Кәсіпорын экономикасы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құқықтық формалары ... ... ..4
2 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау және болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3 Шет елдегі кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құқықтық формалары ... ... ... .12
4 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың жақсарту жолдары ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды
1. Сундетов Ж. Планирование и прогназиравание в условиях рыночной экономики; Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2004
2. Стратегичечский план развития Республики Казахстан до 2010г.
3. Назарбаев Н. А. «Казахстан-2030»-1997 жыл
4. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанхалқына жолдауы
5. Аникин А.В. Юность науки. М.: Политиздат, 1979
6. ҚазақстанРеспубликасыныңүдемеліиндустриялық-инновациялықдамуының 2010-2014 жылдарғаарналғанМемлекеттікбағдарламасы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Геодезия және Құрылыс кафедрасы
5В072900 Құрылыс мамандығы

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент пәні
СРО №1
Тақырыбы : Кәсіпорын экономикасы

Орындаған: Байғалиева Ж.
СТ - 217
Тексерген: Габдуллина Л.Б.



Семей
2015
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құқықтық формалары ... ... ..4
2 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау және болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...8
3 Шет елдегі кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құқықтық формалары ... ... ... .12
4 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың жақсарту жолдары ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Кіріспе
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды

1 Өндірістік үрдіс-кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі. өндірістік үрдіс-дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді.
Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары ( машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады.
Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделігіне байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралельді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.
Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.
Жұмыс орны деп жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады.
Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.
Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.
Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады:
* Жалпы нақты мазмұнына байланысты болмайды
* Арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.
Уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын қағидалар:
* Мамандыру қағидасы, өндіріс үрдісіне жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын көрсетеді
* Паралельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді
* Пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады
* Тура дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жлдарымен жүруін айтады
* Үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді
* Ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.
Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық, партиялық және бірлік.
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады.өндіріс мазмұны үш элементтен тұрады:
* Ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы
* Адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы
* Еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорындарды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір- бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіленеді:
а)кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау
б)әрбір цехтың және қоймаларын орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу
в)кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдарымен өзара байланысын жоспарлау
г)өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.б.
Өндірістік бөлімшелерге - цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, текскру жүргізетін зертханалар, бұйымдар, материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және бұйымдарға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөліктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті өндірілетін энергияның түрлері және т.б.жатады.
Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі обьектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді.Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке өндірістік үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.
Өндірістік құрылымның түрлері. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының үш түрі бар.Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әуқайсысы өнімнің бір түрін, бөлігін немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттарының двигатель, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ-киім өндірісінде - аяқ-киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады.
Технологиялық құрылым өндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы: оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезіндеөндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады.
Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы:машина жасау кәсіпорындардағы жалпы өндірістің дайындау цехтары, технологиялық қағидамен, механикалық-құрастыру цехтары заттық қағида бойынша орналастырылады.
Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудыңбірлік, сериялық және жаппай болып үш түрге бөлінеді.
Бірлік (жеке) өнім өндіретін өндірісте тек өнімнің жеке түрі ғана өндіріледі.Әрбір өнімді дайындау оның өндіріс жағдайына, өндіру ерекшілігіне қарай ұйымдастырылады.
Жаппай өндірісте өнім көптеп өндіріліп, онда өндірістік жағдай, қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып келеді.
Сериялық өндірісте өндірелетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады.Сериялық өндіріс серияның шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді.
Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі, яғни өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуымен, машина қуаттарының өнімділігінің өсуімен, басқару техникасының жетілдіруімен, өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланысты.
Тік шоғырландыру - бұл бір кәсіпорында шикізат өндіруден өнімді өткізуге дейінгі өндіріс сатылары кешенінің шоғырлануы.Тік шоғырландыру-өндірістің шоғырлануының дайындау сатыларының бірі.
Көлденең шоғырлану- өзара технологиялық байланыспаған өндірістерді білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорындарының бір басқару мен бақылауға шоғырлануы.
Капиталдың шоғырлануы- капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни қосымша құнның бір бөлігінің капиталға айналуы.
өндірістің шоғырлануы- өндірістің ірі және өте ірі фирмалар мен компаниялар аумағында көптеп шоғырландыру үрдісі.
Басқарудың шоғырлануы- белгілі бір обьектіге қатысты жүзеге асырылатын басқару функцияларының жинақталуы.
Мамандандыру-кәсіпорынның негізгі қызметінің белгілі-бір өнімнің, тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.
Маманданудың үш нысаны бар:
* Заттық
* Бөліктік
* Технологиялық (сапалық)
Кооперациялау деп белгілі бір өнім түрін бірігіп дайындайтын фирмалар арасындағы ұйымдық, өндірістік және басқа да байланыстар жиынтығын айтады.
Кешенділеу - бір фирма шеңберінде әр түрлі өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарынүйлестіру.
Кешенділеу келесі белгілермен сипатталады:
* әр түрлі сала кәсіпорындарының бірігуі
* өндірістің техника-экономикалық бірлігі және пропорционалдығы
* энергетикалық жүйенің бірлігі
* бір аймақта орналасуы
* негізгі өндірістерге қосымша цехтар мен қызметтердің орталықтандырылған қызмет көрсетуі
* асқару бірлігі.
Қазіргі кезде кешенділеудің бағыттарына мыналар жатады:
* өнімді өндіру сатыларының үйлесімділігі
* шикізатты, мұнайды, көмірді кешенді қайта өңдеу
* қалдықтарды тиімді пайдалану (ағаш өңдеу комбинаттары).
2 Кәсіпорын қызметін жоспарлау және бақылау
Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.
Бұл бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.
Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі кызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.
Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:
:: оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;
:: тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;
:: стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.
Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:
:: кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
:: тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және кызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;
:: шаруашылық қызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;
:: қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.
Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:
Оперативті жоспар - ұйымның оз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.
Оперативті - күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру мақсаты мен тактикалық жоспардың көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалық әзірлігін, оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бэрін қосып, біртүтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.
Әкімшілік (тактикалық) жоспары - ұйымдық құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалық жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.
Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.
Стратегиялық жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдық жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек қажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзақ мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.
Стратегиялық жоспарлау арқылы бизнес саласындағы кызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді және т.б. анықтайды. Стратегиялық жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.
Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.
Жоспарлау - ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:
:: жоспар және қаражат бұрынғыдай "жоғарыдан" түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы (бейімделуі) керек;
:: жоспарлау процесі уақытты созатындықтан (яғни оның жасалуына уақыт кететіндіктен) ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;
:: көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы тұратын, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
:: жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизмі тән; бағалар нарықтық жағдайларды ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;
:: экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СИПАТТАМАСЫ
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері
Кәсіпорын қаржысының мәні
Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс
Негізгі өндірістік процесті ұйымдастыру
Маркетинг жоспары
Кәсіпорын экономикасының ішкі жағдайлары
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері
Пәндер