Халықтың азаттығын көксеген күрескер Махамбет Өтемісұлы



Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлы Бекетай елді мекенінде ( Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы ) 1803 жылы дүниеге келді.
Жастайынан ақындық өнерге құмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.
Махамбет – бұхара халықты патша өкіметіне , оның жергілікті өкілдері хан сұлтандарға қарсы ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Махамбет «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін аяусыз шенеп, бет-пердесін жыртса, «Мұнар күн» жырында ел басына орнаған ауыртпалықты ашына айтты. Махамбет шығармалары - өз дәуіріндегі еңбекші бұхара өмірінің рухани – поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шындық бейнесі.
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы болма» деген ескерту жасап, босатады.
Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді
Сонда да жанашыр қауымның қамқорлығы тимей жүрген бiр жай бар. Ол- Махамбеттiң тарихи мұрасын iздестiрудiң жеткiлiксiздiгi. Республика мен облыстың басшылары, ғылыми, әдеби, тарихи орта ұлы бабамыздың қоғамдық-саяси қызметi жайлы деректердi, оның ақындық шығармашылық, сазгерлiк мұраларын жинастырып, жарыққа шығаруда мардымды жұмыс iстей алмай келедi.
Махамбет жайлы жиырма жылдың үстiнде iздестiру-зерттеу мақсатында ел аралап, архивтердi ақтарып, жиған-тергенiмiздiң бiрқатарын баспасөз бетiнде жариялап, бабамыздың бай мұрасын халқымыздың игiлiгiне жаратуға қолдан келгенiнше атсалысып келемiз. Бұндағы айтайық дегенiмiз: батырдың қызметi туралы, өлеңдер жинағы жөнiнде әлi де тиянақты ғылыми тұрғыдан дәйектi кiтаптар көрiнбейдi. Кейбiр жерлестерiмiз еңiреген ердiң еңбегiне жеңiл-желпi қарайды екен. Сондайдың салдарынан болар, Махамбеттiң әдеби, музыкалық шығармаларын жинастыру кемшiн. Атырауда талай тарихшы, әдебиетшi, т.б. мамандар, көптеген қоғамдар, iрi кәсiпорындар бола тұра, осы күнге дейiн оның жанкештi болып, шыбын жанын шүберекке түйiп, жүрiп өткен жолдарын анықтаумен ешкiм шұғылданбайтыны өкiнiштi.
"Соғыс" деген өлеңінде Махамбет көтерілістің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністері баяндау, суреттеулері тарихи фактылармен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда осы "Соғыс" пен өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жар өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені, ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдерімен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ - әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан, оны басы ашық қалдырамыз.
Ал біздің бұл жерде айтпағымыз, ақынның тарихи уақиғаларды тамаша

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын
Махамбет Өтемісұлы Бекетай елді мекенінде ( Бөкей ордасы, Орал облысы,
Жәнібек ауданы ) 1803 жылы дүниеге келді.
Жастайынан ақындық өнерге құмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың
жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел
құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен
адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын
келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. 
Махамбет – бұхара халықты патша өкіметіне , оның жергілікті өкілдері
хан сұлтандарға қарсы ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған алғашқы
қазақ ақыны. Махамбет Жәңгірге, Баймағамбет сұлтанға деген өлеңдерінде
үстем тап өкілдерін аяусыз шенеп, бет-пердесін жыртса, Мұнар күн жырында
ел басына орнаған ауыртпалықты ашына айтты. Махамбет шығармалары - өз
дәуіріндегі еңбекші бұхара өмірінің рухани – поэтикалық шежіресі, шаруалар
қозғалысының шындық бейнесі. 
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің
арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы
күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды.
Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып,
Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған енді қайтып бүлікке қатысушы болма
деген ескерту жасап, босатады. 
Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет
сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан
бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен
өлтіреді
Сонда да жанашыр қауымның қамқорлығы тимей жүрген бiр жай бар. Ол-
Махамбеттiң тарихи мұрасын iздестiрудiң жеткiлiксiздiгi. Республика мен
облыстың басшылары, ғылыми, әдеби, тарихи орта ұлы бабамыздың қоғамдық-
саяси қызметi жайлы деректердi, оның ақындық шығармашылық, сазгерлiк
мұраларын жинастырып, жарыққа шығаруда мардымды жұмыс iстей алмай келедi.
Махамбет жайлы жиырма жылдың үстiнде iздестiру-зерттеу мақсатында ел
аралап, архивтердi ақтарып, жиған-тергенiмiздiң бiрқатарын баспасөз бетiнде
жариялап, бабамыздың бай мұрасын халқымыздың игiлiгiне жаратуға қолдан
келгенiнше атсалысып келемiз. Бұндағы айтайық дегенiмiз: батырдың қызметi
туралы, өлеңдер жинағы жөнiнде әлi де тиянақты ғылыми тұрғыдан дәйектi
кiтаптар көрiнбейдi. Кейбiр жерлестерiмiз еңiреген ердiң еңбегiне жеңiл-
желпi қарайды екен. Сондайдың салдарынан болар, Махамбеттiң әдеби,
музыкалық шығармаларын жинастыру кемшiн. Атырауда талай тарихшы, әдебиетшi,
т.б. мамандар, көптеген қоғамдар, iрi кәсiпорындар бола тұра, осы күнге
дейiн оның жанкештi болып, шыбын жанын шүберекке түйiп, жүрiп өткен
жолдарын анықтаумен ешкiм шұғылданбайтыны өкiнiштi.
"Соғыс" деген өлеңінде Махамбет көтерілістің әрбір кезеңдерін
тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністері баяндау,
суреттеулері тарихи фактылармен тығыз байланысты болып отырады. Бір
қарағанда осы "Соғыс" пен өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жар
өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл өз алдына жеке
тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені, ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр
саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі
зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі
қысқа тарихи өлеңдерімен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы
деген сұрақ - әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің
өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан, оны басы ашық
қалдырамыз.
Ал біздің бұл жерде айтпағымыз, ақынның тарихи уақиғаларды
тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда оның
өлеңдерінің тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің
тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.
Қырғыз халқының (сонымен қатар қазақтың да) ертегілері мен аңыз,
өлеңдерінің тарихи мәні туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады:  "Егер
жұрттың айтуымен Гередот жинаған Гомердің көркем ертегілері мен аңыздарының
аз да болса, тарихи мәні бар десек, егер де өзгеріліп,, мысал тәрізді болып
кеткен аңыздардың негізінде оқиға шындыққа жататын болса, қырғыздың
аталарының өмір тұрмысын, әдет - ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір
жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған
аңыздарын алып, ол халықтың осы күнгі мінез-құлықтарымен және олар
жөніндегі тарихи сілтеулермен салыстырсақ, ол аңыздардың тарихи мәні болуы
мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек". Шоқан Уәлихановтың эпостық ертегі-
аңыздардың тарихи мәні бар деген бұл пікірін негізді десек, тарихи
мәліметпен мидай араласып жатқан тарихи уақиғалардың нақтылы сәулесі болған
Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи документ екендігіне шек
келтіруге болмайтыны ашық, талассыз.
Біз жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге
жатады дедік. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы
керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың
алға қойған тілек - мақсаттарын өздерінің хан - сұлтандарға қарым -
қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалық
шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған
лирикалық шумақтарда аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің
бірқатар өлеңдернде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен аралас
келеді:
Кешегі Исатайдың барында,
Алақандай Нарынды
Басушы едік құлаштай!
Жәбір беріп, жапа етсең,
Былғанған басым ласқа-ай!
Мен бір шарға ұстаған
қара балта едім,
Шабуын таппай кетілдім.
Қайраса, тағы жетілдім...
Көрмес, келмес деп едім,
Өз еркіммен бетіңді-ай!.
Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе лирика. Махамбет өлеңдерінің
негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет
лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық
өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет
өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап
суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған
қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл
күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік
сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді.

Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық
күрес саяси-таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия,
көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де
олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес. Қоғамның тапқа
бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың
фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы
ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек Махамбеттің саяси лирикалары
ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси
лириканың өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу,
белгілі бір топтың, не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз
арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету
болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.

Біз жоғарыда да Махамбеттің өмірімен байланысты ішкі Бөкей ордасының
шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол
қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс
өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді
тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет
поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси
үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды.
Әйтсе де, солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар.
Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі оның бір сырлы, сегіз қырлылығында.
Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды,
саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып
жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды.
Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі
ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де
әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы
толық жауап бере алады. Оның: "Ереулі атқа ер салмай", "Мұңайма", "Айныман"
деген өлеңдері , мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің
досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын
жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты сөздер болып
келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұраулы сөйлемдер болып келеді, не жарлай
арнау, не сұрай арнау, немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысал үшін
"Мұңайма" деген өлеңін алайық:
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден мал тайды.
Қанды көбік киініп,
Бір аллаға сыйынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай - ды,
Жолдастарым,мұңайма!...-
дейді ақын.
Мұндағы "азамат, жолдастарым" деп, достарына қайрыла сөйлеу,
сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл,
күреске үндеу тілегіне сай.
Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар,
лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері үлгісінде
құрылады.
Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-
әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер
көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау
өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. ("Тарланым", "Тайманның ұлы Исатай").
Исатайдың өліміне арналған "Тарланым" деген өлеңін алсақ, жалпы
жоқтаулардың әдісімен, батырдың өміріндегі әралуан іс, амал, қасиет
мінездерін санап көрсетеді. Бірақ, мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір
ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды,
оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара
шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын
мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды
басқа жағына ақын тоқталмайды.
Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері, оның
басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланыста деуге болады.
Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған
поэтикалық тілдер.
Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері философиялық бағытқа негізделген
өлеңдер болып келеді.
Қоғалы көлдер, құм сулар,
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал,
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған,
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар,
Иесін қайда жауға салмаған?
Құландар ішпес бұршақ қақ,
Кімдерге шербет болмаған?
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің,
Қайда басы қалмаған?
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,
Абайласаң, жігіттер,
Мынау жалған сұм дүние,
Кімдерден кейін қалмаған?-
деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше
қорытынды жасайды. "Толғау" деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып
келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында
ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, онан
кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең
пікірлер айтылады, үшінші шумақта, хан-төренің тағдыры халықпен байланысты,
былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында деп, халықтың зор күш
екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды
жасайды:
Батыр болмақ ойдан-ды:
Айқайласып жауға ти,
Тәңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан-ды?
Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық
түрмен қорытқаным мына өлеңінен де көруге болады:
Бұл дүниенің жүзінде,
Айдан көркем нәрсе жоқ.
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ,
Бірде бар да, бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ,
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды,
Тура әділдік биде жоқ,
Бәрін айт та, бірін айт.
Қаумалаған қарындас.
Қазақта бар да, менде жоқ.
Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып,
образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ
деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп,
қасіретке шомады.
Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің
соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. "Абайламай
айрылдым", "Нарын " және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге
арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан
көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым
тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты.
Мен тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан,
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға қуыс қайғырар:
Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан,
О дағы біздей болған сорлы екен, -
дейді ол.
Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем. Бұлар
ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі
ауыр халдердің айнасы болды.
Кейбір өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің
табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау
қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі,
мал баққан, ит жүгіртіп, құс салған аңшылық, өз елінің өмірінде орыны бар
жан-жануар, аң, құстардың образын көрсетуге көбірек көңіл аударады. Бірақ,
бұл ел, табиғат байлығын, жан-жануарлардың әлемін суреттегенде, олардың тек
көркемдік сипатын ғана көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана суреттелмейді.
Мұнда да ақын ел тағдырымен байланысты, өз басынан кешірген қиын-қыстау
кезеңдердегі ой сезімін оқушылары толық сезінгендей етіп ашығырақ көрсетуге
құрал есебінде қолданады. Бұған мына төмендегі үзінді толық дәлел:
Назары қайтқан күн болған
Жібектен бауы көнеріп
Ақ сұңқар ұшқан күн болған.
Бағаналы боз орда
Еңкейіңкі күн болған.
Телегей-теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер-жетпес күн болған,
Жапанға біткен бәйтерек,
Жапырағынан айрылып.
Қу түбір болған күн болған.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мәшурат кеңес сұралса
Мәшурат берер едік;
Исатайдан айрылып
Алқалай келген кеңесте
Дем құрыған күн болған.
Бұл тәрізді элегиялық өлеңдердегі көркем образдардың қайсысын
алсақ та, ақынның айтайын деген негізгі идеясына бағыныңқы. Исатай өлгеннен
кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсат орындалмай, көтеріліс жеңілгесін,
хан, сұлтан, феодалдар халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауырмалықты
күшейте түсті. Бұл жағдай ақынның поэзиясынан орын алмауы мүмкін емес еді.
Ақынның бірқатар өлеңдеріндегі қайғының элементі жоғарғы халмен байланысты
болды десек, Махамбеттегі элегиялық өлеңдердің негізгі сол жағдайлар деуге
болады. Бірақ бұл сарындағы ақын өлеңдерінде, жауына деген өшпенділік бар,
сөнбес кек бар, жолдас-жорасына дем беріп, өмірден түңілмеуге шақырып
болашаққа сенушіліктер бар. Міне осылардың жиынтығы келіп, Махамбет
өлеңдерін сары уайымнан аулақ етеді.
Ірі мазмұнға түрін сай етіп шығаруда да ақынның шеберлігі күшті.

Махамбет хадимше хат танып, жаза да білген ақын. 1839 жылы
Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша жазған хатының
қолжазбасы күні бүгінге шейін архивта сақтаулы. Ол хаттан біз жоғарыда
үзінді де келтірдік.
Кейбір тарихи материалдарда Махамбетті орысша да білуші еді
дейді. Бірақ қайда оқып, қай жағдайда орысша білді, ол жағы айтылмайды.
Махамбет жас шағында Жәңгірдің үлкен баласы Зұлхарнаймен бірге Орынборда
болған. Бұл тарихи дәлелденген нәрсе. Демек Махамбет сол Орынборда болған
кезінде орысша өз бетімен оқып, хат тануы мүмкін деп топшылауға болады.
Жасынан дарынды, зейінді ақын, орыс мектебінен ресми түрде сабақ алушы хан
баласының қасында жүріп те, одан кем білмеуі ықтимал. Әйтсе де бұл мәселе
әлі де зерттеуді керек етеді.
Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері
жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ ауызба ауыз, суырыпсалмалық
әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырып салып айту қазақ
ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін
біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек, Махамбет те суырып салмалыққа жас
шағынан талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды.
Махамбет өлеңдері, көбіне жыр ағымымен келеді. Суырып салма
ақындардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі-ақ өлеңдерін жыр ағымымен
шығарады. Әрине бұл сөзден 11 буынмен өлең шығарушы суырып салма ақындар
(импровизаторлар) болмайды екен деген ұғым тумауы керек.
Айтайын деген ойын не 7-8 буынды, не 11 буынды өлеңмен айтып
беру тақырыпқа, суреттейін деген жағдайға байланысты.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырын алсақ, бәрі дерлік, жыр
ағымымен (7-8 буынды) келеді. Ол кездейсоқ емес. Батырлар жырында
суреттелінетін әралуан ерлік қимылдар: жорық, шабуыл, тартыс, жекпе-жек
айқас т. б.
Әртүрлі өмір құбылысы өзіне тән суреттеу әдісін керек ететіні
бізге мәлім. Ақын-жазушылардың оны саналы түрде ұғынбауы мүмкін, бірақ,
сезінбеуі мүмкін емес. Бұл оларға табиғи нәрсе.
Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға
үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ
келетін 11 буынды өлеңдерден көрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл
тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас
келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді.
Біздің байқауымызша, ойдан тез шығарып айтушыларға, белгілі
синтаксистік біткен бір ойды көрсету үшін шумақтарының бірыңғай болып
келуін қажет қылатын он бір буынды өлеңнен көрі жыр ағымымен келетін жеті-
сегіз буынды өлең құрылысы әлдеқайда жеңіл тәрізді.. Өйткені жыр ағымымен
шығарылған өлеңдерде синтаксистік бір ойдың бітуі үшін шумақ төрт, не сегіз
жолдан бітуі және алдыңғы шумақ құрылысы, өлеңнің соңғы жолдарында сақталып
отыруы, немесе шумақ төрт жолдан құрылса үш жолы ұйқасып, бір жолы ұйқассыз
қалуы (а-а-в-а ) шарт емес. Жыр ағымында шумақ аз жолдардан да, көп
жолдардан да құрыла береді. Мысалы, Махамбеттің "Ереулі атқа ер салмай"
атты өлеңі 19 жол. Бір-ақ шумақ. 19 жол өлең көп бағыныңқылы бір-ақ
сабақтас сөйлемнен құрылады.
Сонымен қатар, жыр ағымдарында, көбіне, ұйқас ерікті болып
келеді. 11 буынды өлең тәрізді белгілі бір ойды айтып беру үшін 1-2-4
жолдары ұйқасып, 3 жолы ұйқассыз қалып отыратын тәртіп жоқ. Ой қалай бітсе,
өлең жолдарының ұйқастары да соған бағынады. Бұл өлең құрылысы
импровизаторларға анағұрлым жеңіл соғатынға ұқсайды.
Әрине жыр ағымы импровизаторлықтың негізгі шарты емес, кейде бұл
үйрену, ақынның дағдылануымен де байланысты болуы мүмкін.
Махамбет өлеңдерін буыны жағынан қарастырсақ үш түрлі өлең
құрылысы барлығы аңғарылады. Он бір буынды, жеті буын мен сегіз буын
араласып келетін жыр ағымы, таза жеті буынды өлеңдер.
Он бір буынды-Махамбетте бір-ақ өлең. "Мінгені Исатайдың Ақтабан-
ай". Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8 буыннан, не таза 7 буын болып
келеді. 7 мен 8 буын аралас келетін өлең түрлері:
Бұл дүниенің жүзінде (7)
Айдан көркем нәрсе жоқ, (7)
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,(7)
Күндіз бар да, түнде
жоқ.(7)
Сонымен қатар, аралас буынды болып келетін өлеңдер тек жеті буын
мен сегіз буынды ғана емес, кейбір жолдарының буын сандары онан да көрі
басқаша.
Мысалы:
Толарсақтан саз кешіп (7)
Тоқтамай тартып шығарға. (8)
Қас үлектен туған қатепті (9)
Қаранар керек біздің бұл іске. (10)
Махамбет өлеңдерінде кездесетін мұндай жолдар айтайын деген ойына
сабақтас. Өлеңнің ұйқасы мен ырғағына ойға бағындырудан туған деуге болады.
Әрине бұл жаңалық емес. Онан бұрынғы тарихқа аты белгісіз, эпостық тамаша
жырлар шығарып кеткен халық ақындарының өлең-жырларында мұндай жолдар
кездеседі.
Бірақ, Махамбет өзінен бұрынғы және өз кезіндегі ақындардың
қайсысынан болсын жалы биік, өркеші жоғары тұратын ақын. Әңгіме оның
өлеңдерінің мазмұны жағынан ғана емес, көркемдігі жағынан да солай.
Махамбеттің қай өлеңін алсақ та терең мазмұнды тамаша көркем
образдарға бөлеп, өлең сөйлемдерінің логикалық жағын шебер
байланыстыруында. Сондықтан белгілі зерттеушілер болмаса жәй оқушылар оны
кейбір жолдарының буын артықтығын аңғармай да қалады. Өйткені өлеңнің
мазмұны оқушыға тек солай құруды, сондай сөздерді керек ететін тәрізді ой-
сезім туғызады. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан атышулы өлеңінің
бір жерінде:
Шамдансам жығар асаумын.(8)
Шамырқансам сынар болатпын,-(9)
деген жолдарында буын сандары, өлеңнің жалпы құрылысынан бөлекше
келгендіктен олқы соғып отыр деп кім айта алады? Өзінің өршіл ерліктерін
көрсету үшін, ол жауының алдында тек солай сөйлеуге ғана тиісті тәрізді.
Махамбет өлеңдерінде (11 буынды, қара өлең ұйқасымен келетін бір-
ақ өлеңін есепке алмағанда) үш түрлі ұйқасты кездестіреміз: шұбыртпалы,
кезекті, ерікті ұйқастар. Ақын көбінесе шұбыртпалы ұйқас пен ерікті ұйқасты
көбірек қолданады. Өйткені бұл екі ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген
ой-пікірін дәл беруге ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған шумақты,
ұйқасты өлеңдерден шеңбері тарлық етпейтінге ұқсайды.
1. Шұбыртпалы ұйқас:
Беркініп садақ асынбай,
Біріндей жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай...
. . . . .
Ерлердің ісі бітер ме?
 
2. Кезекті ұйқас:
Аспандағы боз торғай,
Бозаңда болар ұясы.
Бозаның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.
Қара лашын, ақ тұйғын,
Қайыңда болар ұясы.
Қайыңның басын жел соқса,
Қайғыда болар анасы.
 
3. Ерікті айнымалы ұқсас:
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап,
Ақылды алпыс жаққа шаптырып,
Ақыл жөнге келгесін,
Толғай-толғай жүгірген,
Топырақты суырған.
Ертеңнен салса кешке озған,
Қой мойында көк жұлын.
Томаға көзді қасқа азбан
Көк жұлынды жетелеп,
Қисық жерден төтелеп,
Қабырға, қол сөгіліп,
Арғымақ ат бүгіліп...
 
Ақыретті жанға байланып,
Талай жүрдік далада
Әділ жаннан түңіліп.
Махамбет поэзиясының тілі-шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз
кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің
керегіне жарата да білген.
Көшпелі шаруашылық тұрмыс жағдайынан туған әртүрлі атаулар мен
түсініктер әрі дәл, әрі өте шебер түрде, асқан місекерлікпен Махамбет
өлеңдерінде өріліп жатады. Жауынгерлік өмірге тән қару-жарақ аттары да, сол
жағдайға лайықты сөздер де, халықтың рухани күшінің биік шыңы болған
жортуылды күндердің сипаттарын берерлік тамаша образдар да Махамбет
өлеңдерінен өшпестік орын алды. Тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар
халық өмірінің басқа жағдайдағы көріністерін суреттеу үшін қолданған сөз
бейнелері күні бүгінге шейін өзінің сырын да, сынын да жойған жоқ.
Тілінің байлығы жағынан және оны шебер қолдана білуі жағынан
Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет
тілінің асқан көркемдігі, анықтық, дәлдігі, әр алуан поэтика тілдердің
элементтерін (эпитет, теңеу, тропа, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара
байланысты түрде де өте ұсталықпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен,
оның өлеңдерінде кездесетін сөз образдарының өмір шындығына дәл
келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі логикалық байланыстарының
беріктігінде.
Қандай ақынға болсын, ең алдымен қойылатын шарт, өлеңдеріндегі
қолданылатын сөз образдарының тек сыртқы сұлулығы емес, логикалық мәні,
образының өмір шындығына дәл келу, келмеуі, міне осы болуы керек. Көркем
сөз образдарын әр ақын-ақ таба алады. Бірақ сол қолданып отырған сөз
образдары өмір шындығына дәл келмей, айтайын деген ойдың бір керегіне
жарамайтын болса, ол оқушының эстетикалық сезімін оята алмайды. Бұл жайтты
мен тілдегі реализм дер едім. Ұлы ақындардың қайсысын алсақ та, сөз
образдары, өмірдің бір бөлшегі болып, сол сөздің төркінін қуаласақ,
тұрмыстың өзінде дәл сол айтқанындай болып шығады.
Лермонтовтан Абай аударған "Қанжардың " бір жерінде:
 
Болатша дірілдеген жалын көрген,
Бір күңгірт тартып және оттай жанған,-
 
деген жолдарындағы сөз образында қаншама шындық жатыр? Сүйген
жігітімен тіл қатыса алмаған жас сұлудың айырылар жердегі көзінде ойнаған
құбылыс арқылы оның ішкі сезім дүниесін жалын көрген болаттың жүзіндегі,
өзгерістерге салыстыру арқылы көзге елестету шеберлігі өз алдына, осы
образдың өмірдегі шындығына келсек, дәл солай емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісұлы жайында
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Махамбет Өтемісұлы өмірбаяны
Қазақ батырлары туралы
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Махамбет – ұлт рухының айбары
МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЗЕРТТЕЛЕ БЕРМЕК
Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846)
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде
Пәндер