Емделу жаттығуларының жалпы денсаулық жүйесінде алатын орны



Емделу жаттығуларының жалпы денсаулық жүйесінде алатын орны
Емделу жаттығуларының құралы
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бері қарай, бұрынғы коммунистік қоғаммен салыстырғанда өмір тіршілігі түбегейлі өзгерді. Әр адам өзінің денсаулығына өзі жауап береді.
Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, жалпы денсаулық сақтау жүйесінде емделу жаттығуларының өзіндік орны бөлек. Қазақстанда денсаулық жүйесінің қалыптасуы негізінен үш бағытта анықталады:
1. Валеология ғылымы - аурудың алдын алу;
2. Медицина ғылымы - негізгі емделу жүйесі;
3. Емделу жаттығулары - адамның өз бетінше емделу жүйесі.
Қолдарыңдағы оқулықта тұңғыш рет емделу жаттығулары ұсынылып отыр. Адам ауруға шалдыққанда, бүкіл дене емес, адам мүшесінің біреуі ғана ауырады. Адамның бұл ауру мүшесін уақытында емдемесе, онда уақыт өткен сайын дертке айналып, адамның басқа мүшелерін де ауырта бастайды. Міне, осы сәтте, жекеленген бір мүшенің ауруын емдеген кезде бүкіл дене қозғалысын іске қосу керек. Демек, емделу жаттығуларымен шұғылданғанда барлық дене қозғалысы іске қосылады.
1. С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. - Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
2. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.
3. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. - Алматы: Мектеп, 1988.
4. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1994.
5. Бутин И.М. Лыжный спорт. - Москва: Академия, 2002.
6. Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: Рауан, 1991.
7. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. - Алматы: Рауан, 1991. ,
8. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000
9. Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. - Москва: Военное издательство, 1987.
10. Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. - Москва, 2000.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Емделу жаттығуларының жалпы денсаулық жүйесінде алатын орны

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бері қарай, бұрынғы
коммунистік қоғаммен салыстырғанда өмір тіршілігі түбегейлі өзгерді. Әр
адам өзінің денсаулығына өзі жауап береді.
Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, жалпы денсаулық сақтау жүйесінде
емделу жаттығуларының өзіндік орны бөлек. Қазақстанда денсаулық жүйесінің
қалыптасуы негізінен үш бағытта анықталады:
1. Валеология ғылымы - аурудың алдын алу;
2. Медицина ғылымы - негізгі емделу жүйесі;
3. Емделу жаттығулары - адамның өз
бетінше емделу жүйесі.
Қолдарыңдағы оқулықта тұңғыш рет емделу жаттығулары ұсынылып отыр.
Адам ауруға шалдыққанда, бүкіл дене емес, адам мүшесінің біреуі ғана
ауырады. Адамның бұл ауру мүшесін уақытында емдемесе, онда уақыт өткен
сайын дертке айналып, адамның басқа мүшелерін де ауырта бастайды. Міне, осы
сәтте, жекеленген бір мүшенің ауруын емдеген кезде бүкіл дене қозғалысын
іске қосу керек. Демек, емделу жаттығуларымен шұғылданғанда барлық дене
қозғалысы іске қосылады. Сондықтан да емделу жаттығуларының өзіндік
ерекшелігі осында. Айталық, медициналың дәрі-дәрмекпен емдеу жүйесінде бір
мүшені емдесе, ол екінші бір мүшені әлсірететіндігі ақиқат.
Кім болса да, емделу жаттығуларымен шұғылдану үшін ең әуелі өзінің
ағзасының жалпы саулығын білуі керек. Бұл деген сөз әр адам физиология,
анатомия және биология деген ғылымдардың жалпы ілімінен хабардар болуы
керек. Сонда ғана емделу жаттығуларымен шұғылдану өзінің нәтижесін береді.
Соқыр сезімге салып, сауатсыздықпен, қалай болса солай, шұғылдана беруге
болмайды. Себебі, адам ең әуелі өзінің науқасқа шалдыққан мүшесін білуі
керек. Емделу жаттығуларымен шұғылдану соған негізделеді.
И. Павловтың іліміне сүйенер болсақ, мидың жарты функциясы, яғни,
ағзаның жұмыс істеу қабілетін тежеу жүйесі басталған кезде міндетті түрде
емдеу жаттығуларымен айналысу қажет. Себебі, ағзаның шаршағандығының
салдарынан, немесе бір мүшенің ауырғанынан мидың екінші жартысында тежеу
жүйесі іске қосылады. Енді ағзаның жұмыс қабілетін қалыпқа келтіру үшін
емделу жаттығуларын орындау керек.
Емделу жаттығуларын пайдалану көпшілік жағдайда хирургиялың емделуден
кейін тірек-қозғалыс аппаратын қалыпқа келтіру үшін табылмайтын ем болып
саналады. Терапия науқасынан кейін де демалыс аппаратын жүйеге келтіру үшін
бұл жаттығулардың өзіндік орны бөлек. Қан айналымы жүйесі бұзылғаннан кейін
де, инсульт науқасынан соң емделу жаттығуларын қолданудың үлкен маңызы бар.
Емделу жаттығуларының екінші бір түрі - уқалау, сылап-сипау, яғни,
массаж жасау.
Емделу жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, әсіресе, жалпы дамыту
дене шынықтыру жаттығуларын орындағанда ағзаның барлың мүшесінің бұлшық
еттері қозғалыста болады. Сондықтан да емделу жаттығулары жүйелі түрде
жүргізіледі. Жекелеп алып, ағзаның бір мүшесіне ғана арналған жаттығулармен
шұғылдануға болмайды.
Жалпы дамыту жаттығуларының күрделілігі және шұғылдану уақыты, әрине,
науқастың жағдайына байланысты.
Тағы бір ескеретін жағдай емделу жаттығуларымен шұғылданған кезде
дәрігердің кеңесін алу, болмаған күнде дене тәрбиесі мұғалімімен кеңесіп
отыру да тиімді іс болады. Себебі науқастың қай түрі болса да, айталық,
жүрек, өкпе, бүйрек, жұқпалы аурулар, тіпті хирургиялық, т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру физиологиясы
Емделу жаттығуларының жүйесі
КОЛЛЕДЖДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
Стрельникованың тыныс алу
Салауатты өмір салты ұғымы
Дене тәрбиесінің бұлшықет белсенділігі мен жүрек - тамыр жүйесіне әсері
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер