Құрылыс жүргізу


КІРІСПЕ
Құрылыс дегеніміз, жаңадан құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған негізгі қорларда үлкейтумен және қайта жаңғыртумен қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының жетекші саласы болып табылады.
Бүкіл халықтың материалдық мәдениет деңгейлердің көтерілуіне, еңбек өніміділігінің артуына, өндірістің барлық салаларының дамуына, күрделі құрылыс саласының қосар үлесі зор.
Қазіргі заманғы құрылыс дегеніміз, бір-бірімен үйлесіп жатқан әртүрлі күрделі жұмыс комплексі. Уақытты үнемдеу шарттарын орындау үшін жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін көтеру қазіргі күн талабында тұрған мәселе.
Жұмысты бұлай ұйымдастырудың негізгі ережелерімен нормалардың біріңғай жүйесі, жұмысты ұйымдастыруды жобалау, құрылысты жоспарлау және басқару болып табылады.
Ғылыми техникалық прогресстің үдеуі, халық шаруашылығының барлық салаларының дамуы, халықтың күнделікті тіршілігінің жақсара түсуі, күрделі құрылыстың техникалық деңгейінің жоғарылауына тікелей байланысты. Осыған сәйкес соғылатын немесе қайта жаңғыртылатын үйлердің жобаларын дайындағанда, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын негізге алу керек. Ал құрылыс монтаж жұмыстарын қысқа мерзімде жүргізіліп, іске қосылған өндірістік, тұрғын және қоғамдық үйлер мен ғимараттардың қазіргі күн талабына сәйкес болуына мүмкіндік беру керек.
Қазақстанның өтпелі нарықтық кезеңдегі халық шаруашылығында белгілі қиындықтарға қарамастан күрделі құрылыс саласының алатын орны ерекше. Ол сала кейбір салалар сияқты толық тоқырауға ұшыраған жоқ, оның себебі тау-кен қазба байлықтары, мұнай көздері игерілуде, оның үстіне еліміздің ауылшаруашылық өнімдеріне (бидай, мақта, т. с. с. ) сұранысы жылдан-жылға артуда .
Сондықтан азаматтық, өндірістік, ауылшаруашылық және т. б. үйлер мен ғимараттарды жобалау, тұрғызу - бүгінгі күннің және болашақтың да талабы.
Күрделі құрылыстың алдында тұрған маңызды міндеттердің қатарына құрылысты индустриализациялау дәрежесін көтеру, құрылысты келешекте жаңа оңтайлы, арзан конструкциялардан тұрғызу олардың жеңіл және үнемді болуын жатқызуға болады.
Республиканың экономикалық саяси әлеуметтік жағдайының дұрыс бағыты даму үшін елбасы Қазақстан халқына «2030» атты бағдарламасын жолдады. Ендігі кезде республикадағы барлық өзгерістер дамуы «2030» бағдарламасына тікелей байланысты жүргізіледі.
Ел экономикасына ішкі инвесторлар таратуды қолға алғалы жатыр. Елбасының бас назарына орта және кіші бизнесті дамытуға ауып отыр. Оларға заңды көмек көрсетіп, елімізді шеткі экспортты импортқа қарағанда көбірек шығартып, дамыған елдер қатарына қосылуға қолға алынды. Саяси тұрақтылық пен көптеген шаралар арасында мемлекетіміз экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуға даярланып келеді.
Кейбір ел өз экономикасын дамыту үшін керекті зауыт, фабрикалар, құрылымдармен қоғамдық ғимараттар тұрғызуы қажет.
Қазақстан Республикасында көзге түсетін көптеген ғимараттар мен құрылымдар тұрғызылып жатыр. Астана құрылысы көптеген дамыған елдер үшін де жақсы мысал бола алады.
Салынып және жаңғыртылып жатқан құрылыс жобалары мен техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет ол өндірістік кәсіпорындар пайдалануға берілгенге дейін салынатын тұрғын үй, қоғамдық және басқа да үйлер мен ғимараттар техникалық жағынан озық және қазіргі заман талаптарына сай болуы керек. Барлық құрылысты құрастыру жұмыстары сапалы әрі қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
Алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін біздің елде әліде көп құрылыстар мен жаңғыртулар жүргізілуі керек.
1 Сәулеттік - құрылыстық бөлім
1. 1 Жалпы мәліметтер
«Ақтау қаласындаеы қонақ үй кешені» жобасы Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті тапсырмасымен орындалды. Дипломдық жұмыс қазіргі уақытта қолданылып жүрген ережелер мен нормаларға сәйкес дайындалған.
Құрылыс орны - Ақтау қаласы
Климаттық аудан- ІІІ В.
Ғимарат класы - ІІ
Өртке қарсылық дәрежесі- ІІ
Қызмет ету дәрежесі- ІІ
Сыртқы ауаның есептік температурасы;
-ең суық бес күндікі -26 0 С;
-ең суық тәуліктікі - 28 0 С
Қар жүгінің нормативті мәні -0, 50 кн/см 2
Жер екпіннің нормативті мәні -0, 73 кн/м 2
Топырақ суының деңгейі -5 м-ден төмен;
Құрылыс орнының рельефі -тегіс, бір жағына кішкене еңістігі бар.
Суық жабдықтау - орталық желіден.
Ыстық сумен және жылуына жабдықтау объекті территориясында орналасқан.
Жобаланып отырған обьект Ақтау қаласында орналасқан. Негізгі функционалдық міндеті қонақ үй.
- Бас жоспардың шешімдері
Қонақ үй кешенін жобалауға және салуға ұсынылған жер алаңы, Ақтау қаласының солтүстік-батыс ауданында орналысқан.
Құрылысқа алынған алаңның ауданы көгаландыру, ойын және спорт аймақтарын, автотұрақ және қоқыс контейнерлерге арналған алаңдарды қамтып, 2660 м2 құрайды.
Салыстырмалы түрде алаңның бет - бедері оңтүстік және оңтүстіктік-шығыс бағытында төменде орналасқан. Алаңның бетін 395, 00м - 396, 00м. аралығында өзгереді. Бүтіндей алаң бойынша көрсеткіштердің айырымы 0, 25м құрайды.
Өзіндік кескіні бар алаң бұрын салынған аз қабатты қала құрылыстарымен шектеліп,
- шығыстан -2 тұрғын үйлермен;
- оңтүстіктен - 2 тұрғын үйлермен;
- батыстан - Аймаутов көшесімен шектес болып табылады.
Алаңды сәулеттендіру және көгаландыру
Құрылыс және қатты жабулар қамтымаған бос аумаққа газонды шөп себіліп, құнды тұқымдық сәндік ағаштар және бұталар отырғызылады. Бұл - қонақ үй ауасының экологиялық тепе-теңдігін үйлестіріп, қалалық шудан қорғаныс болып табылады.
Ағаштардың отырғызылуы: алаңның көгаландырылуы ағаштардың келесі тұқымдарымен орындалады:
- кәдімгі қайыңдар
- сібір балқарағайы
- бұталардың түрлі үлгісі
Ғимараттардың кірме жолдары және кіреберістер, демалыс алаңдарын ұйымдастыру
Кешеннің аймағына негізгі кірме жолдары Аймаутов көшесі арқылы өтеді деп шешілген. Өту жолдары мен айналу алаңдары БР 100. 30. 18 борттық бетонды тасымен жиектелген екі қабатты асфальтбетонды жабыннан жасау қарастырылған.
Қонақ үйге кіру алдындағы алаңдар бетонды жабыннан жасалады. Сонымен қатар үйге кірер кезде мүгедек адамдарға үйге кіре алу үшін арнайы пандус жасалған. Қоғамдық ғимараттарға кіру алдындағы тротуарлар мен алаңдарды жасау үшін түсті бетоннан жасалған тротуар тақтайшалары қолданылады.
Құрылыс алаңының рельефі бірқалыпты. Желдің қатты соғатын бағыты бірқалыпты. Ғимараттың жобалық соғылу бағыты солтүстік.
Жобаланаған обьектінің территориясында жоба бойынша келесі құрылымдар жобаланған:
- Тұрғын үйлер.
- Шатыр.
- Орындықтар.
- Темір қоршау.
- Жолдар.
Бас жоспар ҚР ҚНжЕ 3. 01. 01-2002 «Қала құрылысы. Елді мекендерді ұйымдастыру», ҚР ҚНжЕ 3. 01-02-2001 «Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жайғастырып жоспарлау және құрылысын жүргізу» негізінде орындалған.
Жолдар мен алаңдар асфальтты бетоннан, алаңдар мен жүргін жолдарына майда даналы плиталар төселген.
Жасыл аумақтарда демалуға арналаған орындықтар, көлеңкелік шатырлар, урналар қарастырылыған. Барлық отырызылған жасыл өсімдіктер осы климаттық ауданға байланысты таңдалған.
Қонақ үй учаскесі темір қоршаумен қоршалған, екі кіру қақпасы қарастырылған.
Құрылысты бастаудың алдында, алаңдағы өсімдікті қабаттың топырағы қаралып алынады, ал оның негізгі бөлігі кейін көгалдандыру жұмыстарына пайдаланылады.
Бас жоспар бойынша жапы технико-экономикалық көрсеткіштер:
1. Құрылыс алаңның ауданы - 2. 66 га.
2. Құрылыс ауданы - 612 м 2
3. Көгалдар ауданы - 1250 м 2
4. Жабындар ауданы - 424 м 2
5 Спорт және басқа жабдықтарға
арналған алаңшалар ауданы - 372 м 2
6. Құрылыс тығыздығы -23 %
7. Жабындар тығыздығы -16 %
8. Көгалдар тығыздығы -47 %
9. Басқа жабдықтарға арналған алаңшалар -14%
1. 1-кесте
Желдің қайталану бағыттары, %.
Дүниенің
бөлігі
Айлар
1, 4
1, 5
1, 4
1, 8
1, 8
1, 9
1, 7
1, 3
1, 9
2, 0
1, 6
2, 8
2, 8
2, 4
2, 2
1, 9
Жел раушаны.
1. 3 Көлемдік -жоспарлау шешімдері
Ғимараттың жоспардағы формасы төртбұрышты, сегіз қабатты, өлшемдері 38, 15×13, 80м болып қабылданған. Жертөлесі бар. Ғимарат қабатының біктігі 3, 0м. Ғимарат биіктігі 24, 40м. Жертөле биіктігі -2, 7м.
Көтергіш қабырғалардың және темірбетон рамалардың арақашықтығы жабын плиталарының өлшемдеріне сай 6, 0м және 3, 65м-ден қабылданды.
Жобаланған обьекттінің сыртқы және ішкі қабырғаларының қалыңдығы 510 және 380мм, ал ішкі бөлетін қабырғалардың қалыңдығы 120мм.
Жобаланған ғимараттың типтік қабатттары келесі бөлмелерден тұрады:
- жататын бөлме - 11. 94м 2 ;
- кіреберіс - 2. 56 м 2 ;
- санитарлық бөлмелер - 2. 74 м 2 ;
- қызметкерлер бөлмесі - 11. 94 м 2 ;
- қызмекерлердің санбөлмесі - 2. 60 м 2 ;
- холл - 30. 50 м 2 ;
- лифт холлы (7 қабат) - 58. 00 м 2 ;
- ойын бөлмесі (3 қабат) - 32. 50 м 2 ;
- дәліз - 57. 00 м 2 .
1. 4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдері
Сәулеттік-конструктивтік шешімі бойынша қонақ үй кешенді констуктивтік жүйе ғимараттар тобына жатады. Мұндай шешім қабылдау себебі құрылыс алаңының 6-балдық сейсмикалық ауданға жатады. Топырақ жағдайы 2-ші бөлімде келтірілген.
Ғимарат қатаң конструктивті сұлбамен шешілген. Мұнда көлденең көтергіш қабырғалар және бойлық өзін-өзі көтергіш кірпіш қабырғалардан және көп қуысты қабатаралық жабын және жабын плиталарымен қатаңдық дискін құрайды. Көлденең көтергіш қабырғалар қадамы 3, 65м. Ал бойлық қабырғалар қадамы 6, 00 және 1, 80 м құрайды. Блоктар қосылған жерлерде темірбетон рама кіргізілген. Рамалардың ұстындарының астына сатылы құймалы іргетастар орнатылады. Іргетасы - негізгі көтергіш қабырғалар үшін ленталы құймалы іргетас түзелген. Жұқа бөлме аралық қабырғалар үшін іргетас ленталы біртұтас бетоннан. Қабырғалар - көтергіш қабырғалар кәдімгі кірпіштен /күйдірілген қызыл кірпіш/ жобаланған. Қалыңдықтары сыртқы қабырғалар үшін 510 мм және 380мм, ал ішкі қабырғалар үшін 380 мм. Қабырғалардың ұстындармен және өзара түйіскен жерлерінде қаланаған кірпіштерге ұзындығы 1, 5м арматура торлары қойылды. Торлар әрбір 675мм биіктіктен кейін төселеді. Кірпіш қалауыны белгіленген қадам бойында темірбетоннан құймалы темірбетон жүрекшелер /сердечники/ орнатылады, яғни кешенді конструкция қолданылған.
Бөлмеаралық жұқа қабырғалар кәдімгі кірпіштен, қалыңдығы жарты кірпіш. Қабатаралық жамылғы -құрастырмалы көп қуысты темірбетон плиталарынан өлшемдері 6, 0×1, 0; 6, 0×1, 2 және 3, 0×1, 0м. Маңдайшалық қарлар - құймалы темірбетоннан жасалады. Олардың өлшемдері терезе ойығына байланысты қабылданады.
Баспалдақ алаңдарыныда орналасқан терезелер мен есіктердің ойындылары ҚНжЕ 3. 03-2006 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» талаптарына сай темірбетон өзектермен бекітілген. Шатыры стропилалық ағаштарға ылдимен жатқызылатын толқынды асбестоцементті табақшалармен жабылады.
Ғимарат 60%-дан көп емес ылғалдылықа пайдаланылады. Барлық болат және қосылыстарда пайдаланылатын бөлшектерді ҚНжЕ 2. 03-11-85 «Құрылыс конструкцияларын тоттан қорғау» нұсқауларына сай орындау қажет.
Едендері-әр түрлі бөлмелердің функционалдық міндеттеріне сәйкес, мозаикалы бетоннан, керамикалық плиталардан, ағаш тақтайлардан, орама материалдардан /линолеум/ таза бетоннан орнатылады.
Есік терезелері- металлопластиктен, өлшемдері жекеше.
Есіктер -2, 2×0, 9 м; 2, 2×0, 7 м; 2, 2×1, 0м; 2, 4×1, 6 м.
Терезелер 1, 5 ×1, 8 м; 3, 8×1, 8 м; 6, 0×2, 25м.
Ғимаратың периметрі бойынша жабын плиталарының деңгейінде жер сілікінісіне қарсы белдеулер орналастырады.
1. 5 Сыртқы және ішкі әрлеу
Ғимараттың сыртқы қасбеті әрленген сылақпен сылап, сыртқа арналаған боз, көк, қоңыр, сұр түсті силикат бояумен боялады. Ал іргетас бөлігін әрленген сылақпен сылап, артынан сұр түсті силикат бояуымен сырланады.
Ғимараттың кіреберіс күнқағарына «Алюкобонд» әрлейтін плиталарымен сәнделген.
Бөлмелердің ішкі әрлеуі әрленген сылақтан кейін сулы эмульсия бояуымен 2 рет сырланады. Бөлмелердің төбесі, плиталардың біріккен жерлерін әрлеп, артынан сулы эмульсия бояуымен 2 рет боялады, шлмелш төбе қаптағыштар кеңінен қолданылады.
Есіктер- табиғи ағаш, пластиктен. Витраждар - ақ металл әйнектен жасалған және сұр толтырғыштардан тұрады.
Ғимаратағы едендер бөлмелердің функционалдық міндеттеріне байланысты жуынатын бөлмелерде керамикалық плиткалар, жалпы бөлмелерде ағаш тақтайшалар, керамикалық плиткалардан және мозайкалық бетон едендер жобаланған.
Арлеу материалдары қазіргі заман талабына сай стандартты материалдардан орындалады.
1. 6 Қоршау конструкциялардың жылу-техникалық есебі
Бастапқы мәліметтер
-құрылыс орыны - Ақтау қаласы.
-климаттық ауданы - ІІІВ, ҚР ҚНжЕ 2. 04. 01-2001.
-ылғалдық аймағы /қосымша 1. ҚР ҚНжЕ 2. 04-03-2002 /- қалыпты.
-пайдалану жағдайы /қосымша 2/ - А 1
-ішкі ауаның температурасы - 20 0 С
-сыртқы ауаның қыстық есептік температурасы ҚР КНжЕ 2. 04. 01-2001 бойынша; t n c =-28 0 C, t c δ =-25 0 C
- Цементті - құмды ерітінді
- Кәдімгі кірпіш
- Цементті - құмды ерітінді
Сурет 1. 1. Қоршаған конструкциялардың есептік сұлбалары
Есептеу әдісі
Қоршағыш конструкциялардың жылу теруге қажетті мәнін анықтаймыз
м 2 с /Вт (1. 1. )
мұндағы: h - конструкцияның сыртқы биіктігінің қалай орналасқанына байланысты алынатын коэффициент (ҚР ҚНжЕ 2. 04-03-2002, 3 кесте)
t c - сыртқы ауаның қыстық есептік температурасы.
t і - ішкі ауаның температурасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz