Махмұт Қашқари сөздігіндегі фонетикалық зерттеулер



Орта ғасырдың ең көрнекті ғалымдарының бірі – Махмұт Қашқари тіл білімі мен әдебиетке қатысты көлемді де күрделі екі ғылыми еңбек жазған:
1. «Жавохирун – нахв фи луғотит түрк» («Түркі тілдерінің синтаксисі, қағидалары») деп аталады. Бұл еңбегі бізге жетпеген
2. «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») Бұл еңбек 1074 ж жазылған.
«Диуани лұғат ат-түрік» - қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне ортақ 6000-нан аса төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер бар. Махмұт Қашқаридың бұл еңбегі – тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге ол ежелгі түркі тілдері мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып-білу үшін аса қажетті, теңдесі жоқ ғылыми еңбек [1; 174].
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты энциклопедиялық сөздігінің тұтас мәтіні ана тіліне тұңғыш рет толық аударылып, 1997-98 ж 3 том болып басылып шықты. Авторы Асқар Егеубаев. Жалпы көлемі – 111,25 баспа табақ [2; 5].
«Диуани лұғат ат түрк» кітабының бізге жалғыз қолжазбасы жеткен. Ол Түркияның Стамбул қаласында сақтаулы. Кезінде Бағдаттағы Халифат қаласында сақталып, кейін түрлі жағдайларда көшіріліп, жер-жерге тараған. Түркиядағы қолжазбаны көшіруші сабалық, кейін Шамда тұрған Мұхаммед ибн Әбубәкір Әбл Фатих Махмұт Қашқаридың өз қолымен жазылған түп-нұсқасынан тікелей көшірілгенін куәландырып, хаттаған. Бұл қолжазба нұсқа «Диуани лұғат ат түрк» жазылғаннан кейін 180 жылдан соң көшірілген. 1266 ж 1 тамыз, Броккельман тұжырымы бойынша, 2 томда көшіріліп біткен [1; 178].
Махмұт Қашқари бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен Әліптен бастады. Әліптен басталатын кітабын «Хамза кітабы» деп атады. Екіншісі, «Сәлім кітабы», яғни құрамында «Харфи илет» деп аталатын «әліп(а), уау(у), иай(й)» әріптері болмаған сөздер, әріп қайталанбаған сөздер; үшінші Мұзоаф кітабы, яғни «харфи илеттің» бірінен басталатын сөздер кітабы. Бесінші үш әріпті кітап, алтыншысы төрт әріпті кітап, жетіншісі мұрын дыбысты әріптер «ғұнналылар» деп аталады. Сегізіншісі, екі сүндікпен қатар келген сөздер кітабы.
Күллі түркі тілінде қолданылатын негізгі әріптер он сегіз. Түркі жазуында сол әріптер қолданылады.
Есімдер екі түрлі: бірі түпкілікті (түбір) есім, екіншісі жасанды есім. Етістіктен жасалатын есімдер
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Немат Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы, 2005ж
2. Асқар Егеубев «Махмұт Қашқари сөздігі», Алматы, 1997-98ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Иманкенова Ж. М.
Бияров Б. Н.
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ СӨЗДІГІНДЕГІ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Орта ғасырдың ең көрнекті ғалымдарының бірі – Махмұт
Қашқари тіл білімі мен әдебиетке қатысты көлемді де күрделі екі ғылыми
еңбек жазған:
1. Жавохирун – нахв фи луғотит түрк (Түркі тілдерінің синтаксисі,
қағидалары) деп аталады. Бұл еңбегі бізге жетпеген
2. Диуани лұғат ат-түрік (Түркі сөздерінің жинағы) Бұл еңбек 1074 ж
жазылған.
Диуани лұғат ат-түрік - қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ
мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне ортақ
6000-нан аса төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер
бар. Махмұт Қашқаридың бұл еңбегі – тек түрікше-арабша түсіндірме
сөздік қана емес, сонымен бірге ол ежелгі түркі тілдері мен ауыз
әдебиетін зерттеп, танып-білу үшін аса қажетті, теңдесі жоқ ғылыми
еңбек [1; 174].
Махмұт Қашқаридың Диуани лұғат ат-түрк атты энциклопедиялық
сөздігінің тұтас мәтіні ана тіліне тұңғыш рет толық аударылып, 1997-98
ж 3 том болып басылып шықты. Авторы Асқар Егеубаев. Жалпы көлемі –
111,25 баспа табақ [2; 5].
Диуани лұғат ат түрк кітабының бізге жалғыз қолжазбасы жеткен.
Ол Түркияның Стамбул қаласында сақтаулы. Кезінде Бағдаттағы Халифат
қаласында сақталып, кейін түрлі жағдайларда көшіріліп, жер-жерге
тараған. Түркиядағы қолжазбаны көшіруші сабалық, кейін Шамда тұрған
Мұхаммед ибн Әбубәкір Әбл Фатих Махмұт Қашқаридың өз қолымен жазылған
түп-нұсқасынан тікелей көшірілгенін куәландырып, хаттаған. Бұл қолжазба
нұсқа Диуани лұғат ат түрк жазылғаннан кейін 180 жылдан соң
көшірілген. 1266 ж 1 тамыз, Броккельман тұжырымы бойынша, 2 томда
көшіріліп біткен [1; 178].
Махмұт Қашқари бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы
кітапты Тәңірінің жөнімен Әліптен бастады. Әліптен басталатын кітабын
Хамза кітабы деп атады. Екіншісі, Сәлім кітабы, яғни құрамында
Харфи илет деп аталатын әліп(а), уау(у), иай(й) әріптері болмаған
сөздер, әріп қайталанбаған сөздер; үшінші Мұзоаф кітабы, яғни харфи
илеттің бірінен басталатын сөздер кітабы. Бесінші үш әріпті кітап,
алтыншысы төрт әріпті кітап, жетіншісі мұрын дыбысты әріптер
ғұнналылар деп аталады. Сегізіншісі, екі сүндікпен қатар келген
сөздер кітабы.
Күллі түркі тілінде қолданылатын негізгі әріптер он сегіз. Түркі
жазуында сол әріптер қолданылады.
Есімдер екі түрлі: бірі түпкілікті (түбір) есім, екіншісі
жасанды есім. Етістіктен жасалатын есімдер етістіктің соңына он екі
әріптің бірін қосу жолымен жасалады. Етістіктен жасалған есімдер
төменгі он екі әріптің бірінің қосылуымен түзіледі. Ол әріптер: І-әліб;
т; ж; ш; ғ; қ; қатаң каф (к); қ мен к аралығындағы жұмсақ дыбысталатын
кәф (г), л; м; н; у дыбыстарынан тұрады.
І-әліб (А-А)
Віlgә (білгә) – ғылым, хәкім, білікті деген мағынадағы сөз
bіldi (білді) сөзіне әліп қосылып жасалған.
Өgә (өгә) – аса білікті әрі тәжірибелі, өмірден көрген-түйгені
мол адамдарға айтылатын бұл сөз өdi neңni (өді нәңні) – нәрсені жақсы
түсінеді дегендегі етістіктегі өді сөзінен жасалған.
Uwa (уба) – сөзі де сол сияқты. Бұл ішіне шекер уатып салынатын
тағамның бір түрінің атауы. Бұл сөз uwdi (убди) – уатты, ұйпалады
сөзінен жасалған.
І-әліб көбіне м әрпімен бірігіп те келеді. Кекіл
мағынасындағы kesme сөзі kеsdі-кесті сөзінен жасалған. Көзді
жаппасын деп кесілген маңдай шашты kesme кесме (кекіл) дейді.
Өrmә саш (өрме шаш) – сөзі де сондай. Бұл өrdі - өрді сөзінен
жасалған.
(Т-Т)
Қашқын деген мағынадағы qaчut сөзі qачdы: качты сөзіне Т-
t қосылып барып шыққан. Киім-кешек мәнін білдіретін keзүt (кедзүт)
сөзі де киді мағынасындағы kезtі (кедзті) етістігіне Т-t дыбысы
қосылып жасалған.
(G – Ж, Ч)
Күлді көмеш пісірілген нан мағынасындағы kөmеч (көмеш) деген
сөз, күл яки күлге ұқсасатын нәрсеге бірдеңені көмгенді білдіретін
kөmdі (көмді) етістігіне ч қосылу арқылы жасалған.
(Ш - Ш)
Таныс адам мағынасында қолданылатын bіlіш: біліш - біліс сөзі
bildі (білді) етістігіне ш әрпі қосылып туындаған және т.б.
(Ғ - Г)
ғ әрпінің үш түрлі күйі бар:
1. – етістікке қосылып, оларды есімдерге айналдырады: Таза,
пәк деген мағынадағы аrығ (арығ) сөзі аrыndы nәң (арынды нәң) –
арылған(тазарған) нәрсе сөзінен жасалған.
2. – түбір есімдерге қосылып, оларды жер аттарына, мекен
есімдеріне айналдырады:
Жайлау мағынасындағы jajlaғ (иаилағ) сөзі жаз
мағынасындағы jаj (иаи) сөзінің соңына ғ әрпі қосылып жасалған және
т.б.
3. – етістіктерге әуелі ғ кейін у, ұ (ғұ) қосылып құрал-
сайман аттарын білдіреді. Бұл түрік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махмұт Қашқаридың өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығы
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Махмұд Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи мәліметтер
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Түркі тілдерін топтастырудың теориялық және практикалық мәселелері
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Ата сөздігіміз рухани кенішіміз
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Диуани лұғат ат-түрік
Түркі тілдерінің жіктелуі
Пәндер