Ақмола облысы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 Ақмола облысына қысқаша шолу: тарихы, физикалық географиясы . . .

  1. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3

4

15

38

39

КІРІСПЕ

Зерттеу нысаны болып отырған тақырыптық өзектілігі - Ақмола өңірінде орнаған, ондағы мекен еткен халықтардың баспанасы, орталығы болған Астанатың бұрынғы да бүгінгі тарихын, оның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуын терең зерттеп, таразылау мен сараптау арқылы қаланың қазіргі кезеңдегі жағдайын және келешектегі даму болашағын ашып көрсетуде.

Тақырыптық зерттеу деңгейіне келсек, 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. Ақмола елінің тарихы, Ақмола дарабоздары мен ел ішіндегі атақты өнер жұлдыздары және 1956 жылы Астана құрылғаннан бастап 1988 жылы жабылғанын, одан 1990 жылы ашылып, торыққан Ақмола жері 1997 жылы тағы да тоқырауға ұшырап, нарық қыспағына алынғанын өз еңбектерінде сөз етті. Олардың қатарына тоқтала отырып, талдау жасайтын болсақ, Ы. Сариева өзінің «Текті Ақмола» кітабында тым ертедегі өлке тарихынан бастап, қазіргі кезеңдегі тарихында баяндайды.

Ал, Л. Ситников тың «Ақмола алабының тынысы» кітабында бұрын құрлығызыған кең далада қатантты метал-боксит кенінің пайда болуы, оның өркендеуі мен келешегі туралы жан-жақты әңгіме болады. Сонымен бірге кәсіпорын жұмысшылары, олардың қыпсырлы да жемісті еңбегі баяндалады.

Сондай өңір тарихына байланысты тың және тыңайған жерлерді игеруге арналған мынадай еңбектерді атап көрсетуге болады: «Жизнь замечательных людей в краю хлеба и металла». Бұл кітаптар жинағын құрастырушы Қозыбаев болды. Сонымен қатар В. В. Владимиров пен Х. Ш. Абрашитов «Всенародный подвиг на целине» т. б. деген кітабын атауға болады. Бұған қоса «Ақмола таңы» газеттерінің беттерін қала әкімі мен жергілікті ел азаматтарының, қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына, бала да көптеген мәселелерге байланысты мақалалары, дала дамуының жылдық қорытындылар мен есептері жарық көріп отырды.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - өлке тарихын тереңнен зерттеу негізінде Астана қаласының тарихы, әлеуметтік - экономикалық жағдайы, өнері мен мәдениеті және бүгінгі жағдайын, даму болашағын ашып көрсету.

1 Ақмола облысына қысқаша шолу: тарихы, физикалық географиясы

Баланың өмірі, тағдыры ол тұрған өңір, өлкемен тығыз байланысты, сабақтас сондықтанда Астана тарихын тілге тиек етер болсақ, Ақмола өңірін сөз етпеу, қысқаша тарихына тоқталмау мүмкін емес. Есіл мен Ақмола өңірінің төсіне шыққан маржанындай болып аз ғана жылдар көлемінде дүр ете қалған, кейіннен талай тоқырауды басынан өткізген Астана тарихы мен тағдырына бүгін күні біз қарай алмаймыз.

Тарихқа жүгінсек, Ақмола есімі тым әріге сілтейді. Халық қамқорышысы, би, философ дана Асаққойғы Ақмола өзеніне қарап «Ақсуың бал татитын, ақ шабағын май татитын екен» - деп тамсанған дейді. Бұған қосымша тағы бір дерекке назар салсақ, Ақмола даласының сан ғасырлардан белгілі екендігіне көзіміз жете түседі, «Ақмола даласы ескі болғанымен Ресей жеріне қатынастың ең маңызды керден жолы болды» деп жазды, Гладышев пен Муравев деген зерттеушілер бұл жолмен 1283 жылы Италия саяхатшысы Рубик Еділден бастап, Жайықтың жоғары жағынан созақ, құмкент арқылы Іле қаласына дейін жүріп өткен. Орта Азиямен байланыстыратын маңызды керуен жолы болды. Ол жолмен тауар тиеген керуендер жүретін еді, сондай-ақ бұл жолмен талай Ресей және Батыс емшілері жүріп өтті» - деп сол заманның өзінде-ақ Ақмола даласы деген сөз тарихқа енгендігін көрсетеді.

Мына дерек те назар аударуға тұрарлық: 1694 жылы тобылдық Тәке ханға Ресей елшісі Прашин мен Скибин Ақмола даласындағы керуен жолымен жіберілген» деген архив деректерібар. Тұтас бір ұланғайыр өлкеге есімін беріп тұрған Ақмола өзені - тіршілік көзі, оның ұзынды, ы 825 шақырымға созылып жатыр.

Есіл өзенінің сол жағалауында мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген Қыпшақ сұлтанының әскери ставкасының Қазақстанның жаңа елордасы Астана тарихында өзіндік орны бар. Боз-оқ қаласының үйіндісін ашып, оны зерттеу жұмыстарының арқасында қаланың тарихы ілгеріде жатқаны белгілі болды.Бұл өлкеде бұрыннан-ақ адамдар мекен еткен. Палеонтологтар, археологтар сар далада жортуылдаған көшпенділер қорғаны жайлы, сонау оныншы ғасырлардағы Боз-Оқ секілді қалашықтың қайталанбас қолөнері мен мәдениеті жайлы археологиялық қазбаларды сөйлеткісі келеді. Ол - уақыттың еншісі, ал, біз бүгінге жеткен ең ескі ғимараттар арқылы Ақмола уездік қалашығының әскери және құрылыстық нығаюы кезеңі жайлы айтамыз. Сол кезеңдегі тарихи жағдайлар Ресей империясының отарындағы алыс мекендерін бақылайтын осындай әскери қамалдарды салғанынан хабар береді.Бір кездері Қараөткел арқылы аққан Есілдің суы сарқырап жататын. Ұзақ жол жүріп келе жатқан керуен өзеннің жағасына тоқтап, тыныстап алатын еді. Ал кесененің күнмен шағылысқан ақ күмбезі жолаушыларға ақ сапар тілеп тұрғандай. Міне, осындай, ежелгі Сарыарқаның төсінде қала бой көтерді. Басында қала емес, жай ғана қорған сияқты болатын. Бұл төңірекке қоныстанған қазақтар жылдың қай мезгілі болса да Қараөткелдің тайыздау жерімен жылқы, түйе малын пайдаланып, жаз жайлауға ал қысқа қыстауға көшіп-қонып жүретін. Өзеннің осы тұстағы өзен арнасын жабатын қара түсті құмнан Қараөткел пайда болған. Ал одан Нұра өзеніне қарай он сегіз шақырым жерді Ақмола деп атап кетті. Ал күмбезі алыстан көз тартатын кесене Есілдің жағалауында тұр. Ол жерде бір кездері өзінің даналығы мен әділдігімен бүкіл сахара танымал болған Нияз би жерленген. Оның әкесі Тілеулі батыр қазақ-жоңғар ұлт-азаттық соғыс тарихында өзіндік орны бар адам. Аты аңызға айналған қолбасшы, сардарлар Есет пен Жәнібектің үзеңгілесі болған ол Аңырақай, Қалмаққырған мен Қарақұмда 1710-1729 жылдары болған жоңғар соғысында қыпшақтың 92 руының әскерін басқарған. Сонымен қатар, лайықты ұлды тәрбиелей білді. Кейінірек, Нияз би Абылай ханның беделді кеңесшілерінің бірі болды. Ал күмбезі киіз үйдің шаңырағына ұқсайтын, ақ кірпіштен тұрғызылған кесене осы өңірдің атына айналды.Ақмола бекінісін құру туралы шешім. 1822 жылы Александр 1 Сібір қырғыздары туралы жарғы қабылдайды. Осылайша әкімшіл патшалық реформамен қазіргі Қазақстанның тарихы басталды. Ақмола аймағында көшіп-қонып жүрген орта жүз жаңадан құрылған Омбы облысы құрамына енгізіліп, әкімшілік аймақтарға, болыс, ауылдарға бөлінді. 1829 жылы Орта жүздің билеушісі Семеке ханның шөбересі Қоңырқұлжаев Құдайменді орыс басшысына қарамағындағы ауылдарды қарақшылардың шабуылынан құтқарып, Қарпық және Қуандық болыстарын құру туралы өтініш жасайды. Одан өзге, «Түркістаннан шекаралас аймақтарға шығатын» сауда керуендерін сақтау туралы басқа сұлтандар мен патша шенеуніктері де өтініш жасаған. Көп ұзамай-ақ Ақмола бекінісін салу туралы шешім қабылданды. 1830 жылдың 28-мамырында құрылысқа Петропавлдан құрамында екі жүз адамы бар Ф. К. Шубиннің тобы шықты. Ол жазда Қоңырқұлжаев Құдайменді сұлтан ауылымен Қараөткел маңайында көшіп жүрген болатын. Ф. К. Шубиннің тобы осы төңірекке келіп, Нияз бидің кесенесінің айналасына бірінші болып шатыр тікті. Бір ғана зиратпен әйгілі болған жерге болашақ Ақмола бекінісі аймағының әкімшілік орталығының тұрғызылатын орнын ақылдасу үшін, жергілікті рулардың ақсақалдары жиналды. Ақсақалдар Шубинге Есілдің екі жағалауының да тұрғындарына ыңғайлы болу үшін, Қараөткелде көпір салуды ұсынды. Офицер айтылған кеңеске құлақ түріп, 1830 жылдың 18-маусымында ақсақалдардың қол қоюымен құжат жасалды. Бұл қазақ болыстарының аға сұлтандары мен ақсақалдарының берген тілхаты сияқты болды. Атын өзгертіп жатпады, патша әкімшілігінің бар қағазында Ақмола деп жазылып кетті. Тура осы күнді Қазақстанның болашақ астанасының туған күні деп есептесе де болады. Ол кездері бекіністе бар-жоғы 313 адам тұрып жатты.Сурет 1. Ақмола бекінісіДала қорғанының құрылысыҚаланы тұрғызу құрылыс материалдарының жетіспеушілігімен біраз қиынға соқты. Оларды Петропавл мен Омбыдан жеткізді. Шубиннің тобы 1832 жылдың 22-тамызында орталық үшін аса қажетті объектілердің құрылысы біткеннен кейін, ресми түрде Ақмола приказы мен ішкі округ ашылды. Жиында ақындар айтысы, бәйге, күрес болды. Отыз бір рет от шашу атылды. Бас кезінде бұл жерде бірнеше балшықтан, ағаштан жасалған үйлер салынды. Олар қорғаныс үшін пайдаланылды. Қазыналық ғимараттар мен кеңсе, лазарет пен асханадан тұратын бірінші қатар өзеннің жағалауына орналастырылды. Ал әскери тағайындаудағы ғимараттар, яғни, офицер үйлері, казармалар мен қару-жарақ қоймалары және тағы басқа құрылыстар екінші қатарда орналастырылды. Жекелеген казармалар көпестердің уақытша тұрағына айналды. 1835 жылы округте 71 262 адамнан тұратын он бес болыс пен тоғыз ағаш үйлі бір орыс поселкесі болды. 1840 жылы бес мұнаралы көп қырлы формалы қабысқан далалық қорған салынды. Оның төменгі жағы балшықтан, оқшашарға лайықтап жасалды. Бүгінде бұл қару Президенттің мәдени орталығында сақтаулы. Мұнараның жоғарғы жағы қарағай бөренелерінен тұрғызылды. Олардан атуға ыңғайлы тесіктер жасалды. Әскери-стратегиялық жағынан алып қарағанда қорған тамаша қорғалған болып саналатын. Оң жағынан Есіл ағып жатты, батысы мен солтүстігінде қамысты батпақ, ал шығысында - созылған сардала еді. Басынан бастап батыс жағына отставкадағы солдаттар, ұсақ саудагерлер, қолөнершілер орналасты. Олар «Слободка» елді-мекенін құрды.Уақыт өте қорғаныстың айналасына адамдар қоныстанды. Болашақ Ақмоланың аудандары құрыла бастады. Кеңес Одағына дейін ескі атаулар сақталып келді. «Қорған» қазіргі Желтоқсан мен Кеңесары көшелерінің орнында, ал «Орталық мұнара» Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның орнында тұрды. Ол уақытта екі бөлмелі ағаш үйлер және де «Г» әрпіне ұқсайтын атақты «глаголи» үйлері тұрғызылатын. Бұл үйлердің терезелері құрғақ пленкамен қапталатырн. Қала екі мектептен, яғни, казак және мешіт жанындағы мешіттен, екі ұстахана, екі нан дүкені, бір шарап ұрасы мен он бір дәмханадан басталды. Біртіндеп өсе бастаған қорған 1845 жылы Ақмола станицасына айналды. Станицаның жеке храмы болмады. Оның орнына қайтыс болғандарды ақтық сапарға шығарып салатын жорық шіркеуі ғана болды. 1854-1856 жылдары қорғанда Сібір казак әскері қазынасының есебінен татар А. Абдулманов пен А. Сәбитовтар жолдастарымен бірге Есіл өзенінің бойынан Константин Еленин шіркеуі салынды. 1876 жылы Ақмола қорғанын таратып жібергеннен кейін казактар шіркеуді станицаға көшіруді талап етті. Бұрынғы шіркеуді бұзып, қазіргі Константин Еленин кафедралды соборы тұрған жерге көшірілді. Оны 1900 жылдың 14 мамырында сала бастады. Кейінірек, 1891-1893 жылдары болашақ Президент резиденциясының орнында, Александр-Невский соборы көтерілді. Оның жобасын Тобылдан арнайы шақырылған инженер-технолог Павел Голышев жасады. Оны бірде-бір шегесіз тұрғызды. Ішкі қабырғалары мен төбесін 1941 жылы мәскеулік суретші, В. М. Васнецовтың шәкірті М. И. Тимофеев салды. Собор көптеген тұрғындар, көпес, жергілікті әкімшіліктің берген садақасынан тұрғызылды. Оның сыртқы және ішкі жинақылығы, сапалылығы мен байлығымен ерекшеленді. Шіркеуді ХХ ғасырдың бас кезінде бұзды. Президент мәдени орталығында дінбасы Виктор Плотниковтың портреті сақталған. Ол рухани қызметпен айналысып қана қоймай, сонымен қатар, Ақмола уезі мен қаласының 1891-1916 жылдар аралығындағы шежіресін де жазған. Және де Жаңа туылған нәрестелер туралы мәліметтерді де толтырған. Тауарларын алып өтетін мұсылман көпестердің де жан азығы туралы ойланатын кез келді. Енді бұл төңіректе ағаштан жасалған мешіттер пайда бола бастады. Керуен келген кезде мешіттерде жиындар өткізіліп, ал жай күндері мен мейрамдарда жақын орналасқан ауылдардан қазақтар бас қосатын. Кейіннен, 1865 жылғы ведомоствоға сәйкес, Ақмола мешітінің жанынан мектеп жұмысын бастады. Мектепте әр түрлі уақыттарда сегіз балаға дейін дәріс алатын. Бұл - он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы үшін жаман көрсеткіш болмайтын. Балалар Құран үйреніп, сауаттарын аша бастады. Мешіт Ақмола көшпенділері үшін рухани орталық болып саналды. Сапасыз материалына қарамастан, мешіт біраз уақытқа дейін қызмет етті. Тек 1920 жылы ағаштан жасалған мешіт жанып кетті.Ақмола - сауда жолдарының бұрылысы. Жылдар өтіп жатты. Ақмолаға Ресей мен Шығыстың сауда қатынасының көпірі іспеттес Сібір, Орал, Орта Азия көпестері қоныс аудара бастады. Кішкене ғана қорған біртінде қалаға айнала бастады. Мұндай мәртебе Ақмола станицасына Ресейдің ішкі істер Министрлігінің 1862 жылдың жетінші мамырындағы шешіміне байланысты берілді. Қазіргі заманның тілімен айтқанда, Астана сол кездің өзінде инвесторларлардың назарын аударатын еді. 1863 жылдың өзінде Ақмолада елу бір Ресейлік, үш жүз қырық шетелдік көпес тұрақты өмір сүретін. Саудагерлердің жалпы саны 1236 адамды құрады. Ресей империясының 1862 жылғы 7 мамырындағы шешімімен Ақмола станицасына қала мәртебесі берілді.1868 жылғы жарлыққа байланысты Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар сияқты бес уезден тұратын Ақмола облысы құрылды. Сол жылдардың талаптарына сай облыстың елтаңбасы да бекітілді. Бірінші елтаңбаның түпнұсқасын Астана тұрғындары көре алмайды. Себебі, елтаңба сақталған Герольдия қоймасы 1917 жылы жабылып қалған болатын. Осы бір қүнды тарихи мұраның тек қана көшірмесі ғана сақталған. Жасыл қалқанға екі сүйір мұнаралы және күміс күмбезді, Нияз бидің мавзолейі, ортасында алтыннан жарты ай салынған.Ақмола халқы біртіндеп өсе бастады. 1869 жылдың өзінде бұл жерде 5122 адам өмір сүрді. Ал 1910 жылы түрлі ұлт өкілдерінен тұратын қала тұрғындары 13000-ға жетті. Сәл ілгері көз жіберетін болсақ, 1916 жылы бүкіл облыста бір жарым миллион адам тұрды. Жергілікті тұрғындар мен басқа да азия халықтарының саны 228 мың болса, бір милллионға жуығы Ресей мен Украинадан қоныс аударғандар еді. Он тоғызыншы ғасырдың жетпісінші жылдарындағы Ақмола көпестері Бұхара, Қоқанд, Түркістанмен сауда байланыстарын жақсартты. Ағайынды Қосшығұл - Баймұхамедтердің есімі баршаға танымал. 1852 жылдан бастап, әр жылдың жиырма бірінші мамырынан бастап оныншы маусымына дейін болатын Константинов жәрмеңкесі өткізіліп тұрды.1913 жылы Ақмолада 40 кәсіпорын болды. Ондағы жұмыс орындары 208 болатын. Сонымен қатар, 100 жел диірмен болды. 1916 жылы облыс тұрғындарының саны бір жарым миллионға жеткен. Жергілікті тұрғындармен қатар, басқа да ұлттардың 228 мыңға жуық өкілі және шамамен 1 миллионға жуық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылар болды.Он тоғызыншы ғасырдың жетпісінші жылдары Ақмола көпестері Бұхара, Қоқан, Түркістанмен сауда байланыстарын дамытты.1897 жылдың өзінде қала онша үлкен емес еді. Қалада 9707 адам тұрды. Олардың 5105-і ер, ал 4602-сі әйел. 3020 қазақ, 4619 орыс, 1035 татар, 223 мордва, 205 неміс, 173 еврей, 101 украин болды. Қала тұрғындарының тек жетеуі ғана жоғарғы білімді, ал тек біреуі ғана әйел адам еді. Негізінен Ақмола тұрғындарының 22, 5 пайызы сауатты болып саналатын. Николай Иванович Байчиковтың тауып алған, Ресей империясының жүргізген бірінші санағының қорытындысы осылай болатын. Біртіндеп қалада тастан үйлер тұрғызыла бастады. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде елорданың ескі орталығында сақталған. Ақмола халқының сауаттылығы мен білімі арта түсті. 1898 жылы облыста үш қалалық, он екі шіркеулік мектеп және бірнеше ауылшаруашылық училищесін болды. Ресей империясының шет аймақтарының бір ерекшелігі - солтүстік елді-мекендерде жаңаша ойлайтын саяси жер аударғандар келе бастады. Анық емес мәліметтер бойынша, 1882-1906 жылдары бұл жерге қырық бес адам жер аударылған. Олардың білім деңгейі қаланың түрлі мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін.Біртіндеп қала дами бастады. Сол кездері бой көтерген ас үйлер елорданың ескі орталығында бүгінгі күнге дейін сақталған. Біртіндеп білім беру жүйесі де дами бастады. 1898 жылы облыста 3 қалалық, 12 шіркеу мектебі және бірнеше ауыл шаруашылық училищесі болды. Блім беру саласының дамуында саяси жер аударылғандар да маңызды роль атқарды. Кейбір деректер бойынша, 1882 мен 1906 жылдар аралығында мұнда 45 адам жазасын өтеген. Олардың білімдерінің деңгейі қаланың түрлі мекемелерінде қызмет атқаруға мүмкіндік берді.Сурет 2. Ақмола төңкеріс қарсаңындаЕскі Думская көшесінде (Комсомольская, кейінде Желтоқсан) қалалық басқарма ғимараты болды. Ол қаланың саяси, қоғамдық және шаруашылық өмірінде маңызды роль атқарды. Осы жерден бүкіл Оқмоланың ісін басқарып отыратын. Ақпан төңкерісі болып, билік Уақытша Үкіметтің қолына өткеннен кейін, басқарма мүшелері Ақмола уездінде Атқарушы комитетті құрды. Бірақ, ол көп қызмет атқармады. Т. И. Бочков бастаған большевистік талапты топ 1917 жылдың жиырма жетінші желтоқсанында Ақмола қалалық Депутаттар Одағын құрды. Ал 1918 жылдың екінші наурызында болған жұмысшылар, шаруалар, солдат және мұсылман депутаттардың бірінші съезінде Ақмола уездік Депутаттар Одағы сайланды. Және де уездік Кеңес Үкіметін құру жөнінде шешім қабылданды. Съезд аяқталғаннан кейін оның қатысушылары қалалық басқармаға барып, салтанатты түрде екі басты қыран тұрған бағананы аралап тастады.Үкіметтің жиі ауысуы сол бір жылдарға тән құбылыс еді. Билікке Колчак келді де, басқарма өз жұмысын қайта жаңғыртты. Соңғы «қала басшысы» қызметін С. А. Кубрин орындады. Ол 1919 жылдың күзінде сүзектен қайтыс болды. Ақмоладан атаман Дутов кетпестен бұрын, 1919 жылдың жиырма төртінші қарашасында көпестер мен жергілікті зиялылар Басқарма ғимаратында қоштасу кешін ұйымдастырды. Ал келесі күні, жиырма бесінші қарашада қаланың солтүстік-батыс жағынан Көкшетау әскерінің тобы - Г. Ю. Нейман бастаған 59-атқыштар дивизиясының дала бригадасының бірінші Ақмола, екінші Қостанай атқыштар полкі көрінді. Енді басқарманы, әдеттегідей, жаңа үкімет, яғни, елу тоғызыншы атқыштар дивизиясы штабы иеленді (дивизия бастығы және Көкшетау әскери тобының бастығы К. И. Калинин)1939 жылдың қазан айында Ақмоланы облыс орталығы етіп бекітті. Бұл да негізсіз емес еді. Себебі, Ұлы Отан соғысы басталған кезде индустриясы жақсы дамыған үлкен қала болатын. Бұл жерде алты өнеркәсіп, оның үшеуі - республикалық, тағы да үшеуі жергілікті және кооперативті өнеркәсіп болды. Олардың жалпы жұмыс орны 801 адамды құрайтын. Ал негізінен қалада 32, 5 мың тұрғын өмір сүрді. Ақмола жаңа мәртебе бергеннен кейін, қаланың болашағы да үлкен үміт арттырды. Алайда . . . Соғыстың басталуы, өнеркәсіптегі митингілер, сұрапыл соғыстың басталуы туралы қайғылы хабар туралы мақалаларды жергілікті газеттердің 1941 жылғы нөмірлерінен оқуға болады.Сурет 3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы АқмолаАқмола қалалық атқару комитетінің қалада әскери құрылымды қабылдау және орнықтыру туралы, қызыл әскерге жылқы жіберу туралы құжаттардың түпнұсқалары сақталған. Ересек тұрғындардың бәрі де әуе қорғанысы және химия қорғанысы дайындығынан, ал он алты мен елу жас аралығындағы ерлердің бәрі де міндетті түрде әскери дайындықтан өтті. Сол жылдардың санағы көрсеткендей, 1945 жылдың басында он мың ақмолалықтар әуе қорғанысы мен химия қорғаны дайындығынан өткен. Ал 9172 адамды әскери іске баулыған. Жергілікті әуе қорғанысы штабы құрылып, қорғаныс топтары дайындалды. ОСОАВИАХИМ және Қызыл Крест белсенді жұмыс атқарды. Ақмола қазақстандық әскери бөлімшелердің құрылуында маңызды роль атқарды. Осы жерде 310, 387, 29 атқыштар және 106 кавалерия дивизиясы құрылды. Майданға аттанған 9783 ақмолалықтардың еліне 7414-і қайтып оралмады. Отыз сегіз ақмолалық Кеңес Одағының батыры атағын иеленсе, ал жетеуі үш деңгейдегі Даңқ орденімен марапатталды.Өнеркәсіпті соғыс жылдарына лайықтау, ірі өндірістердің қоныс аударуы және де эвакуацияланғандардың үлкен легі - бәрі де қаланың экономикалық дамуына үлкен әсер етті. Өнеркәсіптік өндірістер екі жарым есе өсті. «Қазақсельмаш» және № 317 сияқты Одақтық деңгейдегі зауыттар пайда болды. Он алты өндірісте 2800 адам еңбек етті. Осындай өнеркәсіптік ілгерушілік Ақмола теміржол желісін Қарағанды темір жолының маңызды бір нүктесіне
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЛЫҚ КІРІСІН ЖӘНЕ САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Салық салу объектілері
Жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы
Экология ғылымы жайлы
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Гетеротрофты микроорганизмдер
Мемлекеттік қаржыны қалыптастыруда салықтың рөлі
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz