Қазақстандағы туризм саласы



КІРІСПЕ
1 ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Алматы қаласы
1.2 Өнеркәсіп орындары, байланыс,тауарлар мен қызметтер өндірісі
1.3 Қызмет көрсету саласы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА
ОРНАЛАСҚАН ӘКІМШІЛІК.АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС
2.1 Қарағанды облысы
2.2 Теміртау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 000 доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым жақсы дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурманттардың 88%-ына дейін қызмет көрсетеді. Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған «ХХІ ғасыр көрнісі» атанып кеткен туристік қызмет индустриясы өзінің мемлекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік саласымен теңесті. Ол әлемдік жалпы өнімнің 12% үлесін ала отырып, өзіне жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда.
1 Қазақстан туризмі 2007жылы.Алматы,ҚР Статистика агенттігі,2007
2 ҚР Президент Жарлығы 27ақпан,2008жылы
3 Қр-да туризмді дамытудың 2007- 2011жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
4 Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана.2001.192бет

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1 ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Алматы қаласы

111 автобустық, 9 троллейбустық және 2 трамвайлық бағыттар жұмыс істейді. Ағымдағы жылы қалалық қоғамдық көлік үлкен даму тапты: 371 жаңа автобус алынды. Сонымен өткен жылы қалалық жолаушылар көлігі паркі 23 % пайызға жаңартылды. Жылдың соңына дейін тағы да 200 жаңа троллейбустар алу жоспарлануда.Қоғамдық көлікті дамыту үшін Басқарма тарапынан экологиялық жағдайды жақсарту және қала магистралдарында немесе көшелерде көлік жүктемесін азайту, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.Аталған мақсаттар негізінде 2011 жылы табиғи газбен жүретін 200 автобусы бар муниципалды парк ұйымдастырылған болатын.Қазіргі таңда ол автобустар 9 көлік бағытында, күн сайын желіге 180 автобус шығарып қызмет көрсетеді.Қоғамдық көліктің басқа да балама түрлерін дамыту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Алматы метрополитені іске қосылып, қолданылуға берілді. Аталған желі қашықтығы 8,2 км, магистралды көшелермен қаланың орталығын жалғайтын 7 жолаушылар бекеті бар. Қалалық көлік бағыттарын дамытудың соңғы жаңалығы: қалалық көлік бағыттарын оңтайландыру мақсатында көлік бағыттары зерттелуде. Аталған жұмыстар нәтижесі бойынша көлік бағыттары жүйесінің сапасы біршама жақсарады деп күтілуде.Ағымдағы жылы жолаушылар көлігі инфрақұрылымын дамыту туралы мәселе бірінші орынға шықты.1 наурыздан бастап троллейбустар мен трамвай, автобустар жұмысын бақылайтын диспечерлік автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді. Оның ішінде 1823 қоғамдық көлік бағыты бірлігі болса, соның ішінде 1554 автобусқа әр автобусты және әр көлік бағытын жұмысын бөлек уақыт бойынша бақылау құрылғысы орнатылды.Ол тасымалдаушылармен тығыз қарым-қатынас жасауға, жолаушылар көлігі сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Жыл соңына дейін қалалық және қала маңы көлік бағыттарының айналма жолы үшін 5 диспечерлік бөлім салынатын болады. Бұл инфрақұрылым 21 көлік бағытын жұмысқа тартып, 414 жүргізушімен қызмет көрсету мәдениеттілігін арттырып, 45 қала маңы көлік бағыттарын шекарадан тоқтатуға мүмкіндік береді.Қалада жолаушыларды және жүкті таксимен таксомоторлы тасымалдау бойынша 500 автомобильмен 10 мекеме айналысады. Соның ішінде 105 такси газге ауыстырылып, барлық 500 такси де бекітілген түс гаммасына боялды. 30 астам жолаушылар көп жерлерде такси тұрақтары орналасқан. Қазіргі таңда таксилерге таксомоторды орнату туралы мәселе қарастырылуда.

1.2 Өнеркәсіп орындары, байланыс,тауарлар мен қызметтер өндірісі

Алматы ауданы аумағында 134 ірі және орта өндірістік кәсіпорын орналасқан. Олардың 23- машина жасау, ағаш өңдеу және қосымша орталық сорғыштарды, металл жинақтауды, ауылшаруашылық және құрылыс материалдарын, шыны пакеттерді, асфальтбетондық қоспаларды, бетоннан жасалған тұрмыстық элементтерді, шойыннан, қоладан және басқа да металлдардан жасалған бұйымдарды жасап шығару және жинаумен айналысатын кәсіпорындар.
"Астанаэнергосервис" АҚ, "Астана Теплотранзит" АҚ, " Городские электрические сети" АҚ , "Нысана" ЖШС, "Астана Су Арнасы" ҚКК , "Газ-Кызмет", "Астанагазсервис" АҚ сияқты 7 кәсіпорын өндірістік саласында,су-электр-жылу-газбен қамтамасыз ету қызметтерін атқарады.8 ірі және орта өндірістік кәсіпорындар нан-тоқаш және кондитерлік тағамдар,сүт және басқа ферменттелген тағамдар, алкогольсіз газдалмаған сусындар,шұжық тағамдарын өндіру саласында жұмыс істейді. Алматы ауданы кәсіпорындары 2011 жылы қолданыстағы бағамен 94 млрд. 363 млн.теңгеге өнім өндірді. (ол елорданың қаржыдан тыс секторының жалпы өндірістік өнім мөлшерінің 57,6 %-ын құрайды).
Туризм, демалыс және спорт индустриясы.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында туризмді және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанды бәсекеге қабілетті және әлемнің серпінді дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына қосу басымдықтарының бірі болып табылады. Қала маңы аймағының туристік қызметін дамытуды реттейтін маңызды факторлар: халықаралық әуежайдың болуы және Алматы қаласының жақын болуы. Болашақ бағыттар құрылымында Ұлы жібек жолындағы туризм ерекше орынға ие.Ұлы жібек жолының Алматылық бөлігінде экзотика, қызықты оқиғалар, тау курорттарына бару, тау спортымен, аңшылықпен шұғылдану, қауіп-қатер белгілері бар сапарларды қамтитын, тарихи-мәдени мұрамен таныстыру туризмімен ұштасатын бірегей ресурстар үйлесімділігі бар.Алматы облысының аумағы, оның ішінде Алматы қаласының қала маңы аймағы туристік сұраныстың іс жүзінде барлық заманауи таптаурындарын қанағаттандыратын орасан туристік мүмкіндікке ие, олар келесі базалық ресурстар бойынша жіктеледі:
табиғи-рекреациялық: Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының тау ландшафтары, Алакөл, Балқаш өзендері, Қапшағай су қоймасы, тау көлдері, Іле өзені және көптеген басқа да таулық және жазықтық су артериялары, минералды су көздері және балшықтар көздері, тірі табиғат ескерткіштері, атап айтқанда тамаша флора мен фауна, оның ішінде эндемикалық және ескіден қалған;
мәдени-тарихи: қорған кешендері, петроглифтер (тастағы суреттер), ескерткіш орындар, мұражайлар (тақырыптық және әйгілі адамдардың);
театрлар, мавзолейлер, мазарлар, кейінгі кезеңнің өзге де сәулет құрылыстары.
Қала маңы аймағы мен Алматы қаласының туристерді қабылдау үшін үлкен мүмкіндіктері бар: қонақ үйлер, мейман үйлері, шипажайлар, профилакторийлер, демалыс аумақтары мен базалары, демалыс үйлері, сауықтыру лагерлері, аңшылар үйлері.
Алматы қаласының қала маңы аймағындағы бар рекреациялық мүмкіндіктер негізінде бас жоспарда бірнеше функцияларды атқаратын туризмді, демалыс пен спортты дамытатын рекреациялық аймақты әрі қарай қалыптастыру ұсынылады, олардың ішінде маңызды функциялар: шипажайлық-курорттық кешен, танымдық және спорттық-көзбен көру туризмі, шоу-бизнес, қонақ үй бизнесі болып табылады. Төменде қала маңы аймағындағы рекреациялық қызметтің негізгі түрлері келтірілген:
Іле Алатауының сілемдері - мәдени-тарихи мұра ескерткіштерімен және мәдени-танымдық туризм нысандарымен бірге. Алтын Аймақ Жетісу этномәдени ландшафтық белдеуі;
тау аймағы - жалпы үлгідегі курорттар, тау шаңғысы курорттары;
ерекше қорғалатын аймақтар: Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, жабайы жеміс бақтары, Медеу саябағы;
Қапшағай су қоймасының жағалауы - ірі туристік-ойын-сауық аймағын қалыптастыру, Жаңа-Іле ойын-сауық кешенінің құрылысы, су спорты және сауықтыру туризмі, су маңындағы қысқа және ұзақ мерзімді демалыс, бүкіл маусымдық балық аулау;
Іле өзені -- судағы ұйымдастырылған және жабайы туризм;
бальнеологиялық ресурстары бар аумақтар - сауықтыру туризмі және шипажайлық-курорттықемдеу; ежелгі Жібек жолы трассасын жаңғырту, оның бойында қонақ үй-туристік кешендерін, ұлттық мәдениет және қолданбалы өнер орталықтарын орналастыру;
Боралдай кентінің оңтүстік жағындағы және Есік қаласындағы сақ қорғандары орналасқан аймақта ашық аспан астындағы ұлттық-этнографиялық, мұражайларды ашу;
археологиялық ескерткіштерді қорғау аймақтарын сақтау және құру (қорғандар, ежелгі қалашықтар);
Алматы қаласы - іскерлік және аралас туризм.
Бас жоспарда қазіргі спорт құрылыстарын қалпына келтіру және жаңа спорт объектілерін салып, жаңа объектілерді пайдалануға беру көзделіп отыр, осыларды жүзеге асыру Алматы қаласын қаржы ғана емес, туристік орталыққа да айналдырады. Кластерлік даму арқылы туристік өнім мен туризм индустриясының бәсекелік қабілеттілігін арттыру тек отандық емес, сонымен бірге әлемдік қызмет көрсету нарығында да қала маңы аймағының туристік келбетін қалыптастыруға көмегін тигізеді.

1.3 Қызмет көрсету саласы

Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға негізінен тарихи қалыптасқан қоныстану жүйесі барынша әсер етті. Оған тән белгі ірі мегаполистің, орта және шағын қалалардың Іле Алатауының баурайында орналасуы болып табылады. Елді мекендердің басым бөлігі сағаттық қол жетімділік шегінде Алматы қаласына және аудан орталықтарына тартыла орналасқан.Бас жоспарда 2035 жылға қарай мекемелердің қызмет көрсетудің әлеуметтік-кепілденілген минимумын қамтамасыз етуге қол жеткізуі бағытында жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік саланы дамыту көзделеді.Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабылданған халықты жайғастыру жүйесінің негізінде және тығыз өзара байланыста жобаланған. Қызмет көрсету саласының болашақ құрылымын дамыту әрбір елді мекенде күнделікті қызмет көрсету нысандарын (бала бақшалар, мектептер, емханалар немесе амбулаториялар, бастапқы дене шынықтыру-емдеуді тағайындау объектілері, клубтар) және халық сұранысының негізінде туындайтын коммерциялық нысандарды (дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, тұрмыстық қызмет көрсету орындары және т.б.) орналастыруды көздейді. Әкімшілік аудандардың орталығында жоғары деңгейдегі қызмет көрсету мекемелері (ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, қан орталықтары, мәдениет үйлері, орта арнаулы оқу орындары, көпшілік пайдаланатын спорт залдары және барлық аудан түзуші қызметтер - әкімдіктер, жер қатынастары, санитарлық эпидемиологиялық басқармалар және т.б.) орналасады.
Жобалау кезеңінде қала маңы аймағының елді мекендерінде мектептер мен бала бақшалар, учаскелік ауруханалар мен амбулаториялар (олар жоқ немесе 3.01-01.2007 Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларымен және ережелерімен ұсынылған нормаларға біршама сәйкес келмейтін елді мекендерде), өңірлік медицина орталықтарын, сауда қалаларын, сауықтыру кешендерін, туризм, спорт және демалыс объектілерін салу көзделеді.Ауыларалық қызмет көрсету саласының нысандары жайлы көлік жетімділігі шегінде орналастырылатын болады.
Автомобиль көлігі.Автомобиль көлігі қазіргі уақыттың өзінде Республиканың экономикасын дамытуда, ішкі және сыртқы тауар алмасуды кеңейтуде, мемлекет аралық байланыстарды қалыптастыру мен нығайтуда ерекше маңызды рөл атқарады.
Соңғы жылдарда автокөлік құралдарының барлық түрлерінің сандық құрамының өсуі тұрақты үрдісті көрсетіп жүр. Қала маңы аймағы мен Алматы қаласы халқының өсуіне орай есептік мерзімде ауыл аралық тасымал 1,6 - 2,0 есеге, ал қала маңы тасымалының автобус парктерінде орташа сыйымдылықтағы автобустар саны 1800-2000 дейін артады. Автокөлік шаруашылықтарын кеңейту, оларды базасы, жылытылған көлік тұрақтары, шеберханасы, көлік жуу орындары бар, сондай-ақ медицина-техникалық бақылау жасайтын ірі автопарктерге біріктіру көзделген.Тұрғындар қозғалысының артуына байланысты Алматы қаласы аумағының айналасында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) маңында Алматы қаласы үшін 3 жаңа автобекет, сондай-ақ қала маңынан Алматы қаласына қатынайтын көліктердің жолаушыларын қаланың қоғамдық көліктеріне жеткізетін 12 автобекет салу қажеттігі туындайды.Алматы қаласының орталығында орналасқан қолданыстағы автобекеттерді бұзу немесе нысандарын өзгерту көзделген.Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында (ҮАААЖ) орналасқан автобекеттердің маңында қала маңы аймағынан халықаралық және қала маңы автобустарымен де, жеке көлікпен де келіп, қалалық қоғамдық жолаушылар көлігіне отырғысы келетін жолаушылар үшін 15 жинақтау автотұрағын және көліктен түсу - отыру кешенін салу қарастырылуда.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ӘКІМШІЛІК - АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС

2.1 Қарағанды облысы

1932 ж. 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 428 мың км2. Тұрғыны 1,35 млн адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,1 адамнан келеді (2009). Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталық - Қарағанды қаласы. Орталық Қазақстан өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика аймақтары арасында бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік торап құрылған. Бірі Қарағанды-Теміртаукөмір-металлургия лық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Ақтау, Жезқазған қалаларындағы электр энергетикасы, машине жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары кіреді, екіншісі Балқаш түсті металлургия өнеркәсіптік кешені, ол негізінен мыс кендерін өндіру және өңдеуге тазартылмаған және тазартылған мысты, түсті прокатты, сондай-ақ марганец, қорғасын, мырыш және басқа полиметалл концентраттарын шығаруга маманданған. Осынау кәсілорындық торап Жезқазган, Балқаш, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жәйрем, Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттерінін кеніштері мең шахталарын, байыту фабрикаларын, мыс қорыту зауыттарын, өнеркәсіптін химия, азық-түлік және басқа салаларын біріктірген.Облыс экономикасының қазіргі жағдайы экономикалық және әлеуметтік құрылымдардағы елеулі өзгерістермен сипатталады. Облыстың республикадағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15% пайыздан асып жығылады. Бүгінде аймақта 300-ден астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: Қазақмыс корпорациясы ААҚ, ол көп қырлы, өндірісі аяқталған циклды кен-металлургия кәсіпорны, әрі бірқатар зауыттар, кеніштер және энергетикалық нысаңдардьі біріктіреді; Арселор Миттал ААҚ, ол толық металлургиялық циклді кәсіпорындардын барлығының Қарағанды бассейнінің көмір шахталарының ЖЭО, қосалқы және басқа да қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымының басын қосқан.Марганецтің ірі өндірушісі Жәйрем КБК ААҚ болып табылады. Мәшине жасау және металл өңдеудегі жетекші кәсіпорындар Пархоменко атындағы мәшине жасау зауыты, Қарағандыкенмаш НТЭК ЖАҚ, Қарағанды құю-мәшине жасау зауыты ААҚ, Техол ЗПХ ЖАҚ, Қазкарметавтоматика ААҚ және басқа кәсіпорындар есептеледі. Резеңке және пластмасса бұйымдар шығаратын негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына Қарағанды резеңке техника ЖШС, Саранрезеңкетехника ААҚ, Восход ЖШС жатады.Химиялык өнеркәсіпте Теміртау химия-металлургиялық зауыт, Монета Дитерджентс жуғыш заттары зауыты ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс материалдарды өндірумен Сеntral Аzia Cement ААҚ және Қарағанды асбоцементтік бұйымдары ЖШС айналысады.Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары Гүлден ЖШС және Тоmiris ЖШС, азық-түлік өндірісінде Тұлпар фирмасы саналады.Өндірістік мәселелерді шешу және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін тың өндірістік куаттар және нысандар іске қосылуда, әртүрлі мәшинелер мен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің техникалық жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіру және тұтыну тауарларын даярлау ауқымы ұлғая түсуде.
Өндірісі.Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды жері 34257,1 мың га, оның ішінде егістік жер 1062,2 мың га, шабындық 389,6 мың га, жайылымы 31724,9 мың га жерді құрайды. Ауыл шаруашылығының басты салалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде
Қазақстан аумағында туризмнің дамуы
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Туризм Қазақстандағы басты сала
Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы
«Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту проблемалары»
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Пәндер