Әлкей Марғұланның педагогикалық қызметтері



Өмір баяны
Әлкей Марғұланның еңбектері
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.
1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар:
«1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды.
1. Ғұлама: Тағылым (Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, деректі әңгімелер, очерктер, өлең-арнаулар). – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2004.
2. Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар. Сборник программ ШКМ. – Қызылорда: Казиздат, 1930.
3. Жұмалиев Қ., Марғұлан Ә. Қазақ әдебиеті. Фольклор. Орта мектептің VІІІ класына арналған. – Алматы: ҚазБМБ, 1941.
4. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. В 5-ти томах. (Глав. ред. А.Х.Маргулан и др.). – Алматы: Наука, 1971, Т. 1.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
УДК 37(092)

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

С. Сұрағанов
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана қ.

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен
айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс
тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып,
мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған
Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман
етеді.
1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім
мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші
дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы
ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы
Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші
болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны
туралы мынадай мәлімет бар:
1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп
жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып
істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл
ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О
заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925
жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы
Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның
өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан
гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден
көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен
бірге тұруға шақырады 1, 32 бет.
М.Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім
алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған
Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын
шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады
да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге
зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене
қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым
ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды.
Әлкей Хақанұлы бар ықылас-ынтасымен тарихтың, философия мен өнердің
объективті заңын білуге талпынады. Осы мақсатпен ол Ленинград Мемлекеттік
Университетінің тарих-филология факультеті мен Өнер институтының арнаулы
лекциялары мен сабақтарына қатынасады. Сөйтіп Әлкей жоғары мектеп
қабырғасында жүрген кезден-ақ білім қорын молайтып, нағыз ойлы зерттеуші,
болашақ педагог екенін танытады.
Әлкей Марғұланның жиырмасыншы жылдары Қызылжар қаласындағы педагогикалық
техникумда әдебиет пәнінен сабақ бергенін жазушы Ж.Бектұров Ғұлама атты
мақаласында былай еске алады: Еліміздің ірі ғалымдарының сүбелі
архивтеріне сүңгіген, көне мұраларды шүйгіген, бірқатар беделді оқу
орындарында, оның ішінде Қызылжар қаласындағы өз тұсының алдыңғы қатарлы
педагогика техникумында сабақ та беріп үлгерген адам-ды. Осы техникумда
жиырмасыншы жылдардың орта кезінде Ә.Марғұлан оқыған дәрістің сол күндергі
бірер конспектісіне соңғы кезде қайтыс болған оқымысты-жазушы С.Талжановтың
қолынан кезінде көз жүгіртіп, Әлкеңнің жас шағында-ақ өте білімді ұстаз
болғанына көзіміз жетіп еді 1, 90-91 беттер.
1930 жылы Қазақстан мектептерінде оқытылатын пәндердің оқу
бағдарламалары комплексті сипатта жүзеге асырыла бастағанда Қазақстан Оқу
ағарту Комиссариатының білім кеңесі Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған
программа және түсінік хаттар атты жинақ шығарды. Ондағы қазақ әдебиеті
пәніне арналған Суретті әдебиет атты бағдарламаны жасаушылардың бірі
Әлкей Марғұлан болды 2, 102 бет.
1930 жылы көктемде Алматыда Бірінші Бүкілқазақстандық өлкетану съезі
ұйымдастырылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми еңбектері
Әлкей Марғұлан
Академик Әлкей Марғұлан
Әлкей Марғұлан өмірбаяны
Әлкей Марғұлан деген кім
Маңдайы жарқыраған марғасқа Әлкей Марғұлан
Беғазы Дәндібай мәдениеті туралы
Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Пәндер