Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту



І.
Кіріспе
ІІ.
Полиэтникалық қоғамда мемлекеттік тілді функционалды дамытудың тиімді моделі

ІІІ.
Қазіргі ахуалды талдау
ІV.
Мемлекеттік тілдің әлеуетін жүзеге асыру
жұмыстарының негізгі бағыттары

V.
Іске асыру тетіктері
VI.
Қаржыландыру көздері
Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің ел «өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» және «тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсiтуге» болмайтындығы атап көрсетілген.
Тіл адамның толыққанды жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауына, ақпарат алмасуға, бала тәрбиелеп, зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады. Тіл маңызды коммуникативтік қызмет атқара отырып, сонымен бірге, адамның өз ойын, ниет-пиғылы мен көңіл-күйін білдіріп, ішкі әлемін көрсетеді, білімін жетілдіруге, адам санасының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан халықтары Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ассамблеясының ақпарат министрлігі

ХАТШЫЛЫҒЫ ТІЛ КОМИТЕТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ
Т Ұ Ж Ы Р Ы М Д А М АСЫ

І. Кіріспе
ІІ. Полиэтникалық қоғамда мемлекеттік тілді функционалды дамытудың
тиімді моделі
ІІІ.Қазіргі ахуалды талдау

ІV. Мемлекеттік тілдің әлеуетін жүзеге асыру
жұмыстарының негізгі бағыттары
V. Іске асыру тетіктері
VI. Қаржыландыру көздері

Астана - 2006

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің ел өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары
мен бостандықтары және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша
ешқандай кемсiтуге болмайтындығы атап көрсетілген.
Тіл адамның толыққанды жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауына,
ақпарат алмасуға, бала тәрбиелеп, зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға
мүмкіндік береді. Тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға мен мемлекет
арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады. Тіл маңызды коммуникативтік қызмет
атқара отырып, сонымен бірге, адамның өз ойын, ниет-пиғылы мен көңіл-күйін
білдіріп, ішкі әлемін көрсетеді, білімін жетілдіруге, адам санасының
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тіл сыртқы коммуникативтік қызмет атқарып, қоғам дамуының түрлі
кезеңдерінде қарым-қатынастың немесе адамдарға тек ақпарат жеткізудің
емес, саясаттың құралы ретінде, әлеуметтік-мәдени үдерістердің, жеке адам
мен халықтар психологиясының көрінісі де болды. Әртүрлі елдерде екіұшты
саясат жүргізілгені белгілі. Сондықтан, халықтың санасында саяси ақиқат,
қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрмысы көрініс тауып, соның нәтижесінде
бір елдердің саяси, экономикалық ахуалының басқа халықтарға үстемдік
ететіндігінің дәлелі ретінде ұлы, үстем тілдер деген ұғымдар
қалыптасты.
Қазіргі уақытта жаһандану үдерісін мойындай отырып, халықтың ұлттық
өзгешелігін де сақтау қажет екендігін ұмытпаған жөн. Тарихи жағдайларға
байланысты халқы әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын елдерде олардың тұрлаулы,
тұрақты дамуының басты шарттарының бірі – ұлтаралық келісім, азаматтар
арасындағы төзімділік. Мемлекеттің тіл саясаты толығымен осы бағытта
жүргізілуі керек.

Полиэтникалық қоғамда мемлекеттік тілді функционалды дамытудың тиімді
моделі

Конституцияның ережесіне сүйенер болсақ, мемлекет түрлі ұлт өкілдері
мен ұлыстардың тілдерін сақтауға және одан әрі дамытуға ықпал ететін тіл
саясатын жүргізуге кепілдік береді. Мұның өзі, ең алдымен, тілдің негізінде
мәдениеттердің бір-біріне ықпал жасап, бірін бірі байытуына жағдай жасайтын
болады. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалану, қарым-қатынас,
тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алу құқығы Конституциямен
бекітілген.
Мемлекет өзінің тіл саясаты, тіл құрылысы саласындағы міндеттерін тек
қана Конституцияның, Заңдардың, оларға сәйкес қабылданған басқа да заңға
тәуелді актілердің негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар нормативтік
құқықтық базаны жетілдіріп отыруды, халықаралық оң тәжірибені пайдалануды,
бұл саладағы құқықтық қатынастарды реттеуді үнемі жүргізу де мемлекеттің
міндетіне жатады. Бұл, өз алдына, көпұлтты халықтың мүдделері мен
қажеттіліктерін, ел ішіндегі тілдік, демографиялық және саяси ахуалдың
ерекшеліктерін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан демократияландыруға, азаматтық
қоғам институтын дамытуға өзінің алған бағыты дұрыс екенін дәлелдеп шықты.
130-дан астам ұлт өкілдері тұратын елде он жылдан астам уақыт бойы
ұлтаралық проблемаларды шешудің тиімді тетігі болып табылатын бірегей
институт – Қазақстан халықтары Ассамблеясы, сондай-ақ, қоғамдық
бірлестіктер, 5 мыңнан артық үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Мемлекет
ҮЕҰ-мен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді қарым-қатынас орнатқан.
Елімізде саны екі жүзден астам ұлттық-мәдени орталықтар бар. Олар әртүрлі
ұлт өкілдерінің мәдениетін, туған тілін дамыту жөнінде үлкен жұмыс
жүргізеді. Сонымен қоса олардың қызметі түрлі ұлтқа жататын адамдардың,
біздің еліміздің азаматтарының өзара сыйласатындығының куәсі болып
табылады. Қоғам мұндай полиэтникалық құрамда болғандықтан, тіл саясаты да
соған сәйкес, мемлекет пен азаматтардың өзара сыйласуы, қоғамда заңға
құрметпен қарауды тудыру, оң құқықтық сана қалыптастыру негізінде құрылуы
қажет. Тұжырымдаманың басты мақсаты мен міндеттерінің бірі осы болып
табылады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
атты Жолдауында Елбасы біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен
мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және
мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын
қамтамасыз етеміз деп атап көрсетті.
Сондай-ақ, біздің Қазақстан Республикасы президенттiк басқару
нысанындағы бiртұтас мемлекет. Сондықтан елімізде қолданылып отырған
тілдерді функционалды дамыту моделі анағұрлым тиімді болып табылады.
Ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ
жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, Конституция арқылы өзінің тіл саясаты
мәселелеріне деген көзқарасын білдірді: еліміздегі мемлекеттік тіл – қазақ
тілі. Елдегі лингвистикалық, демографиялық жағдайды, қоғамдық қарым-
қатынастың, әлеуметтік-мәдени дәстүрдің тарихи қалыптасқан даму шарттарын
ескере отырып, орыс тілі ресми қолданыстағы тіл деп танылды. Мемлекет
Қазақстан халықтары тілдерін оқыту мен дамыту үшін жағдай жасайды.
Тілдерді қолданудың осы үлгісі ғана Қазақстан азаматтарының рухани
және мәдени сұранымдарын ескеруге мүмкіндік береді, ұлтаралық келісімді,
саяси тұрақтылықты, демократиялық процестерді одан әрі дамытуға және
тереңдетуге, азаматтық қоғам институттарын нығайтуға ықпал етеді.

Қазіргі ахуалды бағалау

Бүгінгі таңда тіл саясатын тиімді іске асырудың нормативтік құқықтық
базасы құрылған. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының
Конституцияға қарама-қайшы келмейтіні белгілі, өйткені ол кезінде Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесінде арнайы қаралған.
Қазіргі уақытта Қазақстан жағдайында проблемалардың ахуалына тиісті
талдау жасау үшін тілдерді қолдану ара салмағының ғылыми негізделген
мониторингі, олардың қоғамдық, жеке тұлға аралық қатынастардағы
қажеттілігінің нақты бағасы қажет. Тілдің атқаратын қызметін оның таралу
деңгейімен және сол тілді тұтынушылар санымен және басқа да факторлар
арқылы анықтайтын таптаурынды еңсеру қажет.
Орын алған жағдайға талдау жасау әрекеттері мемлекеттік органдар мен
мекемелерде әзірленген, дайындалған құжаттардың сандық көрсеткіштеріне,
электрондық бұқаралық ақпарат құралдары эфиріндегі хабарлар көлеміне және
мерзімдік баспасөз басылымдарын екі тілде шығаруда, көп жағдайда,
мемлекеттік тілдегі материалдардың шағын көлемде және сапасы төмен
дайындалуы сияқты үстірт фактілерге назар аударуға негізделеді.
Осыған ұқсас жағдай білім беру, ғылым, баспа қызметі және т.б.
жүйесінде байқалады.
Осы уақытқа дейін заңнамалық және өзге де нормативтік актілерді
мемлекеттік тілде әзірлеу сапасы да сын көтермейді, терминологияның дамуы,
терминдерді қабылдау, аударма сапасы, азаматтардың тегін, атын, әкесінің
атын дұрыс жазу ережелері, олардың транскрипциясы, қаржы саласында
статистикалық есептілікті және басқа құжаттарды жүргізу мәселелеріндегі
келіспеушіліктер еңсерілмеген.
Осылайша орталық мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуге
жүргізілген ішкі формальдық талдау олардағы мемлекеттік тілде құжат
дайындау үлесі 20-30 %, кей жағдайларда жалпы құжат айналымының 45-50 %-ын
құрайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарының іс
қағаздарында орын алған көрсеткіштер өңірлердегі тілдік ахуалды барабар
көрсетпейді. Тіпті қазақ халқы көп тұратын өңірлерде де бұл көрсеткіш
позитивтік болып табылмайды, яғни бұл ретте негізгі күш осы органдардағы
аудармашы-мамандарға түседі.
Бұл жағдайда мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруды жетілдіру
бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізу және олардың тілді меңгеру деңгейін –
тілді қарым-қатынас жасау деңгейінде ғана меңгеруді ғана емес, сонымен
қатар құжаттарды өз бетінше даярлауды көздейтін құрылымы тұрақты болуы
қажет. Бүгінгі күнге дейін қазақ тілін оқытатын оқытушы-мамандармен қатар
аудармашы-мамандардың жетіспейді. Жоғары оқу орындарында оларды мақсатты
түрде дайындау жүргізілмейді.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, түрлі салалардағы мамандарға олардың
шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін кәсіби деңгейде меңгеруіне ықпал ететін
жағдай жасау қажет, бұл олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтереді,
басқа елдердің өкілдерімен қарым-қатынас жасауына қол жеткізуге, сондай-ақ
ғылым мен техниканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін тезірек
меңгеруге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеге қатысты оң деп тануға болатын әрекеттерге қарамастан,
жалпы ахуал сыни тұрғыдан бағалауды талап етеді. Бұл жағдайда мемлекеттік
және жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы мемлекеттік тілдегі құжат
айналымының көлемін біртіндеп ұлғайту қажет. Сондықтан орын алып отырған
мән-жайларға байланысты, іс қағаздарында мемлекеттік тілді (оның даму
басымдылығын ескере отырып), ресми қолданылатын тіл ретінде орыс тілін
қолданудың ара-қатынасын құптауға лайық оң үйлесімін қалыптастыру қажет.
Тіл саясатын тиімді іске асыру бұқаралық ақпарат құралдары қызметін
тиімді ұйымдастыруға, мәдениетті, тілді БАҚ арқылы белсенді түрде
насихаттауға, оларда түрлі білім беру бағдарламаларын құруға, тіл
мәдениетін тәрбиелеуге және т.б. да байланысты.
Республикамызда сөз және шығармашылық бостандығын қамтамасыз етуде
белгілі нәтижелерге қол жеткізілді. 2 мыңнан астам газеттер мен журналдар
шығарылады, олардың тек 18 %-ы ғана мемлекеттік тілде. 212 орталық және
жергілікті теле және радиоарналар жұмыс істейді. Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Заңдардың ережелеріне сәйкес Мемлекет Қазақстан Республикасының тілдер
туралы заңдарына сәйкес бұқаралық ақпаратты алу және оны тарату кезінде
әркімнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, осы
заңдарда мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық
және радио бағдарламаларының апталық көлемі уақыты бойынша басқа тілдердегі
хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс екендігі көрсетілген.
Бұған қарамастан, тіл саясатын іске асыруға, тіл туралы заңнаманы,
әсіресе электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, орындауға байланысты
проблемаларды тек тілдердің үйлесімділігінің сандық сәйкессіздігіне ғана
емес, басқа да аспектілерде қарастыру қажет.
Көптеген электрондық БАҚ заңнама нормаларын орындауға үстірт және
атүсті қарағаны белгілі. Осылайша, нәтижесінде проблеманы саясиландыруға
әрекет жасалған мемлекеттік тілдегі телебағдарламалардың хабарлар торын
жоспарлау (құру) кезінде түнгі уақытқа орналастырылғаны бірнеше рет сынға
ұшырады. Тіл және сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, жетістікпен меңгеруге
ықпал ете алмайтын көптеген хабарлардың сапасының төмендігі, өзекті
еместігі, бағдарламаның көрермендер мен тыңдармандарды қызықтырмайтындығы
басқа мәселе болып табылады. Бұл жағдайда жақсы үлгі жұқпалы болуы тиіс.
Миллиондаған аудиторияға таралатын БАҚ-та саяси сауатсыздыққа алып
келетін тілдік сауатсыздықты жою, терминдер мен жаргондарды тиімді және
орнымен қолдану, хабарлардың бір саздылығын және ғибраттылық сипатын
еңсеру, түпнұсқалық бағдарламаларды көбірек шығару, отбасылық тәрбиеге көп
көңіл аудару қажет, яғни бұлардың әрқайсысында тілді насихаттау мен дамыту
мүмкіндіктері шарттастырылған.
Тілдерді дамытуға және тілдік мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын
тілдік саясатты іске асыруда маңызды салалардың бірі оқу мекемелері, жалпы
алғанда елдегі білім жүйесі болып табылады. Еліміздегі демократиялық,
саяси, экономикалық реформаларды жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың жақсаруы оқу мекемелері жүйесінде оқытуға және тәрбие берудің
сапасын жақсарту, тілдерді қолданудың оңтайлы үйлесімділігін қамтамасыз ету
үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Экономикалық қиыншылықтар кезеңінде
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің саны жартылай қысқарса, интернаттар,
КТУ, әсіресе ауылдық жерлерде толығымен жабылса, көптеген бастауыш, орта
кешендік мектептерді оңтайландыру жүргізілсе, қазіргі кезеңде орта және
жоғары білімді тұрақты дамытуға, мектепке дейінгі балалар мекемелерін
толығымен қайта жаңғыртуға толық мүмкіндік бар.
Білім беру жүйесінің дамуы елдегі тілдік ахуалды, өңірлердегі
демографиялық жағдайды ескере отырып жүзеге асырылуы қажет. Қазіргі уақытта
Қазақстанда 8 мыңға жуық жалпы білім беретін мектептер мен лицейлер, оның
ішінде 3700-ге жуығы қазақ тілінде оқытады, екі жүзге жуық колледж, барлық
меншік нысанындағы 160-тан астам жоғары оқу орындары жұмыс істейді.
Колледждер мен жоғары оқу орындарында мамандарды мемлекеттік тілде
дайындауды ұйымдастыру да белсенді және тұрақты бола бастады.
Қазақстан өңірлеріндегі жалпы білім беретін мектептердің жанынан 25
ұлттық тілде балаларға ана тілін оқытуды жүзеге асыратын екі жүзге тарта
тұрақты жұмыс істейтін жексенбілік мектептер ұйымдастырылған. Мемлекет
Бағдарламаға сәйкес жыл сайын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық
мектептерді дамытуды мемлекеттік қолдауға республикалық бюджеттен қаражат
бөлуді қамтамасыз етеді.
Білім беру сапасын бағалау критерийі тек оқытылатын тілге ғана емес,
білімнің барлық салаларында болашақ мамандарды дайындаудың басқа да
өлшемдеріне байланысты болуы тиіс деп пайымдауымыз қажет. Сондықтан,
мемлекеттік және орыс тілдерінде мамандарды дайындауда орын алған
сәйкессіздіктерді еңсеру үшін, ең алдымен, білім беру сапасын, оқу процесін
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді шынайы нарықтық бәсекелестік жағдайында
бәсеке қабілеттілігіне, бейімделуге қабілеттілігіне тәуелді қамтамасыз
ету қажет.
Алайда білім беруде мамандарды дайындаудың жоғары деңгейін қамтамасыз
ету үшін олардың сапасының жоғары деңгейіне негізделген білім беру
процесінің үздіксіздігі қағидасын жүзеге асыруға, маңызды элементтерінің
бірі тілдік дайындау болып табылатын халықаралық стандарттарды сақтауға қол
жеткізу қажет. Мектепке дейінгі тәрбие кезеңі, жалпы білім беретін мектепте
білім алу уақыты тілді меңгеру үшін өте тиімді жас кезеңі болып есептеледі.
Әлемдік қоғамдастықта ғаламдану процесін ескере отырып, жас ұрпақты
тәрбиелеуді, жаңа жоғары технологиялар өлшемдеріне сәйкес болашақ
мамандарды дайындауды, тілдік көрсеткіштер бойынша ақпараттық шектеулерді
еңсеруді алдын ала қарастыру қажет.
Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасында
білім беру жүйесі болашақ мамандарды дайындауда түрлі тілдерді есепке ала
отырып дамытуға қол жеткізу қажеттігі ұсынылады, бұл тек мемлекеттік тілде
ғана емес, әлемдік тілдердің бірі ретінде орыс тілінде де, тіпті әлемдік
экономикалық және саяси қоғамдастықта басқа елдердің дамуының жалпыға ортақ
ғаламдануы мен өзара тәуелділігінің маңызды факторы болып табылатын
ағылшын, қытай және басқа тілдерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тіл мен қазақ тілі
Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қашықтан оқыту
Мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері
«Тілге құрмет – елге құрмет»
Қазақ тілі - егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Пәндер