Әулие–ата мен Жамбыл облысындағы оқу–ағарту ісінің даму ерекшеліктері



Жамбыл дәрігерлік колледжі
Педагогикалық институт негізіндегі Жамбыл университеті
Жамбылда Шымкент химия технологиялық институты
Әдебиеттер
Араға жарты ғасыр салып өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды, жоғымызды қозғап, барымызды көрсетуге мүмкіндік туды. «Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл» деген қағиданы ұстанып, өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қәзіргі жаңалық деп отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетуде.
19 ғасырдың басы аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тарихынан ерекше орын аларлық бір дүркін азамат дүниеге келіп, халқының болашағы үшін аянбай қызмет етті. Оған тарих куә. Мен осы тарихта өз ісімен, өз қолымен, өз еңбегімен, жасап кеткен ұлы тұлғалардың, Әулие–ата уезіндегі салдырып кеткен және іргесі қаланған мектептер туралы сыр шертпекпін. Менің мақсатым Әулие–ата тұсындағы оқу ағарту ісінің, және сол жылдардағы алғашқы мектептерді іздестіру, оны жарыққа шығару, болашаққа жеткізу. Менің ендігі орындар міндетім осы тарихтарды ары қарай зертеп, жүйелеу сол жылдары қаланған мектептерді тарих толқынына еңгізу.Тарихы сонау патшалық отарлық тұсында бастау алатын бұл мектептердің шертері ауыз толтырып айтарлықтай көп.Әулие–ата тұсындағы халыққа білім нәрімен сусындандырған білім ордаларының, қазірге дейін бергені мен жиғаны мол мұра десекте болады.
1. Жамбыл облыстық мұрағат мұражай қоры.-Тараз: «Сенім», 2002.
2. Қазақ ССР тарихы .-Алматы, 1978.2–3 т.
3. Қазақ тарихы ғылыми зерттеу журналы.-Алматы, 2003.
4. Мусин Ч. Қазақстан тарихы.-Алматы, 2005.
5. Рыспай К Қазақстан тарихы.–Алматы, 1998.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘУЛИЕ–АТА МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОҚУ–АҒАРТУ ІСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Э.Қайырбаева, А.Мейірбекова
Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы,Тараз қ.

Араға жарты ғасыр салып өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды, жоғымызды
қозғап, барымызды көрсетуге мүмкіндік туды. Бүгініңді білмесең болашақтан
үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл деген қағиданы ұстанып,
өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қәзіргі жаңалық деп
отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетуде.
19 ғасырдың басы аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тарихынан ерекше
орын аларлық бір дүркін азамат дүниеге келіп, халқының болашағы үшін аянбай
қызмет етті. Оған тарих куә. Мен осы тарихта өз ісімен, өз қолымен, өз
еңбегімен, жасап кеткен ұлы тұлғалардың, Әулие–ата уезіндегі салдырып
кеткен және іргесі қаланған мектептер туралы сыр шертпекпін. Менің мақсатым
Әулие–ата тұсындағы оқу ағарту ісінің, және сол жылдардағы алғашқы
мектептерді іздестіру, оны жарыққа шығару, болашаққа жеткізу. Менің ендігі
орындар міндетім осы тарихтарды ары қарай зертеп, жүйелеу сол жылдары
қаланған мектептерді тарих толқынына еңгізу.Тарихы сонау патшалық отарлық
тұсында бастау алатын бұл мектептердің шертері ауыз толтырып айтарлықтай
көп.Әулие–ата тұсындағы халыққа білім нәрімен сусындандырған білім
ордаларының, қазірге дейін бергені мен жиғаны мол мұра десекте болады.
19 ғасырдың ортасына дейін Қазақ жерінде тек мұсылман мектептептері мен
медресселер болды. Онда балаларды арабша оқытты, ислам шариғаттарын
үйретті, дін қызметкерлерін даярлады. 19 ғасырдың 60 жылдарында россияға
түпкілікті қосылғаннан кейін, қазақтың тұңғыш мектептері ашылды. Қазақ
интеллегенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев қазақ арасына орыс мәдениетін насихаттады, жаңадан мектептер
ашып, білім тарату үшін күресті. 19 ғасырдың аяғында Қазақстанда мектептің
2 түрлі жүйесі құрылды. Орыс әкімдерін балалары мен қазақтың және басқа
ұлттардың ауқатты семьяларының балалары үшін ашылған мектептер және діни
мектептер. 1914–1915 оқу жылында Қазақстанның мектебінде 105 мың бала
оқыды, оның 7,9 мыңы ғана қазақ балалары еді. Революцияға дейін қазақ
халқының 2 %-і ғана сауатты болды. 1930 жылы жалпыға бірдей бастауыш, ал
1931 жылы қалалық жерлерде, жұмысшы поселкелері мен іріленген совхоздарда
жеті жылдық білім беру міндеті еңгізілді.
1939 жылғы санақ бойынша халықтың 9 бен 49 жастағылардың сауаттылары
83.6 % жетті. Оның ішінде еркектер 90 %, әйелдер 75% еді. 1951–1952 оқу
жылында жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру міндеті негізінен жүзеге
асырылды. 1959 жылдан бастап сегіз жылдық білім беру міндеті еңгізілді.
Орта мектептер саны артты (1974 жылы 3235 орта мектеп болды).Жұмысшы жастар
мектептері көбейді. Көптеген оқу орындарының жанынан интернаттар ашылды.
Әсіресе жергілікті ұлт қыздарын жалпыға бірдей міндетті оқуға тартуға
айрықша көңіл бөлініп, олардың толық білім алуынга жағдай жасалуда.Октябрь
революциясына дейін Қазақстанда мектепке дейінгі балалар мекемелері болған
жоқ, 1920 жылы тұңғыш 20 балалар бақшасы ұйымдастырылып, онда 610 бала
тәрбиеленді.
Жамбыл облысындағы білім беру ісі бүкіл Қазақстандағы халық ағарту
ісінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. Төңкеріске дейін өңірде мұсылман
балаларын оқытқан 21 мектеп болды. Алғашқы мектептерді Керімбай Бұралқыұлы,
Дербіс Қалабаев сынды болыстар, Әзімхан Кенесарин, Сыдық Абланов, Қарабай
Әділбеков сынды оқыған азаматтар ашты. 1927–1928 оқу жылында Әулие–ата
уезіндегі 72 мектепте 6225 бала оқыды. 1929 жылы Қазақ педагогикалық
техникумы Шымкенттен Әулие–атаға көшірілген соң мектептердің мұғалімдер мен
қамтамасыз етілуі біршама жақсарды. 1930 жылдары уезде сауатсыздықты жоюмен
қатар жаппай бастауыш білім беру ісі кең өріс алды. 1940–1941 жылғы оқу
жылында Жамбыл Облысындағы мектептердің саны 321–ге жетіп, оларда 55960
бала оқып шыққан. 1958 жылы облыс аумағында 403 мектеп, 153329 оқушы, 8160
мұғалім болды.Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде облыс республика бойынша
алға шыққан, сапалы білім беруде нәтижелі еңбегімен танылған мектептер саны
көбейді.1999 жылы Жамбыл облысындағы білім беру ісін қаржыландыруға 3 млрд
теңге жұмсалды, 2002 жылы осы мақсатқа 5 млрд теңге бөлінді. 1999–2002
жылдары облыста әр түрлі деңгейдегі жалпы білім беретін 40 жаңа мектеп
ашылды. Соңғы жылдары мемлекеттік және жеке меншіктегі білім мекемелері мен
мамандандырылған оқу орындарын ашу ісі қолға алынды. 2001 жылы Тараз
қаласында ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ә.І.Сембаевтың Қазақстандағы білім беру тарихын жүйелеудегі еңбектеріне тарихи-педагогикалық және теориялық талдау жасау және оларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу
Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарындағы білім беру тарихын жүйелеудегі Ә.Сембаевтың еңбегі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗІНДЕ
Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Еліміздің мәдени мұрасы
Жамбыл облысының аудандарының киелі жерлерінің координаттары
Пәндер