Қоғам - үздіксіз дамитын жүйе



Қоғам туралы философиялық ілім
Әйгілі философтардың қоғам туралы идеялары
Әлеуметтік философия
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қоғам - үздіксіз дамитын жүйе
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық
материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу
тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын
қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып
отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік
философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе
ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін
және  табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді.
Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға
негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып
табылады.Қоғамдық әмір  әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің  ең
жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы 
негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше
үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани 
өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен
қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси  институттардан  және т. б.
тұрады.Тағы  да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен  сипатталады.
Қоғамның  құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің,
сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады.Қоғамды 
құрылымдық ұйымдасуы  жағынан сипаттау оның  тек элементтік негізін ашу
емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның  қызмет етуімен дамуында алатын
орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру
аясына  материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады.
Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше
кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-
мәдени  өркениеттілік өлшемдер  арқылы белгілейді.  Өркениеттілік процестің
әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның
күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық
қызметтің  жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың
сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың
демократтылығы қоғам дамуының  басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы
қоғамның ерекше белгілеріне  материалдық және рухани өндірістің  ғаламдық
деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық
негізде  жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің
басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.
       Қоғам туралы  философиялық ілімнің тарихи дамуы үзақ уақытқа
созылды. Ежелгі дүниенің өзінде ақ  оның көптеген маңызды нұсқалары
қалыптасты. Әйгілі көне грек ойшылы Демокрит адамзат тарихын табиғи процес
деп білді, ал адамдардын  қоғамдық емес кезеңнен қоғамдық сатыға өтуінің 
басты себебі ретінде  "қажеттілікті" қарастырды. Басқа көне грек ойшылы
Платон қоғамдық өмірдің парасатты құрылысы ретіндегі "идеалды мемлекет"
туралы ілімді қалыптастырып, әділеттілік пен адам табиғаты  арасындағы
байланысты айқындауға тырысты. Аристотель де қоғам туралы маңызды идеялар 
айтқан болатын. Ол,  қоғамды  әлеуметтік инстинктерді қанағаттандыру
мақсатында бірлестікте болатын жеке индивидтердің  жиынтығы деп білді. Адам
туралы ілімінде оның  рухани мен өнегелік қасиеттерін атап көрсетіп,
қоғамды болмыстын әлеуметтік және саяси түп негізі деп таныды.  Сөйтіп
қоғам туралы ілімнің негіздері қалана бастады.Ортағасыр философиясында 
қоғамдық өмірді діни түсініктер негізінде түсіндіру   басым болды. Жаңа
дәуір  философиясы ойшылдары діни түсініктерді терістей келе  қоғам табиғи
жолмен пайда болып, дамиды деп есептеді. Қоғамның келісімдік ұйымдасуы
туралы концепциялар пайда бола бастады (Гоббс, Руссо және т. б. ).
Азаматтық қоғамды индивидтердің жиынтығы ретінде қарастырып, оны механистік
тұрғыдан түсіндірді. Объективтік идеализмнің өкілі  Гегель азаматтық
қоғамды әлеуметтік мақсаттарға жету жолында  адамдардын "бір-біріне
тәуелділігі" деп білді. Классикалық неміс философиясының басқа бір өкілі
-Л. Фейербах азаматтық қоғамды табиғи субстанция негізінде байланыста
болатын индивидтердің жиынтығы ретінде қарастырды. Орыс әлеуметтану
ғылымында да қоғамдық өмірге ерекше назар аударылды (А. И. Герцен, Н.Г.
Чернышевский, В.С. Соловьев және т.б.).  Жалпы айтқанда,  сол кездегі
социологиялық ғылым қоғамды түсіндіруде жаңа деңгейге көтеріліп, жеке
рационалды ойлар қорытқанымен  қоғам туралы идеалистік және утопиалық
түсініктерден  құтыла алмады.
       Әлеуметтік философияның келесі даму кезеңі   марксизм философиясымен
тығыз байланысты болды. Марксизм  бойынша, қоғам - индивидтердің жай ғана
жиынтығы емес, керісінше, сол индивидтердің арасында болатын байланыстар
мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы
Қоғам және философиялық ерекшеліктер
Менеджменттегі жүйелі ықпалы
Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Қоғам және оның философиялық ерекшеліктері жайлы
Қоғам әлеуметтік жүйе туралы ақпарат
«Қоғам - өздігінен дамитын система»
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Нарықтық экономика жағдайындағы қысқа мерзімді несиелеу проблемаларын зерттеп, сараптау
Компьютер - оқыту обьектісі
Пәндер