Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы



Кіріспе
І Қазақстан.Ресей қарым.қатынастары 5
1.1 Халықаралық қатынастар түсінігі 5
1.2 Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесінде алатын
орны 6
ІІ Қазіргі кезеңдегі Қазақстан.Ресей экономикалық қатынаста.
рының өзекті салалары мен бағыттары 8
2.1 Отын.энергетика саласындағы ынтымақтастық 8
2.2 Екі жақты сауда қатынастары 11
2.3 Қазақстан мен Ресей арасындағы жан.жақты қарым.қатынас 15
2.4 Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың жетістіктері 18
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 24
26
Осы тақырыптағы зерттерулерді шартты түрде топтастыруға болады. Бірінші және ең үлкен топты Қазақстан мен Ресей қатынастары және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы аясындағы байланыстарына арналған әдебиеттер құрайды. Келесі топқа екіжақты байланыстардың жекелеген салалары мен өзекті бағыттары зерттелген монографиялар, авторлар тобымен жазылған жинақтар біріктірілген. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық, оның жекелеген салалары мен қазіргі жай-күйі мерзімді басылымдарда тереңірек қарастырылады.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екіжақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.
Посткеңестік аумақтағы интеграциялық үрдістер Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Мәселен, Кеден одағы, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар екі ел арасындағы кейбір экономикалық, кеден мәселелерін шешуге септігін тигізуде. Өз кезегінде, Қазақстан мен Ресей тарапынан көтерілген бастамалар интеграцияның тереңдеуіне үлес қосып келеді. Тіпті, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей интеграцияның қозғаушы күші ретінде танылады. Осы орайда, диплом жұмысының арнаулы бөлімін жазу барысында аталмыш сала мамандары – Н.Исингарин, Е. Жоламанов, В.Алесин, С.Прімбетов және т.б. авторлар еңбектерін атап өткен жөн.
1 Инвестиции как фактор повышения конкурентоспособности национальной экономики. //Инвестиционные процессы в развитии экономики Республики Казахстан. Материалы Республиканской научно-практической конференции 18-19 июня 1999г.//Алматы: Университет «Улагат»,1999.-с.9-14.- 0,38 б.т.
2 Состояние экономики Казахстана и возможность ее интеграции. //Экономикалық реформалар: өтпелі кезеңнің ерекшеліктері. Ғылыми еңбектер жинағы.// Алматы. Экономика.1999.14-20б.- 0,44 б.т.
3 Экономические связи Казахстана с республиками СНГ. //Ашық нарықтық экономикасының дамуы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақалалары, халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылына арналған. //Алматы,1999,с.204-209. – 0,38 п.л.
4 Математическое моделирование разомкнутой экономической системы. //Қазахстан ғасырлар тоғысында: реалдар және болашақтағы жоғарғы экономикалық білім беру. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақалалары. Ғылыми еңбектер жинағы//Алматы: Экономика,1999,.208-214б.- 0,44 б.т.
5 Рождение капитала в условиях макроэкономической интеграции. //Журнал “КазМБА Жаршысы“, №4,1999,67-70б. - 0,25 б.т.
6 Интеграция как фактор усиления конкурентоспособности. //Научные труды экономистов Казахстана о развитии конкурентоспособности местного бизнеса. Сборник паучных трудов. //Астана, 2003ж., 223-234б.– 0,69 б.т.
7 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің барысы.//Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар (IV бөлім). Т.Рысқұловтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми тәжірибелік канференция 18-20 мамыр 2005ж. //Алматы.Экономика. 2005.-142-148б.- 0,44 б.т.
8 Конкурентоспособность и особенности национального хозяйства экономики РК. // «Бірінші Рысқұлов Оқулары». Халықаралық ғылыми -зерттеу конференциясының мақалалары, 2-Бөлім. 18-20 мамыр 2006ж. //Алматы.Экономика. 2006.-142-148б.- 0,44 б.т.
9 Анализ переговорного процесса вступления Казахстана в ВТО//«Қазахстанда экономикалық ой-сананың дамуы» - белгілі ғалым э.ғ.д., профессор Қабдиев Дуйсенхан Кабдиевичтің 80-жылдық мерейтойына арналған. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. Ғылыми еңбектер жинағы//Алматы:Экономика,2006.-0,56 б.т.
10 Конкурентоспособность как основной фактор интеграции //Социально-экономические и правовые проблемы в условиях вхождения Республики Казахстан в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Материалы международной научно-практической конференции. (11 мая 2007 г.) //Алматы: Научное издание Казахская Академия Труда и Социальных Отношений, 2007,с.112-116- 0,31 б.т.
11 Қазақстан және жаhандану: жаңа көзқарастар мен ақиқаттар //Журнал “КазЭУ Хабаршысы“, №2(62), 2008ж.,263-266б. - 0,25 б.т.
12 Интеграциялық үрдістер дамуының Макро- және мезодеңгейдегі аспектілері.// «III- Рысқұлов оқулары»: «Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары». Халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция материалдары, 4-Бөлім,19-23 мамыр 2008ж. //Алматы.ТОО «Эверо». 2008.172-177 б.- 0,38 б.т.
13 Интеграциялық үдерістердегі транспоттың құрамдас факторлары.//«Көлік-коммуникациялық кешенінің дамуының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 2-том. 30 мамыр 2008ж.//Алматы: М.Тынышбаев атындағы ҚазККА, 2008, 271-275б.- 0,31 б.т.
14 Экономиканың теңгерімдік жаһандану үлгісі және әлемдік дағдарыстар себептері».//IV–Рысқұлов оқулары: «Ғаламдық экономикалық дағдарыс: себептері, мәні және еңсеру жолдары». Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция. 2009жылғы 25-27 мамыр. //2–бөлім, Алматы. «Экономика баспасы» ЖШС. 2009. 95-104 бет.- 0,69 б.т.
15 Әлемдік жаһанданудағы Қазақстанның транзиттік жағдайы.// Журнал “КазЭУ Хабаршысы“, №1(73 ), 2010ж. 470-473б.-0,5б.т.
16 Интеграциялық үдерістерді бағалау//«V– Рысқұлов оқулары – Ryskulov reading». Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция. 2010ж. 19-21 мамыр. //Алматы. «Экономика баспасы». 2010. 2–бөлім. 112-117б.-0,4б.т.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
І Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары 5
1.1 Халықаралық қатынастар түсінігі 5
Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесінде алатын 6
орны
ІІ Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей экономикалық 8
қатынаста-
рының өзекті салалары мен бағыттары
2.1 Отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық 8
2.2 Екі жақты сауда қатынастары 11
2.3 Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қарым-қатынас 15
2.4 Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың жетістіктері 18
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
26

КІРІСПЕ

Осы тақырыптағы зерттерулерді шартты түрде топтастыруға болады.
Бірінші және ең үлкен топты Қазақстан мен Ресей қатынастары және Тәуелсіз
мемлекеттер Достастығы аясындағы байланыстарына арналған әдебиеттер
құрайды. Келесі топқа екіжақты байланыстардың жекелеген салалары мен өзекті
бағыттары зерттелген монографиялар, авторлар тобымен жазылған жинақтар
біріктірілген. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық, оның жекелеген
салалары мен қазіргі жай-күйі мерзімді басылымдарда тереңірек
қарастырылады.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына
талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының
мәліметтері, екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары
үлес қосты. Сонымен қатар, екіжақты қатынастардың қазіргі сипаты мен
келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.
Посткеңестік аумақтағы интеграциялық үрдістер Қазақстан-Ресей
экономикалық байланыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Мәселен, Кеден
одағы, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар екі ел арасындағы
кейбір экономикалық, кеден мәселелерін шешуге септігін тигізуде. Өз
кезегінде, Қазақстан мен Ресей тарапынан көтерілген бастамалар
интеграцияның тереңдеуіне үлес қосып келеді. Тіпті, қазіргі таңда Қазақстан
мен Ресей интеграцияның қозғаушы күші ретінде танылады. Осы орайда, диплом
жұмысының арнаулы бөлімін жазу барысында аталмыш сала мамандары –
Н.Исингарин, Е. Жоламанов, В.Алесин, С.Прімбетов және т.б. авторлар
еңбектерін атап өткен жөн.
Қазақстан-Ресей байланыстарының қазіргі таңдағы сипаты, энергетика,
көлік, қаржы салаларындағы байланыстары мен сауда қатынастары, шекаралас
аумақтар деңгейіндегі екіжақты байланыстар баспасөз беттері мен электронды
ресурстарда жарық көрген Б.Сұлтанов, В.Амиров, Т.Мансұров, М.Лаумулин,
А.Местоев және т.б. авторлар мақалаларында қарастырылады.
Қазақстан-Ресей байланыстары қарастырылған ресейлік авторларының
еңбектері қатарынан Внешняя политика и безопасность современной России.
1991-2002 годы атты төрт томдық хрестоматиясын атап өтуге болады. Кітаптың
негізгі бөлімі Ресей Федерациясының халықаралық және аймақтық деңгейдегі
саясаты, екінші кітапта ТМД елдерімен байланысы қарастырылады. Арнаулы
бөлімде Қазақстанмен экономикалық байланысы талданады.
Ресей стратегиялық зерттеу институтының авторлары тобымен жазылған
Қазақстан: тәуелсіз дамудың бүгінгі жағдайы мен келешегі атты кітабы
тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық дамуын зерттеген алғашқы еңбегі
болып табылады. Жұмыста нарықтық қатынастардың дамуы негізінде Қазақстан-
Ресей экономикалық байланыстары да қарастырылады.
Сондай-ақ, екіжақты сауда-экономикалық қатынастары Р.Андреещев,
Л.Зевин, Е.Борисова және т.б. авторлар зерттеулерінде қарастырылып,
ресейлік баспасөз беттерінде жарияланған. Дегенімен, кейбір мақалаларда
Ресей мен Қазақстан арасындағы тең құқықты және өзара тиімді байланыстары
жөнінде айтыла келіп, Орталық Азия аймағындағы көп жағдайда бір жақты пайда
алып келетін Ресей мүдделері және оны жүзеге асыру жолдары ашық
көрсетіледі.
Жалпы, Қазақстан-Ресей қатынастары тақырыбында жарық көрген
әдебиеттердің көп болумен қатар, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың
жекелеген салалары жете қарастырылмағанын аңғаруға болады. Мәселен, ауыл
шаруашылығы мен өндіріс саласы екіжақты байланыстың басты бағыты саналатын
отын-энергетика кешенімен саластыра алғанда зерттелу деңгейі төмен. Осы
орайда, екі ел саясатын ДСҰ кіру ниеті аясында қарастырсақ, дайын өнім
түрлерін өндіру мақсатында екі елдің өндірістік потенциялын дамыту
өзектілігі туындайды. Бұл жағдайда бастамалық роль сала мамандарына берілуі
тиіс.
Сондай(ақ, өзара байланыстылық теориясын ерекше атап өтуге болады. Бұл
бағыт мемлекетаралық қатынастар кеңістігін ресми байланыстар, өзара
әріптестік жиынтығымен қатар, бейресми қатынастар тұрғысынан да
қарастырады. Бейресми қатынастарға сыртқы саяси элиталардың, үкіметтік және
үкіметтік емес құрылымдар арасындағы тығыз байланыстармен сипатталады.
Сонымен қатар, тақырыпты зерттеу барысында жалпылау, сараптау, жүйелі
тәсіл, салыстыру, хронологиялық және құжаттарды талдау әдістері қолданылды.

Қурстық жұмысының мақсаты – стратегиялық әріптестік шеңберіндегі
Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
және қазіргі жағдайына талдау жасау.
Міндеттері:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының құқықтық-
келісімдік негізін қарастыру;
- интеграциялық бірлестіктер қызметінде Қазақстан мен Ресей орнын
анықтау;
- екіжақты экономикалық байланыстарды жекелеген салалар мен бағыттарға
бөліп қарастару;
- отын-энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар және оның
қазіргі жағдайын сипаттау;
- сауда қатынастарының қазіргі жағдайын талдау;
- екіжақты экономикалық қатынастардың басқа да өзекті салалары мен
бағыттарын қарастыру.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдері мен
тараулардан тұрады. Тақырыпты ашу мақсатында әрбір тарау жеке бөлімдерге
бөлініп қарастырылған.
 

ТАРАУ 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

1. Халықаралық қатынастар түсінігі

Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын
құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғы
шарты болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық
қатынастардың пайда болуынан келіп туындайды. Халықаралық қатынастар
халықаралық құқықпен реттеледі, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін
тигізеді. Халықаралық құқық кез-келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие
болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді.
Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларының мазмұнын айқындайды.
Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға ең бірінші
халықаралық жүйедегі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың орыны
туралы проблеманы жатқызуға болады. Мәселен, халықаралық қатынастарды
зерттеушілер халықаралық қатынастарды маңызды және анықтайтын деп
есептейді, оларды жүйе ретінде қарастырады (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев,
Ш.Г.Санакаев, Д.Р.Томашевский т.б).
Халықаралық қатынас тар мағынасында мынаны білдіреді:
Ең біріншіден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес құрылымдарды;
Екіншіден, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар,
мемлекеттік құрылымның орнау процесін;
Үшіншіден, халықаралық ұйымдарды;
Төртіншіден, мемлекеттер тобын;
Бесіншіден, осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.
Жоғарыда аталғандардан басқа, халықаралық жүйенің құрамына сондай-ақ
халықаралық қатынастарда әрекет ететін халықаралық құқықтық және өзге де
әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйеге айқын тұтастық, басқа
компоненттерден салыстырмалы оқшаулық сипаты тән. Халықаралық жүйенің
ерекшелегі оның негізгі белгісі мемлекеттің бірінші-ден, халықаралық
жүйенің бір бөлігі болып табылатындығы, екіншіден одан тыс та өмір сүре
алатындығы.
Сондықтан, халықаралық құқықтық даму және қызмет етудегі проблемаларын
айқындағанда қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың ерекшелігін,
халықаралық жүйенің ұғымы мен компоненттерін арттыруға тура келеді.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырыл халықаралық қатынастардың түсінігі
мен олардың құқықтық табиғаты туралы жалпы қорытынды жасауға болады.
Халықаралық қатынастар - бұл мемлекеттердің арасындағы саяси,
экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық
және өзге де байланыстар жүйесі.
Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты
нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдардың ролінің артуы, бейбітшілік пен
халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың
алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.

2. Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесінде алатын орны

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі бірде-бір ел, ғылыми-техникалық және
экономикалық потенциалына тәуелсіз, өзінің оптималды қызметін сыртқы
экономикалық байланыстарынсыз, яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасау
мүмкіндіктерінсіз қамтамасыз ете алмайды. Бұдан “тәуелсіздік” анық
көрінеді, елдің экономикалық даму дәрежесі неғұрлым жоғары және ішкі нарық
неғұрлым тар болса, соғұрлым бұл ел жоғарғы дәрежеде халықаралық еңбек
бөлінісі жүйесіне тартылу керек.
Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында халықаралық еңбек
бөлінісіне қатысу сипатын түбегейлі түрде өзгерте отырып, дүниежүзілік
нарықта жаңа өзгерістерге ие болып жатыр.
Бұрынғы КСРО-да өндірістің интернационализациялануы “жоғарыдан”
әкімшілік басқару арқылы, саяси деңгейде жүргізілді.
Экономикалық өзара көмек кеңесі (ЭКК) елдері сыртқы экономикалық
қызметінде бір-біріне бейімделеді. Интеграция механизмі келесі элементтер
көмегімен жүзеге асырылады:
1) біріккен жоспарлы іс-әрекет;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
3) өндірістің мамандануы және кооперациялануы;
4) халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі сыртқы сауда мына принциптер
арқылы жүзеге асырылды:
• “шикізат – дайын өнім”;
• “дайын өнім – дайын өнім”.
- “шикізат – дайын өнім” принципі “КСРО – экономикалық өзара көмек
кеңесі елдерінің” қарым-қатынасына тән болған.
Дүниежүзілік нарықтық кеңістікте Қазақстанның өз бетімен экономикалық
дамуы болашақта дүниежүзілік нарықта дұрыс бейімделуі және халықаралық
еңбек бөлінісінде өз орнын табуы үшін сауатты капитанның бар болуын қажет
етеді. Бұл үшін біз қандай өнеркәсіп өндіріс салаларында бірінші орындамыз,
қандай салаларда монополист болып табыламыз, қандай салаларда дайын өнім
сатып алуымыз керек, ішкі нарықта өніммен қамтамасыз ету үшін қандай
салаларында өндірісті дамыту, қандай салалларда ОПЕК сияқты картель
типіндегі біріккен мемлекет аралық кәсіпорындарды құру керек екендігін
анықтау қажет.
Дүниежүзілік өндірісте түсті металлургия, уран рудасы, фосфор
тыңайтқыштары, алтын өндіру т.с.с. салаларында алдыңғы орында
тұрғанымызбен, Қазақстанды дүниежүзілік нарықта шикізатпен жабдықтаушы
ретінде емес, дайын өніммен және жартылай фабрикатпен жабдықтаушы ретінде
танытқан біріккен мемлекетаралық кәсіпорындарды құру жолдарын іздестіруіміз
керек. Мұндай жағдайдан біздің республикамыз серіктесінің имиджін пайдалану
арқылы шыға алады. Дүниежүзілік нарық - бұл “ерке қыз” және оның көңілін
таба білу керек екендігін ұмытпау керек.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік
сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге
талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және
экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың
аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-
қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан
шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы
тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық
Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл
түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi
мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің
мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық
сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия
аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш
мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел
мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран,
Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми
сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi
арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Қазақстан Республикасы БҰҰ барлық елдерімен дипломатиялық қарым-
қатынасты қолдайды. Қазақстанның сыртқы саясаты еліміздің Президентімен
және парламентімен анықталады, және Сыртқы істер министрлігімен жүзеге
асырылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік пен егемендікті алған
кезеңінен БҰҰ және ЕҚЫҰ мүшесі болып табылады, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫО, ҰҚШҰ
негізін қалаушылардың бірі болды, ИСҰ және ЭЫҰ қызметіне қатысады, НАТО-мен
ынтымақтасады, ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздерді жүргізеді, АСШІК
жөніндегі меншікті бастамамаларды іске асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әсересе қазір Қазақстан өзінің
дамуының жаңа сатысына енген уақытта халықаралық ынтымақтастықты
ынталандырады. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы
Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан – құрылымдық және өзара тиімді
ынтымақтастыққа ашық бейбітшілік сүйгіш ел екенін анық таныстырды. Елбасы:
Қазақстаннның жоғарғы халықаралық беделі біздің елімізге Қауіпсіздік
жөніндегі ұйымның төрағасы болуға және Еуропадағы ынтымақтастыққа мүмкіндік
берді - деп атап өтті.

ТАРАУ 2. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ЭКОНОМИ-КАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ САЛАЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

2.1 Отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық

Кеңес Одағының құрамынан шыққан елдердің ішінде ынтымақтастығының
тамыры тереңге кеткен Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс тағы да бір
сатыға жоғарылады. Астанаға биыл тұңғыш рет ресми сапармен келген Ресей
Президенті Владимир Путин бүгін Ақордада Қазақстан басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевпен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Мемлекет басшылары алдымен
шағын құрамда кездесті. Оның барысында тараптар негізінен Қазақстан мен
Ресей арасындағы отын-энергетика саласындағы ытымақтастықтың жай-күйін
талқылады. Алдағы іс-қимылдың бағыттарын анықтап, қазір бар проблемаларды
шешу жолдарын белгіледі. Мұнымен қоса, басқа да бірқатар салалардағы
ынтымақтастық, атап айтқанда ғарышты бірлесіп игеру және атом энергиясын
бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерін талқылады. Одан кейін Президенттер
екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер
жүргізді. Оның барысында екі елдің өзара іс-әрекетінің негізгі салаларына
қатысты мәселелер сөз болды. Атап айтқанда, мұнда Қазақстанның мұнай
тасымалдайтын Бургас-Александропулис құбыр желісі жобасына қатысуы
мүмкіндігі және Каспий құбыр желісі консорциумының (КТК) өткізу қуаттылығын
ұлғайту жайы, Орынбор газ өңдеу зауытының базасында бірлескен кәсіпорын
құру мәселесі сөз болды. Бұдан бөлек, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану,
осы қала мен оған іргелес жатқан елдімекен тұрғындарының әлеуметтік
проблемалары сөз болды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-
техникалық саладағы ынтымақтастық мәселесі талқыланып, ТМД кеңстігіндегі
және халықаралық аренадағы өзара байланыс мәселелері әңгіме өзегіне
айналды. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздерді ашқан Н. Назарбаев бұл
кездесуді Қазақстан мен Ресей арасындағы ытымақтастықты одан әрі
дамытудағы, екі елдің ұзақ мерзімді әріптестік және одақтастық
байланыстарын жүзеге асырудағы жаңа қадам деп атап көрсетті. Және
Қазақстанның Ресеймен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетіп,
кеңейтуді қалайтынын айтты.
Елбасының айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы бірінші негізгі
мәселе отын- энергетика кешені. Бұл саладағы, яғни мұнай-газ саласындағы
ынтымақтастық стратегиялық мәнге ие екеніне тоқталған Мемлекет басшысы:
Қазақстанның көмірсутек шикізатын Ресейдің магистральды құбыр желілерін
пайдалану арқылы әлемдік рынокқа тасымалдау және көмірсутегі шикізатын
бірлесіп өңдеу аса маңызды. Қазақстан көмірсутегі шикізаттарының басым
бөлігінің Ресей аумағы арқылы тасымалдануын қалайды, деп атап көрсетті. Н.
Назарбаевтың айтуынша, өткен жылы алыс және жақын шетелдерге 52,3 млн.
тонна Қазақстан мұнайы тасымалданған. Оның ішінде 42 млн. тонна мұнай Ресей
аумағы арқылы өтетін КТК, Атырау- Самара- Орынбор арқылы тасымалданған.
Мұнымен қоса, қазіргі таңда КТК-ның жылдық қуаттылығын 23 млн. тоннадан 40
млн. тоннаға дейін арттыру күн тәртібінде тұрғанына тоқталған Н. Назарбаев:
Шағын құрамдағы кездесуде біз бұл мәселені мұқият талқыладық. Осындағы 17
миллион тонна айырма Бургос-Александропулис құбыр желісі арқылы өте алады.
Қазақстан бұл жобаға қатысқысы келеді, деді. Бұл мәселеде Қазақстанға
Ресей тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылығын білдірген Елбасы,
құрылыстың аяқталуына үлгеру үшін Бургос-Александропулис құбыр желісінің
құрылысымен Каспий құбыр желісі консорциумын кеңейту қатар жүргізілуі
керектігін айтты. Бұл жөнінде тараптар уағдаласып, оны екі елдің бірлескен
іс-қимыл жоспарына енгізген. Өз кезегінде В. Путин жоғарыдағы мәселелерден
бөлек Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымын арттыру жайы сөз
боланын жеткізді. Есте болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 13 миллиард долларға
жеткен болатын. Ал, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өсім 40 пайызды
құраған. Тауар айналымының артуына екі ел арасындағы аймақаралық және
шекара маңындағы ынтымақтастықтың жылдан-жылға артып отырғаны оң ықпал
еткен. Мұнымен қоса білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастыққа тың серпін
беру қажеттігін айтқан Ресей басшысы: Тұтастай алғанда отын-энергетикалық
саладағы біздің ынтымақтастығымызға көңіліміз толады. Қазақстанда Ресейдің
жетекші компаниялары көптен бері жұмыс істеп келеді. Орынбор мұнай өңдеу
зауытында бірлескен кәсіпорынды сәтті іске қосу үшін 15 жылға арналған
ұзақмерзімді келісімді тездетіп дайындау қажет. Біз бүгін осы төңірегінде
де әңгімелестік. Шешімін табуы тиіс технологиялық проблемалар бар.
Дейтұрғанмен, еңсере алмайтын кедергілер жоқ. Мұның барлығын шешуге болады.
Осы келіссөздер барысында да бұл бағытта алға жылжимыз деп сенемін, деді.
Мұнымен қоса, В. Путин атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы
келісімдер дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Кремль
басшысының айтуына қарағанда, жақын уақытта жүзеге асыру үшін
электроэнергияның ортақ рыногын құру бағдарламасын жалғастыру маңызды. Бұл
мақсатта тиісті іс-қимыл жоспары келісімін шапшаңдату қажет. Мұнымен қоса,
Қазақстан басшысының бастамасымен құрылған Еуразиялық даму банкіне биыл
маусымда бір жыл толатынына тоқталған В. Путин, банктың қызметі барынша
жақсы нәтижелер әкелетініне сенім білдірді. Банктің алғашқы жобалары
жүзеге асырыла бастады. Мұның барлығы оң тенденциялар. Алайда, біз бұл
банктен барынша жоғары нәтижелер күтуге қақымыз бар, деді Ресей басшысы.
Оның айтуынша, қазіргі бәскеге толы заманда банк алдында тұрған маңызды
міндеттерді жалғыз өзі шешуі қиынға соғады. Бұл ретте банктің
құрылтайшылары болып табылатын Қазақстан мен Ресей тарапынан оған
айтарлықтай қолдау қажет. Ресей Президентінің сөзіне қарағанда, Қазақстан
жағымен белсенді жұмыс істеп жатқан Внешэкономбанктің базасында жақын
уақытта Ресейдің Даму банкі құрылады. Осы жаңа құрылымның өмірге келуі
Қазақстан мен Ресейдің қаржы институттарының алдына бұрынғыдан да жемісті
мүмкіндіктерге жол ашпақ. Келіссөздер аяқталғаннан кейін Н. Назарбаев пен
В. Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы 2007-2008 жылдарға арналған
бірлескен іс-қимылдардың жоспарын бекітіп, оған қол қойды. Аталған құжатта
қысқа мерзімді перспективадағы екі елдің бірлескен жұмысының негізгі
параметрлері көрсетілген. Құжатта бірлескен іс-қимылдардың негізгі
бағыттары айқындалып, оның жүзеге асыру мерзімі мен жауапты органдар
белгіленген. Іс-қимыл жоспары энергетика, көлік, шекара маңындағы
ынтымақтастық салаларындағы, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және
игеру саласындағы, Байқоңыр кешенін пайдалану, әскери-техникалық
ынтымақтастық шараларын қамтиды. Сонымен қатар келіссөздердің қорытындысы
бойынша, Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы уранды байыту
жөніндегі халықаралық орталық құру туралы келісімге, сондай-ақ екі ел
үкіметтері арасындағы сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы
келісімге қол қойылды. В. Путин уранды байыту жөніндегі халықаралық
орталықты құру туралы келісімді атом энергетикасының жаҺандық
инфрақұрылымын құрудағы екі ел бастамасының алғашқы қадамы деп санайтынын
айтты. Ынтымақтастықтың бұл түрі екі елдің де экономикасына пайда әкелетін
болады. Қол қою рәсімі тәмамдалғаннан кейін баспасөз мәслихаты
ұйымдастырылды. Онда екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың тамыры
тереңде жатқанына тоқталған Н. Назарбаев, Қазақстан мен Ресей арасындағы
жоғары деңгейдегі әрбір кездесу екі елдің диалогы мен әріптестігін жаңа
деңгейге көтеретінін айта келе, бүгінгі кездесу мемлекетаралық
байланыстардың жоғары деңгейде екенін тағы да бір растағанын атап көрсетті.
Ынтымақтастығымыздың басым бағыттарының ішінде біз ғарышты зерттеуге,
көлік индустриясына, отын-энергетикалық кешені салаларына, екі елдің
аймақтары арасындағы ынтымақтастығына маңыз бердік. Біз талқылаған барлық
салалардағы мәселелер қомақты қаржылық пайда әкеліп қана қоймайды,
Қазақстан мен Ресей компанияларының сыртқы рыноктағы бәсекеге
қабілеттілігін арттырады, деп атап көрсетті. Қазақстан мен Ресей Кеңес
Одағынан кейінгі кеңістіктегі көптеген ықпалдастырушы үдерістердің
локомотиві болып табылатындығына тоқталған Н. Назарбаев, сонымен қатар
келіссөздер барысында ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамытуға және ұйымды
реформалауға қатысты мәселелерге, сондай-ақ ЕурАзЭҚ аясындағы ықпалдастық
проблемаларын шешуге айырықша назар аударылғанын жеткізді. Елбасының
айтуынша, мұнымен қоса халықаралық байланыстар, соның ішінде АӨСШК, ШЫҰ,
ЕҚЫҰ, БҰҰ аясындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасу болды. Ресей
Президентінің жуырдағы Жолдауында Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық
етуіне қолдау білдірілгеніне тоқталған Елбасы: біз бұған ризамыз, дей
келе, бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі
дамуына үлкен серпін беретінін, Қазақстан Ресеймен барлық бағыттар бойынша
өзара пайдалы ынтымақтастықты тереңдетуді және кеңейтуді қалайтынны атап
көрсетті. Баспасөз мәслихаты барысында Байқоңырдың әлеуметтік проблемасына
қатысты сұрақ қойылды. Оған жауап берген Қазақстан басшысы Байқоңырдың
әлеуметтік мәселесі жөнінде қоғамда әңгіме болып жүргеніне тоқтала келе:
Байқоңыр келісім бойынша Ресейге жалға берілген. Қала тұрғындарының басым
бөлігін құрайтын Қазақстан азаматтарына медициналық қызмет көрсету,
мектептермен қамту сынды шешімін табуы тиіс құқықтық мәселелер бар. Осының
барлығы бүгін бекітілген екі мемлекеттің 2007-2008-ші жылдарға арналған
бірлескен іс-қимылдар жобасына енгізілді, деді. Байқоңырдың әлеуметтік
мәселесін Қазақстан мен Ресей ымыраға келу арқылы шеше алады Тиісті
хаттамаларға қол қойылатын болады, деп мәлімдеді Н. Назарбаев. Өз
кезегінде Қазақстан басшысының айтқанына қосылатынын жеткізген В. Путин:
Менің, алып-қосар ештеңем жоқ. Біз кеңесулер барысында Байқоңырдың
әлеуметтік мәселесіне қатысты кез-келген шаруаны шеше алатынымызға
сенімдіміз, деді. Кеңес Одағының мүліктерін бөлу кезінде Байқоңыр
Қазақстанның бағына біткен ірі дәулет екенін айтқан Ресей басшысы: Бір
елге, тіпті табиғи ресурстарға аса бай және қарқынды дамып отырған
Қазақстан сынды мемлекетке аталған кешенді басқару қиынға түседі. Сондықтан
Байқоңырды құртып алмау үшін оны бірлесіп пайдалану қажет. Бұл осы саладағы
кез-келген маманға айқын, деді. Осылайша, ынтымақтастығының тамыры тереңда
жатқан Қазақстан мен Ресей елдерінің басшылары бүгінгі кездесуде негізінен
отын-энергетикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын, сонымен
қатар Байқоңырды бірлесіп пайдалану мәселесін талқылады. Мемлекет басшылары
бұл салалардағыдағы байланыстарды тиімді пайдалану екі мемлекеттің де
экономикасына қомақты пайда әкелетінін қадап айтты. Энергоресурстарға бай
Қазақстан үшін көмірсутек шикізаттарын сыртқы рыноктарға Ресей арқылы
тасымалдау еліміз экономикасының әртараптануына, халықтың әл-ауқатының
бұдан да жоғары болуына зор септігін тизгізеді деген үміт бар.

2.2 Екіжақты сауда қатынастары

ХІХ ғасырдың соңында Қазақстан өңірі мен Ресей арасындағы сауда
қатынастары шапшаң түрде дами бастады. Өйткені дәл осы кезеңдегі өлкедегі
капиталдың көптеп шоғырлауына сауда-саттық саласы айтарлықтай ықпал етіп
отырды. Дегенменде экономикалық даму тұрғысынан алғанда сауда-саттықтың
дамуында біршама қиыншылықтар орын алып отырған еді.
ХХ ғасырдың басында, яғни 1899-1905 жылдары Ташкент пен Орынбор
(шамамен 1.900 шақырым) аралығындағы темір жол құрылысының жүргізілуі
негізінде Ташкент пен Верный арасындағы байланысты реттеп, ол Сібір
магистральіне дейін жалғасуын көздеді. Ал облыс көлемінде пошталық
жолдардың жалпы аралығы 2.136 шақырымды құрап, Қазақстан өңірі мен Ресей
арасында керуен мен пошталық байланыстарды су торабы арқылы да іске асыру
қолға алынған болатын.
Орынбордан Шымкентке дейін жүк тасымалдау 70 күнге созылатын. Мысалы,
Орынбордың І-ші гильдиялық көпесі Н.П.Савинковтың кеңсесі 1888 жылы 28
мамыр күні жалпы суммасы күміспен 369 рубль, яғни жүктің әр қайсысы 9
рубльден болған 41 түйеде 348 пұт 36 фунт салмағы бар керуен жіберіліп, ол
1888 жылдың 7 тамызында жеткізілген.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жергілікті көпестер сауда-
саттықтың жаңа түрі – жәрмеңке саудасын іс тәжірибеде пайдалана бастады.
Мысалы, Жетісу облысындағы Қарқара жәрмеңкесінің жұмыс күндері алғашқыда 15-
мамыр мен 15-шілде аралығында жүргізілсе, кейінірек ондағы саудагерлердің
ұсыныстары бойынша жәрмеңке күндері 15- маусым мен 15-тамыз аралығында
өтті. 1894 жылы Қапал уезіндегі Алмалы өзені бойында Алмалы жәрмеңкесі
ашылып, оның жұмыс жүргізу тәртібі 15-сәуір мен 1-мамыр аралығында іске
асырылды. Алмалы жәрмеңкесінің жалпы сауда-саттықтағы айналымы 26.103
рубльді құрады.
Лепсі уезінде ерекше маңызы бар жәрмеңкелер Нарын-Сергиополь мен Бахты
болса, Жаркент уезінде Қарқара жәрмеңкесі болды.
Өлкеде сауда-саттықпен жеке дара айналысатын көпестердің сауда жүргізу
шаралары айтарлықтай ауқымды. Мысалы, Пугасов деген көпес сауданы бүкіл
Түркістан аймағында жүргізіп, оның Сырдария мен Жетісу облыстарының барлық
қалаларында дүкендері мен қоймалары болды.
ХХ ғасырдың басы қазақтың сауда буржуазиялық тобының шапшаң
қалыптасуымен ерекшеленеді. Олардың қатарына ұсақ саудагерлер, делдалдар,
алып-сатарлар және саудагерлер кірді. Қазақтың сауда капиталы ресейлік және
ортаазиялық көпестердің иелігінде жүріп, жекелеген қазақ көпестер өздерінің
саудадағы іс-шараларын барынша кеңейте бастады.
Сырдария облысындағы сауда-саттық кәсібінің дамуында, ірі саудагерлер
өздерінің тауарларын жедел түрде тарату мақсатын пайдаланды. Осы кезде
қалыптаса бастаған делдалдар бұл салада үлкен роль атқара бастады. 1870
жылы қазан айының 7-ші жұлдызы мен 1-желтоқсан аралығында Ташкент қаласында
өткен жәрмеңкеде саудагерлер тауарларын делдалдар арқылы өткізіп отырған.
Қарастырып отырған кезеңде сауда-кәсіпкерлік қызметтің әлсіз дамуының
негізгі себебі байланыс жолдары мен тауар-ақша қатынастарының
дамымағандығымен айқындалады. Бұл жағдайлардың барлығы Қазақстан мен
Ресейдің Европалық бөлігі арасындағы тауарлық бағаның жүргізілуінде үлкен
шиеленістерді қалыптастырды да, сауда капиталына жоғарғы шамадағы пайданы
қамтамасыз етіп, саудагерлер тарапынан дамып келе жатқан өнеркәсіптік
өндіріске өздерінің капиталдарын салуға деген ынталарының болмауына алып
келді. Нәтижесінде капиталды қорландыру мәселесін саудаға қызмет ететін
жекелеген салаларға жұмсады.
Жаңадан қалыптасып келе жатқан өнеркәсіп кәсіпкерлігі ауыл шаруашылық
өнімдерінің шикізаттарын өңдеумен ғана байланысты болды. Қазақстанда орыс
көпес-өнеркәсіпшілері ірі өнеркәсіп орындарын салмады.
Жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне қызмет ететін басқа мекемелер
ретінде ағаш кесу мен кірпіш заводтарын, тас өңдеу, ыдыс жасау және тағы
басқа өндіріс орындарын атап өтуімізге болады. Олар негізінен Верный
қаласымен Верный уезінде орналасқан еді. Жетісу облысының жыл сайын жарыққа
шығатын Обзор мәліметтері бойынша олардың саны 1912 жылы 20-ға жеткен.
Зерттеп отырған кезеңде Жетісу облысында өндірістік қуаты төмен және
жұмысшылар саны шамалы ұсақ кәсіпорындар басым болған. Олардың ішінде жүнді
жуатын 650 жұмысшысы бар 8 мекеме және 4 тері өңдейтін завод жұмыс
жүргізді. Верный қаласында ішек тазалайтын завод соғылып, жылына төрт мың
пұттан астам өнім беретін өнеркәсіп орны ашылады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуші заводтардың ішінде бірінші орында
тері өңдеу саласы болып, 1904 жылдың 1-ші қаңтарына қарай саны 66-ға жетіп,
жұмысшылары 224 адамнан тұрды. Мысалы, Верный қаласы мен уезінде: Малая
Алматинка станицасында, Зайцево селосында, Ташкент уезіндегі Софийская
станицасын атап өтуге болады.
Қазақстандағы шикізат ресурстары орыс өнеркәсіпшілері мен көпестерін
ертеден қызықтырып қана қоймай, бұл өлкеде өнеркәсіп саласын белсенді түрде
дамыта бастады. ХІХ ғасырдың соңында ресейлік өндірушілер арасында пайдалы
қазба байлығына деген үлкен сұраныс өсе бастайды. Осы тұста Жетісу облысы
Жаркент уезінің аудандары революцияға дейінгі уақытта Қазақстандағы алтын
өндіретін аймақ болды.
Тау-кен инженері Д.К.Мышенков Түркістан өлкесіннің ақ жүрек және
майталман зерттеушісі болды. Оның Заметка о минеральных богатствах
Туркестанского края деген еңбегінде орыс өнеркәсіпшілері Н.И.Ивановтың
И.И.Первушиннің және И.А.Хлудовтың, сонымен бірге көпес Д.П.Петров пен
Санкт-Петербург тау-кен институтының профессоры Г.Д.Романовскийдің өлкедегі
алтын, мұнай, тас көмір және де басқа қазақ жерінің табиғи байлықтарын
іздестіру мен өндіруді ұйымдастырудағы атқарған қызметтері жөнінде жазады.
Н.И.Иванов өлкеде алғаш рет шыны жасау өндірісінің негізін қаласа, ал
И.И.Первушин қорғасын балқыту өндірісінің негізін қалады. 1913 жылы
Я.Ф.Гайденковқа берілген куәлік негізінде Түлкібас болысының Жыландысу
өзенінен төрт шақырым жердегі тас-көмір кенін іздестіруін ерекше атап
өтуіміз керек. Бұл жерде ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында Ленгір тас-көмір
кенінің негізі қаланған.
ХХ ғасырдың басында Ресей экономикасының негізгі орталықтарында
өнеркәсіп саласының жоғарғы қарқынды дамуы мен пайдалы қазбаларды іздестіру
ауқымының кеңеюі, отарланған өлкедегі кен орындарын іздестіріп, қазыналық
және жеке иелік үшін жарылғыш заттардың заводтарын салуға мүмкіндіктерді
іздестіруді талап етті. Дегенменде, Ресей империясының Ішкі Істер
министрлігіне тікелей бағынатын, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді өлкеде
өңдеу өндірісін жүргізу үшін арнайы рұқсаттың берілу мәселесін қарастыруды
тау-кен инженері Леоновқа тапсырылды.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарының басында негізі қаланған Шымкент қаласындағы
сантонин заводы облыстың ірі өндіріс орны болды. Шымкент уезіндегі Қаратау
жотасы мен Сырдария өзені аралығындағы дөңесті далада, соның ішінде Бөген,
Шаян және Арыстанды өзендерінің бойында жергілікті тұрғындарға дермене
деген атпен белгілі ақ жусан жабайы түрде өсетін дәрілік қасиеті бар
өсімдік болды. Емдік қасиеті бар дермене Америка мен Египетте аз ғана
мөлшерде өсетіні белгілі. Шымкент уезіндегі дермене 800 шаршы шақырым
алқапты алып, өңделетін алқаптар мен көшпелілердің жайлымдары арасында
орналасты.
1907 жылдың 16 қарашасында Түркістан генерал-губернаторлығының
Кеңсесі, Түркістан өлкесін басқару туралы (1886 жылғы) ережеге сәйкес шешім
қабылдайды. Онда дерменені пайдалану жөнінде былай делінген: бұл өсімдіктің
алқаптары тек көшпенділердің пайдалануында болып, осы алқаптарда Жер игеру
және Мемлекеттік Мүлік Басқармасы енгізген алым-салықтар жедел түрде
тоқтатылып, осы өсімдікті пайдалану құқығын көшпенділерге қайта берілуі
тиіс Расында да, бұл ереженің 270-ші бабында көрсетілгендей жердің иесі
ретінде мемлекетті танып, ал көшпелі халыққа шексіз қолдану құқығын берген.
Олар жер жырту, отын мен шөптерді теру және мал жайылымдарын жүргізу
негізінде жер бетін қайта өңдеуі мүмкін еді.
Қазіргі таңда маңызын жоймаған химиялық-фармацевтік заводтың іргетасын
қажырлы да іскер Н.П.Савинков пен Н.И.Иванов салды. Әкесінен қалған жұмысты
ұлдары мен сантонин өндірісі бойынша технолог маманы болған қызы Ольга
Савинкова жалғастырады. Н.И.Савинков нәтижелі кәсіпкер болып, Көпес
Н.И.Ивановтың фирмасын құрған. Оның иелігінде Әулиеата, Верный, Жаркент,
Қазалы және Ташкент қалаларындағы 6 сыра қайнату, 5 шарап жасайтын және 8
спирттік-арақ шығаратын заводтары болды.
Ресейлік Мемлекеттік банк бөлімшесінің Верный қаласында ашылуы
жөніндегі алғашқы іс-шаралары 1882 жылғы мәліметтерден негіз алады. Бірақ
қаржы министрлігі сол кездегі банктік операцияларды жүргізетін
қызметкерлердің жетіспеушілігі есебінен Қазақстан өңірінде оның
бөлімшелері мен филлиалдарының қызмет етуіне сұраныс мәселесін қабылдамады.
1895 жылы несие алу сұраныстарының өсуіне байланысты өлкеде банк
бөлімшелерінің ашылуы жөніндегі күн тәртібіндегі мәселені қайта көтерді.
Далалық генерал-губернаторының 1895 жылғы берген есебінде несие алу
сұранысының өсе түсуі негізінде анықталған жағдай: Жетісу облысында сауда-
саттық әлдеқайда қарқынды дамып, кеңейе түсуі, олардың жылдық
көрсеткіштеріндегі айналымы 13 миллион рублге жетіп, оның ішінде тек Верный
қаласының үлесін 7 миллион рубль құрады, - деп көрсетілді.
Сонымен XX ғасырдың басында Қазақстанға жаңа капиталдың енуі, сауда-
саттықтың өсуі өлке экономикасындағы елеулі өзгерістерге алып келді.
Қазақ халқының натуралды шаруашылығы бірте-бірте ақшалай, тауарлық
болып, жергілікті базарлар құрылды. Қазақстанның аумақтары арасындағы сауда-
саттық байланыстары күшейе түсіп, қазақ халқының бірлесу процесі жүріп,
оның ішінен буржуазиялық кәсіпкерлік топтар қалыптаса бастады. Бірақ
тауарлық өндіріс пен жеке меншіктік сауда әлі де өндірістің ескі феодалдық
тәсілін бұза қоймады. Ауылдарға енген сауда-өсімқорлық капиталы өндіріс
тәсілін өзгерте алмады, өйткені оған деген қажетті жағдайлары жоқ еді.
Қазақстан өңірі мен Ресейдің экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
XVI-XVIII ғғ. Қазақ-Орыс қарым-қатынастарының зерттелуі мен елшіліктер тарихы
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынасты зерттеу
Сауда - экономикалық қатынастар
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
Стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Пәндер