Қазақ тілін оқыту әдістемесі- Ахмет Байтұрсынов «Жазу-оқу» деген түрі



Дыбысты әдіс
ӘҢГІМЕЛЕСУ
ОҚУҒА ДАЯРЛАЙТЫН ІСТЕР
ӘРІПТЕРМЕН ТАНЫСТЫРУ
Колданылған әдебиеттер
Былай деп біреулер жазу мен оқу екеуін қабат үйретуді айтады, біреулер оқуды жазу арқылы үйретуді айтады. Әдістің затына соңғы мағынада айтулары дұрыс келеді. Өйткені, бүл әдісті қолдаушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді.
Мұны былай дәлелдейді: «Жазу жоқ кезде оқу жоқ. Оқудан жазу дүниеге бұрын келген. Оқуды жазу тудырған» дейді.
Оқу білмейтін адамды үйреткенде, жазу мен оқудың пайда болған жолымен жүру керек дейді.
Бұл әдістің өзі онша дүниеге көп жайылмағанымен, өзге жайылған әдістерді түзетуге дақылы болады. Мұнан бұрын оқу алда жүріп, жазу соңында жүруші еді. «Жазу-оқу» әдісі шыққаннан кейін оқу мен жазу екеуі қатар жүретін болды. Оқытушылар үйретуді оқудан бастаса, әдістер оқытқанын жаздырып отыратын болды; жазудан бастаса жаздырғанын, ен жазғанын оқытып отыратын болды.
Бұл «оқу-жазу» әдісін орыстар, орыстан үлгі алған Ресейдегі басқа жұртта көп қолданады.
1.Б.Б.Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия. Оқу құралы. – Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы. 2007. - 240 бет.
2.Жаңа мектеп», 1928 N1, 31-37 б .(Мақала «Тіл тағылымы» кітабынан алынды.-Алматы: Ана тілі, 1992)

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі- Ахмет Байтұрсынов Жазу-оқу
деген түрі

Былай деп біреулер жазу мен оқу екеуін қабат үйретуді айтады, біреулер
оқуды жазу арқылы үйретуді айтады. Әдістің затына соңғы мағынада айтулары
дұрыс келеді. Өйткені, бүл әдісті қолдаушылар оқу үйретуді оқудан бастау
дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді.
Мұны былай дәлелдейді: Жазу жоқ кезде оқу жоқ. Оқудан жазу дүниеге бұрын
келген. Оқуды жазу тудырған дейді.
Оқу білмейтін адамды үйреткенде, жазу мен оқудың пайда болған жолымен жүру
керек дейді.
Бұл әдістің өзі онша дүниеге көп жайылмағанымен, өзге жайылған әдістерді
түзетуге дақылы болады. Мұнан бұрын оқу алда жүріп, жазу соңында жүруші
еді. Жазу-оқу әдісі шыққаннан кейін оқу мен жазу екеуі қатар жүретін
болды. Оқытушылар үйретуді оқудан бастаса, әдістер оқытқанын жаздырып
отыратын болды; жазудан бастаса жаздырғанын, ен жазғанын оқытып отыратын
болды.
Бұл оқу-жазу әдісін орыстар, орыстан үлгі алған Ресейдегі басқа жұртта
көп қолданады.

Дыбысты әдіс

Дыбысты әдіспен үйреткендегі істелетін істің негізгі бес түрі:
I) Балалармен әңгімелесу.
Оқу үйретуге де даярлайтын жұмыстар.
Сөзден дыбыстарды айырып шығару.
Әріптермен таныстыру.
Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқыту.

ӘҢГІМЕЛЕСУ. Бұл — балалардың бойын үйрету үшін істеледі. Әңгімелескеннен
кейін балалар оқытушыға үйір болады, оқытушы балалардың жайларын біледі.
Әңгіме арқылы балалар мектептегі нәрселердің аттарымен, жүру-тұру жүзіндегі
тәртіптерімен танысады.
ОҚУҒА ДАЯРЛАЙТЫН ІСТЕР. Бұл - әуелі, сөз деген ұғым мен дыбыс деген не
нәрселер екенін білдіру. Екінші, сөздің ішіндегі дыбыстарды айырту.
Сөз деген ұғымды таныту үшін оқытушы балаларға бір нәрсені ататады. Оның
атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе айтып, неше сөзбен айтылып тұрғанын
сұрайды. Мәселен, балалар тақтай деген болса, оқытушы тақтай үлкен
дейді де, балалардан неше сөзбен айтылып тұр деп сұрайды. Сол жөнімен
бірнеше рет сөздер, сөйлемдер алынып, сұралып өткеннен кейін сөздің
немене екенін біліп кетеді.
Дыбыс ұғымын таныту үшін істелетін тәсіл екі түрлі болады. Біреуі былай:
оқытушы бір дыбысты айтады да, айтқаным не дыбыс деп сұрайды. Балалар
естіген дыбысын айтады. Тағы бір дыбыс алып, тағы солай сұрайды, балалар
сұрағанын айтып береді. Солай бірнеше рет істегеннен кейін балалар дыбыс
дегеннің не нәрсе екенін ұғады. Екінші тәсіл былай істеледі: балалардың
көзін жұмғызып қойып, оқытушы бір нәрсені сылдырлатады, немесе тықылдатады.
Бірақ не істесе де балалардан не естідіңдер? деп сұрайды. Балалар
естігенін айтады. Сонан оқытушы бір дыбысты айтады. Мұны да не естідіңдер
деп сұрайды. Балалар не естігенін айтады, солай бірнеше рет істей, бірнеше
рет сұрағаннан кейін дыбыс деген немене екенін балалар ұғады.
Дыбыс айырту үшін оқытушы өзі не балаларға бірдеме айтқызады. Сонан бір
сөзді алады да, соны әуелі буындап бөлектеп айтады. Буындап бөлектеп
айтқанда буын жіктері ашылып, әр буын бөлектеніп естіледі. Солай бірнеше
сөзді алып айтқаннан кейін балалардың құлағы сөз буынын айыратын болады.
Буынды айыра білгеннен кейін дыбыстарын айыруға түседі. Ол айыруға қолайлы
буын табылатын сөздерді алып, әуелі буынға бөледі де, сонан өзінің керек
қылған буынын алып, дыбыстарын бөлектей айтады, немесе әнге салған сияқты
созып айтады. Балалардың тез айырып үйренуіне соңғысы қолайлы. Буынды созып
айтқанда, оның ішіндегі нендей дыбыс екені біліне қалады. Мәселен, ара
деген сөздің фа деген буынын алып, әр дыбыс пен созып айтса, әуелі р,
сонан соң а естілетіндігін құлақ қазір айыра алады. Мұндағы бір керек
нәрсе, ол - алғашқы кезде алған буындардың әріптері созылатын болу тиіс:
ол дыбыс айыру жұмысын көп жеңілдетеді.
Дыбыстарды айыра білгеннен кейін оларды қоса білуге кіріседі. Дыбыстарды
қосып буын жасап, буыннан сөз жасау керек дейтіндер де бар, керегі жоқ
дейтіндер де бар. Керек деушілердің пікірі де екі бөлінеді: біреулері әріп
көрсетуден бұрын балалар сөзді дыбыстан құрап жасай білуі керек дейді,
екіншілері дыбыс құрастыру әріптермен таныстырып, соларды
құрастырып, сөз қылып, қосар жерде істелу керек дейді. Әуелі, бұл үш түрлі
пікірдің дыбысын құрастыру керек емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл ғылымының атасы
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Пәндер