Қазақстан Республикасында туризм индустриясы



КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
1.1 Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай.күйін талдау

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Туристік кластерлер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді. Жүргізілген талдау нәтижесінде туристік нарықты дамытудың ұзақ мерзімді үрдістері, туризм түрлері, туристерді қабылдауға әзірлік және туристік тартымдылық деңгейі бойынша бөле отырып, негізгі туристік кластерлер, өнімдер мен объектілер айқындалды.
Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе мен сала қажеттіліктері негізінде мемлекеттік реттеу мен ұлттық туристік өнімді ілгерілетудің тұжырымдамалық үлгісі айқындалды.
Сырттан келушілер туризмін дамыту үшін елдің тартымдылық деңгейін арттыру, инвесторларды тарту және туризм саласындағы ұлттық статистика жүйесін жақсарту, сондай-ақ, республиканың туристік өңірлеріндегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар әзірленді.
1 Мазбаев О.Б., Омаров К. М. Қонақ үй шаруашылығы және туристік бизнес, Астана-2003ж
2 Назарбаев Н.А. Қазақстан – 2030 Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдау, Алматы – 2007ж
3 Туризм Казахстана в 2004году. Статитический сборник. Под ред. Э.А. Кунаев. – Алматы, 2005ж
4 Кесікбаев Ө. Туристік инфрақұрылым, Алматы – 2003ж

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
1.1 Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай-күйін талдау

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Туристік кластерлер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді. Жүргізілген талдау нәтижесінде туристік нарықты дамытудың ұзақ мерзімді үрдістері, туризм түрлері, туристерді қабылдауға әзірлік және туристік тартымдылық деңгейі бойынша бөле отырып, негізгі туристік кластерлер, өнімдер мен объектілер айқындалды.
Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе мен сала қажеттіліктері негізінде мемлекеттік реттеу мен ұлттық туристік өнімді ілгерілетудің тұжырымдамалық үлгісі айқындалды.
Сырттан келушілер туризмін дамыту үшін елдің тартымдылық деңгейін арттыру, инвесторларды тарту және туризм саласындағы ұлттық статистика жүйесін жақсарту, сондай-ақ, республиканың туристік өңірлеріндегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар әзірленді.

1 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
1.1 Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай-күйін талдау
Туристік ұсыныс. Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм саласы жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйым деректері бойынша туризм тауар мен қызмет көрсетулердің (7,4 %) әлемдік экспортында тек автокөлік, химия және отын өнімдерінінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленеді. Ал кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші орынды иеленді.
Қазақстан бай туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге ие бола отырып, туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Туризм үлесі жалпы ішкі өнімде шамамен 0,3 %-ды ғана құрайды. 2011 жылы туристік қызметтен кіріс көлемі 145,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғыдан 2 есе артық (77,6 млрд. теңге). Республика бюджетіне төленген салық 20,6 млрд. теңгені құрады, саладағы туристік қызметпен шұғылданатындар саны 158700 адамды құрады. 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте туристік қызметтен түскен кірістер көлемі 91,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 11,5 % (82,3 млрд. теңге) артық. Туристік ұйымдар мен орналастыру орындарында жұмыс істейтіндер саны 26 940 адамды құрады.
2011 жылы елде 1715 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 630,6 мың адамға қызмет көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,6 %-ға артық (2010 жылға 486,5 мың адам). Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм 32,2 %, кіру туризмі - 5,7 %, сыртқа шығушылар туризмі - 62,1 % құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2010 жылғы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмінің 56,4 %-дан 62,1 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 35,4 %-дан 32,2 %-ға азайғаны байқалады. Астана және Алматы қалалары ең маңызды туристік орталықтар болып табылады, онда халықаралық стандарттарға сай келетін орналастыру орындарының неғұрлым көпшілігі шоғырланған. Аталған қалалардан тысқары орналасқан орналастыру орындары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмейді және негізінен қазақстандық туристерге бағытталған. Ірі қалаларда 3* және 4* санаттағы қонақ үйлер тапшы.
Қазақстандық туристік нарықта халықаралық қонақ үй брендтерінің қатысу деңгейінің төмен екені байқалады. Барлық халықаралық қонақ үй компаниялары төрт бизнес-дестинацияларда: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында орналасқан.
Қонақ үйлер қызметтерінің деңгейі жоғары орналасу орындарында тұру бағасы өзге елдердегі жетекші туристік дестинацияларға ұқсас қонақ үйлердегілерге қарағанда, айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы қалаларында 5* санатты халықаралық бренд қонақ үйлерінде нөмірдің құны Еуропаға қарағанда 2-3 есе жоғары. Басқа орналасу орындарындағы қызмет бағалары - пансионатта, туристік базаларда, кемпингте, келушілерге арналған жатақханаларда және басқаларында айтарлықтай төмен.
Жоғарылатылған бағалар орналастыру орындарының төмен толтырылуына, бәсекелес ортаның жетіспеушілігіне және бизнес-туристерден күшті тәуелділікке байланысты. Ұсынылатын қонақ үйлер қызметтерін қоса алғанда, туристік қызметтер шектеулі сервиспен ұсынылады және әлсіз реттелген.
Тұру және әуе билеттеріне жоғары бағалар Қазақстанға тур бағасын едәуір арттыратынын және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Туристік кластерлер

Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туристік сұраныс қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ішкі және сыртқы келуші үшін анағұрлым тиімді туристік тәжірибе жүйесін құру мақсатында барлық туристік кәсіпорындар тарапынан Қазақстан Республикасының туристік өнімін қалыптастыруға және ілгерілетуге жаңа қағидаттар мен тәсілдер әзірлеу қажет. Туристік өнімнің бірегейлігі мен сапасына қарамастан, жоғары дамыған инфрақұрылымның (көлік инфрақұрылымы, телекоммуникациялық, байланыс арналары, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) болмауы саяхаттан қанағаттану деңгейін төмендетеді, соның салдарынан туристік келу санының қысқаруына және аумақтың ішкі және әлемдік туристік нарықтарда бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендетуіне әкелетінін назарға алу керек.
Осыған байланысты әртүрлі аумақтық деңгейлерде (ел, облыс, аудан, қала) туризмді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажет. Осындай әдістердің бірі кластерлік тәсіл болып табылады.
Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті болып отыр.
Туристік кластер - бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық қызметтермен сабақтас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы.
Туристік кластерді құрудың мақсаты - синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:
кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;
инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.
Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Қазақстанда бес туристік кластерін құру мүмкіндігі бар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан.
Астана кластері - бұл Астана қаласын, Ақмола облысын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін, Павлодар облысының батыс бөлігін және Қарағанды облысының солтүстік-шығыс бөлігін қамтитын кластер. Астана қаласы кластердің орталығы болады, мұнда мынадай басты туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-мен қорғалатын Сарыарқа деп аталатын Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, аумақ бөлігі);
Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарымен толықтырылуы мүмкін: мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорымдары, Тасмола мәдениетінің жарқыншақ тастар қорғаны секілді туристер қызығушылығын тудыратын жаңа орындарымен, сондай-ақ Жібек жолы сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Бозоқ қалашығы).
Астана маңындағы жерлермен және Бурабай курорттық аймағымен көшпелі мәдениет пен дала әртүрлілігінің орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер: MICE-туризм, мәдени туризм, турне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс.
Алматы кластері - бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын кластер. Алматы қаласы кластердің орталығы болады және онда мынадай басты туристік қызығушылық орындары айқындалған:
петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ландшафты (ЮНЕСКО нысаны). ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле-Алатау МҰТП-мен Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары.
Жаңа Іле туристік орталығы.
Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосуы, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын - Балқаш көлі, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдері, Ыстықкөл қорғандары мен Жібек жолы Сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) секілді жаңа орындарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қазақстан аумағында туризмнің дамуы
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Ішкі туризм туралы ақпарат
Туризм инфрақұрылымын дамыту бағыттары
Ішкі туризмінің дамуының алғы шарттары
Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау
Халықаралық туризм туралы
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті
Пәндер