Вегетативтік нерв жүйесі



Вегетативтік нерв жүйесі
Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері
Вегетативтік рефлекстер
Соңғы кезге дейін адам мен жануарлардың нерв аппараты бір-біріне тәуелсіз, дербес екі жүйеден - анималдық және вегетативтік құралған деген түжырым қалыптасқан болатын. Бұл ұғымның негізін ХУШ-ғасырдың соңында француз дәрігері, әрі физиолог Мари Франсуа Биша салған. Организмге тән қызметтерді де ол екі топқа бөлген. Бірінші топты тек жануарларға тән қызметтер құраса, екінші топқа жануарларға да, өсімдіктерге де ортақ қызметтер, немесе вегегативтік функция-ар, жатқызылған.

Биша жіктеуіне сәйкес түйсік, қимыл-әрекет, сөйлеу қабілеті анималдық функциялар тобын құрайды, ал қоректену, өсу, көбею - вегетатавтік қызметтерге жатады. Осыдан жануарларға тән қызметтерді реттейтін нерв бөлігін - анимальдық, ал өсімдіктерге тән қызметгерді реттейтін нерв белігін-вегетативтік деп атаған. Анимальдық қызметтерді ОНЖ-сі, ал вегетативтік кызметтерді - арнаулы нерв түйін-дерінен құралған вегетативтік нерв жүйесі реттейді деп санаған.

Ұзақ уақыт вегетативтік нерв жүйесі ми мен жұлынға тәуелсіз автономды жүйе ретінде танылып келді. Оның негізгі қызметі ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, зәр бөлу, кобею т.с.с. қызмеітерді реттеу деп есептелді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Вегетативтік нерв жүйесі

Соңғы кезге дейін адам мен жануарлардың нерв аппараты бір-біріне тәуелсіз,
дербес екі жүйеден - анималдық және вегетативтік құралған деген түжырым
қалыптасқан болатын. Бұл ұғымның негізін ХУШ-ғасырдың соңында француз
дәрігері, әрі физиолог Мари Франсуа Биша салған. Организмге тән қызметтерді
де ол екі топқа бөлген. Бірінші топты тек жануарларға тән қызметтер құраса,
екінші топқа жануарларға да, өсімдіктерге де ортақ қызметтер, немесе
вегегативтік функция-ар, жатқызылған.

Биша жіктеуіне сәйкес түйсік, қимыл-әрекет, сөйлеу қабілеті анималдық
функциялар тобын құрайды, ал қоректену, өсу, көбею - вегетатавтік
қызметтерге жатады. Осыдан жануарларға тән қызметтерді реттейтін нерв
бөлігін - анимальдық, ал өсімдіктерге тән қызметгерді реттейтін нерв
белігін-вегетативтік деп атаған. Анимальдық қызметтерді ОНЖ-сі, ал
вегетативтік кызметтерді - арнаулы нерв түйін-дерінен құралған вегетативтік
нерв жүйесі реттейді деп санаған.

Ұзақ уақыт вегетативтік нерв жүйесі ми мен жұлынға тәуелсіз автономды жүйе
ретінде танылып келді. Оның негізгі қызметі ас қорыту, қан айналым, тыныс
алу, зәр бөлу, кобею т.с.с. қызмеітерді реттеу деп есептелді.

Сонымен, анимальдық немесе тәндік (сомалық) нерв жүйесі организмнің сезім-
қимыл әрекеттерін қамтамасыз етсе, вегетативтік нерв жүйесі бүкіл ішкі
ағзалардың, қан тамырларының, тер бездерінің нервленуін, жеке ағзалардың
нәрленуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде организмнің вегетативік қызметінің тұлғалық-анимальдық
функциялар сияқты орталық нерв жүйесімен басқарылатыны дәлелденді. Осының
нәтижесінде вегетативтік нерв жүйесінің автономиясы туралы ұғым жойылып,
оның біртұтас нерв аппаратының бір ғана бөлімі екендігі туралы көзқарас
калыптасты, шеткі нерв жүйесін тұлғалық және вегетативтік нервлерге бөлу
принціпі қабылданды. Тұлғалық нерв организмнің сыртқы ортамен афферентгік
және эфференттік байланыстарын, ал вегетативтік нерв ішкі ортаның
тұрақтылығын, зат алмасу үрдісінің қарқынын, организмнің бейімделу
реакцияларын қамтамасыз етеді.

Тәндік нерв бөлімінің эффекторы қаңқа еті болса, вегетативтік нервтер
эффекторы ішкі ағзалардың бірыңғай салалы еттері, жүрек еті, әр түрлі
бездер болып табылады. Вегетативтік нервтердің басты қызметі - қозу
толқынын орталық нерв жүйесінен ішкі ағзаларға өткізу.

Вегетативтік нерв бөліміне тәндік жүйкемен салыстырғанда бірнеше
морфологаялық ерекшеліктер тән.

1. Вегетативтік нервтер орталық нерв жүйесінің тек қана белгілі бір
бөліктерінен ғана - ортанғы және сопақша мидан, жұлынның құйымшақ
бөлігінен, басталады. Ал, тәндік (тұлғалық) нервтер орталықтары мидың
бағандық бөлігі мен бүкіл жұлын бойында орналасады.

2. Тұлғалық нервтермен салыстырғаңда вегетативтік нервтердің
қозғыштығы және қозуды өткізу жылдамдығы төмен болады.
Вегетативтік нервтерге қозу толқыны секундына 1-30 м жылдамдықпен, ал
тұлғалық нервтерде - 60-120 м жылдамдықпен тарайды.

3. Вегетативтік нерв тамырларда миелин қабығы болмайды,
олар үлпексіз нервтер, ал тұлғалық нерв тамырлар — үлпекті,
миелинді құрылым.

4. Вегетативтік нерв бөлімінің шеткей бөлігі екі нейроннан құралса,
тұлғалық нерв бөлімі жалғыз нейронды құрылым. Вегетативтік нерв тамырлар
өздері нервтендіретін мүшелерге жетпей арнаулы түйіндерде үзіледі.
Сондықтан, олар түйін алды (преганглийлік) және түйіннен соңғы
(постганглийлік) талшықтарға бөлінеді. Түлғалық нерв тамырлар өздері
нервтендіретін мүшелерге еш жерде
үзілмей жетеді.

Вегетативтік нерв жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өздеріне тән
ерекшеліктері болады.

1. Симпатикалық және парасимпатикалық нервтер орталығы
нерв жүйесінің әр түрлі деңгейінде орналасады. Симпатикалық
нерв орталықтары жұлын сұр затының көкірек және бел омыртқалық бөлімдерінің
бүйір мүйіздерінде орналаса, парасимпатикалық орталықтар ортаңғы және
аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді.

2. Симпатикалық нерв бөлімінің түйіңдері өздері нервлендіретін
мүшелерден тыс орналаса, парасимпатикалық түйіндер ағзалардың
өзінде орнығады.

3. Симпатикалық бөлім әмбебап келеді, барлық мүшелерді
нервтеңдіреді. Парасимпатикалық бөлім әмбебап емес тері тамырлары, тер
бездері, бүйрек үсті бездері, зәр ағарлар, көк бауыр, қаңқа
еттері парасимпатикалық нервтермен нервтенбейді.

4. Симпатиклық нервтерге мультипликация (көп тарамдалу)
құбылысы тән түйінен соңғы талшықтар саны түйін алды талшықтар санынан
әлдеқайда көп болады. Парасимпатикалық нервлер айтарлықтай көп
тарамдалмайды.

5. Симпатикалық нервтердің эфференттік талшықтары парасимпатикалық
нерв талшықтарынан ұзын келеді. Симпатикалык, нерв үштары эрготоксинмен, ал
парасимпатикалық жүйке ұштары - атропинмен жансызданады.

6. Симпатикалық нервтер қозу толқынын симпатин, ал парасимпатикалық
нервтер - ацетилхолин медиаторы арқылы таратады. Бірақ қазіргі кезде қозу
барысында кейбір симпатикалық нерв
ұшының ацетилхолин, ал парасимпатикалық нерв ұшының,
керісінше, норадреналин бөлетіні дәлелдеген. Осымен байланысты
вегетативтік нервтер холинергиялық және адренергиялық болып
екі топқа бөлінед. Холинергиялық нервтер өз қызметін ацетилхолин ал
адренергиялық нервлер - норадреналин бөлу арқылы
атқарады.

Вегетативтік нерв жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ВEГEТАТИВТІК (АВТOНOМДЫ) НEРВ ЖҮЙEСІ
Симпатикалық жүйке жүйесі
Вегетативтік жүйке жүйесінің функциялық мәні
Жұлын құрылысы. Сұр зат. Ақ зат. Рефлекторлық доға. Жұлын-ми нервтерінің тармақтары. Вегетативті нерв жүйесінің бөліктері
Орталық нерв жүйесі жеке бөлімдерінің құрылысы мен қызметі, дамуы
Қыртыстың алғашқы кіріспе
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
Жүйке жүйесінің түрлері
Вегетативтік жүйке жүйесі
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Пәндер