Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Ауыл шаруашылығының даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Аграрлық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

ІІ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Дәнді дақылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2 Техникалық дақылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІІ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3.1 Ірі қара мал шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3.2 Қой шаруашылығының географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.3 Жылқы шаруашылығының географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.4 Құс шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.
Ауыл шаруашылығы - адамның өмірлік қарекетінің ең ежелгі бір саласы, оның түп тамыры ғасырлар мен мыңдаған жылдар тереңінен басталады. Ауыл шаруашылығының маңызы зор екенін бүгінде онымен жер шарының еңбеккер халқының жартысына жуығы шұғылданатынынан-ақ білуге болады.
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады.
Адамның іс-әрекетінің барлық түрлерінің ішінде ауыл шаруашылығын табиғатпен де бәрінен де тығыз байланысты. Дүние жүзіндегі тұрғындары ауыл шаруашылығымен және оған іргелес салалары – орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ.
1. Максаковский В.П. Географическая картина мира Книга. I: Общая характеристика мира., Москва: Дрова., 2006/ 427 стр

2. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық., Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ал Мектеп, 2010/ 151 – 157 б

3. О.В.Тарханов., Совеременные тенденции мирового сельского хозяйства., Москва:Алгоритм., 2002/ 144-165 стр

4. Добрынин В.П. О концепции развития сельского хозяйства России. - М.: МСХ, 2006 / 201 – 205 стр

5. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007/ 14 -18 б

6. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы 3 – 5 - 7 Том

7. Серова Е.В. Аграрная экономика. - М.: ГУ ВШЭ, 1999/ 108 – 126 стр

8. Шаруа анықтамалығы., № 9 – 10 қыркүйек/қазан., 23 б

9. Плетнев П.А. Новые проблемы мирового сельского хозяйства. // «Крестьянские ведомости», 2007, №10

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАЛПЫ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Ауыл шаруашылығының даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..4
1.2 Аграрлық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...6

ІІ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Дәнді
дақылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 7
2.2 Техникалық
дақылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...10

ІІІ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ МАЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3.1 Ірі қара мал
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .12
3.2 Қой шаруашылығының
географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.3 Жылқы шаруашылығының
географиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.4 Құс
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...19

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық
шаруашылықтарының жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда,
капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық
келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-
техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара
қарым-қатынастардан тұрады.
Ауыл шаруашылығы - адамның өмірлік қарекетінің ең ежелгі бір саласы,
оның түп тамыры ғасырлар мен мыңдаған жылдар тереңінен басталады. Ауыл
шаруашылығының маңызы зор екенін бүгінде онымен жер шарының еңбеккер
халқының жартысына жуығы шұғылданатынынан-ақ білуге болады.
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі.
Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір
түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады.
Адамның іс-әрекетінің барлық түрлерінің ішінде ауыл шаруашылығын
табиғатпен де бәрінен де тығыз байланысты. Дүние жүзіндегі тұрғындары ауыл
шаруашылығымен және оған іргелес салалары – орман шаруашылығымен,
аңшылықпен, балық аулаумен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ.
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және
табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы
— неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл
шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл
шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты.
Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет
бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек
етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол
көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл
шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және
аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ)
46%-ы осы салада еңбек етеді.
Қазіргі ғылыми техникалық революция дәуірінде адамзат баласына пайдасы
да, табиғатқа зияны да қатар жүргізіледі, неге десеңіз химиялық
тыңайтқыштарды кеңінен әрі бақылаусыз қолдану олардың едәуір бөлігінің
өзендер мен көлдерге барып түсуіне әкеліп, өсімдікке, адамдардың
денсаулығына зиянын тигізеді. Қазіргі кезде ғылыми техникалық революцияның
дамуына байланысты зиянды химиялық қалдықтарды яғни қалдықсыз, немесе
сауатты пайдалану болып отыр.
І ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Ауыл шаруашылығының даму бағыттары

Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа
ажыратылады:
Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық
қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен
тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік
ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер
өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек
жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі
көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу
шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің
құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік
Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл
шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады.
Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен.
Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп
жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия
елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы
елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-
латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта
жүргізіледі:
а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш
өсіру);
ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және
Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе
және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық
алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал
шаруашылығымен ұштасады;
б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір
елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал
шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан
салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.
Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар
өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті
мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер
(АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен
химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция
мен генетика, биотехнологияның соңғы жетістіктері кеңінен пайдаланылуда.
Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және
өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз
тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай
шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және
агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі,
әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет
ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды.
Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек
өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық
шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету XX
ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда.
Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени
өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану
мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру
шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана
өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.
Сонымен қатар осы заманғы техниканы, тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы
улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция
нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді
дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды.
Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және
Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы
елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған
жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге
ғана ықпал етті.
XX ғасырдың 80-жылдары басым түрде дамыған елдер аясында екінші "жасыл
революция" немесе биотехнологиялық революция (нанотехнология) жүрді. Гендік
инженерия нәтижесінде үсік пен түрлі ауруларға төзімді томат, картоп,
мақта, қытайбұршақ (соя) сияқты өсімдіктердің жаңа сорттары
будандастырылса, сүтті сиырлардың етті шошқа мен ірі қараның жаңа түрлері
шығарылды. Мұндай жетістіктерді өндіріске енгізу өте қымбатқа
түсетіндіктен, қазірше батыстың жоғары дамыған елдерінде ғана қолданылуда.
Қазіргі ауыл шаруашылығына тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім
түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа,
табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр
елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен
ауыл шаруашылығының аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі
нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және
жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының
жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып
отыр.
1.2 Аграрлық қатынастар

Дүние жүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-
бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан
құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне
сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР,
Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен
қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай
жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты
себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына
мүмкіндіктің болмауы. Бұл көрініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән.
Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың
өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар
арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады.
Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және
дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең
алып келеді.
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар:
жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп
таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауыл
шаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер
иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа
жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет.
Мысалы, АҚШ-та жер қорының 14-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде
аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың
бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға
негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-
тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі.
Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік
шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар
меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га.

ІІ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2.1 Дәнді дақылдар

Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық
және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.
Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді
дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 12-інен астамын алып жатыр.
Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді.
Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына
өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс
көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру
есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 цга
болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 пга. Дүниежүзі бойынша жылына
дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 14-і
Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне
келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-
орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді
дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат
болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш
және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын
күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр. Бидай — ең басты дақыл. Оның
негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик
Н. И. Вавилов анықтаған (Кесте 1).

Кесте 1
Мәдени өсімдіктерінің шығу орталықтары
(Н. И. Вавилов пен В. В. Вольский бойынша)


Орталықтар Басты мәдени дақылдар
Жерорта теңізі Арпа, зығыр, жүзім,
апельсин, зәйтүн, құрма
Оңтүстік-Батыс Азия Бидай, карабидай, арпа,
сұлы, кендір, бұршақ, қызылша, жүзім
Оңтүстік Азия Күріш, бидай, қант құрамы,
мақта, джут, шай, кокос пальмасы
Шығыс Азия Күріш, қытайбұршақ, қытайтары (гаолян),
арпа, тары, шабдалы, өрік
Оңтүстік-Шығыс Азия Күріш, ямс, тары, саго, банан, қант құрағы
Эфиопия Бидай, арпа, сорго, тары, кофе, мақта,
банан
Батыс Африка Күріш, тары, ямс, май пальмасы,
қарбыз, қауын
Орталық Америка Жүгері, маниок, батат,
жержаңғақ, какао,макта, темекі
Анд тауы Жүгері, картоп, асбұршақ,
мақта, күнбағыс

Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай
солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай
өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше
елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте
мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа)
жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған (Кесте 2).
Кесте 2

Дәнді дақылдар жинаудан жетекші елдер ( 2006 жыл)

№ Елдер Өнім мөлшері, Елдің дәнді дақылдар
млн т жинаудағы үлесі, %
1 Қытай 480,0 21,6
2 АҚШ 306,0 16,4
3 Үндістан 230,0 10,6
4 Ресей 85,0 3,2
5 Франция 60,0 3,1
6 Канада 50,0 2,8
7 Индонезия 50,0 2,6
8 Бразилия 50,0 2,2
9 Украина 50,0 2,1
10 Аргентина 33,6 1,6

Бидайдың тауарлық өндірісі XIX ғасырдан бастап дала зонасы таралған
материктерде қалыптаса бастаған. Қазір олар жоғары маманданған ірі
шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар,
Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі, Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай
жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі, Аргентина Пампасы
сияқты басты астықты өңірлер жатады. Астықты өлкелердің бірі болып
саналатын жер — АҚШ пен Канаданың Орталық жазықтары. Мұнда көбінесе жоғары
сапалы нан пісіруге арналған қатты бидай өсіріледі. Виннипег каласын бидай
астанасы деп атайды.
Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай
сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән
субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару
арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз
болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық
жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия,
Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш — жылу мен
ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз
орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге
жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 910-ы Азияның
күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 23-сін күріш
алып жатыр.
Жүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа
аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар
орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса
алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші
елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және
Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты
аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі.
Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден
әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы
ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.
Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты
сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану
саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады.
Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты
елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне
және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының
артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40
млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу
байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты сыртқа шығаратын елдер қатарына
қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде бірінші орынға шықты.

2.2 Техникалық дақылдар

Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі — техникалық дақылдар.
Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды
техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты,
крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-
түліктік маңызы бар және азық-түлікке жатпайтын деп ажыратылады.
Майлы дақылдар - Жер шары халқының тамақ құрамында дәнді дақылдардан
кейін 2-орын алады. Маңызды түрлері: қытайбұршақ, жержаңғақ, зәйтүн,
күнбағыс. Бүкіл пайдаланылатын майдың 23-сі осы өсімдіктерден алынады.
Қытайбұршак өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бразилия мен Аргентина.
Жержаңғақ өсіруден Үндістан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсіруден Ресей
алдыңғы орында. Азия, Латын Америкасы елдерінде пальмалардан, мақта
өсіретін елдерде мақта майын алу жолға қойылған.
Күнбағыс (лат. Helianthus - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір
жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Еуропалықтар тұңғыш
рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан
көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны
күн гүлі деп атады.
Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің
жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда
7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге
дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі. Дәнінен сұйық күнбағыс
майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады,
сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті
тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады,
онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы,
онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар.
Қантты дақылдардың да азық-түліктік маңызы зор. Олардан жыл сайын 100
млн т-дан астам қант өндіріледі. Оның 60%-ы қант құрағынан, ал 40%-ы қант
қызылшасынан алынады. Екеуі де еңбекті өте көп қажет ететін дақылдар, бірақ
таралу аймағы мүлде бөлек. Қант құрағы — шөптесін, көпжылдық өсімдік.
Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққанымен қазір Латын Америкасы елдерінде және
басқа материктердің тропиктік, субтропиктік белдеулерінде көбірек
өсіріледі. Негізгі өндірушілері — Бразилия, Үндістан, Қытай. Қант қызылшасы
коңыржай белдеудің дақылы, оның басты өндірушілері — Франция, АҚШ, Ресей,
Украина және т.б., яғни коңыржай белдеу елдері.
Талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Ол жылу мен ылғалды аса көп
қажет етеді. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі 20 млн т-ны құрайды.
Мақта егісінің алқабы мен мақта жинау жөнінен 1-орынды ежелден мақта
өсірушілер — Азия елдері, 2-орынды — Америка, 3-орынды Африка елдері
иеленеді. Олардың ішінен Қытай, АҚШ, Үндістан елдері ерекшеленеді. Көпшілік
елдер қысқа талшықты мақта егеді, өте бағалы ұзын талшықты мақта өсіруден
Египет ежелден-ақ танымал. Басқа талшықты дақылдар — зығыр мен джуттың
таралу аймағы анағұрлым шектеулі. Дүниежүзілік зығыр өндірудің 34 бөлігі
Ресей мен Беларусь Республикасына, ал джут өндіру Үндіста мен Бангладештің
үлесіне тиеді. Табиғи каучук беретін гевея ағашының плантациялары алғаш XIX
ғасырда Оңтүстік Америкада қолға алынған болатын. Кейіннен ол Азияға
ауысып, қазір Азия елдері табиғи каучук өндірісінің басты ауданына айналып
отыр. Әсіресе Таиланд, Индонезия мен Малайзия ерекше көзге түседі.
1 т шитті мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады),
100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг
тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан
170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа,
глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін
негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес,
сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса,
фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б.
дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал
тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар,
целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы отын ретінде, күнжарасының
құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қолданылады.
Крахмалды дақылдардың ішіндегі маңыздысы да, көп таралғаны да — картоп.
Картоптың отаны Оңтүстік Америка, бірақ, қазір коңыржай белдеу дақылына
айналып отыр. Картоп жинаудан 1-орынды Ресей, 2-орынды Польша, 3-орынды
Қытай алады.
Картоп (нем. Kartoffel ) — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
Картоптың 150-ге жуық түрі белгілі. Бір жылдық дақылдық картоп негізінен, 2
жақын түрге бөлінеді. Анд картобы  Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және
Аргентинада өседі. Чили (Еуропа) картобы  климаты қолайлы елдерде өседі.
Картоп Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында
өсіріледі.Картоп жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнек-
түзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Картоптың биіктігі 40 — 80 см, кейде
150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 — 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не
көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп түқымды. Жер астындағы өркен
сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5 — 8°С-та түйнек
бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 — 13°С,
20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал - 1 — 2°С суықта жас өскіндері
үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 — 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен
көбейеді. Картоп түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5%
крахмал, 0,5% қант, 1 — 2% белок, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В2, В6,
РР, К витаминдері бар.

ІІІ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
3.1 Ірі қара мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал
өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт,
май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет
өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз,
түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері
мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек
ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар
(емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы
салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының экономикасында басты орын алады.
Көптеген шаруашылықта жүн, мал еті, т.б. өнімдерінің тасымалдануы мал
шаруашылығындағы түсетін пайданың басым көпшілігін құрайды, ал шөлді
жерлерде мал шаруашылығы ең басты сала, табыс көзі болып табылады.Қазіргі
уақыттағы ауыл шаруашылығының дамуында өндірістің өнім өндірудегі сапасына
көп көңіл бөлінуде. Кейінгі уақытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзінің ауыл шаруашылық географиясы
Нидерландия
Шетелдік Еуропаға жалпы сипаттама
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Халықтар географиясы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮНДІСТАНМЕН байланысы
Қазақстанның Канадамен байланысы
Мал шаруашылығының өнімдері
Пәндер