Білім беру мекемесі басшыларының функциялық міндеттері


Реферат
Тақырыбы: Білім беру мекемесі басшыларының функциялық міндеттері
Оқу орнын басқаруды директор және оның орын-басарлары іске асырады, ал олардың функциялық міндеттерін, тағайындау немесе сайлау тәртібін жалпы білім беретін мектеп жарғысы анықтайды. Оқу-тәрбие процесін басқаруды ең алдымен педагогикалық стажы үш жылдан кем емес, өзін мұғалімдік қызметте көрсете алған және қажетті ұйымдастырушылық қабілеті бар мектеп директоры атқарады.
Мектеп директорының функциялық міндеттері ''Жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындары туралы уақытша ережесінен" және соның негізінде жасалатын әрбір жалпы білім беретін оқу орнының өз жарғысымен айқындалады.
Жалпы білім беретін оқу орнының директоры мынадай функциялық міндеттерді атқарады: Мемлекет және қоғам алдында балалар құқын қорғау талаптарының орындалуына жауапты, оқу-тәрбие процесін жоспарластырады және ұйымдастырады, оны орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды, оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді;
мемлекеттік және қоғамдық органдар алдында мектептің мүддесін танытады;
мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті жағдай туғызады; мектеп директорының орынбасарын таңдайды, олардың функциялық міндеттерін белгілейді;
педұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін ескере отырып оқу орнының педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшілерін тағайындайды;
оқу орнының педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады;
белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдас-тырады;
оқу орны Кеңесінің келісімімен шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысына үстеме қосады;
шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық эксперимент жасауына, оқу мен тәрбиенің өзінің әдістерін практикада қолдануына қолайлы жағдай жасайды; өзінің қызметі бойынша білім басқармасы органының алдында жауап береді.
Мектеп директорының бұл функциялық міндеттері мектепті ң типіне, орналасқан жеріне, мұғалімдер мен оқушылар құрамының ерекшеліктеріне, ата-аналар мен қоғамдық өкілдердің арасында қалыптасқан жұмыс жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты, мектеп жарғы-сына одан әрі толықтыру енгізуі мүмкін. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы, кәсіптік бағдар, ата-аналармен жұмыс сияқты мәселелер мектеп директорының басты назарында болуы тиіс. өз компетенциясының негізінде мектеп директоры оқу орнының атынан мүлкін пайдалану жөнінде келісім-шарт түзіп, басқа да әрекеттерді іске асыра алады.
Мектептегі жекелеген жұмыс бағыттары директордың орынбасарына жүктеледі. Олар оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс-тарды ұйымдастырушы, ғылыми-зерттеу жұмыстар жөніндегі орынбасар, мамандыққа бейімделген сыныптар немесе жекелеген пәнді тереңдетіп оқитын сыныптар жөніндегі орынбасар және мектеп директорының шаруа-шылық бөлімі бойынша орынбасары немесе көмекшісі.
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары педагогикалық процесті ұйымдас-тыруға, білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуына жауапты; оқушылардың білім саласы мен тәртібі бақылауды іске асырады; оқушы-лар мен мұғалімдер жұмысын реттеп, сабақ кестесін түзеді; мектептің әдістемелік жұмыстарына басшылық жасап, педагогикалық мәдениетін көтеруді ынталандырады. Кейбір мектептерде мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөнін-дегі орынбасарлары бірнешеу болса мектеп жарғысы бойынша олардың әрқайсысының функциялық міндет-тері дербес белгіленеді.
Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыс-тарын ұйымдастырушының (мектеп директорының орын-басары құқында) міндеттерінің аясына балалар шығарма-шылығының сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бірлестіктері мен клубтары сияқты қосымша білім беретін мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың тұрғылықты мекені бойынша жұмыс жүргізу Б¥¥ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты өзекті мәселелер жатады.
Соңғы жылдары жаңа типті мектептер - гимназия, лицей және т. б. мектеп кеңесінің шешімімен жаңа перспективалық бағыттар жөнінде мектеп директорының орынбасары қызметі еңгізілуде. Мысалы, сондай жаңа қызметтің бірі - мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары жоғары оқу орындарының ғалым-дары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен байланыс орнатып, оларды мектептегі педагогикалық жұмысқа тартады, мұғалімдердің тәжирибе - экспери-менттік жұмыстарына көмектеседі.
Мектеп директорының коммерция жөніндегі орын-басары: орынбасар - үйлестіруші: демеушілермен, комиссионерлермен байланыс орнатып, бюджеттен тыс қаржыландыруға басшылық жасайды. Кейбір ірі немесе мамандандырылған мектептерде мектеп директорының әлеуметтік-педагогикалық сауықтыру істері жөніндегі орынбасары қызметі енгізіліп, ол сыныптарда теңестіру, педагогикалық түзету және бейімдеу жұмыстарын қадағалайды.
Директорды басқару қызметінің тиімділігі мектеп әкімшілігінің аппаратында міндеттер мен құқықтарды айқын белгілеуге тікелей байланысты. Қажеттілікке байланысты мектеп директоры шұғыл немесе нұсқаулық кеңес, педагогикалық кеңес мәжілістерін өткізу барысында бүкіл педагогикалық процесті үйлестіріп отырады.
Әдебиеттер
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz