Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)



Кіріспе
Негізгі бөлім
Инновациялық мектеп жағдайында қосымша білім бағдарламалары арқылы оқытуды бейіндік саралаудың теориялық негіздері
1992 . 2005 жж. аралығында Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақстан Республикасы үшін үлкен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жетілдіру, олардың жаңа түрлерін іздеу, бейімдеу негізінде білім беру саласына да жаңалықтар енгізді.
Білім жүйесінде кеңестік дәуірде қалыптасқан оқушыларды белгілі бір білімдер жиынтығымен қаруландыру принципі қайта қаралып, ендігі жерде алынған білімді пайдалануға үйрету, баланың дара ерекшеліктеріне, қабілетіне, қызығушылығына қарай бейіндік бағыттау алға шықты, сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану көп векторлық сипат алды.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды қажет етеді. Өйткені өмір сүріп келген жүйе үнемі даму үстінде болып отырған қоғамның сұраныстарына жауап бере алмайды. Жалпы білім беретін орта мектептің білім беру мазмұны оқушылар мен ата-аналардың сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Оның үстіне білім деңгейлері арасындағы сабақтастық үзіліп, жалпы орта білім беру мен жоғары білім жеке құрылымдар ретінде өмір сүрді, бұл жағдай өз кезегінде мектеп бітірушілерді жоғары оқу орнында білім алу үшін қосымша даярлау тәрізді артық жүйенің ресми емес түрде пайда болуына алып келді. Осындай жағдайда кәсіби бағдарлау жұмыстары өз мәнінде нәтижесін бере алмай отыр. Міне, мұның бәрі мектеп бітірушілерде өзінің болашағын жоспарлауда таңдауының бұлдырлығын тудырды. Сондықтан осы мәселеге мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп, білім саласын жүйелі реформалау, түбегейлі өзгерістер енгізу қолға алынды. Қалыптасқан жағдайдан шығудың бір шешімі ретінде «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» орта білімнің жоғары сатысында бейіндік оқытуды енгізу жоспарланған болатын. 2006-2007 оқу жылында еліміздің мектептерінің 10 сыныптары екі бағыт (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) бойынша оқытуды бейіндік саралауға кірісіп те кетті. Осы процесс келесі оқу жылынан енгізілетін 12 жылдық білім беруге көшу барысында өзінің заңды жалғасын таппақ.
1 Қазақстанда инновациялық мектептердің қалыптасуының кейбір шарттары //ХХІ ғасырдағы білім мен ғылымның өзекті мәселелері: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (19-20 қыркүйек 2002ж). - Қарағанды: ҚарМУ, 2002. - Б.347-349. (Ш.Қ.Әмірмен авторлық бірлестікте)
2 Қазақ этнопедагогикасының негіздері. - Қарағанды: Санат, 2003. - 33 б. (Ш.Қ.Әмірмен авторлық бірлестікте)
3 Инновациялық мектептер және олардың Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы //Шоқан тағылымы-11: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Көкшетау, 2006. - Б.187-189.
4 Педагогика теориясындағы оқытуды бейіндік саралау мәселесі //Қарағанды университетінің хабаршысы: Педагогика сериясы. - 2006. - №2. - Б. 137-142. (С.Қ.Омаровпен, Б.Ә.Нұркеевамен авторлық бірлестікте)
5 Педагогика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы. - Астана, 2006. (К.Т.Омарова, С.Қ.Омаров, С.В.Кузнецовалармен авторлық бірлестікте)
6 Оқытуды бейіндік саралауға қоғамның сұранысы //Психолого-педагогическое образование на современном этапе: реалии и перспективы: Материалы Международной научно-практической конференции. - Актобе: Издательство Актюбинского государственного университета им. К. Жубанова, 2006. – С.109-111.
7 Бейіндік оқыту Тұжырымдамасының жобасы //Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің даму жағдайы және перспективалары: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. – Б. 72-76.
8 Бейіндік оқытудың Тұжырымдамасын жасаудың кейбір мәселелері //Университет: әлемдік білім кеңістігі жолында: VI Халықаралық Байқоңыров оқулары материалдарының жинағы. Екінші кітап. - Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2006. - Б.79-82.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 371.21:004 (574)
Қолжазба құқында

Мұқатаев Айдос Ағдарбекұлы

Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде
оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы,
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2007
Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің педагогика
кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшілер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор С.Т.Каргин

педагогика ғылымдарының кандидаты
С.Қ.Омаров

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
Қ.Ж.Аганина

педагогика ғылымдарының кандидаты
Ж.О.Жылбаев

Жетекші ұйым: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті

Диссертация 2007 ж. _02__ қазан сағат_10-00__Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (100028, Қарағанды қаласы,
Университет көшесі, 28, №1 кеңейтілген дәрісхана) педагогика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 диссертациялық кеңестің
мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында
танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).

Автореферат 2007 ж. __29__ тамыз таратылды.

Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы К.М.Арынғазин
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақстан
Республикасы үшін үлкен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
әкелді. Бұл өзгерістер оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жетілдіру, олардың жаңа
түрлерін іздеу, бейімдеу негізінде білім беру саласына да жаңалықтар
енгізді.
Білім жүйесінде кеңестік дәуірде қалыптасқан оқушыларды белгілі бір
білімдер жиынтығымен қаруландыру принципі қайта қаралып, ендігі жерде
алынған білімді пайдалануға үйрету, баланың дара ерекшеліктеріне,
қабілетіне, қызығушылығына қарай бейіндік бағыттау алға шықты, сонымен
қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану көп векторлық сипат алды.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа
парадигмасын жасауды қажет етеді. Өйткені өмір сүріп келген жүйе үнемі даму
үстінде болып отырған қоғамның сұраныстарына жауап бере алмайды. Жалпы
білім беретін орта мектептің білім беру мазмұны оқушылар мен ата-аналардың
сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Оның үстіне білім деңгейлері арасындағы
сабақтастық үзіліп, жалпы орта білім беру мен жоғары білім жеке құрылымдар
ретінде өмір сүрді, бұл жағдай өз кезегінде мектеп бітірушілерді жоғары оқу
орнында білім алу үшін қосымша даярлау тәрізді артық жүйенің ресми емес
түрде пайда болуына алып келді. Осындай жағдайда кәсіби бағдарлау жұмыстары
өз мәнінде нәтижесін бере алмай отыр. Міне, мұның бәрі мектеп бітірушілерде
өзінің болашағын жоспарлауда таңдауының бұлдырлығын тудырды. Сондықтан осы
мәселеге мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп, білім саласын жүйелі
реформалау, түбегейлі өзгерістер енгізу қолға алынды. Қалыптасқан жағдайдан
шығудың бір шешімі ретінде Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында орта
білімнің жоғары сатысында бейіндік оқытуды енгізу жоспарланған болатын.
2006-2007 оқу жылында еліміздің мектептерінің 10 сыныптары екі бағыт
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) бойынша оқытуды
бейіндік саралауға кірісіп те кетті. Осы процесс келесі оқу жылынан
енгізілетін 12 жылдық білім беруге көшу барысында өзінің заңды жалғасын
таппақ.
Кейінгі жылдары жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулер
біздің еліміздің білім беру кеңістігіндегі оқыту жүйесінің тұлғаны дамытуда
және үздіксіз процесс ретінде талапқа толық жауап бере алмағандығын
көрсетіп отыр. Сондықтан әртүрлі деңгейде (республикалық, аймақтық) осы
мәселенің шешімін іздестіру оқытудың ұйымдық түрлерінің баламалылығын
дүниеге әкелді, яғни білім нарығында білім беру мекемелерінің жаңа түрлері
қалыптасты. Білім мазмұны мен оны жүзеге асыру жолдарын әлемдік тәжірибені,
педагогика ғылымының жаңалықтарын бейімдеу арқылы жетілдіруге бағыт алған
мұндай оқу орындары инновациялық мектептер деген атауға ие болды.
Білім беру жүйесін реформалауда қалыптасып отырған осындай жағдайда
оқытуды бейіндік саралау, инновациялық процестер, инновациялық мектептер
мәселелері, қосымша білім бағдарламаларын қалыптастыру, практикаға енгізу
және басқа да олардың жекелеген аспектілері көкейкесті болып, отандық және
шетелдік педагог ғалымдардың назарын өзіне аударып отыр.
Мәселен, педагогика тарихы тұрғысынан жалпы білім берудің тарихи-
педагогикалық негіздері А.Н.Ильясова, Ә.И.Сембаев, Т.Т.Тәжібаев,
Б.Бержанов, К.Қ.Құнантаева, Г.М.Храпченков, В.Г.Храпченков, т.б.
еңбектерінде қарастырылады. Сол сияқты қазақстандық ғалымдар Ш.Ә.Әбдіраман,
Б.Ә.Әбдікәрімов, Ғ.З.Әділгазинов, Е.З.Батталханов, З.А.Исаева,
Ғ.М.Кертаева, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, М.С.Мәлібекова, Ж.Ж.Наурызбай,
Қ.А.Сарбасова, Л.А.Шкутина, т.б. қоғам сұранысына сәйкес оқушы тұлғасын
қалыптастыру, оның тұлғалық өзегі – дүниетанымын қалыптастыру, оны
қалыптастырушы – педагогтың ғылыми-әдістемелік даярлығын жетілдіру және
педагогикалық процесті ұлттық реңкте құру мәселелеріне жан-жақты тоқталып
өтеді.
Оқыту процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін, олардың бейімдері мен
қабілеттерін, қызығушылықтары мен сұраныстарын есепке алу мәселесіне
педагогика ғылымының классиктері П.П.Блонскийдің, П.Ф.Каптеревтің,
Я.А.Коменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Ы.Алтынсариннің, С.Т.Шацкийдің, т.б.
еңбектерінде ерекше мән беріледі.
Кеңестік ғалымдар А.А.Бударный, И.Г.Бутузов, Н.К.Гончаров, А.А.Кирсанов,
Е.С.Рабунский, Н.М.Шахмаевтар оқытуды даралау мен саралаудың жалпы
мәселелеріне байланысты зерттеулер жүргізген. Бұл орайда әсіресе И.Унттың
еңбектері біз үшін құнды болып табылады. Г.В.Дорофеев, А.А.Каверина,
Ю.М.Колягин, Л.В.Кузнецова, В.М.Монахов, В.А.Орлов, С.Б.Суворова,
М.В.Ткачева, Н.Е.Федорова, В.В.Фирсов, Д.А.Эпштейн, Ю.Д.Хацинская,
С.И.Шварцбурд, т.б. жеке пәндер және факультатив сабақтар аясында саралау
мәселелеріне тоқталады. Оқытуды бейіндік саралаудың шетелдік тәжірибесін
А.Н.Джуринский, Н.Е.Воробьев, Н.В.Иванова, А.К.Савина, т.б. өз
зерттеулеріне өзек етіп алды. Бейіндік оқытуға көшу шеңберінде оны
ұйымдастыру мәселелері Д.Ермаков, Л.Гаджиева, В.Гузеев, Г.Петрова
еңбектеріне арқау болды.
Сол сияқты қазақстандық ғалымдар Қ.М.Арынғазин, Б.А.Әлмұхамбетов,
М.Жадрина, С.Т.Каргин, М.Ковжасарова, Д.М.Қазақбаева, И.Марченко,
С.Д.Мұқанова, С.Қ.Омаров, К.А.Сарманова, Л.С.Сырымбетова, Н.Тен, т.б.
саралаудың әр әр түрлі аспектілерін қарастырады.
Инновация, инновациялық процесс, инновациялық мектеп мәселелері де
педагогика теориясы мен практикасында өіндік орнын алған. Бұл мәселелер
В.Ф.Взятышев, В.Кваша, А.И.Кочетов, Д.М.Перминова, М.М.Поташник,
А.И.Пригожин, Л.И.Романкова, И.И.Цыркун, Н.Р.Юсуфбекова, В.Е.Шукшунов, т.б.
зерттеулерінде әр қырынан зерттеледі. Сонымен қоса аталмыш мәселелер
отандық ғалымдар Ш.Қ.Әмір, Ж.О.Жылбаев, С.Н.Лактионова, Ш.Т.Таубаева,
А.В.Перминов, т.б. зерттеу объектісі болып табылды. Қазақстандағы
инновациялық мектептердің тарихы Т.Линчевская, Р.Масырова, И.Н.Шевченко
еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Инновациялық мектептер оқушы тұлғасының дамуының бағыттылығын қамтамасыз
ету мақсатында өздеріне нормативтік деңгейде берілген артықшылықтарды,
кеңірек айтқанда қосымша білім бағдарламаларын пайдалана отырып бейіндік
саралай оқытуды негізге алады, осы тұрғыда елімізде өткен 15 жыл мерзімде
көлемді тәжірибе жинақталды. Бейіндік оқытуға көшу жағдайында біздің
ойымызша, осы тәжірибені ғылыми-теориялық жағынан рәсімдеу, талдау оны одан
әрі жетілдіруге, практика жүзінде одан әрі қолданылуының тиімділігін
арттыруға мұрындық болады.
Дегенмен, отандық педагогика тарихында инновациялық мектептерде бейіндік
саралаудың қолданылуы, оның құралы ретінде қосымша білім беру
бағдарламаларының орны жеткілікті деңгейде зерттелмеген деп айтуға негіз
бар.
Сондықтан педагогика ғылымында инновациялық мектептердегі бейіндік
саралауда тәжірибенің жинақталуы мен оның ғылыми-теориялық тұрғыда талдану
және бүгінгі күні өзекті болып отырған бейіндік оқытуды енгізуде оның
позитивті және негативті тәжірибесін ескере отырып, жаңа талаптарға
негіздеп, бейімдеп пайдалану қажеттігі арасындағы қайшылықты шешуге
бағытталған зерттеу жүргізу қажеттілігі туындады, міне, бұл біздің зерттеу
жұмысымыздың проблемасының мәнін анықтап, тақырыпты Қазақстан инновациялық
мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік
саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.) деп алуға негіз болды.
Зерттеліп отырған проблеманы инновациялық мектептердегі қосымша білім
бағдарламаларын пайдалану тұрғысынан қарастыру біріншіден, аталған мерзімде
оқытуды бейіндік саралауды жүзеге асыру осы мектептерде толыққанды
жүргізілуімен, екінші жағынан оның негізгі құралы – қосымша білім
бағдарламалары болып табылуымен байланысты.
Зерттеудің хронологиялық шеңберін таңдау нақ осы мерзімде бейіндік
саралау процесінің бір ізге түсуімен, жүйеленуімен және белсенді жүруімен
түсіндіріледі. Оның үстіне 1992 жылы Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңының қабылдануымен инновациялық мектептер берік құқықтық
мәртебеге ие болды. Жекелеген жағдайларда қалыптасқан жағдайды тарихилық
және жүйелік тұрғыдан талдау негізінде тұтас, толыққанды нәтижеге қол
жеткізу мақсатында аталған уақыт шеңберінен шығуға мәжбүр боламыз.
Зерттеудің объектісі – инновациялық мектептердегі бейіндік саралау
процесі.
Зерттеудің пәні – қосымша білім бағдарламалары негізінде жүргізілген
республиканың инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралау.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының инновациялық
мектептеріндегі қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік
саралаудың дамуын талдау, сипаттау және оның позитивті тәжірибесін
практикада қолдану мүмкіндігін анықтау.
Зерттеудің болжамы – егер инновациялық мектептердегі оқытуды бейіндік
саралаудың дамуын талдау оның алғышарттарын, осы процестің негізгі
тенденцияларын анықтаса, онда қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы
мектептерде бейіндік оқытуды енгізуде жинақталған оң тәжірибені қолдану
мүмкіндігі артады, өйткені, оның позитивті және негативті жақтары ашылады
және бұл оларды бүгінгі күн жағдайында пайдаланудың шарты болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
оқытуды бейіндік саралау мәселесінің генезисін ғылыми-теориялық талдау;
Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың дамуының
тарихи-, ғылыми-педагогикалық және құқықтық-нормативтік алғышарттарын
айқындау;
қазақстандық инновациялық мектептердегі қосымша білім бағдарламалары арқылы
бейіндік саралаудың дамуын талдау, позитивті және негативті тәжірибесін
бөліп көрсету;
инновациялық мектептердегі қосымша білім бағдарламалары арқылы бейіндік
саралаудың позитивті тәжірибесі негізінде бейіндік оқытуды іске асыру
моделін жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: инновациялық мектептерде қосымша білім беру
бағдарламалары негізінде бейіндік саралаудың дамуын талдау жинақталған оң
тәжірибені анықтауға, оның позитивті және негативті нәтижелерін бейіндік
оқытуды іске асыруда ескеруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің әдіснамалық негізін философия, педагогика ғылымындағы
теориялық-әдіснамалық теориялар, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар
туралы қағидалар, философиялық ілімдер, тарихи-педагогикалық құбылыстарды
зерттеудегі объективтілік, жүйелілік теориясы туралы ілімдер құрайды.
Зерттеудің әдістері:
жалпығылыми: логикалық, жүйелі-құрылымдық, нидуктивтік, дедуктивтік, т.б.;
тарихи: тарихи-салыстырмалы, тарихи-генетикалық, ретроспективалық, т.б.;
педагогикалық: теориялық және эмпирикалық (ғылыми-педагогикалық әдебиетті,
архив материалдарын, мектеп құжаттарын зерттеу және талдау, педагогикалық
мәліметтерді жүйелі және статистикалық талдау, т.б.).
Зерттеудің көздері:
заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар;
зерттеу тақырыбына байланысты ресми құжаттар (оқу жоспарлары,
бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер);
зерттеу проблемасына қатысты ғалымдардың еңбектері, ғылыми-теориялық
материалдар, мерзімді басылымдар жарияланымдары;
инновациялық мектептердегі бейіндік саралау бойынша жұмыс тәжірибесін
көрсететін мектеп құжаттары.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2001-2003 жылдар) зерттеу процедурасы жасалып,
проблеманың теориясы, тарихы мен қазіргі жағдайы қарастырылды; зерттеудің
әдіснамалық базасы, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, болжамы, жетекші
идеясы анықталды; материалдар жинақтау басталды.
Екінші кезеңде (2003-2006 жылдар) оқу-әдістемелік, статистикалық
материалдарды жинақтау, ғылыми-теориялық талдау, жүйелеу және қорытындылау
жүргізілді, зерттеу проблемасы нақтыланды.
Үшінші кезеңде (2006-2007 жылдар) материалдарды теориялық өңдеу, алынған
мәліметтерді жүйелеу және қорытындылау жүргізілді; қорытындыларды рәсімдеу
аяқталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
оқытуды бейіндік саралау мәселесінің генезисі ғылыми-теориялық тұрғыда
талданды;
Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың дамуының
тарихи-, ғылыми-педагогикалық және құқықтық-нормативтік алғышарттары
айқындалды;
инновациялық мектептердегі қосымша білім бағдарламалары арқылы бейіндік
саралай оқыту мазмұнының даму тенденциялары мен ерекшеліктерін талдау
барысында оқытуды бейіндік саралаудың кезеңдері анықталып, жіктемесі
жасалды;
республиканың инновациялық мектептеріндегі қосымша білім бағдарламалары
негізінде оқытуды бейіндік саралаудың позитивті және негативті тәжірибесі
анықталды;
Қазақстан инновациялық мектептеріндегі қосымша білім бағдарламалары арқылы
оқытуды бейіндік саралау тәжірибесі негізінде бейіндік оқытуды іске
асырудың моделі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу нәтижелері бейіндік оқытуды жүзеге асыратын мектеп әкімшілігі
мен мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік даярлығын жетілдіруде (мектептерде
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік мәселелері оқыту
семинары, Бейіндік оқытуды ұйымдастыру оқу құралы, Бейіналды даярлыққа
және бейіндік оқытуға арналған вариативті білім беру бағдарламалары
жинағы), болашақ педагогтарды даярлау барысында (Жалпы педагогика пәнінің
типтік оқу бағдарламасына, педагогикалық мамандықтар студенттерінің
педагогикалық практикасын ұйымдастыру бағдарламаларына практиканттарды
мектептердегі бейіндік оқытудың жайымен таныстыру мақсатында толықтырулар,
050110 – Физика мамандығына арналған Бейіндік оқыту мәселелері арнайы
курсы, Педагогика. Оқытудың несиелік жүйесіндегі сабақтар оқу құралы)
қолданылды.
Ұсынылған Бейіндік оқытуды іске асырудың моделі жалпы орта білім беру
жүйесіне бейіндік оқытуды енгізуде қолданылуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Оқытуды бейіндік саралаудың теориялық негіздеріне педагогика теориясындағы
саралап оқыту, тұлға дамуындағы даралау, білім беру мазмұнын қалыптастыру
концепциялары жатады және тарихи-педагогикалық алғышарты – педагогика
тарихы мен шетелдік және отандық педагогика практикасындағы оның
тәжірибесі, ғылыми-педагогикалық алғышарты – оны білім алушылардың
сұраныстарына, қызығушылықтары мен бейімдеріне байланысты оқыту процесінің
принциптеріне негіздеп жүргізу, құқықтық-нормативтік алғышарттары - осы
кезеңде қабылданған Білім туралы Заңдар, оқу жоспарлары, білім берудің
жалпыға міндетті стандарты, ҚР гимназиялары мен лицейлерінің жұмысын
ұйымдастыру туралы Ережелер болып табылады.
Қазақстанның инновациялық мектептерінде оқытуды бейіндік саралау а) оқу
жоспарларының нұсқаларын таңдау; ә) олардың вариативті бөлігін тиімді
іріктеу; б) инновациялық мектептерге берілген қосымша білім бағдарламаларын
енгізуге байланысты құқықтық-нормативтік артықшылықтарды пайдалану
негізінде жүргізілді;
Қазақстан инновациялық мектептерінде оқытуды бейіндік саралаудың негізгі
құралы – болашақ кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктеріне бағдарлау, базалық
пәндік білімді толықтыру және тереңдету, пәнаралық интеграция функцияларын
атқаратын және оқушылардың дара ерекшеліктері мен сұраныстарын есепке алу,
интерактивтілік, тұлғалық-іс-әрекеттік және субъект-субъектілік қатынас
принциптеріне сүйене отырып жасалған қосымша білім бағдарламалары болып
табылады;
Қазақстан гимназиялары мен лицейлеріндегі оқытуды бейіндік саралау үш
кезеңде (1-кезең – бейіндер бойынша оқытудың негізінің салынуы; 2-кезең –
құқықтық-нормативтік артықшылықтар арқылы бейін мазмұнының нақтылануы; 3-
кезең – жинақталған тәжірибені ғылыми негіздеуге әрекет) жүзеге асты;
инновациялық мектептерде оқытуды бейіндік саралау бейін саны, бейін
бағыттылығы, бейіндерді қалыптастыру және білім жүйелеріне кіріктірілуі
бойынша жіктеледі;
бейіндік оқытуды тиімді іске асыру үшін ұсынылған Қазақстан инновациялық
мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралау тәжірибесі негізінде жасалған,
бейіндік оқытуды теориялық-әдіснамалық, құқықтық-нормативтік, ұйымдық-
педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді көздейтін бейіндік
оқытуды іске асыру моделі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі зерттеу әдіснамасының қойылған
проблемаға сәйкестігімен, зерттеу объектісінің, оның мазмұндық және процес-
суалдық сипаттарының теориялық деңгейде жан-жақты қарастырылуымен, зерттеу
объектісіне байланысты Қазақстанның әр аймағындағы инновациялық
мектептердің жұмыс тәжірибелерінің талдануымен, оларды іс жүзінде қолдануға
болатынымен және зерттеушінің осы бағыттағы практикалық жұмыс тәжірибесімен
қамтамасыз етілді.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерін байқаудан өткізу
түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда (халықаралық –
Қарағанды, Көкшетау-Тюмень, Жезқазған, Ақтөбе; республикалық – Қарағанды,
Павлодар; аймақтық - Қарағанды) баяндама жасау, ғылыми журналдарда
мақалалар жариялау (Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы,
Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы Ізденіс, Ұлт тағылымы)
және Қарағанды облысының орта мектептерінде (Қарағанды қаласындағы №92
қазақ гимназиясы, №12 орта мектеп, Ақтоғай ауданының Күләш Байсейітова,
Қазбек Нұржанов атындағы орта мектептерінде) дәрістер оқу мен семинарлар
ұйымдастыру арқылы жүргізілді.
Диссертациялық зерттеу жұмысының көлемі мен құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер
көрсеткішінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбы негізделіп, зерттеудің ғылыми аппараты
сипатталған: мақсаты, объектісі, тақырыбы, міндеттері, болжамы, әдіснамалық
негізі, зерттеудің әдістері мен кезеңдері, оның ғылыми жаңалығын негіздеу,
теориялық және тәжірибелік мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар,
дәлелділігі, зерттеу жұмысының нәтижелерін байқаудан өткізу баяндалады.
Инновациялық мектеп жағдайында қосымша білім бағдарламалары арқылы
оқытуды бейіндік саралаудың теориялық негіздері деп аталатын бірінші
тарауда педагогика теориясы мен практикасындағы оқытуды бейіндік саралау
генезисі, бейіндік саралау жүзеге асырылып отырған инновациялық
мектептердің қалыптасуы мен дамуының алғышарттары және оқытуды бейіндік
саралауды іске асырудың негізгі құралы ретіндегі қосымша білім
бағдарламаларының орны сөз болады.
1992 – 2005 жж. аралығында Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша
білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың мазмұны атты
екінші тарауда жалпы білім беру мазмұны және оны инновациялық мектептерде
қосымша білім бағдарламалары арқылы саралаудың құқықтық-нормативтік
шарттары, Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралауды
қосымша білім бағдарламалары негізінде іске асырудың барысы және Қазақстан
инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралау тәжірибесін бейіндік
оқытуға көшу жағдайында пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылады.
Қорытындысында жалпы тұжырымдар жасалып, ғылыми негізделген ұсыныстар
және бұл өзекті мәселенің болашақта зерттелу мүмкіндігі анықталған.

Негізгі бөлім

Бүгінгі күні біздің еліміздің ғалымдары алдында білім беру саласының
даму жолын қайтадан, жаңа көзқарас тұрғысынан қарастыру міндеті тұр. Ғылыми-
педагогикалық еңбектерде білім туралы сөз болғанда оқушылардың
сұраныстарын, қызығушылықтарын ескеру, оқыту процесін әр бейінде, оқу
материалын игердің түрлі топтарына негіздеп құру мәселелері көтеріледі.
Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және
қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға
сәйкестендіруден шығып отыр. Олар оқытуды саралаудың түрлі
тұжырымдамаларында көрсетілген.
Қазіргі педагогика теориясы мен практикасында саралауға қатысты саралай
оқыту саралық тұрғыдан келу, бейіндік саралау, т.б. ұғымдар кең
тараған. Саралау сөзі латынша differentia - ерекшелеу, айырмашылық
сөзінен шыққан, тұтасты бөліктерге, формаларға, сатыларға жіктеу, мүшелеу,
айыруды білдіреді, олай болса саралау міндетін оқушыларды оқыту процесінде
оқытудың басты мақсатына жету және әр оқушының ерекшеліктерін есепке алу
болып табылатын әрекет ретінде түсіну керек.
Саралай оқыту ұғымына ғалымдар түрлі мағынада анықтамалар бергенмен,
барлығының ортақ идеясы осыған саяды.
Оқытуды саралауды педагог ғалымдар негізінен деңгейлік және бейіндік деп
екіге бөліп қарастырады. Оқытуды бейіндік саралау оқушылардың әр түрлі
топтарының материалдың мазмұны, көлемі, қарастырылатын мәселелері
ерекшеленетін бағдарламалармен оқытылуын, сол сияқты оқытудың кәсіби
бағдарлануын меңзейді. Бейіндік оқытудың бір түрі – оқушылардың пән бойынша
білімінің деңгейін көтеретін, сол арқылы жоғары нәтижелерге жетуге
мүмкіндік беретін пәндерді тереңдетіп оқыту. Бейіндік саралау мектептің
жоғарғы сатысындағы фуркацияның демократиялық және кең формасы болып
табылады.
Оқытуды бейіндік саралаудың генезисін ғылыми-теориялық талдау қай
уақытта да оның педагогика ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болғанына
көз жеткізді.
Сонымен, оқытуды бейіндік саралаудың теориялық негіздері болып
педагогика теориясындағы саралап оқыту (И.Э.Унт, З.И.Калмыкова,
А.А.Кирсанов, В.В.Фирсов, Ю.К.Бабанский, С.Д.Муканова, т.б.), тұлға
дамуындағы даралау (С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Ю.М.Орлов, И.Э.Унт, т.б.),
білім беру мазмұнын қалыптастыру (Б.С.Гершунский, В.В.Краевский,
В.С.Леднев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, М.Ж.Жадрина, Қ.Ж.Аганина, т.б.)
концепциялары табылады.
Қазақстан мектептерінде оқытуды бейіндік саралау негізінен инновациялық
мектептерде жүзеге асырылып келді. Елімізде оқытуды бейіндік саралаудың
жүргізілу барысын толық түсіну үшін мектептердің осы типтерінің
ерекшеліктерін, олардың жұмысының ғылыми-педагогикалық негізін қарастыру
қажеттігі туындайды, себебі мәселені толық ашу үшін оның жүргізілу ортасын
және жағдайын, яғни инновациялық мектептердің қалыптасуының ғылыми-
педагогикалық негіздерін талдау керек болады.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңынан бастап кеңестік білім жүйесінде
мектептердің жаңа типтері пайда бола бастайды. Олар жалпы жаңа типті
мектептер, инновациялық мектептер деген атқа ие болды. Осындай
мектептердің ең басты ерекшелігі – өз жұмыстарында жан-жақты, үйлесімді
дамыған тұлға даярлау мақсатында педагогикалық инновацияларды кеңінен
қолдану болғандықтан оларды инновациялық деп атауға толық негіз бар деп
есептейміз. Себебі, ол мектептердің статусының өзі үнемі ізденіске,
педагогикалық процесті жоғары деңгейде ұйымдастыруға итермелейді. Сонда
инновациялық мектеп - үнемі ізденісте болатын, жаңа енгізулерді батыл
және тиімді пайдаланатын, оқу-тәрбие процесінде ерекшелігі бар мектеп болып
табылады. Сонымен, мектептің инновациялылығы деңгейінің онда жүретін
процестердің инновациялылығымен анықталатынына, бұл инновациялық
процестердің өзіндік құрылымы, заңдары мен принциптері болатынына көзіміз
жетті. Мұндай сипаттамаға мектептердің салыстырмалы түрде жаңа типтері –
гимназиялар мен лицейлер сәйкес келеді. Біз өз жұмысымызда инновациялық
мектептер ұғымы аясында осындай мектептерді қарастыратын боламыз.
Қалыптасқан анықтамаларға сәйкес гимназия – негізгі және қосымша жалпы
білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі
мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін,
жалпы орта білім беретін оқу орны болса, лицей - негізгі және қосымша жалпы
білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды кәсіби бағдарлап
оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін оқу орны болып табылады.
Инновациялық мектептердің басты артықшылықтарының бірі – оның оқу
жоспарының оқушылардың қабілеттері мен бейімдеріне, сұраныстары мен
қызығушылықтарына қарай сараланған білім беруге жан-жақты мүмкіндік
беруінде. Міне, осы артықшылық негізінде еліміздің инновациялық мектептері
оқытуды бейіндік саралауды іске асыра алып отыр. Бұл жерде оқытуды бейіндік
саралаудың негізгі құралы – қосымша білім бағдарламалары болып табылады.
Қосымша білім беру бағдарламалары азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің
білімге және мәдениетке деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру
мақсатында іске асырылады. Қосымша білім беру бағдарламаларына тиісті
мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарынан тыс жалпы білім беру
және кәсіби даярлық жүргізетін бірім беру ұйымдарында, қосымша білім беру
ұйымдарында, жеке педагогикалық қызмет арқылы іске асырылатын әртүрлі
бағыттағы білім беру бағдарламалары жатады.
2002 жылы бекітілген Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жапыға міндетті стандартында қосымша білім беру бағдарламасы
аясында оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеріп құрылған
факультативтік, таңдау курстары және жеке бағдарламалар арқылы жүзеге
асырылатын, оқу пәндері бойынша мемлекеттік стандарттардан тыс білім
мазмұнын анықтайтын білім беру бағдарламалары көрсетіледі.
Қазақстан мектептері 1990-2005 жылдар арасында оқу процесін бірнеше оқу
жоспарлары және білім берудің мемлекеттік стандарттарына негіздеп жүргізді
(1990 жылғы 20 сәуірде қабылданған 1990 – 1993 жылдарға арналған оқу
жоспарлары, Жалпы білім беретін күндізгі оқу орындарының 199495-199798
оқу жылдарына арналған базистік оқу жоспары және оқу жоспарының нұсқалары,
2.003 – 2002 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің жалпыға
міндетті стандарты), Гимназиялар мен лицейлер де өздерінің білім мазмұнын
осы құжаттар негізінде анықтады.
Өзгеріске түскен оқу жоспарлары инновациялық мектептердің өздерінің
мақсат-міндеттеріне сай білім мазмұнын іріктеуге және жүзеге асыруға
мүмкіндік берді. Сөзімізді дәлелдей түсу үшін әр жылдардағы жоғары сатының
оқу жоспарларының бөліктеріне салыстырмалы талдау жасадық (сурет 1):

Сурет 1 – Жоғары сатының оқу жоспарлары бөліктерінің арақатынасы

Қазақстан гимназиялары мен лицейлеріне оқытуды бейіндік саралауға оқу
жоспарларының осындай ерекшеліктерімен қатар, осы мекемелердің жұмысын
ұйымдастыруға арналған типтік Ережелер де үлкен мүмкіндіктер берді.
Мәселен, мұндай Ережелер 1996 жылы жасалды, олар 2000 жылы толықтырылып,
қайтадан жасалып шықты.
Сөз болып отырған Ережелерде Қазақстан лицейлері мен гимназияларында
қосымша білім бағдарламаларын іске асыру үшін берілетін артықшылықтар
туралы айтылады. Мәселен, гимназия және лицей оқушыларының қалауы бойынша
қосымша курстар мен факультатив сабақтар (әр сыныпқа 4 сағат) және
үйірмелер мен клубтар, ғылыми қоғамдар мен студиялар, т.б. ұйымдастыру үшін
әр сыныпқа 0,25 еңбек ақы мөлшерінде, сол сияқты элективті курстар мен
келісім-шарт негізінде жоғары дәрежелі арнайы дәрістерге ақы төлеуге жылына
1500 сағат есебінен қаржы бөлінетіні көрсетілген. Бұл – оқытуды бейіндік
саралауды, сол арқылы бейінді оқытуды жүзеге асыру үшін қосымша білім беру
бағдарламаларын жүргізуге, базистік оқу жоспарына осы бағытта тиісті
қосымшалар енгізуге басқа мектептерге қарағанда ерекше жағдайлар жасалды
деген сөз.
Еліміздегі инновациялық мектептер өз қызметін Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңы мен білім саласындағы басқа да нормативтік құжаттарға
және тиісті үлгідегі оқу орындарының қызметін ұйымдастыру туралы
Ережелерге, Қазақстан Республикасының 2.003 – 2002 жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (БМЖМС) мен өз Жарғыларына сәйкес
жүзеге асырады, осы аталғандар еліміздің инновациялық мектептері үшін
оқытуды бейіндік саралауды іске асырудың құқықтық-нормативтік шарты болып
табылды.
Зерттеу жұмысы қамтып отырған уақыт аралығында республика бойынша
қалыптасқан жағдайды объективті бағалап, бейіндік саралаудағы жалпы
тенденцияларды нақты анықтау мақсатында Қазақстанның әр аймағының
гимназиялары мен лицейлерінің жұмыс тәжірибесін қарастырдық. Уақыт өте
келе, жинақталған тәжірибені тиімді және түзете пайдалана отырып, еліміздің
гимназиялары мен лицейлері бүгінгі күні оқытуды бейіндік саралауда
көсбасшылық танытып отырғанына көзіміз жетті.
Қазақстанның инновациялық мектептерінде, оның ішінде гимназиялары мен
лицейлерінде жүргізілген оқытуды бейіндік саралау барысын талдау мынадай
қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: инновациялық мектептер өз жұмыстарын
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі (кейіннен Білім және ғылым
министрлігі) бекіткен оқу жоспарлары негізінде жүргізді. Білімнің базалық
деңгейі бәріне ортақ болып, оқытуды саралау қосымша білім беру
бағдарламаларын осы жоспарлардың вариативті бөлігіне енгізу арқылы іске
асырылды.
Инновациялық мектептер оқытуды бейіндік саралауды жүзеге асыруда саралай
білім беру; оқытудың саралаудың дамытушылық сипаты; саралаудың іс-әрекеттік
сипаты; вариативтілік; білім беру процесінің қоршаған ортамен қатынасы;
даралау принциптерге сүйенді.
Оқытуды саралау барысында оқушылардың қызығушылықтары мен бейімдерін
есепке алу, соған сәйкес бейіндер ұйымдастыру, бейіндер мазмұнының
тереңдігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік институттармен қарым-қатынас
жасау, оқу жоспарының вариативті бөлігін қамсыздандыру міндеттері шешілді.
Оқу жоспарының вариативті бөлігінің уақыт өте келе ұлғаюы қосымша білім
бағдарламалары арқылы бейіндердің мазмұнын толық ашуға мүмкіндік берді.
Яғни, қазақстандық инновациялық мектептерде оқытуды бейіндік саралаудың
негізгі құралдары – оқу жоспары және қосымша білім бағдарламалары болып
табылатыны анық.
1992 – 2005 жылдардағы Қазақстан гимназиялары мен лицейлерінің бейіндік
оқытуды жүзеге асыруы тәжірибесін сараптау осындай мектептердегі
бейіндеудің жіктемесін ұсынуға мүмкіндік береді (кесте 1):

Кесте 1 – Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік
саралаудың жіктемесі

№ Жіктеу негізі Бейіндеу түрлері
1 Бейін саны бойынша Бір бейінді және көпбейінді
2 Бейін бағыттылығы бойынша Гуманитарлық;
Жаратылыстану-математикалық;
Экономикалық;
Құқықтық-заңдық, т.б.
3 Бейіндерді қалыптастыру бойынша Конкурстық негізде;
Оқушылардың дара ерекшеліктерін есепке
алу негізінде конкурссыз
4 Білім жүйелеріне кіріктірілуі Дербес;
бойынша Сәйкес ЖОО базасында құрылған

Жоғарыда айтылғандардың негізінде 1992 – 2005 жылдары Қазақстанның
инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралау өз дамуында негізгі
үш кезеңнен өткені байқалды (кесте 2):

Кесте 2 – Қазақстанның инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік
саралаудың даму кезеңдері

Кезеңдер Уақыты Сипаты
1 1990 – 1993 жылдар Бейіндер бойынша оқытудың негізі
салынуы. Саралап оқытудың
құқықтық алғышарттары жасалуы.
Шетелдік тәжірибе бойынша қосымша
білім бағдарламаларын енгізу,
бейімдеу
2 1994 – 2002 жылдар Бейіндер мазмұнының нақтылануы.
Қосымша білім бағдарлама-ларын
бейімдеп пайдалану. Оқытуды
саралауға қосымша
құқықтық-нормативтік
артықшылықтардың берілуі.
Базистік оқу жос-парының және
көпнұсқалы типтік оқу жоспарлары
негізінде оқытуды бейіндік
саралау өрісінің кеңеюі, оқу
жоспарының вариативтік бөлігінің
ұлғаюы
3 2002 – 2005 жылдар Білім берудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп
Бейіндік оқытудың жүйесі
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Мектепішілік бейіндік оқыту
Бейіндік оқу
Пәндер