Дүниежүзінің орман өнеркісібі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дүниежүзінің орман өнеркісібі

Орман өнеркәсібінің маңызы алдымен шаруашылықта және күнделікті өмірде ағаш пен ағаштан дайындалған бұйымдар арқылы ғана анықталады. Оған қоса орман ресурстарын қайта қалпына келетін ресурстар ретінде ескеру қажет. Алайда Жерде орман таралуының екі басты белдеуі ормандардың тең тегіс таралмағандығын айғақтайды, сондай-ақ орманды пайдаланудың шектен тыс қарқындылығына қарап ормандардың мүлде жойылып кету қаупін әкелетіні анық.

Орман шаруашылығының салалық құрылымдары үшін аталған қиын жағдайлар ғана емес, өзара салаларық байланыстар тән, сондықтан жиі орман кешені деген түсініктер қолданылады.

Негізінде бұл кешеннің салалық тараулары ортақ орман шикізаттарын қолданады, бірақ олар өнім өндіру технологиясы бойынша да, өнімнің қолданылу мақсаты бойынша да ерекшеленеді. Біріншіден, ормандайындау өнеркәсібі, бұл ағаш дайындауды жүзеге асырады. Екіншіден, ағашты механикалық өңдеу, яғни ағаш кесу, фанерлер дайындау, ағаш-жоңқа (ДСП) және ағаш-талшық (ДВП) тақтайларын дайындау, құрылыс материалдарын дайындау, яғни олардан түрлі үй жиһаздары сияқты т. б. салалары қамтылады. Үшіншіден, ағашты химиялық және химия-механикалық өңдеу салалары, бұл алдымен қағаз-целлюлоз дайындауды қамтиды.

Орман өнеркәсібі кешенінің аталған барлық салалары дүниежүзілік шаруашылықта айтарлықтай жолғары маңызға ие. Сонымен бірге бір салаларда жоғары, келесі бір салаларда аз мәнде орман өнеркәсібі кешендерін орналастыруда географиялық орналасу ерекшеліктері де айқындалады.

Ағашдайындау өнеркәсібінің басты қызметі ағаш сүрегін дайындау (тасымалдау) болып табылады немесе дөңгелек орман материалдарын дайындаумен сипатталады. Дүниежүзінде осындай материалдарды дайындау 1965 жылы 2 млрд м 3 құраса, 1985 жылы 3, 1 млрд, ал 1990 жылы 3, 4 млрд м 3 болды, бірақ 90-жылдары сол деңгейде қалады. Осындай үлкен шамадан орман өнеркәсібіндегі үлкен географиялық жылжуларды анықтау қиын емес. Басты себеп бұл солтүстік белдеу рөлінің азайып, керісінше (дамушы елдер әсерімен) оңтүстік орман белдеуінің маңызы артқанан деуге болады. Бұл жайтты ормандайындау салалары бойынша алғашқы он елдің мысалынан да байқаймыз. Алдымен «басты салмақ» берушілер АҚШ, Ресей, Канада, Финляндия, Швеция болса, қазіргі таңда осы қатарға Үндістан,
Қытай (олар жоғары өсу қарқындылығының арқасында дүниежүзі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші және үшінші орынға шығып отыр), Бразилия, Индонезия, Нигерия; содан ретімен бірден КонгоДемократиялық Республикасы, Эфиопия шығады. Әсіресе, оңтүстік белдеу елдерінің маңызы артты - Бразилия, Индонезия, Малайзия - орман шикізаттарын экспорттаудан алдыңғы орындарда.

Осыдан экономикалық дамыған және дамушы елдерде ағашөңдеу өнеркәсіптері үшін қолайлы жағдайлар бар деген ой туады. Шындығында олай емес, көбінесе ол елдегі шаруашылық (өнеркәсіптік) және отындық (оттық) ағаш сүрмелерінің арақатынасының тәуелділігімен баға беріледі. Дамыған елдердегі отындық тұтыну құрылымында отынағашы сүрмесі көлемі ауқымды емес (Канадада ол 3% құрайды, Швецияда - 6, Финляндияда - 8, АҚШ - 12, ал Ресейде - 26% жоғары) . Сонымен қатар бұл шама Африкада жалпы - 78% жетеді, жекелеген елдерде одан да жоғары шамада (Эфиопияда - 96, Нигерияда - 95%) . Осындай мәндер Алыс Азияға да тән (Үндістанда - 94%, Индонезияда - 70%, Қытайда - 65%), сондай-ақ Латын Америкасында отындыққа дайын ағаш сүрмесінің 57% тиесілі болады.

Ағашты механикалық өңдеу саласының орналасуы мен өлшемдерін есептегенде кесуматериалдарын өндіру жағдайлары ескеріледі, ол ХХІ ғасырдың басында ханикалық өңдеу саласының орналасуы мен өлшемдерін есептегенде кесуматериалдарын өндіру жағдайлары ескеріледі, ол ХХІ ғасырдың басында 410-420 млн м 3 шамасына дейін өсіп кейін азая бастайды. Көбінесе кесуматериалдарын өндіретін елдер: АҚШ (110 млн т),

Канада (65 млн т), Қытай, Жапония, Ресей, Бразилия, Үндістан. Бұл елдер фанер жасау бойынша да ерекшеленеді. Бірақ ДСП шығару бойынша алғашқы ондыққа Еуропаның бірнеше елдері кіреді (ГФР, Франция, Швеция, Финляндия) . Ал кесуматериалдарын экспорттайтын ірі елдер қатарына - АҚШ, Канада, Швеция, Финляндия? Ресей жатады. Соңғы уақытта олардың қатарына Бразилия, Нигерия, Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері қосынды.

Ағашты химиялық және химия-механикалық өңдеу жайында айтқанда алдымен целлюлоза, қағаз және картон жасауды білдіреді. Целлюлоза дайындау географиясында айтарлықтай өзгерістер бола қоймады. Негізен бұл сала дамуы солтүстік орман белдеулеріндегі қылқанжапырақты орман елдері аймағында дамыған. Шамамен осы өндірістің жартысынан астамы әлемде АҚШ және Канада елдеріне тиесілі. Алайда целлюлоза өндірудің алғашқы ондығына Қытай мен Бразилия еніп үлгерді.

Сондай-ақ қағаз шығару өндірісінің географиясы туралы да осы жоғарыдағы жағдайлар ұқсайды, яғни 30% - жазу және типографиялық қағаздар, 13 - газеттің, 57% - бұл қағаздың басқа да сорттары, көбіне техникалық және тазалық мақсатындағы қабаттау жұмыстарына қолданылады. Дүниежүзілік өндірісте (ол 1970 жылы 130 млн-нан 2005 жылы 360 млн-ға дейін өседі) және қағаз өнеркәсібін экспорттаудың басты рөлі экономикалық дамыған елдерге тиесілі. Бұл алғашқы ондық елдер тізімінен айқын байқалады, оған 1980 жылдан бір дамушы ел - Қытай қосылды (кесте 115) .

ҚАҒАЗ ЖӘНЕ КАРТОН ӨНДІРІСІ БОЙЫНША

АЛҒАШҚЫ ОН МЕМЛЕКЕТ ТІЗІМІ 2005 ж

Мемлекеттер
Қағаз және картон өндірісі, млн т

Газет қағазы өндірісі,

млн т

Мемлекеттер: АҚШ
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 83, 6
Газет қағазы өндірісі,млн т: 6, 3
Мемлекеттер: Қытай
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 53, 5
Газет қағазы өндірісі,млн т: 0, 9
Мемлекеттер: Жапония
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 29, 2
Газет қағазы өндірісі,млн т: 3, 1
Мемлекеттер: Канада
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 20, 6
Газет қағазы өндірісі,млн т: 9, 0
Мемлекеттер: ГФР
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 20, 4
Газет қағазы өндірісі,млн т: 1, 7
Мемлекеттер: Финляндия
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 14, 0
Газет қағазы өндірісі,млн т: 1, 3
Мемлекеттер: Швеция
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 11, 0
Газет қағазы өндірісі,млн т: 2, 3
Мемлекеттер: Корея Республикасы
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 10, 6
Газет қағазы өндірісі,млн т: 0, 9
Мемлекеттер: Франция
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 10, 2
Газет қағазы өндірісі,млн т: . . .
Мемлекеттер: Италия
Қағаз және картон өндірісі, млн т: 9, 7
Газет қағазы өндірісі,млн т: 0, 2

Осы 115-кестеден дүниежүзіндегі газет қағазын өндіруші (қосымша экспорттаушы) мемлекет - Канада болып танылады, ол дүниежүзілік өндірістегі 36 млн-ның жалпы есепте ¼ бөлігі ттиеді. Сонымен қатар 115-кестеден қағаз өндіретін екінші ондық елдер қатарына Бразилия, Ресей, Ұлыбритания, Испания, Австрия, Мексика, Үндістан, Нидерланды, Норвегия, Австралия енеді.

Ескеру керек, экономикалық дамыған және дамушы елдер аралығында жан басына шаққандағы қағаз және картон өндірісі шамалары айтарлықтай ерекшеленеді (кесте 116) .


ҚАҒАЗ БЕН КАРТОНДЫ ӨНДІРЕТІН АУҚЫМДЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН ШАМАДАҒЫ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР

Ауқымды өндіріс елдері

Жан басына шаққандағы

өндіріс, кг

Шағын шамадағы өндіріс елдері*

Жан басына шаққандағы

өндіріс, кг

Ауқымды өндіріс елдері: Финляндия
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 2360
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Алжир
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 2, 2
Ауқымды өндіріс елдері: Швеция
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 1100
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Үндістан
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 3, 1
Ауқымды өндіріс елдері: Канада
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 630
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Иран
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 3, 4
Ауқымды өндіріс елдері: Норвегия
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 485
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Пәкістан
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 3, 6
Ауқымды өндіріс елдері: Австрия
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 475
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Египет
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 4, 0
Ауқымды өндіріс елдері: АҚШ
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 325
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Марокко
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 4, 0
Ауқымды өндіріс елдері: Жапония
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 250
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Филиппины
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 8, 3
Ауқымды өндіріс елдері: Нидерланды
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 200
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Туркия
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 14, 9
Ауқымды өндіріс елдері: Германия
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 195
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Индонезия
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 25, 0
Ауқымды өндіріс елдері: Корея Республикасы
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 185
Шағын шамадағы өндіріс елдері*: Филиппины
Жан басына шаққандағыөндіріс, кг: 25, 6
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан пайдалы қазбалары
Дүниежүзілік шаруашылық және оның даму тенденциясы
Мұнай өнңдеу кәсіпорындары
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
Мәдени туризмді дамыту әлеуеті
Қытай. VIII қытайдағы жер қатынастары
Көмірдің халық шаруашылығындағы рөлі
Бразилия
Машина жасау өнеркәсібі кешені
Түсті металлургияның салалық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz