Чернобыл жарылысы соның салдарынан радиация мөлшері шамадан тыс артып Украина Белорусия және де көршілес 20 елге өз зиянын әкелген болатын.
Міне осы себептеден 1980-ж.ры атом энергетикасының өсү қарақыны төмендеген болатын.Әрине әр ел өзінше басқа тұрғыдан қарадв осыларға орай оларды үш топқа ьоліп қарастырады.
Бірінші топқа бас тартқан елдер кіреді олар өздерінің атомдық программаларынан мүлде бас тартып және барлық АЭС рын жабу жөнінде шешім қабылдаған елдер.Бұл елдерге Италия,Польша,Швейцария,Нидерландия ,Испания елдері жатады.
Ал екінші топқа АЭС тен бас тартпаған бірақ жаңасын салуға тыйым салған елдер жатады. Бұл топқа АҚШ және Еуропаның көптеген елдерін жатқызуға болады. Бұл елдерде 1990-жылдан бастап еш қандай жаңа АЭС салынбады. Бұл қатарға сонымен қатар Ресей және Украина елдерін жатғызуға болады
Ал үшінші топқа еш қандай зардаптарға қарамастан өзінің атомдыпрограммаларын дамытып және жаңа АЭС терді салып жатқан елдер кіреді. Бұл елдерге Франция,Жапония,Корей Республикасы,Қытай және Иран елдері кіреді.
Осы ұш топтың құрамы өзгеріссіз қалып отыр.Соңғы жылдары Италия,Испания,Швеция елдері өздерінің АЭС ке деген көз қарастарын өзгертүде. Румыния 2002 жылы өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу
Қазақстанның атом энергетикасы
Қазақстандағы жанармай кешенінің жағдайы мен келешегі
Қазақстандағы уран өндіріс орындары
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
АЭС болашағы
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Дүние жүзіндегі мұнай қоры
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Пәндер