Шәкәрім мұрасы



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
2.2."Әдебиет танытқыш" . ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы.
2.3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ел әдебиетіміздің жаңғыра тыныстап, жаңғырған дәуірі он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегі мен жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегін қамтып жатқан жарты ғасырлық заман болды.Қазақ зиялыларының атасы атанған Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтардан бастап бүгінгі таңдағы көрнекті ғалымдарымызға дейін осы кезеңнің әдебиеті жөнінде нақты көзқарас, ғылыми, шығармашылық түсінік қалыптастырды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы әдебиеттануда және пәлсапа ғылымдарында кешенді зерттеле бастады. Шәкәрімтану жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады . Шәкәрімтанудың ерекшелігі оның тек поэзия мен әдеби процеске ғана байланыстылығында ғана емес Шәкәрімтану бірнеше ғылымдар саласын қамтиды.
1.Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, 2006. - т. 6. - 249 - 292 бет

2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.

3.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» , 1998 ,VIII том

4. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

5.Шәкәрімтану мәселелері. - Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – 440

6.Шәкәрім шежіресі-халық тарихы//Қазақстан коммунисі, 1990. -

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. 2."Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. 3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.

Орындаған: Қабаева Н.К.
Тексерген: Еспенбетов А.С.

2015ж.
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
2.2."Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы.
2.3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
Ел әдебиетіміздің жаңғыра тыныстап, жаңғырған дәуірі он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегі мен жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегін қамтып жатқан жарты ғасырлық заман болды.Қазақ зиялыларының атасы атанған Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтардан бастап бүгінгі таңдағы көрнекті ғалымдарымызға дейін осы кезеңнің әдебиеті жөнінде нақты көзқарас, ғылыми, шығармашылық түсінік қалыптастырды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы әдебиеттануда және пәлсапа ғылымдарында кешенді зерттеле бастады. Шәкәрімтану жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады . Шәкәрімтанудың ерекшелігі оның тек поэзия мен әдеби процеске ғана байланыстылығында ғана емес Шәкәрімтану бірнеше ғылымдар саласын қамтиды.
Себебі, ақын шығармашылығы тек поэзиямен ғана шектелмейді. Шәкәрім шығармашылығының ерекшелігі оның көп қырлылығы мен көп салалығына байланысты. Шәкәрім қазақтың поэзия өнерін ғана емес философиясын , тарихын, ағартушылық-педагогикалық жүйесін, әсіресе танымы мен мәдениетін жетілдіріп, дамытуға зор үлес қосты.
Сондықтан Шәкәрім шығармашылығын белсенді зерттеумен әдебиетшілермен қоса, философтар, тарихшылар, педагогика және психология ғылымдары айналысуда. Шәкәрімнің қазақ әдебиеті мен мәдениетінде, дүниетанымында ерекше орын алатындығын оның рухани мұрасын зерттеудің көпсалалы болуынан-ақ байқауға болады.
Әрине, Шәкәрімнің ақындығы оның шығармашылығының негізгі саласы. Оның философиясы, ағартушылығы, психологиялық толғанысы поэзиясынан қайнап шығады. Шәкәрім шығармашылығын зерттеудегі осы ерекшелікті шәкәрімтанушылардың әрқайсысы атап көрсетеді.
Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың негізін салып, ірге тасын қалаған алаш арыстары Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты ойшыл қайраткерлері. 1 Олар Шәкәрімнің Абайдан кейін қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-жақты дәлелдеді. Ақынның поэзиясының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделілігін анықтады. Шәкәрім көтерген махаббат мәселесін оның дастандарының мысалында талдады. Мысалы, Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам, Алла мәселелеріне ерекше назар аударғандығын сөзге тиек етед. Қазақ қоғамының салт-әлеуметтік мәселелеріне қатысты Шәкәрім пікірлерін қуаттайды. Ә. Бөкейханов "Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресіне", "Қалқаман-Мамыр" поэмаларына жазған рецензияларында Шәкәрімнің творчестволық лабараториясына жоғары баға береді. 2 Осы рецензияларды шәкәрімтанудың бастауы ретінде қарастыруға болады.
ХХ ғасырдың басында Шәкәрімнің жарыққа шыққан шығармаларына айырықша назар аударып, баспа бетінде пікір білдіріп отырған Әлихан Бөкейханов екендігі көрсетілді. Ш.Құдайбердіұлы мен Ә.Бөкейхановтың бір-бірімен таныстығы 1900 жылдан басталса керек. Олардың рухани қарым-қатынаста болғандығын Семей қаласында кездесіп тұрғандықтарын кейбір саяси мәселелерге байланысты хат жазысып, пікір алысып отырғандықтары жайлы ғалымдардың дәлелді дәйектері бар. Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі жайында жазған мақаласына пікірін айтып жазған мақаласында Ә.Бөкейханов Шәкәрім мұрасын бүкіл халықтың тануы керектігіне мән бере отырып, оны насихаттау керектігін жете түсінген [6]. Демек, аталған халық зиялыларынан басқа елге қамқор, зерек ойлы азаматтар да Шәкәрім шығармаларына дер кезінде үн қосып, өз ойларын білдіріп, құнды еңбектер екендігін бағалап отырған.

"Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы.
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы ғылыми-зерттеу мақалалардағы әдеби-теориялық ой-пікірдің ізденістері мен іркілістерін саралағанда, бұл кезеңде әдеби-теориялық білімдер жүйесінің жоғары болғанын, күрделі теориялық мәселелерге қалам тарта алғанын көре отырып, А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш атты еңбегінің тақыр жерде пайда болмағанын байқаймыз. Сыншылдық және әдеби мұра туралы ғылыми-зерттеушілік сипаттағы мақалалар жеке бір ақын-жазушыны, не болмаса белгілі бір көркем шығарманы сөз ету барысында әдеби-теориялық ой-пікірді жетілдіре түсті. Ұлттық әдебиет тарихын зерттеп тануға деген әдеби-тарихи ой-пікірдің құлшынысы, қалыптасу кезеңіне қадам басқан әдебиет сыны күрес үстінде сапалық та, сандық та жағынан көркейе бастаған қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін ғылыми сөз етуді күн тәртібіне шұғыл қойды.
Бұл салада, яғни жалпы өнер туралы, әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы ұлттық әдебиеттану ғылымында ең алғаш жазылған еңбек - А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы (1926) болды. Үлкен білімдарлықпен, ғылыми терең дәлдікпен жазылған бұл еңбек екі-үш жылдан соң авторы ұсталып кеткендіктен, көпшілік арасына кеңінен тарап үлгермеді де, ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің өсу дәрежесін көрсететін ғылыми мәні тәуелсіздікке дейін дұрыс бағаланбай келді. Ғалым Р. Нұрғали: Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған десе, тілші-ғалым Р.Сыздықова: Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы ...Мұнда автор көптеген жайттарды өзі шешіп, көптеген ұғымдарға терминдік атаулар ұсынады, - деп жазады [1]. Біздің ойымызша, Әдебиет танытқыш ғылыми зерттеу ретіндегі маңызы қалыптасқан әлемдік теориялық ұғым, түсініктерге қазақша балама тауып, нақты мысалдармен дәлелдеуінде ғана жатқан жоқ. Тұңғыш ғылыми зерттеу ретінде өз кезеңінде әдеби-теориялық білімдер жүйесінің қалыптасуына ерекше ықпал жасап қана қоймай, қазақ әдебиеттану ғылымының тууына негіз де бола алған еңбек екені айтылуда. Әдебиет танытқыш - жалпы көркем өнер, оның ішінде әдебиеттің барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін анықтау жолында ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге түсірген және әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жан-қиярлық еңбегінің жемісі.
Әдебиет танытқышты сол кездегі және кейінгі жылдардағы әдебиет теориясы саласында жазылған еңбектермен салыстырып, әр теориялық ұғым-түсінікті автор қалай түсіндіргені мен әрбір терминнің қазақша баламасын көрсетіп жату өте көп орын алады және еңбектің ғылыми маңызын ашу үшін ол аса қажет те емес.
Еңбектегі өнертану, әдебиеттану, фольклортану салалары бойынша терминдер жүйесінің жасалуынан Ахаңның кемеңгер ғалымдығы танылады. Мұнда әдебиеттануға қатысты 327 термин қолданылған болса, оның 60-ы (18%) осы күнге дейін пайдаланылып жүр. 267-сі (80%) қазір қолданылмайды. Ғалымдар Ш. Жалмаханов пен Ж.Смағұловтар: терминдердің жасалу жолына лингивистикалық тұрғыдан қарағанда, 67 термин дара тұлғада, 223 термин күрделі тұлғалы (2 сөзден 7 сөзге дейін) болып келеді. Белгілі бір сөз өнер құрылысына берілген атау, термин сол құбылыстың адам, қоғам өмірінің рухани-әлеуметтік табиғатынан туындап жатқандықтан да (атау, терминдердің мағыналарына құбылысты телу емес) ойға оралымды, көңілге қонымды болып шыққан,- деп көрсетеді [2]. Сондықтан да жалпы әдебиет дегеннің болмысы мен бітімін толғаған сөз өнерінің - әліпбиі бола алған А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы - қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен көрсеткіші болумен қатар, теориялық ой-жүйесіне мықтап түрен салған, қазақтың парасатты толғамын, ойшылдығын эстетикалық таным-білігінің молдығын танытқан кезеңдік туынды, - деп ғалым Т.Кәкішев өте дұрыс бағалайды [3].
Әдебиет танытқышты, жалпы А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасын, оқып-үйрену, игеру және пайдалану үшін, ең алдымен, бұл еңбектегі әр атау, ұғым-түсінік, термин және категориялық мән-мағынаны, мазмұнын түбегейлі түсініп алу керек. Академик З.Қабдолов: Ахаң қалыптастырған әдеби теориялық терминдерге мұқият жауапкершілікпен қараған жөн. Ахаң терминдерін жапа-тармағай жіпке тізе бермей, таңдау керек, сөйтіп барып талдау керек, -дей келіп, бүгінгі теориялық деңгейден табыла қоймайтын кейбір атауларды оп-оңай формализмге, абстракционизмге, болмаса канон жасап қисық қисынға, қасаң қағидаға айналдырып алмау керектігін атап көрсетеді. Алайда Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай үш түрлі арнауды әрқайсысымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, мен де) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ, амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеу жасауға мәжбүр болдық, - деп З.Қабдолов айтқандай, кейінгі жазылған еңбектерде қолданылған теориялық терминдердің баламаларын былай қойғанның өзінде, алдағы уақытта ғылыми айналымға енгізуге сұранып тұрғандары да баршылық [4]. Мысалы үшін, көсемсөздің қазіргі ғылыми термин ретінде қолданылып кеткеніндей, нақыл сөз, қанатты сөз деп жүрген афоризмді ділмар сөз, эссені - заман хат деп А.Байтұрсынов берген атаулармен атасақ, ұтылмаймыз. Немесе Шешен сөз дегендегі оның саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошамет шешен сөз, білмір шешен сөз, уағыз шешен сөз деген түрлерінің атауларын орнын дәл тауып пайдалансақ, ұлттық таным-біліктен алыс жатқан жоқ. Шешен сөз очерк жанрының баламасына жақын келсе, ішкі түрлерге бөлуде де сәйкестік байқалады. Сонымен қатар Ахаң өз еңбегінде талданып отырылған жанрлық түрге байланысты мысал келтіргенде, Ғұрып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 120, 126-нші номерлерінін қара немесе Діндар дәуір әдебиет нұсқаларын нұсқалықтың 131, 165-ші номерлерінен қара деп кетіп отырады. Яғни Әдебиет танытқышқа қосымша хрестоматиялық мәндегі жинақты да бастырып шығару ойында болған. Нұсқалықта алынған әдебиет нұсқаларының еңбекте көрсетілген реттік саны 275-ке келіп тоқтағанына қарасақ, оның көлемі де әжептәуір мол болғанын байқау қиын емес. Бұл - ахметтанушы ғалымдар тарапынан көңіл аударатын мәселе
А.Байтұрсынов қара сөз бен дарынды сөз жүйесін сөз ету барысында, әдебиеттің тегі мен түрі мәселесіне келгенде фольклор және әдебиет тарихына шолу жасап өтеді. Бұл турасында З.Қабдолов: Мұның өзі бір қарағанда әдебиет туралы ғылымның екі саласын (тарихы мен теориясын) қосып, қойыртпақтап жібергендей көрінеді. Бірақ байыбына барыңқырасақ, ол мұнда да әдеби-теориялық ұғымдар қалыптастырып, өзінің Әдебиет танытқышын тағы да сөз өнерінің әсем әліппесінде айналдырады, - деген пікір білдіреді. Алайда автор фольклор туралы ой-толғағанда оны жанрлық тұрғыдан классификация жасаудың алғашқы жобасын жасап, ғылыми анықтамасын жазып шықты. М.Әуезовтің Әдебиет тарихы 1927 жылы, Х.Досмұхамедовтің Қазақ халық әдебиеті 1928 жылы шыққаны белгілі. Ендеше осы екі еңбектегі қазақ фольклорының жанрлық тұрғыда жүйеленуіне негіз болған да осы Әдебиет танытқыш екені даусыз. .Реті келгенде айта кетуге тура келеді. Жалпы алғанда кеңестік дәуірдегі фольклортану саласындағы еңбектерге Ахаңның Әдебиет танытқышының теориялық және әдіснамалық тұрғыдағы жетекшілік рөлі назардан тыс қалып келді. Ұлттық фольклор тарихын зерттеушілер тарапынан тарихи салыстырмалық сипатта тереңдете қарастырылса, бірталай жағдайдың беті ашылар еді.
Ал әдебиет тарихына келгенде, А.Байтұрсынов оны дәуірге бөлуде өзіндік көзқараспен қарайды. Жазба әдебиетті діндар дәуір және ділмар дәуір деп бөлгенімен, кейін оны сындар дәуір деп тармақтайды да, ол ұлы Абайдан басталады деп көрсетеді. 20-жылдардың бас кезінде жазба әдебиетті Абайға дейін және кейін деп бөлген көзқарас ғана бола алды. Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан (Қазақ, 1914, №112) мақаласында жазудың қазақ арасына көбірек тараған заманындағы әдебиет деп атаған дәуірді, М.Әуезов Қазақ әдебиетінің дәуірі (Шолпан, 1923, №5) мақаласында көшпелі дәуір әдебиеті атаған кезеңді (Абайға дейінгі) сөз еткенде діни сарын мен шығыстық сюжетті желілерді жырлау басым болғанын атап көрсеткен болатын. Сондықтан да болар, А.Байтұрсынов бұл кезеңді діндар дәуір деп атап, оған қисса, хиқаят, мысал, насихат (үгіт), мінажат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, термені жатқызады. Бәрін дұрыс демеген күннің өзінде қисса мен хиқаятты фольклорлық жанрға бірде енгізіп, бірде енгізбей келгеніміз, әдебиет теориясынан орын бермегеніміз рас қой.
Негізінен А.Байтұрсыновтың Жазба әдебиеттің өзі екіге бөлінеді: діндар дәуір, ділмәр дәуір. Діндар діншіл деген мағынада, ділмар-тілшең деген мағынадағы сөздер. Қазақ әдебиетінің діндар дәуірі де, ділмар дәуірі де халық әдебиетін дамытып, күшейтуден туған дәуірлер емес, басқа жұрттардың әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Діндар дәуір әдебиетімізге араб, парсы, әдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пайда болған, - деген пікірі аса нақты емес [5]. Әрине, бүгінгі таңдағы өсіп-өркендеген көзқарас тұрғысынан алып қарағанда. Жоғарыда айтқанымыздай, діндар дәуір деп қай кезеңді айтып отырғаны белгілі болғанмен, ділмар дәуір деп атағаны қай кезең екенін нақтыламаған және анықтама да бермеген. Орыс әдебиетінен өнеге көріп, үлгі алып, соны еліктеуден пайда болып отыр деуіне қарағанда, 1910 жылдардан бергі әдебиетті айтып отырған секілді көрінеді. Оны анықтауды мақсат тұтпай әдебиеттің тегі мен түрін сөз етуге орай сындар дәуірін әліптеп кетеді. Оны түсіндіргенде, орыс әдебиетін қоспай Европа әдебиетімен танысқаннан кейін қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастады. Қазақ әдебиетінің сындар дәуірі Абай сөздерінен басталады, - деп тағы да ескертеді. Бұл біздің 1910 жылдан бергі әдебиетті айтып отыр ма деген пікіріміздің негізсіз екенін дәлелдейді. Олай болса, А.Байтұрсынов жазба әдебиетті хронологиялық жолмен дәуірлеп отырмаған болып шығады.
Анықтап қарасақ, А.Байтұрсынов ұлт әдебиеті тарихын дәуірге бөлу негізіне көркемдік әдісті алып отыр. Еңбекте әдеби ағым мен көркемдік әдіс туралы нақты әдеби-теориялық пайымдаулардың жоқтығы белгілі. Ендеше бұл үш дәуірді көркемдік әдіске орай талдап көрелік. Орыстың атақты теоретик әдебиетшісі Г.Н.Поспелов романтизмді әдеби дамудың сатысы ретінде қарастыру барысында, әуелде ол діни-моральдық (религиозно-моралистический) сипатта көрінгенін айтады. Франциядағы әлеуметтік-саяси төңкерістердің нәтижесінде алдыңғы қатарлы деп есептелетін еуропа әдебиеті в негізінен романтикалық сипатты қабылдады. 1870 жылдары танылып, алғашқы ағылшын романтиктері саналатын Бордсворт и Колридж секілді өзен-көлдер мектебін қалыптастырған ақындар өз идеалдарын тарихи өтке дәуірден іздеді. Белгілі бір мәселеде олар сентименталистердің көзқарасын жалғастырды. ал романтикалық пафос діни-моральдық ұмтылыстарынан туындады. Кейде ол мистицизмге дейін ұласып, шынайы өмірмен байланыстырылды. Бұл діни-моральдық ағылшын романтизмі еді. Ал Байрона и Шеллидің азаматтық романтизмі ғасыр басындағы ағылшын әдебиетіндегі прогрессивтік бағыт болып саналады, - деп жазады [6]. Оны дәлелдеу үшін әр елдің әдебиетіндегі діни-моральдық және азаматтық романтизмнің пайда болуын атап-атап көрсетеді. Мысалы, 1820 жылдары Лимартин өз лирикасы арқылы француз романтизмнің діни-моральдық бағытын жасады. Франциядағы азаматтық романтизмнің ірі өкілі - Виктор Гюго, Германияда алғашқыда діни-моральдық романтизм Новалиса и Гофмана. шығармашылықтары арқылы танылды. Германияда азаматтық романтизм не анық идеалға, не күшті таланттарға ие бола алмады, - деп нақтыласа, орыс әдебиетіне келгенде Россияда алғашқыда діни-моральдық романтизм Жуковсийдің айқын шығармашылығы арқасында дамыдыкого, - деп жазады. Бұларды М.Горький: Керек десе француз әдебиетінде лаулап өскен романтизмнің жалпы бағыты бірдей емес, бір жағы мистикаға ұрынған нағыз реакцияшыл болса, екінші жағы, өсіп әдебиет әлемінде ірі өзгеріс жасаған романтизм, - деп екіге жіктеп тастағаннан кейін, кеңестік дәуірдегі әдебиеттану ғылымында революцияшыл романтизм, реакцияшыл романтизм деген атаулар пайда болды [7]. Оны бізде 20 жылдардың орта кезінде әдеби ағым мен көркемдік ағым туралы болған айтысқа байланысты жарияланған елуге тарта сын-зерттеу мақалалардың айтар өзегіне айнаған мәселелерден анық байқауға болады. Егер социалистік реализм атауының 1932 жылы Жазушылар одағының құрылуына байланысты өткен 1 сьезден бастап қана қолдана басталғанын ескеретін болсақ, Әдебиет танытқыштың ұлттық әдебиеттануда ғана емес, көршілес түркі тілдес халықтар әдебиеттануында да әдеби теориялық ұғым-түсініктердің бастау алуына негіз бола алған жетекшілік мәнін жоққа шығаруға болмас.
Бұл тұрғыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім мұрасы туралы
Шәкәрім Құдайбердиев (1858 – 1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Шәкәрім шығармаларының дені
Абай мен Шәкәрімнің әдеби мол мұрасы
Шәкәрім Құдайбердиев
Физика пәнінің әдебиетпен байланысы
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны (1858- 1931)
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Пәндер