Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар



I Кіріспе
1.Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстарға сипаттама

II Негізгі бөлім
1. Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыс түрлері
2. Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу техникасы

III Қорытынды
Зертханалық ыдыстар деп - барлық зертханалық жұмыстарда қолданылатын ыдысты атайды. Зертханалық ыдыс қолданылу мақсатына байланысты жалпы, арнайы және өлшеуіш болып бөлінеді.
Жалпы ыдысқа зертханада үнемі болатын және онсыз ешбір жұмыс жүрмейтін ыдыстарды жатқызуға болады. Оларға пробиркалар, шұңғыма құйғыштар, химиялық стакандар, түбі тегіс колбалар, бунзен колбасы, кристализаторлар, Либихтің тік тоңазытқыштары, кері тоңазытқыштар, Сокслет тоңазытқышы, Домрат тоңазытқышы, сифондар жатады.
Пробиркалар – пішіні цилиндр тәрізді, түбі бекітілген, табаны дөңгеленіп келген, көлемі әр түрлі ыдыстар. Әдетте пробиркаларды тез балқитын жеңіл шыныдан, ал отқа төзімді болу үшін кварцтан жасайды. Пробиркалар негізінен сапалық реакциялар үшін қолданылады, сонымен қатар микробиологияда микроорганизмдерді өсіру үшін, сақтау үшін және әр түрлі серологиялық зерттеулер жүргізу үшін де пайдаланады. Қарапайым химиялық және биологиялық пробиркалардан бөлек, зертханалық практикада конус тәрізді центрифугалық пробиркалар да қолданылады.
1.Қожанов К.Н., Қожанова С.К. «Зертханалық іс» - Алматы, 2010ж

2.Қырықбайұлы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жумагелдиев А.А. Лабораторное дело. Алматы, 2005 - 2009гг.

3.Гавриш В.Г., Калюжный И.И. Справочник ветеринарного врача.Ростов на Дону, 2001г.

4.Садуов М.С. «Зертханалық іс» пәніне арналған дәрістік кешен.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I Кіріспе
1.Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстарға сипаттама

II Негізгі бөлім
1. Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыс түрлері
2. Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу
техникасы

III Қорытынды

Зертханалық ыдыстар деп - барлық зертханалық жұмыстарда қолданылатын
ыдысты атайды. Зертханалық ыдыс қолданылу мақсатына байланысты жалпы,
арнайы және өлшеуіш болып бөлінеді.
Жалпы ыдысқа зертханада үнемі болатын және онсыз ешбір жұмыс
жүрмейтін ыдыстарды жатқызуға болады. Оларға пробиркалар, шұңғыма
құйғыштар, химиялық стакандар, түбі тегіс колбалар, бунзен колбасы,
кристализаторлар, Либихтің тік тоңазытқыштары, кері тоңазытқыштар, Сокслет
тоңазытқышы, Домрат тоңазытқышы, сифондар жатады.
Пробиркалар – пішіні цилиндр тәрізді, түбі бекітілген, табаны
дөңгеленіп келген, көлемі әр түрлі ыдыстар. Әдетте пробиркаларды тез
балқитын жеңіл шыныдан, ал отқа төзімді болу үшін кварцтан жасайды.
Пробиркалар негізінен сапалық реакциялар үшін қолданылады, сонымен қатар
микробиологияда микроорганизмдерді өсіру үшін, сақтау үшін және әр түрлі
серологиялық зерттеулер жүргізу үшін де пайдаланады. Қарапайым химиялық
және биологиялық пробиркалардан бөлек, зертханалық практикада конус тәрізді
центрифугалық пробиркалар да қолданылады.

№1 сурет. 1, 2, 3, 4 позициялары: 1, 2- қарапайым пробиркалар; 3-
өлшемделген-градуирленген пробиркалар; 4- конусты центрифугалық
пробиркалар.
Шұңғыма құйғыштар (воронкалар) – сұйықтарды бір ыдыстан екіншісіне
ауыстыру үшін, сүзу үшін араласпайтын сұйықтарды бөлу үшін қолданылады.
Химиялық воронкалар әр түрлі көлемде шығарылады, олардың жоғарғы бөлігінің
диаметрі 35, 55, 70, 100, 150, 200, 250 және 300 мм-ге дейін жетеді. Сүзуге
арналған воронкалардың бұрышының биіктігі 45 оС және түбі қиғаш кесілген
ұзын болады. Аналитикалық воронкалардың көбінесе ішкі беті сызықты және
түбінде шар тәрізді кеңейген жері болады, бұл сүзу процессін жылдамдатуға
мүмкіндік береді.
1 2
3 4

№2 сурет. 1,2,3,4 позициялар: 1,2- 45° бұрышпен ұштары қиғаш
кесілген шұңғыма құйғыштар; 3- су арқылы фильтрлеу шұңғыма құйғышы; 4-
ұнтақтарға арналған шұңғыма құйғыш.

Бөлгіш шұңғыма құйғыштар (делительные воронки) араласпайтын
сұйықтықтарды бөлу үшін қажет. Олар цилиндр немесе алмұрт пішінді келеді
және аузы тығыз шыны қақпақпен жабылады, ал түбінде міндетті түрде шыныдан
жасалған кран болады. Бөлгіш воронкалардың көлемі 50 мл-ден 2 л-ге дейін
жетеді.

1 2
3

4 5
6
№3 сурет. 1,2,3,4,5,6 позициялар - Бөлгіш шұңғыма құйғыштар: 1-
конустәрізді бөлгіш шұңғыма құйғыш; 2-жондалған (шлифованные) конусты
цилиндрлік бөлгіш шұңғыма құйғыш; 3- цилиндрлік бөлгіш шұңғыма құйғыш;
4,5,6- конфигурациялары әр түрлі шұң-ғыма құйғыштар.

Тамызғыш шұңғыма құйғыштар (воронкалар) белгілі бір реактивтерді аз
мөлшерде тамызып қосу үшін қолданылады. Олардың бөлгіш шұңғыма құйғыштар
айырмашылығы жеңіл, жұқа және көбінесе түбі ұзын болып келеді. Тамызғыш
шұңғыма құйғыштар жүргізілетін жұмысқа арналған прибордың бір бөлігін
құрайды.

1
2

№4 сурет. 1,2 позициялары: 1- сақтандырғыш (предохранительные)
шұңғыма құйғыш, 2- тазартқыш зат орналастырылған (с насадкой) тамызғыш
шұңғыма құйғыш.

Химиялық стакандар пішіні цилиндр тәрізді жұқа шыныдан жасалған
ыдыстар. Олар әр түрлі химиялық реакцияларды жүргізу үшін пайдаланылады.
Олардың көлемі 50 мл-ден 2 л-ге дейін жетеді. Химиялық стакандар тұмсықты
және тұмсықсыз болып келеді. Химиялық стакандар негізінен отқа төзімді
шыныдан дайындалады.

1
2

№5 сурет. 1,2 позициялар: 1-химиялық стақан, 2- шүмекті (тұмсықты)
химиялық стақан.

Колбалар лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылатын шыны
ыдыстардың бір түрі. Колбалардың қолдану саласына байланысты бірнеше
түрлері бар. Лабораториялық жұмыстарда жиі қолданылатындары – бүйірі томпақ
және түбі тегіс колбалар. Колбалар да жай шынылардан, жоғары температураға
төзімді шынылардан және кварцтан жасалады.

Түбі тегіс колбалар пішіні шар және конус тәрізді болып келеді. Олардың
көлемі 50 мл-ден 10 л-ге дейінгі аралықта болады. Кең және тар мойынды,
қақпақты және қақпақсыз түрлері болады. Колбалар көптеген химиялық
реакцияларда, титрлеу үшін және әр түрлі ерітінділерді дайындау және сақтау
үшін қолданылады.

Конус тәрізді колбалар (Эрленмейер колбасы) – аналитикалық зерттеу
жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын шыны ыдыстар. Химиялық стакандар сияқты
колбалар да жоғары температураға төзімді (бүйірінде ақ дағы болады) және
төзімсіз шынылардан жасалады. Эрленмейер колбасының бір түрі әдейілеп
жасалған тығынымен бірге шығарылады. Бұндай колбаны иод санын анықтауға
арналған колба деп те атайды. Оларды иодометрия әдісімен титрлеу үшін
пайдаланылады.

Сору арқылы заттарды бөлуге арналған колбалар (Бунзен колбасы) вакуум
насостың көмегімен сүзу үшін қолданылады. Колбаның жоғарғы бөлігіндегі
арнайы түтікше болады, ол вакуум сорғышқа (насосқа) жалғасады. Бунзен
колбасын қалың шыныдан жасайды, себебі қысымның әсерінен колба шытынап,
сынып кетуі мүмкін.

1 2
3

5 6
7 8

№6 сурет. 1,2,3,4,5,6,7,8 позициялар: 1,2- жалпақ түпті колбалар; 3,4-
конусты қуыс мойынды колба; 5-конусты кең мойынды колба; 6,7- конусты
тұмсығы бар колбалар; 8-конусты тығыны бар колба.

Кристаллизаторлар – жұқа шыныдан жасалған, түбі тегіс, көлемі мен
диаметрі әр түрлі ыдыстар. Олар химиялық заттардың кристалдарын алу үшін,
ал кейде кейбір заттарды буландырып, құрғату үшін су моншаларын пайдалану
қажет.
2

1

№7 сурет. 1,2 позициялар: 1- вакуум-сорғыш (насос) астында сүзуге
(фильтрлеуге) арналған Бунзен колбасы; 2- кристаллдағыш (кристаллизатор).

Тоңазытқыштар – сұйықтарды айдауға арналған аппараттардағы бу
тамшыларын салқындатып, жинау үшін қолданылады. Салқындатылған бу
тамшыларын арнайы қабылдағышқа жинауға арналған тоңазытқыштар тік, ал
қайтадан қайнап жатқан ыдысқа жіберетін тоңазытқыштарды кері деп аталады.
Салқындатқыштардың бірнеше түрлері бар. Олар: Либихтің тік тоңазытқышы,
Сокслет тоңазытқышы, Домрат тоңазытқышы.

Либихтің тік тоңазытқыштары ішкі тоңазыту және сыртқы салқын су жүретін
бөліктерден тұрады. Су жүретін бөліктің жоғарғы және төменгі жағында
түтікшелер болады, тоңазытқышты пайдаланған уақытта төменгі түтік құбыр
суына жалғасып, су төменнен жоғары қарай жылжып, жоғарғы түтік арқылы ағып
кетуі қажет. Жұмыс барысында сыртқы қабатында су үнемі толық болуы керек,
әйтпесе ішкі қабаты ұзақ уақыт қыздыру барысында ысып, жарылып кетуі
мүмкін.

Кері тоңазытқыштарға шар тәрізді Аллин тоңазытқышы, жылан тәрізді
тоңазытқыш, Сокслет тоңазытқышы жатады. Шар тәрізді тоңазытқыштарды тек
тік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия зертханаларында сақталатын қауіпсіздік ережелері
Арнайы және жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар
Химиялық байланыс және зат құрылысы
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды реттеуші нормативтік құжаттардын жинағы
Лабораториялық жануарларға сипаттама
Зертханалық жұмыстарға дайындалу
Ветеринариялық зертханадағы техника қауіпсіздігін сақтау ережесі
Дәрілік шалфей құнды дәрілік өсімдік
Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі
Отқа төзімді ыдыстар
Пәндер