Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.Несеп қышқылды диатез, құстар подогарсы, төлдің несеп- қышқылды инфарктісі



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Нуклеопротеидтер туралы түсінік
1.1.Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
1.2.Несеп қышқылды диатез және подагра
1.3.Төлдердің несеп. қышқылды инфарктісі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады. Олардың бірі — ерекше белок болса, екіншісі — тимонуклеин қышқылы. Соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда, ядро бір немесе бірнеше шар тәрізді, сопақша заттар — дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұрады. Әдетте ол клетканың ортасынан орын алады. Кейде бұл зат бактериялар клеткасында дән түрінде орналасса, басқа бір жағдайда клетканың белгілі бір бөлімінде шоғырланады.
Бактериялардың құрғақ салмағына шаққанда ДНК-нын, мөлшері 20—40%-ке дейін барады. Ядролық аппарат, соның ішінде дезоксирибонуклеин қышқылы клетканың тұқым қуалаушылық қасиетін анықтаушы аппарат.
Нуклеин қышқылдарының химиялық күрылысы да біршама жақсы зерттелді. Суда ыдырағанда ол фосфор қышқыльша, пентозаға және қүрамында азоты бар органикалық қалдыққа ажырайды. Кейін нуклеотидтерден тимонуклеин қышқылы түзіледі.
1.Ж.Б.Ахметов «Патологиялық анатомия» Алматы 2012 жыл
2.Х.С.Жұмабеков, К.Ю.Дербышев «Жануарлардың патологиялық анатомиясы» Алматы 2011 жыл
3.Ө.Ығылманұлы «Ветеринариялық патологиялық анатомия» Алматы 2010 жыл
4.Интернет желісі
5.Лютинский С.И. «Патологическая физиология сельско-хозяйственных животных.» М. 2002.
6.Лютинский С.И., Степин В.С. «Практикум по патологической физиологии с/х животных» М., 2001
7.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.
8.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Бөж

Тақырыбы: Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.Несеп қышқылды диатез, құстар подогарсы, төлдің несеп- қышқылды инфарктісі

Тексерген:Нуркенова М.К
Орындаған:Даулет Н
Топ:ВС-203

Семей 2015

Жоспар.
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Нуклеопротеидтер туралы түсінік
1.1.Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
1.2.Несеп қышқылды диатез және подагра
1.3.Төлдердің несеп- қышқылды инфарктісі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады. Олардың бірі -- ерекше белок болса, екіншісі -- тимонуклеин қышқылы. Соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда, ядро бір немесе бірнеше шар тәрізді, сопақша заттар -- дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұрады. Әдетте ол клетканың ортасынан орын алады. Кейде бұл зат бактериялар клеткасында дән түрінде орналасса, басқа бір жағдайда клетканың белгілі бір бөлімінде шоғырланады.
Бактериялардың құрғақ салмағына шаққанда ДНК-нын, мөлшері 20 -- 40%-ке дейін барады. Ядролық аппарат, соның ішінде дезоксирибонуклеин қышқылы клетканың тұқым қуалаушылық қасиетін анықтаушы аппарат.
Нуклеин қышқылдарының химиялық күрылысы да біршама жақсы зерттелді. Суда ыдырағанда ол фосфор қышқыльша, пентозаға және қүрамында азоты бар органикалық қалдыққа ажырайды. Кейін нуклеотидтерден тимонуклеин қышқылы түзіледі.

II.Негізгі бөлім
1.Нуклеопротеидтер туралы түсінік
Нуклеопротеидтер -- нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Нуклеопротеидтерге жасушалардың хромосомалары мен рибосомалар жатады. Нуклеопротеидтер атқаратын негізгі қызметі болып.
* Генетикалық ақпаратты сақтау және іске асыру
* Белоктардың синтезін қамтамасыз ету
Нуклеопротеидтердің компоненттері. Нуклеопротеидтердің құрылымдық компоненттері ретінде нуклеин қышқылдары полинуклеотидті тізбектен құралған.Полинуклеотидті тізбектің құрылымдық бірлгі - мононуклеотидтер болып табылады.
Пуринді
Пиримидинді
Пурин нуклеотидтердің биосинтезі. Пурин нуклеотидтердің биосинтезі үшін глутамин, глицин, аспаратат, көмір қышқыл газы, формил-ТГФК және метенил-ТГФК қажет, пурин ядросы пайда болады. Екі жолмен жүруі мүмкін.Нуклеин қышқылының ыдырауы кезінде түзілген пуриндік азоттық негіздерден түзілуі, бұл жол клетка үшін тиімді. Пуриндық азотық негіздердің жәй заттардан қайтадан түзілуі. Бірінші жолмен, яғни дайын пуриндық азотық негіздерден түзілуі фосфортибозилпирофосфаттың құрамындағы рибозофосфаттың топтың дайын азоттық негізбен байланыс түзуі арқылы жүреді. Осы байланыс түзілу үшін екі фермент қатысады.
1. аденинфосфоррибозилтрансфераза - аденил қышқылының түзілуін қамтамасыз етеді.
2. гипоксантин-гуанин - фосфоррибозилтрансфераза - инозин және гуанил қышқылдары түзуге қатысады.
Сонымен, фосфортибозилпирофосфат АМФ, ГМФ-тың да синтезделуіне қатысады екен. Бұл ферменттердің белсенділігінің төмендеуі пуриндік азоттық негіздердің алмасуының бұзылуына әкеп соқтырып, несеп қышқылының әдеттегідей көп бөлінетіндегі байқалады.
Пуриндік негіздердің биосинтезінің екінші жолы, яғни жай қарапайым заттардан синтезделуі: глициннің, аспартаттың, глутамин қышқылының, тетрагидрофолий қышқылының және көмір қышқыл газының қатысуымен жүреді.
Пуринді нуклеотидтердің алмасуының соңғы өнімі- зәр қышқылының түзілуі бауырдажүреді. Ағза тәулігіне 0,5-1,0 грамм зәр қышқылы түзіліп, зәрмен шығарылады. Сау адам қанында орта есеппен 0,16-0,57 ммольл зәр қышқылы болады.
1.1.Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
Организмдегі нуклеопротеидтер қатарына дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) кіреді. ДНП ядроның соның ішінде хромосомалар құрамына кіріп, организмдегі тұқым қуалау белгілерін анықтайды. РНП болса белок түзілуінің негізгі реттеушісі болып есептеледі.
— Нуклеопротеидтер ыдырауы нәтижесінде несеп қышқылы түзіліп, ол несеп жолдарымен сыртқа шығарылады.—Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылғанда несеп қышқылы көп мөлшерде түзіліп, оның тұздары ағзаларға шөгіп қалады.—Нуклеопротеидтер бұзылғанда дамитын сырқаттар қатарына: подагра, несеп қышқылына байланысты инфаркт кіреді.
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.
* Организмге пуриндердің сыртқы ортадан (ет құрамында) келіп түсуші көбейгенде
* Олардың организмнің өзінде көп түзілуі нәтижесінде
* —Пуриндердің ыдырау өнімдерінің несеппен бөлініп шығуы қиындағанда ( бүйрек ауруларында)
* Нуклеопротеидтер қалдықтарының бүйректен басқа ағзалардан (тері арқылы, ішектен) бөлініп шығуы бұзылғанда байқалады.
Қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен оның натрийлік тұзының тіндерінде жиналуынан дамитын созылмалы ауру. "Подагра" грек тілінің "аяқ"және "қақпан" деген екі сөзінен құралған термин.
Дерт дамуының басты механизмі зәр қышқылы метаболизмінің бұзылысынан болатын гиперурикемия. Көрінісі гиперурикемиямен, басында жедел артриттің ұстамаларымен, кейін созылмалы артриттің дамуымен және бүйректің зақымдануымен сиппатталады. Көбінесе бұл сырқат тұқым қуалайды, ата анасы ауру балаларда подагра ерте басталып, өте ауыр өтеді. Подагра майда буындарға несеп қышқылының натрий тұздарының шөгуіне байланысты патология.Көбінесе бұл дерт құстарда әсіресе тауықтардай жиі кездеседі.
—Этиологиясы: Даму тегіне қарай подаграның біріншілік және екіншілік түрлерін айырады. Біріншілік подагра немесе идиопатиялық подагра гендер кемістігінен дамитын ауру. Екіншілік подагра гиперурикемияға алып келетін басқа бір аурулардың асқынуы болып табылады, мәселен гемобластоздардың, бүйрек шамасыздығының т.б
—Патогенезі: Зәр қышқылының қандағы концентрациясы шамадан тыс биіктуінен натрий ураты кристалдарға айналып, тіндердің, ағзалардың әйелдерге қарағанда еркектердің қанындағы урикемия деңгейі биіктеу болады. Бұл айырмашылықтың себебін жыныстық гормондармен байланыстырады. Моноурат кристалдары дәнекер тінінің арасына жиналады: синовийлік қабықтарға, сіңірлерге, шеміршектерге, көздің склерасына,тамырлардың қабырғасына.
1.2.Несеп қышқылды диатез және подагра
Несеп қышқылды диатез- (грек.disthesis бейім, бейім болу) нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы салдарынан несеп қышқылы мен оның тұздарының қанда көбейіп(гиперурекемия) мүшелер мен өрмелерде шөгуі.Көбінесе құстарда, әсіресе тауық тектестерде, сирегірек сүт қоректілерде кездесетін дерт.Бұл дер күнделікті азықтым мол, оның құрамында нәруыз көп болған жағдайда, мысалы; рационда көк шөппен витаминдік азық жетіспей,құс ұзақ уақыт жануар тектес азықпен( ет,балық, ет-сүйек ұны, балық ұны) құнарлы жеммен азықтандырылғанда байқалады.
Бүйректің зақымдануы осы дертке әкеп соғуы мүмкін.Микорскоппен зерттегенде несеп қышқылы кристалл түрінде, ал оның тұздары аморфты зат түрінде көрінеді.Бұл заттар шөккен жерде өрме ыдырап өледі де, қабыну процесі басталады,осыған байланысты сол араға гистиоцидтер, лейкоциттер және алып торшалар жиналады.Зақымданған жердің айналасында дәнекер өрме торшалары көбейеді, талшықты дәнекер өрме пайда болады.
Несеп қышқылдық диатез ішкі мүшелер (висцералдық) диатезі, буын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы (несеп қышқылды диатез ,құстар подограсы,төлдің несеп қышқылды инфарктісі)
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы (несеп қышқылды диатез ,құстар подограсы,төлдің несеп қышқылды инфарктісі) туралы
Нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы туралы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы ақпарат
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы мәлімет
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылыстары
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Пәндер