Макроэкономика пәнінің негізгі проблемалары



Жоспар:

1.Макроэкономика . экономикалық теорияның бөлімі ретінде
2.Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен принциптері
3. Макроэкономиканың негізгі субъектілері
4.Макроэкономикадағы айналым үлгілері
1. Макроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі ретінде

Макроэкономика – ұлттық экономиканың қызметін біртұтас жүйе ретінде қарастырып зерттейтін ғылым, экономикалық теорияның негізгі бөлімі.
Экономикалық теорияның барлық бөлімдеріне ортақ бірыңғай ұғымдық аппараты бар, бірақ ол әртүрлі теория құбылыстарын талдау үшін пайдаланылады.
Макроэкономика жалпы экономикалық теорияға тән ұғымдық аппаратты пайдаланады, алайда ол себеп-салдарлық емес функционалдық байланыстарды қарастырады.
Макроэкономика экономикалық теорияның өзге де бөлімдері: жалпы экономиялық теориямен және микроэкономикамен тығыз байланысты.
Микроэкономика сияқты макроэкономика экономикалық субъектілердің іс-әрекетінің қисынын зерттейді, бірақ микроэкономикадан ерекшелігі – ол бұл іс-әрекеттерді тәптіштеп жатпайды, барлық субъектілер іс-әрекетін нақты бір экономикалық субъектінің іс-әрекеті көрінісі ретінде қарастырады.
Экономика ғылыми бағыт ретінде ертеден белгілі. Макроэкономика – экономикалық теорияның ХХ ғасырдың 30 жылдарында ғана пайда болған жас бөлімі. Макроэкономика бастауында ағылшын экономисі, мемлекеттік қайраткері, көсем сөзші Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) тұрады. 1936 ж. оның кейнстік негізгі ережелері мен принциптері тұжырымдалған басты еңбегі – «Жұмыспен қамтылудың, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабы жарық көрді. Кейнстің бұл еңбегінің маңызы өте зор болғаны соншама, экономикада “Кейнстік революция” термині және кейнстік макроэкономикалық үлгісі пайда болды.
Макроэкономиканың дамуына төмендегідей бірқатар жағдайлар әсерін тигізді:
• Ұлттық есептеу көрсеткіштері – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), т.б қолданылған статистикалық зерттеулердің жаппай таралуы;
• Дағдарыс жылдары көрсеткеніндей, нарықтық экономикада экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өзін-өзі реттеу механизмі жоқ екендігіне көз жетуі;
• Эмпирикалық зерттеулер нәтижесінде экономиканың дамуы циклді екендігі және осы циклділікті тегістеу үшін тиісті шараларды жүзеге асыру қажеттігінің дәлелденуі.
Д.М. Кейнстің негізгі идеялары төмендегідей:
• Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп. Өндірісте жұмыспен қамтылу жиынтық сұранысқа, ал өндіріс көлемі жұмыспен қамтылуға тәуелді;
• Жұмыспен қамтылу және экономиканың тұрақты дамуы проблемаларын шешуге қабілетті нарықтық механизм жоқ, сондықтан мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі туындайды;
• Экономикаға эмердженттілік (біртұтас экономикалық жүйенің өзіне тән қасиеттері мен белгілерінің оның жекелеген элементтерінің қасиеттерімен сәйкеспеушілігі) тән. Мысалы, «үнемділік оғаштығы» - экономикаға инвестицияланбайтын жинақ қоры, жұмыспен қамтылудың және табыстың төмендеуіне, ал бұл түптеп келгенде жинақ қорының төмендеуіне алып келеді.
Макроэкономика курсында қаралатын түйінді мәселелер қатарына мыналар жатады:
1. ұлттық нарық қызметінің ерекшеліктерін зерттеу;
2. тұрақты экономикалық өсу заңдылықтарын зерттеу;
3. инфляция, дефляция және жұмыссыздықтың өзара әсерін зерттеу;
4. экономиканың ақшалық және нақты секторларының өзара әсерлестігіне талдау жасау;
5. экономикалық дамудың циклділігінің әрқилы құбылыстарын ашып көрсету;
6. ұлттық және шетелдік нарықтар әсерлестігін ашып көрсету;
7. мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділігі мен нәтижелілігінің теориялық негіздерін анықтау және оның әрекет ету салдарына баға беру.
Бұл проблемаларды шешу жолдары макроэкономикалық теорияның әртүрлі бағыттарының өкілдері үшін әрқилы. Мысалы,

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: “Макроэкономика пәнінің негізгі проблемалары”

Жоспар:

1.Макроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі ретінде
2.Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен принциптері
3. Макроэкономиканың негізгі субъектілері
4.Макроэкономикадағы айналым үлгілері

1. Макроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі ретінде

Макроэкономика – ұлттық экономиканың қызметін біртұтас жүйе ретінде
қарастырып зерттейтін ғылым, экономикалық теорияның негізгі бөлімі.
Экономикалық теорияның барлық бөлімдеріне ортақ бірыңғай ұғымдық
аппараты бар, бірақ ол әртүрлі теория құбылыстарын талдау үшін
пайдаланылады.
Макроэкономика жалпы экономикалық теорияға тән ұғымдық аппаратты
пайдаланады, алайда ол себеп-салдарлық емес функционалдық байланыстарды
қарастырады.
Макроэкономика экономикалық теорияның өзге де бөлімдері: жалпы
экономиялық теориямен және микроэкономикамен тығыз байланысты.
Микроэкономика сияқты макроэкономика экономикалық субъектілердің іс-
әрекетінің қисынын зерттейді, бірақ микроэкономикадан ерекшелігі – ол бұл
іс-әрекеттерді тәптіштеп жатпайды, барлық субъектілер іс-әрекетін нақты бір
экономикалық субъектінің іс-әрекеті көрінісі ретінде қарастырады.
Экономика ғылыми бағыт ретінде ертеден белгілі. Макроэкономика –
экономикалық теорияның ХХ ғасырдың 30 жылдарында ғана пайда болған жас
бөлімі. Макроэкономика бастауында ағылшын экономисі, мемлекеттік
қайраткері, көсем сөзші Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) тұрады. 1936 ж. оның
кейнстік негізгі ережелері мен принциптері тұжырымдалған басты еңбегі –
Жұмыспен қамтылудың, пайыз және ақшаның жалпы теориясы атты кітабы жарық
көрді. Кейнстің бұл еңбегінің маңызы өте зор болғаны соншама, экономикада
“Кейнстік революция” термині және кейнстік макроэкономикалық үлгісі пайда
болды.
Макроэкономиканың дамуына төмендегідей бірқатар жағдайлар әсерін
тигізді:
• Ұлттық есептеу көрсеткіштері – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық
табыс (ҰТ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), т.б қолданылған
статистикалық зерттеулердің жаппай таралуы;
• Дағдарыс жылдары көрсеткеніндей, нарықтық экономикада
экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өзін-өзі
реттеу механизмі жоқ екендігіне көз жетуі;
• Эмпирикалық зерттеулер нәтижесінде экономиканың дамуы циклді
екендігі және осы циклділікті тегістеу үшін тиісті шараларды
жүзеге асыру қажеттігінің дәлелденуі.
Д.М. Кейнстің негізгі идеялары төмендегідей:
• Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп. Өндірісте жұмыспен қамтылу
жиынтық сұранысқа, ал өндіріс көлемі жұмыспен қамтылуға тәуелді;
• Жұмыспен қамтылу және экономиканың тұрақты дамуы проблемаларын
шешуге қабілетті нарықтық механизм жоқ, сондықтан мемлекет
тарапынан реттеу қажеттілігі туындайды;
• Экономикаға эмердженттілік (біртұтас экономикалық жүйенің өзіне
тән қасиеттері мен белгілерінің оның жекелеген элементтерінің
қасиеттерімен сәйкеспеушілігі) тән. Мысалы, үнемділік оғаштығы
- экономикаға инвестицияланбайтын жинақ қоры, жұмыспен қамтылудың
және табыстың төмендеуіне, ал бұл түптеп келгенде жинақ қорының
төмендеуіне алып келеді.
Макроэкономика курсында қаралатын түйінді мәселелер қатарына мыналар
жатады:
1. ұлттық нарық қызметінің ерекшеліктерін зерттеу;
2. тұрақты экономикалық өсу заңдылықтарын зерттеу;
3. инфляция, дефляция және жұмыссыздықтың өзара әсерін зерттеу;
4. экономиканың ақшалық және нақты секторларының өзара
әсерлестігіне талдау жасау;
5. экономикалық дамудың циклділігінің әрқилы құбылыстарын ашып
көрсету;
6. ұлттық және шетелдік нарықтар әсерлестігін ашып көрсету;
7. мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділігі мен
нәтижелілігінің теориялық негіздерін анықтау және оның
әрекет ету салдарына баға беру.
Бұл проблемаларды шешу жолдары макроэкономикалық теорияның әртүрлі
бағыттарының өкілдері үшін әрқилы. Мысалы, кейнстік бағыт, классиктер,
неокейнстіктер және неоклассиктер бағыттары бар.
Классикалық мектеп – еркін нарықтар экономиканы тепе – теңдікке (яғни
толық жұмысбастылық пен ресурстарды тиімді бөлуге) өздері алып келеді,
сондықтан мемлекет тарапынан ешқандай реттеу қажеттілігі керек емес деп
ұйғарды.
Кейнс мектебі – экономикада баға икемсіздігінің (қатаңдығының) болуы
және соның салдарынан нарық механизмінің макроэкономикалық тепе – теңдікті
өздігінен орната алмауы мемлекет тарапынан тұрақтандыру саясаты түріндегі
реттеуді қажет ететінін түсіндіреді.
ХХ – ғасырдың 70 – ші жылдарында жаңа мәселе: стагнация мен жоғарғы
деңгейдегі инфляцияның қосарласуы пайда болды. Осыан байланысты ақпараттар
асимметриясы және экономикалық агенттердің күтімі сияқты неоклассиктер
(жаңа классиктер) теория бағыты осы мәселелерді зерттеді.
Микроэкономикалық іс - әрекеттер үлгісіне негізделген неокейнстіктер
(жаңа кейнсшілдер) бағыты да макроэкономикада маңызды орын алады.

2. Макроэкономикалық талдаудың принциптері мен тәсілдері.

Макроэкономикалық теорияның екі түрі бар:
• позитивті макроэкономика (нақты көріністерін сипаттап, олардың
өзара әсерін зерттейді);
• нормативті макроэкономика (қандай құбылыс қажетті немесе қажетсіз
екендігін анықтайды);
Алға қойған мақсатына қарай макроэкономика бірқатар әдістер мен
құралдарды қолданады.
Макроэкономиканың негізгі мақсатына жататындар:
• ұлттық табыстың жоғары және өскелең даму деңгейіне қол жеткізу;
• жұмыспен жоғары деңгейде қамтушылық;
• баға деңгейінің тұрақтылығы немесе баяу өсуі.
Макроэкономика негізгі мақсатына жету үшін бюджет-салық, ақша-несие,
сыртқы экономикалық сауда саясаты және табыс саясаты құралдарын
пайдаланады.
Бюджет-салық саясаты экономикаға әсер ету мақсатымен салықтар мен
мемлекеттік шығындарды қолдануға негізделген.. Мысалы, салық салу үй
шаруашылығына тиесілі табысты қысқартады, халық тауар сатып алуға және
қызмет үшін төлейтін ақыны аз жұмсайды, жиынтық сұраныс азайып, ЖІӨ көлемі
қысқарады.
Ақша-несие саясаты экономиканы ақша, несие және банк жүйесі арқылы
реттеуді жүзеге асырады.
Сыртқы экономикалық саясат – халықаралық сауда құрамының бөлімі ретінде
экономикалық өсуді ынталандырып, өмір сүру деңгейін көтереді. Сыртқы
сауданың басты көрсеткіші таза экспорт (сыртқа шығарылатын және әкелінетін
тауарлар құны арасындағы айырым) болып табылады.
Сауда саясатының құралдарына экспорт пен импортты күшейтетін немесе
шектейтін тарифтер мен квоталар жатады.
Табыстар саясаты еңбекақы мен бағаны бақылау арқылы инфляцияны тежеуге
бағытталған.
Макроэкономика экономикалық теорияда қолданылатын жалпы әдістерді:
ғылыми абстракциялау, талдау және синтез, тарихи және логикалық
көзқарастар, жүйелі функционалдық талдау, экономикалық-математикалық
үлгілеу, нормативтік және позитивтік көзқарастарды пайдаланады. Ал бұл
әдістерді қолдану ерекшелігін макроэкономиканың негізгі арнаулы әдісі –
біріктіру әдісі (агрегирование) анықтайды. Біріктіру әдісі неғұрлым ортақ
жалпылама көрсеткішке қол жеткізу үшін біртектес көрсеткіштерді
біріктіреді. Біріктіру әдісін қолдану экономиканы тұтас қарастыру
қажеттілігін білдіреді.
Біріктіру принципі мына жағдайда қолданылады:
• экономикалық субъектілер - экономиканың қызметінде атқаратын
ролінің негізінде ерекшеленіп, өздері біріктірілетін шама болып
табылады. Бұлар: үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекеттер, шетелдік
секторлар;
• зерттелетін нарықтар – тауарлар және қызмет көрсету нарығы (тауар
шығаратын немесе қызмет көрсететін әртүрлі экономикалық
субъектілердің байланыс жүйесі), ақша нарығы (нарықты ақша активі
құндылығымен қамтамасыз ету), бағалы қағаздар нарығы (жинақ қорын
инвестицияларға аудару), еңбек нарығы (сұраныс пен еңбек
ұсынысының әрекеттестігі, жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық
проблемасын шешу), валюта нарығы (ұлттық валютаны сату және сатып
алу нарығы).
Макроэкономикада барлық нарықтар жүйесі теориялық абстракциялауды
білдіретін үлгілер көмегімен зерттеледі. Үлгілерде екі параметр топтары:
экзогенді (үлгі құрылу сәтіне дейін де белгілі) және эндогенді (үлгіге
талдау жасау барысында анықталуға тиісті) параметрлер пайдаланылады.
Үлгілер құру жоғарыда аталған параметрлер арасындағы өзара байланыстар
мен өзара тәуелділіктерді сипаттаудан тұрады. Барлық үлгілер былайша
жіктеледі:
• мерзім факторына орай: қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік;
• байланыс дәрежесіне орай: жабық (тұйық ұлттық экономика) және ашық
(сыртқы байланыстар);
• үдерісті анықтайтын фактор ретінде уақытты есептеу: статикалық
немесе динамикалық.
Үлгілеу кезінде тәуелділіктің төрт түрі қолданылады:
1. ұғымның мазмұны мен құрылымын білдіретін дефинициялық (мысалы, жиынтық
сұраныс функциясы):
AD = C + I + G + Хn
мұнда, AD – жиынтық сұраныс, С – үй шаруашылығы сұранысы, І –
инвестициялық сұраныс, G – мемлекет сұранысы, Хn – шетел секторының
сұранысы (таза экспорт).
2. Экономикалық субъектілер іс-әрекетінің логикасын білдіретін іс-әрекеттік
(мысалы, тұтыну функциясы):

С = C’ (Y),

мұнда, С – тұтыну функциясы, C’ – тұтынуға шекті бейімділік, Y – қолда
бар табыс.
3. Өндіріс факторлары мен олардың нәтижелері арасындағы байланысты
белгілейтін, экономика дамуының деңгейін көрсететін технологиялық
(мысалы, өндірістік функция):

Y = f (K,L,N),

мұнда, Y - өнім көлемі, K,L,N - өндіріс факторлары.
4. Экономикалық көрсеткіштер мен экономикалық қызметті реттейтін
мемлекеттік институттар арасындағы байланысты көрсететін институционалдық
(мысалы, салықтар функциясы):

T = t*Y,

мұнда, Т – салықтан түсетін сома, t – тиісті институт белгілейтін салық
мөлшерлемесі, Y – табыс.

Көптеген экономикалық міндеттердің шешімі уақытты түрде шешім
қабылдауға байланысты (бүгінгі және болашақтағы құндылықтар арасында таңдау
жасау). Экономикада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы мен құрылымдық компоненттері
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Экономика ғылымы ұланғайыр
Экономикалық теория негіздерінің пәні және әдістері
Экономикалық теорияның шығу тарихы
Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы және құрылымдық компоненттері
Макроэкономикалық өлшемдер
Экономикалық тәрбие беру
Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
Макроэкономиканың пәні және әдісі
Пәндер